БАҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ТЕОРИЯЛЫҚ, КӨЗҚАРАСТАР
ЖОСПАР
БАҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ТЕОРИЯЛЫҚ, КӨЗҚАРАСТАР 1
БАҒАНЫҢ ҚЫЗМЕТІ. БАҒА ЖҮЙЕСІ 3
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 9
БАҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ТЕОРИЯЛЫҚ, КӨЗҚАРАСТАР
Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін қалаушы Адам Смит
осыдан 200 жылдай бұрын Глазо (Англия) қаласында университетте лекция оқып
тұрып, мынадай сұрақ қойған: не бағалырақ? Ішетін су ма, әлде гауһар тас
па? Су өте төмен бағаланады немесе ешқандай құны жоқ, ал гауһар тас
(бриллиант) болса жоғары бағаланады. Кейінірек А.Смиттің осы сауалы оның
парадоксы аталып кеткен. Бұл сауалдың жауабын ол шеше алмаған. Себебі А.
Смиттің пайымдауымша алмазды қазуға (алуға) көптеген шығынмен
байланыстырған. Молшылық кезінде су гауһар тастан (алмаз) төмен бағаланады,
ал судың тапшылығы мен қуаңшылық жағдайында адам бір тамшы суға зәру (судан
артық, бағалы нәрсе жоқ ол кезде) болады. Себебі өмір мен өлім кесе-
көлденең тұрады. Міне осыдан барып жаңа теория пайда болды. Игілік
бағалылығы қолда бар нәрсенің пайдалығымен анықталады немесе сол игіліктің
шекті пайдалылығы мөлшерімен бағаланады. Осы ойлар тауардың құн теориясына
революция жасады. Сөйтіп шекті пайдалылық теориясы дүниеге келді. Оның
негізін салушылар: ағылшын Уильям Стенли Джевонс (1835-1882 ж.), Альфред
Маршалл (1842-1924 ж.); австриялық Карл Менгер (1840-1921 ж.), Ейген Фон
Бем-Баверк (1851-1914 ж.) және тағы басқалар. Олардың ойынша, құн
(бағалылық) тиімді пайдалылық дәрежесімен анықталады.
Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін салушылар А. Смит
пен Д. Рикардоның ойынша, тауар құны оған жұмсалған еңбектің мөлшерімен
анықталады деп есептеген. Адам еңбегі тауар құнының субстанциясы, қайнар
көзі. Сондықтан да классикалық мектептің өкілдері еңбектің құн теориясының
негізін қалап, оны ары қарай жан-жақты дамыта зерттеген К. Маркс болды.
Егер К. Маркс өзінің барлық зерттеуін тауардың еңбек құнын талдауға
арнаса, Батыс елдердегі экономикалық ойдың өкілдері: мейлі либерализм,
неолиберализм, кейнстік, неокейнстік, радикализм - барлығы дерлік бағаның
шығуын зерттеді. Баға қозғалысының әсер ететін өндіріс шығындарының ықпалын
ғана емес, сондай-ақ жұмыссыздықтың бәсекенің, саяси тұрақсыздық,
экономикалық дағдырыстың, салық, мода, сиректік, пайдалылық және басқа
факторлардың әсерін қарастырды.
ХІХ-ғасырдың аяғы мен ХХ-шы ғасырдың басында Батыс пен Ресей
экономикалық теория өкілдері (ағылшын экономисі Альфред Маршалл және ресей
ғалымы М.И. Туган-Барановский т.б. еңбектің құндық теориясын шекті
пайдалылық теориясымен қосты. Мысалы, ағылшын экономисі Альфред Маршалл
құнның қайнар көзін бір жерден ғана іздемеуге құлшыныс жасап, шекті
пайдалылық теориясын сұраным мен ұсыным теориясы және өндіріс шығындар да
теориясымен қосып қарады.
Бұл ізденіс пайдалылықтың өзара әсерін біртекті анықтауға итермеледі.
Ол сұраным-ұсынымға, шығынға және бағаға бірдей ықпал етеді деген сөз.
Демек, құн мен баға — ұқсас ұғымдар, алайда біркелкі пара-пар деп
түсінуге болмайды. Құн тауар өндірісінің шығындарын көрсетеді, ал жекелеген
тауардың бағасы нарықта байқалады және ол құннан ауытқуы әбден мүмкін.
Себебі оған сұраным мен ұсыным, пайдалылық, сиректік, сән, инфляция және
т.б. факторлар ықпал жасайды. Баға-тауар құнының ақшалай өлшемінің
модификациясы.
БАҒАНЫҢ ҚЫЗМЕТІ. БАҒА ЖҮЙЕСІ
Нарықтық экономикада баға негізінен бес қызмет атқарады. Бірінші —
есеп-қисап қызметі. Бұл өнім өндіргенде қоғамдық қажетті еңбек шығыны
процесінің өзгеруінде байқалады және әртүрлі енімді өндіру қалай немен
жүзеге асқанын көрсетеді.
Нарық жағдайында және табиғи ресурстардың шектеулі болуы кезінде,
тауар өндіруші өнімді шығаруға қандай шығындар жұмсау пайдалы екендігін
үнемі қарастырады. Өндіріс шығындарының балама мәселесі туады. Тауар
өндіруші жіберілген мүмкіндіктің бағасы мәселесімен бетпе-бет келеді.
Екіншісі — ынталандыру қызметі. Бұл кезде баға өндіріс тиімділігіне
әсер етіп, өнім ассортиментін жаңғыртуға, жана технологияны қолдануға, өнім
сапасын арттыруға күш салады, Бағаның осы қызметі біріншісімен етене
байланысты.
Үшіншісі — бөлуші реттеуші қызмет. Нарық жағдайында бағаның бөлуші
қызметі сұраным мен ұсынымды реттеу және тұтынушы мәртебесінің өзгеруі
кезінде байқалады Бағаның түскен кезінде тұтынушы көп сатып алады. Мейлі
тамақ болсын, киім болсын, кейде қымбаттау өнімді де ала салады. Әрине, бұл
процесс кері де болу мүмкін. Бағаның араласуымен Ұлттық табысты бөлу және
қайта бөлу, ұдайы ұлғаймалы және материалдық емес өндіріс саласын
қаржыландыру жүзеге асады.
Бағаның төртінші қызметі - нарықтың, тепе-теңдік сақтағанда, тұтыну
мен өндірісті теңгергенде байқалады. Сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-
теңдіктің бұзылғаны жайлы баға белгі береді және оны жөндеу үшін шара
қолдануды талап етеді.
Бағаның бесінші қызметі — ақпараттық. Баға тұтынушыға сатушылар
тарапынан тауар ұсынымы туралы белгі береді және олар өз өнімі үшін қанша
алғысы келетіндігін баяндайды. Екінші жағынан сатушылар сатып алушылардың
төлем қабілеттілігін немесе өндіріс ресурстарының қорын байкайды. Мұндай
ақпарат барометр сияқты —экономикадағы конъюктура жағдайын айқындап,
кейбіреулердің іскерлік белсенділігін арттырады.
Әлеуметтік-бағытталған аралас бағалар аралас экономикада сақталып қана
қоймайды, онымен қатар көтерме-бөлшек сауда да сала ерекшелігіне қарай
көтерме — бөлшек бағасы да қолданылады уақыт, орны және сипатының іс-
әрекетіне қарай бағалар әртүрлі салада қолданыс табады. Елімізде нарыққа
алғашқы өту кезеңінде тауар мен қызмет жасауға — олардың халық
шаруашылығындағы және әлеуметтік маңыздылығына карай — орталықтан
бекітілген баға мен тарифтер (көтерме және бөлшек) сақталады. Оларға:
энергия көздері (газ, мұнай, бензин, керосин, көмір, электроэнергия),
байланыс қызмет тарифтері; пәтер ақы, түрғындардың коммунаддық қызметі, жүк
пен жолаушы. Тасымалдау тарифтері жатады.
Нарықтық экономика еркін билеген елдерде көтерме және бөлшек бағалары
кеңінен қолданылады. Оларға деген қолданыс сұраным мен ұсыныммың өзара
қатынасымен жүргізіледі:
— өндіріс бағасы, өндіріс шығындары жиынтығы және барлық авансталған
капиталдың орташа шығынынан құралады;
— ұсыным бағасы, сатушының ешнәрсе қоспаған арнайы ұсынымы;
— базистік баға, сатушы мен сатып алушы арасындағы алдын ала
келісілген баға, сондай-ақ нақты бағаны анықтаудың негізі бола алады және
нарық конъюктурасына, тауар сапасына т.б. байланысты қосымша бағанын
қосылуы;
- сатып-алу-сату бағасы (фактуралы) - сатушы бағасы немесе контрактде
тауарды жеткізуді көрсету;
- көтерме баға, ірі партия тауарларын сауда және өнеркәсіп
кәсіпорындарына жеткізуде қолданылады;
- бөлшек баға, тауарды сатып алушыға бөлшектеп сатқанда қолданылады.
Оның құрылымына мыналар енеді: өндіріс шығындары плюс пайда, өткізу
ұйымдарындағы айналым шығындары плюс қосымша құн салығы;
- монополды баға, монополиялар бекіткен жоғарғы немесе төменгі өндіріс
бағасы;
- номиналды баға, арнайы прейскурантта, анықтамаларда. биржа
котировкасында жарияланады;
- прейскурантный баға, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz