Кеңестік дәуір кезіндегі ауыл ахуалы


ЖОСПАР
Кіріспе2
Кеңестік дәуір кезіндегі ауыл ахуалы2
Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі ауыл тұрмысы3
Ауыл шаруашылықтарды жекешелендірудің мәні4
Қазақстан Республикасындағы жекешелендірудің жетістіктері мен кемшіліктері5
Қазақстандағы ауыл шаруашылықты жекешелендірудің ерекшеліктері9
ХХІ ғасырдағы ауыл келбеті12
Қорытынды14
Кіріспе
Қазақтың басым көпшілігі ауылда тұратындықтан ауыл туралы айту менің ойымды сан-саққа жүгіртіп, не туралы айтсам екен деген ой жан-дүниемді жаулап алды. Ауыл дегенді ауыз толтырып айта алатынымыз да анық. Мәселе не жөнінде айту керектігінде. Ауыл - қазақтың тілін, ділін сақтап қалған атамекені. Ауыл - бүкіл қазіргі бетке тұтар апаларымыз бен ағаларымыздың туып-өскен, кіндік қаны тамған жері. Ауыл… Бұл тұрғысында мен қазіргі нарық жағдайына бейімделіп келе жатқан ауыл адамдары мен ауылдың келбеті туралы әңгіме қозғамақпын. Сірә, жатпай-тұрмай ауыл туралы мақтан сөздерді көпірткеннен гөрі қазіргі өзекті де күрделі ауыл адамдарының нарық экономикасындағы жағдайы жөнінде шығарма жазғанды жөн көрдім. Әрине мұнда ауырпашылықтар мен кемшіліктер, еңсесін көтеріп келе жатқан ел және оның игеріп отырған жері туралы біршама баяндаймын. Сондықтан мен өз шығармамды тым әріден бастағанды дұрыс деп шештім.
Кеңестік дәуір кезіндегі ауыл ахуалы
Елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық өмiрiнде орын алған кеңестiк саясаттың ақыры ауыл шаруашылығын тұйыққа тiреп, оны экономикалық дағдарыс жағдайына алып келдi. Солай десек те, әкiмшiл-әмiршiл жоспарлы басқару жүйесiнiң Қазақстанда жүргiзген реформаларының өзiндiк күрделi ерекшелiктерi болды. Республикамыздың экономикалық және әлеуметтiк даму жағдайы халық шаруашылығының басты саласы - ауыл шаруашылығының дамуы дәрежесiне байланысты едi. Кеңестiк жүйенiң ауыл шаруашылығында жүргiзген саясатының сәтсiздiктерге ұшырауының бiрден-бiр себебi, ол ауыл шаруашылығын интенсивтендiру бағытында емес, экстенсивтi жолмен дамуына кеңiнен жол берiлуiнде. Әкiмшiл-әмiршiл жоспарлы басқару жүйесi кезiнде жүргiзiлген реформалардың сан қуған сапасы жоқ саясатының, сонымен қатар, орасан зор көлемдегi есепсiз қаржыны талап ететiн өте ауқымды, күрделi мазмұнда iс жүзiне асырылып отырған жұмыстар қолайсыз жәйттердi туғызды. Осының барлығына ауыл шаруашылығының басқару жүйесiнде үстемдiк құрған әкiмшiл-әмiршiл жоспарлы басқару жүйесiнiң рөлi басым болды. Сондықтан да соғыстан кейiнгi жылдардағы ел экономикасындағы дағдарысты жағдай ауыл шаруашылығында нақты көрiнiс тауып, тереңге тамырын жайды. Елiмiздiң экономика саласындағы мұндай дағдарыстар халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн, әл-ахуалын күрт төмендетiп жiбердi. Осындай кемшiлiктердi жан-жақты талдауға, оны ашып айтуға әкiмшiл-әмiршiл жоспарлы басқару жүйесi кезеңiнде рұқсат етiлмедi және жоғарыдан басқару жүйесi бұған мүмкiндiк те бермедi. Сондықтан бұл мәселелер ақтаңдақтар қатарында ендi ғана зерттеле бастады.
Қазiргi таңда тарихымызды жаңаша көзқараспен қараудағы өзектi мәселелердiң бiрi соғыстан кейiнгi жылдардағы аграрлық мәселе болып табылады. Себебi осы ауыл шаруашылығы дамуында әкiмшiл-әмiршiл жоспарлы басқару жүйесiнiң қарама-қайшылықты тұстары айқын көрiнiс бередi.
Соғыстан кейiнгi бесжылдықтарда Қазақстан экономикасының ауыл шаруашылығы саласын жетiлдiрудегi әкiмшiл-әмiршiл жоспарлы басқару жүйесiнiң науқандық шаралары одан әрi жалғастырылды. Әкiмшiл-әмiршiл жоспарлы басқару жөйесiнiң қазақ халқын титықтатқан «жоспаршылдық» саясаты кең көлемде жүргiзiлдi. Кеңестiк жүйенiң жүргiзген шараларының ауыл шаруашылығын көтерудегi көптеген тұстарына мән бермеуi, қажеттi мөлшерде көңiл бөлiнбеуi салдарынан көптеген олқылықтарға жол берiлдi. Әсiресе, мал шаруашылығында сапасы жоқ сан қуған саясаттың тереңдеп сiңуi ел экономикасының алға көтерiлiп дамуына көп кедергiлер жасады.
Қарастырылып отырған кезеңде орталыққа тәуелдi болған Қазақстанның экономикасы тек шикiзаттық бағыт негiзiнде ойластырылып, өркендедi. Елiмiздiң ұлан-байтақ кең даласы азық-түлiк мәселесiн шешетiн миллиардтаған пұттық астық отанына айналдырылды. Әкiмшiл-әмiршiл жоспарлы басқару жүйесi саясатының шырмауына оралған республикамыздың жайылымдық жерлерiнiң өзi де егiс алқаптарына айналдырылды. Сөйтiп, сан ғасырлардан берi төрт түлiк малдың өрiсi болған шөбi шүйгiн жайылымдар өзiнiң дәстүрлi мәнiн жоя бастады. Бар маңызы социалистiк тұрғыда жиналып, тек беткi сипаты, яғни түрi ғана ұлттық мәдениет үшiн ықпал жасалынды деуге де болады.
Қазіргі кезде сол кезеңді көзімен көрген қариялар Н. Хрущевтың жер мен көкті жүгеріге толтырмақ болғанын айтып отырады. Осындай солақай саясаттың соңы совхоздарға айналдырумен ұласып ақырында одан да мәнді нәтиже шыға қоймаған соң өзіміз өтіп жүрген «Қазақстан тарихы» пәнінде атап айтылатын 1965 жылдардағы экономикалық реформаға жалғасыпты. Бұл шала-шарпы реформа социалистік ауқымнан шыға алмастан ел экономикасында шетелден бидай, яғни астық сатып ала бастаған екен. Бірте-бірте коммунистік партия басшылары 1980 жылдардың басында айқайлатып ат қойып, айдар тағып «Азық-түлік бағдарламасын» іске асырмақ та болған көрінеді…
Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі ауыл тұрмысы
1991 жылдан бастап 1998 жылдарға дейін, тіпті бертін келе де ауыл жағдайы өте ауыр болды десем артық емес. Ел ауылдан үдере көшіп қоныс аударып қалаға жөңкіліп жатты. Жекешелендіру барлық колхоз, совхоздарды таратуға басты назар аударып, ондағы техника, асыл тұқымды ірі қара, майда малды да үлестеп бөліп беріп тым асыра сілтеп жібергені айқын. Бір-екі жыл ішінде-ақ ауылдың ыңыршағы айналып, ауыл азаматтары жұмыссыз қалды. Шаруа қоржалықтарынан көп үміт күткен едік, бірақ әу баста бәрі нарыққа бейімделу оңай көрінгенімен, бұл жеңіл-желпі нәрсе емес екенін басшылар да кейін ұқты.
Елiмiз тәуелсiздiк алғаннан кейiн, 1992 жылдан бастап экономикалық реформа жүргiзiле басталды. Бұл реформа ауыл шаруашылығы саласын айтарлықтай күйретiп жiбердi. Мысалы «1990 жылы барлық егiстiк жердiң көлемi 35, 2 млн. гектар болса, 2000 жылы 16, 2 млн. гектарға дейiн қысқартылды. Нәтижесiнде алынған астық көлемi азайды. Оны мына деректерден көруге болады: 1990 жылы 28, 5 млн. тонна астық жиналса, ауа райы қолайлы 2001-2002 жылдары жиналған астық көлемi небәрi 16 млн. тонна болды». Бұл өз кезегiнде азық-түлiк бағасының қымбаттауына түрткi болды. Мал басы да күрт кемiдi. Ауыл шаруашылығы техникаларының тозуы, мамандардың басқа салаға ауысуы жағдайды тiптен қиындатып жiбердi.
Мұның барлығы дұрыс ойластырылмаған, ұйымдастыру жұмыстары жүргiзiлмеген реформаның «жемiсi» едi. Республикада реформа өте асығыс жасалды. Тiптi, алдын-ала жоспарланған, ғылыми тұжырымдамалар да болмады. Сөйтiп, жылдар бойы қалыптасқан мал шаруашылығы мен аграрлық саладағы дәстүрлi технологиялық процестерге елеулi нұқсан келдi.
Жалпы, ауыл шаруашылығын нарықтық қатынастарға көшiру реформаның ең қиын мiндетi едi. Өйткенi, бұл бiр жағынан реформаның нысаны ретiнде өте күрделi болса, екiншi жағынан мұнда жылдар бойы шешiмiн таппаған проблемалар көп болатын. Оған қоса салада экономикалық, әлеуметтiк және биологиялық факторлардың өзара байланыста болуы да белгiлi дәрежеде қиындық туғызды.
Ауылға мемлекет тарапынан қолдау аз болғандықтан аграрлық сала дағдарысқа ұшырады. Жерге минералдық және органикалық тыңайтқыштардың аз қолданылуы топырақтың құнарлылығының кемуiне, ал ол болса мал басының азаюына, асыл тұқымды жануарлардың жойылуына себепшi болды. Бұл қиын кезеңнен шығудың жалғыз жолы - ауылда аграрлық реформаны жүзеге асырып, жүйенi түбегейлi өзгерту қажет едi.
Ауыл шаруашылықтарды жекешелендірудің мәні
Ұсақ буржуазиялық жекешелендіру психологиясы. Мақсаты, жеке меншіктің «прогрессивті сипаты» ұранан желеу етіп, қоғамдық, ұжымды, топтық экономикалық қатынастар исі шыққан меншіктің барлығын жекешелендіру. Бұл жеке шаруашылық, жеке меншіктің өндіргіш күштерінің даму деңгейіне байланысты өлшем бірлігі қалыптасуын ескермеді.
Үшінші бағдар, тоталитарлық, мемлекеттік социализм жүйесін демонтаждауға байланысты адамның барлық құқықтық еріктерін қалпына келтіру үшін қоғам байлығындағы оның үлесін анықтау, заңдастыру арқылы мемлекеттің экономикалық жауапкершілігін айқындау қажеттігі. Бұл үрдістің ішкі мәні, онда жанды еңбек пен қорланған еңбек байланысын күшейтіп, қоғамдық ассоциациялардың жеке-дара (индивидуалды) меншік құқығын жүзеге асырылуына көрсететін қолдауын айқындайды. Жеке меншік, жеке-дара меншік т. б. меншік түрлерінің өндірістік үрдісінде әрекеттесуі, енді нарық қатынастар ауқымында жүзеге асады.
Жекешелендіру, мемлекеттің экономикалық қызметін шектеу үрдісі ТМД елдері үшін әлеуметтік әділдік қағидаларын қалпына келтіру қозғалысы. Бұл жаппай жекешелендіруде жүзеге асырылуы тиіс. Бұл үшін купондық т. б. механизмдерін методологиялық жағынан жетілдіру қажет және басқа жекешелендіру түрлерімен үйлестіру қажет еді.
Мәселен, мемлекеттік, акционерлік, жеке меншікті кәсіпорындар жүйесі шаруашылық саласында өзара байланысты дамиды. Жоғары дамыған капитал, еңбек, тауарлар, қаржы, рыноктері, бағалы қағаздар, инвестициялар рыногы нашар дамуы жекешелендірудің өзіндік ерекше құбылысқа айналуын көрсетеді1.
Қазақстан Республикасындағы жекешелендірудің жетістіктері мен кемшіліктері
Мемлекеттік меншікті және мемлекеттік шаруашылық жүйесінің монополиясы, жеке-дара үстемдігі - екі түрлі құбылыс ретінде өтпелі кезеңде ерекше реттеу, жаңарту нысандары деп қарау қажет. Мәселен, бағаның ырықтандырылуы (1992) өндіріс салаларының ерекшелігін қалай ескерді немесе бірыңғай экономикалық кеңістіктің ыдырау жағдайында ҚР жүргізетін экономикалық саясат бағыт-бағдары және әдіс-тәсілдері жекешелендірудің ғылыми негіздерін сараптауды жүзеге асырды ма деген сауалдар өмірден нақтылы жауабын табуда.
Нарықтық экономикаға өту кезкңінде жалпы жекешелендірудің кешенді стратегиялық байланысын және де кезектілігін сақтау Қазақстан үкіметі жүргізген саясатта толық жүзеге асырылмады. Нарықтық романтизм реформа идеологтарына - экономистер, саясаттанушылар, басқарушы т. б. барлығына тән болды. Бұл субъективті жағдай. Ал объективті жағдай - жаңа тәуелсіздік алған мемлекеттік бірыңғай экономикалық кеңістігі болмауы, қаржы тапшылығы.
Қазақстанда жекешелендіруді жүргізудің ең үлкен кемшілігінің бірі - құрылымдық өзгерістер меншік түрін өзгертуден бұрын жүргізілмегенінде екені даусыз. Мемлекеттік меншікке сүйене отырып (орасан зор әлеуметтік механизм плюс экономикалық потенциал) үкімет кез келген ұйымдық шараларды жүргізуге мүмкіндік алады. Ал, мақсат бағыттары ішінде ең маңыздылары демонополизация - мемлекеттің шаруашылық тұлғасы қызметін шектеу, салалық және территориялық, аймақтық ұйымдастыру - басқару жүйесін жетілдіру арқылы Қазақстандық бірыңғай нарықтық кеңістікті - бәсекелестік механизмін қалыптастыру қажеттігі болды. Ал, бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің қаржы-финанс жағынан сауықтандырылуын, басқару жүйесін жетілдіру - алғы шарт екенін ескеруді талап етеді. Бұл міндет, тек енді ғана, үкіметтің 1996-1998 жж. Экономикалық бағдарламасының негізі деп мойындалды.
Бәсеке мен кәсіпкерлікті дамыту үшін салалық басқару ұйымдарын тарату немесе меншікті билеу өкілеттілігін шектеу де жеткілікті. Нарықтық экономика негіздері меншіктің және шаруашылықтың көп түрлілігіне де тәуелді әр деңгейлі құбылыс-мемлекеттік меншіктің қайшылығы неде, оны қалай жоюға болады, оның мемлекеттік шаруашылық жүргізу жүйесімен өзара байланысы, ерекшелігі неде екенін айқындап алмастан, әйтеуір, мемлекеттік меншікті тарату басты мақсат деген теріс пайымдау ойда қалады. Іс жүзінде бұл саясат жүзеге асты, бұл ел экономикасына елеулі қиыншылықтар алып келді. Мәселен, Қытай мемлекеттік меншікпен қатар өмір сүретін жеке-дара еңбек ету, әр түрлі меншікке негізделген бірлестіктерге рұқсат ету арқылы да өндіріс салаларының көпшілігінде бәсекені күшейтудің жолдарын қалыптастырды2.
Әлеуметтік экономия мен әлеуметтік саясаттың өзара ұқсастығы мен айырмашылығы заң-құқық негізде біржақты шешіліп, дамудың көп бағыттылығы және әр кезеңдігі ескерілмеді деп айтуымызға болады. Экономикалық саясат дегеніміз басқару-ұйымдастыру принциптеріне сүйенеді, ал әлеуметтік экономия объективті экономикалық заңдардың жүзеге асу механизмін көрсетеді. Екеуінің де мақсаты - халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының прогрессивті өсуі, бірі- объективті құбылыс, екіншісі-қоғамдық сана және ресурстарға байланысты. Ал, көп жағдайларда әлеуметтік саясат қысқа мерзімдік мақсаттарға бағынышты болады, үздіксіз жалғастырылып отыратын саяси шешімдердің жүйесі ғана.
Қазақстан жағдайында жекешелендіру процесі, негізінен, өндіріс пен кәсіпорындарды шаруашылық тұлғаларына беру арқылы өнімнің көлемін де, сапасын да арттыру, жұмысқа деген ынта-ықыласты күшейту, еңбек тәртібін нығайту, аз күшпен көп өнім өндіру, әркімнің басына бір қиқулап жүретін басшыларды азайту, ақыр соңында, өнім мен өндіріс құрал-жабдықтарын талан-тараждан қорғау мақсатында жүргізілуі тиіс болды. Яғни, өте көп міндет жүктелді. Түбегейлі реформалар мемлекеттік меншікті жекешелендіру, жалға беру, басқаруды шетел мамандарына жауаптау, акционерлеу, ұжымдық және шағын түрлері қарастырылды. Бұл экономикалық кеңістіктің іс-әрекет ету механизмін қалыптастыруға бағытталған-ды. Жекешелендіру процесінің біздегі ерекшелігі - жекешелендірілген кәсіпорындардың өндірістік құрылымдарын өзгертуіне мемлекеттік орындар формальды түрде құқықтық жағынан шектелгенді. Бірден-бір жол монополияға қарсы шағын, орташа кәсіпкерлікті дамыту арқылы нарықтық бәсекелестікті қалыптастыру бағыттары ғана. Ал, бұл мәселе - демонополизациялау Қытай, Чили, Мексика сияқты елдерде жекешелендіруден бұрын жүргізілді, яғни орташа, шағын жеке кәсіпорындар жүйесі нарықтық бәсекені қалыптастырады. Екіншіден, мемлекеттік кәсіпорындар меншік иесін өзгертпестен кәсіпорын ұжымдарының толық шаруашылық жүргізілуңне беріледі және мемлекеттік жәрдемақы тоқталады, яғни нарықтың тұлғасына айналады. Кәсіпорындар өз өндірісін өзгертуі, жаңартуы рынокқа байланысты жүргізіледі. Қазақстан бағдарламасында демополизациялау және жекешелендіру қат-қабат қатар жүргізілуі тиіс болды. Нәтижеде үрдіс бақылаудан сырт қалды.
Жекешелендіру процесі антимонополиялық комитеттің және парламенттің тікелей бақылыуымен жүргізілуі көптеген елдерге тән сипат. Ал, Қазақстан жағдайында жергілікті өкімет орындары, антимонополиялық комитет және жекешелендіру, мүлік өкілдіктері әкімдіктері толық сараланбады. Қортындылай келсе, жекшелендіру моделін әлеуметтік басқару (экономикалық билік тұрғысынан қарастырып, бірнеше жүйелерді көрсетуге болады:
А) Негізгі блок. Қоғамдық реформалардың саси, әлеуметтік, экономикалық жүйелерінің өзара байланысынан туындайтын екі құбылыс - мемлекеттік шауашылық тұлғасы қызметін шектеу (экономиканы беймемлекетттендіру) саясаты. Бұл әлеуметтік жүйелерді трансформациялау заңдылықтарының негізі. Трансформациялау заңдылықтарының тарихи-генетикалық негіздерін үйлестіру арқылы стратегиялық, тактикалық, политэкономикалық заңдылықтардың өтпелі кезеңге тән сипаттамасын айқындау қажеттілігінен туындайды. Саяси және әлеуметтік салалардағы реформалаудың экономикалық - реформалаумен үндестігін қамтамасыз ету, мемлекеттік меншікті түбірінен жаңарту процесінің әлеуметтік бағарының жалдамалы еңбек адамдарының мүдделерімен ұштастырылуы - жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу концепциясының пәрменділігін анықтайды.
Бұл қоғамдық өндіріс тиімділігін арттыру нәтижесінде әлеуметтік топтардың әл-ауқатын арттырумен ғана жүзеге асуы мүмкін. Негізгі мақсат жекешелендіру емес, керісінше, сол арқылы мемлекеттік шаруашылық жүйесінің дағдарысынан шығу мәселесі.
Сонда, жекешелендіру дегеніміз белгілі мақсатқа жетудің құралы, әдіс-құралы болып шығады.
Б) Мемлекеттік меншікті жекешелендіру процесінде онің мақсаты мен міндеттерінің нысандары және тұлғаларының, асырау құралдары мен түрлері, әдіс-тәсіл элементтері араларындағы диалектикалық байланысты айқындау жүйесі сарапталуы қажеттігі - өмір талабы. Материалдық өндіріс салаларын жекешелендіру процесі кәсіпорынның халық шаруашылығында алатын орны мен қызметі, өндіріс көлемі және т. б. жағдайларына байланысты айқындалады. Әр кезеңге, нысанаға сәйкес жекшелендіру тәртібі, тәсілі белгіленеді. Нарықтық кеңістік қалыптаспаған ортада монополиялық кәсіпорындарды жекешелендіру қоғамдық өндіріске бүліншілік алып келеді. Сол себепті, жекешелендіру нысандарын жіктеуде кешенді көсеткіштерге сүйеніп, әлеуметтік-экономикалық қызметін ескеру қажеттігі Қазақстанда жүзеге аспады. Жекешелендіру кезеңіне «берілген жоспар негізінде бағдарлама сәйкес, ақтық нәтижені ескермей-ақ әйтеуір жекешелендіру қажеттігі, мемлекеттік ұйымдар жұмысының берекетсіздігін анықтайды. Мемлекттік мүлік комтетінен жекешелендіру комитетін бөлудің өзі кешіккен акт болғанымен, бір арнаға түсуіне жағдай жасады. Мемлекеттік антимонополиялық комитет жұмысының жекешелендіру құбылысында шекткеулі, бұл жұмыстағы оның іс-қызметіне елеулі әсерін тигізді.
Аймақтық үкімет орындарының, кәсіпорын кадрларының жекешелендіру құбылысына қатысуы, негізінен, мемлекеттік мүлік комитетінің, Министрлер Кабинетінің заң актілерімен шектелуі Қазақстан үшін елеулі жағдай болды. Қалыс қалған бақылаушы қызмет меншік жүйесінде өз үлесін заңсыз әдістермен алуға итермелейді. Жекешелендіру құбылысы экономикалық реформаларды жүзеге асыруға қажетті қаржы-қаражат көздерін қалыптастыру және инвестициялық ресурстарды бағыттау қызметін атқаруы белгіленді.
Ал, бұл үшін жоғары дамыған банк, финанс жүйесі және қағаздар рыногының қажетігі туады. КСРО-ның ыдырауы, тәуелсіз мемлекеттердегі банк буындарының қаржы тапшылығы, сыртқы сауда монополиясының және валюта монополиясының әлсіздігі, экспорт-импорттық саясаттың дәрменсіздігі, т. с. с. жекешелендіру құбылысына экономикалық негіз болатын валюта және қағаздар рыноктеріне әсерін тигізеді.
Осыған сәйкес, жекешелендіру процесі өзінің әлеуметтік бағдарларынан біршама ауытқиды. Тарихи салыстырмалы талдау қажеттілігі, мәселен еркін демократия елдері (ЕДЕ) ерекшеліктерінің мәнін ашып көрсетуді талап етеді. Дамыған рынок жағайында, әр түрлі меншік, жеке шаруашылық негіздері жеке меншік құқығымен анықталып, рынок-нарық тұлғаларының толық қалыптасқан түрлерін көреміз. Сонымен өзінде, ЕДЕ жекшелендіру бағдарламалары экономикалық ұзақ мерзімдік болашағын ескере отырып, бәсекеге еркіндік беру арқылы шаруашылық тиімділігін арттыру, әлеуметтік топтар арасындағы қайшылықтарды үйлестіру қызметтерін толық есептеуге, болжауға ұмтылады, шет елдер үшін жаппай жекешелендіру түрі классикалық түрде болған емес.
Келесі бөгет болып отырған құбылыстар тобы - бағаның ырықтандырылуы, отандық тауарлар дефициті. Бағаның шарқап өсуі және ақшаның құнсыздануы да реформаларға, оның ішінде жекешелендіруге күшті соққы болды. Мұның әсері капиталдың сауда салаларында, экспорттық-импорттық операцияларға ауысуын күшейтті.
Жекешелендіру құбылысын қолдауға қажетті резервтік қорлар жетімсіздігі, Ұлттық банктің аукциондар арқылы қаржыны үлкен өсіммен сатуы арқылы материалдық өндіріс салаларын т. б. тоқыратуы, шын мәнінде ел экономикасын шетел ықпалына бағындыруға алып келеді. Азия аждаһаларына т. б. елдердегі реформалар ішкі және сыртқы шетел қаржыларын ұқыпты пайдалану нәтижесінде технологиялық жаңартуға негізделгені құпия емес. Осыған байланысты, қоғамдағы реформалардың, оның ішінде жекешелендіру құбылысының негізгі қозғаушысы күштері жеке адамдар, ұжымдар мүдделерін үйлестіру арқылы жекешелендірудің әлеуметтік бағдарын өзгерту қажеттігі туындайды.
Қазақстандағы ауыл шаруашылықты жекешелендірудің ерекшеліктері
Бүкіл әлемде маңызды мәселелердің бірі қазіргі және болашақ ұрпақ мүддесі үшін ауыл шаруашылық алқаптарының сапасын арттыру мен көлемін сақтау болып отыр.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер ауыл шаруашылығында ерекше қызмет атқарады, олар экономиканың аграрлық секторында өндіріс құралы болып табылады.
Қазіргі кезде, Қазақстанның жер заңдары бойынша бұл жерлердің басымдылық қағидасы бекітілген.
Осы жерлерге шектеулерді алу мен жеке меншікті енгізу даулы мәселе болып отыр.
Қазіргі кезде батыста жер пайдалану үрдісінде мемлекеттің кең және ауқымды араласуы байқалып отырғанын ескеру қажет. Ол неғұрлым экономикалық дамыған болса, соғұрлым ол жер нарығының жер қатынастарын қатаң түрде жүзеге асырады.
Қазақстан үшін жер көлемінің иесі ретінде, қоғам дамуының объективті үрдісінің әсерімен бұл тәжірбиені қолданбауы керек.
Ауыл шарушылығын дамытудың жетістіктерінің негізіне ешкімнің тиісуіне болмайтын жерге жеке меншік қағидасы әрқашан сай келе бермейді.
Американың, Азияның, Еуропаның көптеген мемлекеттері жерге жеке меншіктен бас тартып отыр, және шаруа қожайындарының дербес шаруашылық құқығын қамтамасыз етуге көп көңіл бөлуде. Мысалы, 1982 жылы қабылданған Қатай конституциясы бойынша егістік жерлер, қыр, тау, орман, қала жерлері тек мемлекеттің меншігінде болады. Экономикалық реформаларды жүзеге асыруда Қытай жетістіктері өзінің бастамасын аграрлық сектордан алды. Бүгінгі күні Қытай әлемінде ауыл шаруашылық өнімдерін негізгі өндіруші.
Онда шаруашылық жүргізудің екі сатылы жүйесі орын алған: шаруа әлісі үшін 50 жылға берілген жерге жанұялық, мердігерлік және ұжымдық қызмет. Францияда мысалы, 51 проценті ауыл шаруашылық алқаптары жерге меншік иелерімен емес аредаторлармен өңделеді, АҚШ-та 45 проценті фермерлер жерді мемлекетпен жалға алады. Нидерланд, Израиль ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншік енгізуден мүлдем бас тартқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz