Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік дамуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Алматы Білім Беру Департаменті
Алматы Бизнес колледжі

Реферат

Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстанның
әлеуметтік дамуы

Орындаған: Кенжебек М.М.

1 эконом "А"

тобының студенті
Тексерген: Карибай К.Е.

Алматы-2004

Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік дамуы

Тәуелсіз Қазақстан егеменді ел болғаннан кейінгі алдына қойған басты
мақсатының бірі- адамдардың жақсы тұрмысын іс жүзінде қамтамасыз ететін
қоғам орнату. Осы орайда әрбір адамға кәсіпкерлік еркіндік пен мүмкіндік
туғызып, жоғары әлеуметтік мәртебеге жетуін қамтамасыз ету, экономиканың
өсуі мен тұрақтаныуна және оның дүниежүзілік шаруашылық байланыстарына,
интеграциялануына орай еңбек табыстарын, зейнетақыны және жәрдемақыны
арттыру бүгінгі күннің қажеттілігінен туындап отыр.
Әлеуметтік салада егемендікке жеткеніміздің басты көрсеткіштері:
ұлттық байлықтың көбеюі, халықтың тұрмыс-тіршілігі дүние жүзіндегі озық
дамыған елдермен арамыздағы артта қалушылық пен алшақтықты азайту, яғни
технологиялық дамудағы және тұрмыс жағдайы деңгейіндегі айырмашылықты
қысқарту. Бұл мақсатты жүзеге асыру ұлттың әлеуметтік қабілетіне
байланысты. Оған құндылықтар жүйесі, оқу-білім, кәсіби шеберлік, білім-
ғылым базасының деңгейі, ұлттық нарықтық қатынас, қоғамдық институттардың
даму дәрежесі және т.б. жатады.
Алайда, қоғамдық қатынастардың өзгеруімен және нарықтық экономикаға
көшумен байланысты ХХ ғ. 90-шы жылдары жақсы өмір сүру халықтың
көпшілігінің көзінен бұлбұл ұшты, оның тұрмыс жағдайы жыл сайын төмендеп
отырды. Еліміздің экономикасының құлдырауымен байланысты еңбекақы,
зейнетақы, жәрдемақы бұл жылдары тиісінше дәрежеде өспей, тауарларды
ырықтандыру деңгейінен ондаған есе артта қалып қойды. Халықтың материалдық-
тұрмыстық жағдайның өсуі адамдардың болашаққа деген сенімсіздігін,
моральдық-психологиялық дағдарысқа ұрынуын күшейтті, рухани жүдеулік
өрбіді.
Еліміздің барлық аймақтарында өндірістің құлдырауы және соған
байланысты халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі демографиялық жағдайға
әсерін тигізді. Мұны бала туу мен өлім-жітімнің, сондай-ақ, халықтың
республикадан тыс жерлерге көшіп кетуінің жай-күйін сипаттайтын
көрсеткіштерден анық байқауға болады. Мәселен, 1991-1995 жылдар аралығында
әр мың тұрғынға шаққанда бала туу деңгейі 21,0 адамнан 166 адамға дейін
азайды. Сонымен қатар басқа жақтарға, соның ішінже Израильге, Германияға,
АҚШ-қа, Ресейге т.б. жерлерге қоныс аударушылар көбейді. Олардың саны: 1992
жылы-352 мың, 1993 жылы-333 мың, 1994 жылы -542 мың, 1995 жылы-423 мың,
1996 жылы- 229,4 мың,1997 жылы-299,4 мың, 1998 жылы-243,6 мың, 1999 жылы-
162 мың, 2000 жылы-156,8 мың, 2001 жылы- 142,6 мың болды. Осы себептермен
байланысты халықтың саны жылдан-жылға қысқарды. Гер 1992 ж. Қазақстанда-17
млн. халық болса, 1993 жылы-16 млн. 871 мың, 1995 жылы-16 млн. 539 мың,
1996 жылды-16 млн. 41 мың, 1997 жылы-15 млн. 860 мың, 1999 жылдың басында
14 млн. 951 мың, ал 2002 ж. Басында 14 млн. 820 мың адам болған немесе
1992 жылмен салыстырғанда республикада тұратын халықтың саны 2 миллион 180
мың адамға қысқарған. Соңғы кезде қалада тұратын халық көбейді, еліміздегі
барлық халықтың 57(-ы қалаларда, ал қалған 43(-ы ауыл-селоларда тұрады.
Республика көлемінде 131 ұлт пен ұлыстың өкілі тұрып жатыр. Бір
айрықша бөліп айта кететін жайт, қазақтар саны бірте-бірте басымдыққа ие
болып келеді. Мәселен, ХХ ғ. 60-шы жылдары қазақтар елде тұратын халықтың
үштен бірін қамтыса, 1997 жылдың басында олар республика халқының тең
жарымын құрады. 1999 жылдың басындағы халық санағы деректері бойынша
қазақтардың саны 8,2 млн. адамға жетіп, жалпы халықтың 53,4(-ін қамтыған.
Экономикалық реформалар процесі тереңдеп, еңбек рыногіндегі жағдай
неғұрлым шапшаң шиеленіскен сайын халықты жұмыспен қамту проблемасы
күрделенді. Адамдардың еркін еңбек етуге және қалаған мамандығын таңдап
алуына деген құқықтары сөз жүзінде қалды. Нәтижесінде 1991 жылдан бастап
республикада жұмысыздық басталды. Бұған басқа елдерден жұмыскерлер алып
келуінің де кері әсері тиді. Оны төмендегі деректер көрсетеді:

Еңбек рыногінің негізгі көрсеткіштерінің өзгеру барысы
1991 1992 1993 1994 1995 1996 1997
Барлық мата
тауарлары (млн.
шаршы м) 249 188 30,4 19,6 12,7 12,5 6,8
Шөлки-шұлық (млн.
жұп) 83 71 11,1 4,0 2,0 1,2 1,7
Аяқ киім (млн. жұп)43 16 2,1 1,6 1,1 0,6 1,2
Тоқыма бұйымдары
(млн. дана)
112 50 9,0 3,7 1,1 1,0 0,5

Кестедегі деректерден байқалатыны 1997 жылы барлық мата тауарлары 1991
жылмен салыстырғанда 20 еседей, тоқыма бұйымдары 90 есе, 1995 жылы шөлки-
шұлық 1991 жылмен салыстырғанда 8 есе, аяқ киім 16 есе қысқарған. Халықты
жеңіл өнеркәсіп тауарларымен қамтамасыз ету жайы кейінгі жылдары да өзінің
тұрақты толық шешімін тапқан жоқ.
Елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жылдан-жылға азайып кетумен
байланысты 1999-1998 жылдары малдап, астықтан алынатын тағамдар көлемі
қысқарды және ондаған есе қымбаттады. Халық негізінен нан, сүт, картоппен
күнелте бастады. Оны төменде келтірілген деркетерден көруге болады:

Азық-түлік тауарларын өндіру көлемі
1991-2002жж.

Өндіру көлемі
(мың тонна)
1991 1993 1995 1997 1998 2000 2001 2002
Ет өндіру
(мың тонна) 1524 1312 985 717 636 623 654,5 672
Сары май 76 67 30,1 68,5 43,5 43,5 - -
Сүт өнімдері 5555 5575 4619 3335 3364 3730 3923 4020
Жұмыртқа
(млрд) 4075 3288 1841 1266 1388 1572 1800 1900
Кондитерлік
бұйымдар 210 111 29,8 25,2 25,2 28,2 - -

Кестедегі деректер тамақ өнеркәсібінің күйзеліс күйінен біраз мағлұмат
береді. Ет өндіру 1991 жылмен салыстырғанда 1997 жылы 12,5 есе, сары май-
18 есе, сүт өнімдері-11,6 есе, өсімдік майы-6 есе, кондитер бұйымдары 9
есеге жуық кеміген. Бұл жылдары шет елдің колбасасын (Франция, Ресейдің
т.б. елдердің), қантын (Ресейдің, Қытайдың), тауығын (АҚШ-тың, басқа да
елдердің), ірімшігін (Ресейдің, Голландияның), ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің негізгі мақсаттары
Нарықтық экономика қатынастары
Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік
ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫНЫҢ ДАМУ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
Қазақстан мемлекетінің саяси дамуы
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Интеграциялық процестің дамуындағы Қазақстан Республикасының алатын орны
Тәуелсіз Қазақстан
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Қазқстанның зайырлы мемлекет ретінде дамуы
Пәндер