Рыноктық экономикадағы баға: қызметтері, түрлері, қалыптасу механизмі, баға теориясы
Жоспар
Кіріспе 2
Рыноктық экономикадағы баға: қызметтері, түрлері, қалыптасу механизмі,
баға теориясы 3
рыноктық экономикадағы мемлекеттің орны және экономикалық саясат негіздері
6
Қорытынды 9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 10
Кіріспе
Сұраныс пен ұсыныстың көлеміне, фирма шығыны мен табысына және
пайдасының деңгейіне, ел тұрмысына, ұлттық табыс пен инвестиция серпініне,
қоғам өндірісінің дамуына, т.б. көптеген маңызды көрсеткіштерге баға
тұтқалы ыкпал тигізеді. Сондықтан баға адам өмірінде негізгі роль атқарады
деген қағида орын алған. Бағаның осы тұтқалы ролі барлық қоғам жүйелеріне
бірдей тән. Алайда қоғам жүйелерінің әрқайсысында баға теориясы мен
тұжырымдамасы, оның әдістері мен тәсілдері әр түрлі. Мысалы, бұрынғы Кеңес
Одағында бағаның негізі ретінде қоғамдық құн болатын. Ал қоғамдық құн
қоғамдық қажетті еңбек немесе қоғамдық қажетті шығындар арқылы есептелді.
Қоғамдық қажетті шығындар іс жүзінде әрбір өндіріс саласының орта шығындары
ретінде есептелетін. Бұл шығындарға әрбір саланың пайда нормативі қосылып
баға деңгейі белгіленетін. Ал пайда нормативі мемлекетке (бюджетке) қажет,
басқаша айтқанда, материалдық және материалдық емес (қызмет көрсететін)
қоғамдық салаларды дамыту үшін, қоғамды әлеуметтік тұрғысынан дамыту үшін
қажет қаражатына сәйкес белгіленетін. Демек, қоғамдық қажетті шығындар
қоғамды және әрбір саланы дамыту үшін қажет қаражатқа (шығындарға) сәйкес
есептелетін. Сондықтан бұл баға тұжырымдамасы ғылым жүзінде шығын
түжырымдамасы деп орынды аталған еді. Өйткені баға белгілеуші
көрсеткіштердің екеуі де (қоғамдық шығындар да, пайда нормативі де)
шығындарға негізделген. Бағаның осы шығын тұжырымдамасы түбінде шығын
(нәтижесіз) экономикасына әкеліп соқты. Негізінде шығын белгілі нәтижеге
жету үшін жұмсалуы тиіс еді. Алайда шығын шығынды көбейте берді. Өйткені
экономика нәтижені емес, шығынды көбейтуге бағытталған еді. Әрбір
министрлік өзінің қоғамдағы орнын күшейту үшін неғұрлым көбірек қаражат
талап ететін. Сондықтан ол қаражаттың қажетін негіздеп, оны алуға тырысты.
Салмағы ең ауыр машиналар өндіріліп, алып құрылыстар салынды. Алайда
оларға кеткен шығындардың нәтижесі ойдағыдай болмады. Ол алып
кәсіпорындардың өндіріс қуаттары толық игерілмей, салмағы ауыр техниканың
өнімділігі оған кеткен шығындарды ақтамады. Кеңес Одағы металл өндірісі
көлемі бойынша дүние жүзінде бірінші орынға шыққан. Бірақ ол металдан
өндірілген өнім саны мен сапасы дамыған елдерден анағұрлым кем болды.
Демек, шығын нәтижелі болмады. Шығын шығынды көбейтіп, өндіріс нәтижесі
төмендеп, шығынды экономика қалыптасты деген тұжырым осыдан шықты. Енді,
міне нарық экономикасына көштік. Баға бұрынғыдай орталықтан белгіленбейтін
болды. Өйткені жеке меншік өндірісіне ауыстық. Әрине, мемлекет әрбір жеке
меншік кәсіпорынға баға бекіте алмайды. Ол мүмкін емес. Екіншіден, ол дұрыс
та емес. Өйткені жеке меншік кәсіпорынның дербестігі бұзылып, олардың
мүддесіне қайшы келіп, өндіріс тежелетін еді. Нарық экономикасында мемлекет
кәсіпкерлерге еркіндік бере отырып, бағаны реттеу үшін көбінесе тікелей
әкімшілік әдістеріне қарағанда, экономикалық (жанама, яғни салық, несие
пайызы, инвестиция, қаржылай көмек т.б.с.с. саясаттар арқылы) жанама
әдістерін қолданады. Кәсіпорындарында баға белгілеу әдістері мен тәсілдері
де өзгереді. Сайып келгенде, нарық жағдайындағы шаруашылықты жүргізу
мәдениеті мен әдістері мүдде басқаша болуы керек. Соған байланысты баға
жасау теориясы мен тәжірибесі өзгеріп, ол коммерциялық баға құру болуы
тиіс. Әрине, коммерциялық баға құру ісі біздің еліміздегі кәсіпкерлер үшін
бұрын-соңды болмаған жаңа жұмыс екені даусыз. Ол бұрынғы шығынға
негізделген баға белгілеу практикасын жоққа шығарады. Мемлекет баға кұру
жұмысының тізгінін өз қолынан алып, кәсіпорындарға тапсырды. Кәсіпорындар
ол тізгінді дұрыс пайдалану үшін үйреншікті шығын әдістерімен қоштасып,
коммерциялық баға құруды игеруі тиіс.
Рыноктық экономикадағы баға: қызметтері, түрлері, қалыптасу механизмі, баға
теориясы
Баға қалай анықталады. Кейбір авторлар оны шекті пайдалылық арқылы,
басқалары өндіріс шығындарымен, үшіншілері - сұраныс және ұсыныс
арақатынасымен, төртіншілері - құнмен анықтайды. Қазіргі экономикалық
теорияда алғашқы үш концепцияны үйлесімді біріктіруге тырысқан А.Маршаллдың
баға концепциясы өте кең тарады.
Ол құнның бар екенін жоққа шығарады және айырбас құны, яғни баға бар
деп санады.
Қысқа уақыт аралығында оған пайдалылықтың, ал ұзақ уақыт аралығында -
өндіріс шығындарының әсерінің маңызы зор деп атады. Бағаның төменгі шегі
өндірістің шекті шығындары болып табылады. Баға шығындардың орнын толтыру
үшін жеткілікті болу керек. А.Маршалл рыноктық бағаның қалыптасуын үш уақыт
аралығында қарастырды және мезеттік, қысқа мерзімдік, ұзақ мерзімдік тепе-
теңдіктерге ажыратты.
Мезеттік тепе-теңдік жағдайында тауар ұсынысы тұрақты, сондықтан баға
сұранысқа толық тәуелді болады. Сұраныс жоғары болған сайын баға да жоғары
және керісінше.
Қысқа мерзімді тепе-теңдік жағдайында сұраныс жоғары-төмен, оңға-солға
өзгеруі мүмкін және фирма бұған назар аудармаса, баға шығындардан төмен
түсіп кетеді де, фирма зиян шегеді.
Ұзақ мерзімді кезеңде ұсыныс сұранысқа бейімделеді де, тұрақты баға
орнайды.
К.Маркс құн мен баға заңдылықтарын талдау арқылы бағаны сұраныс пен
ұсыныс негізінде анықтаудың қайшылықтарын көрсетті. Оның мәнісі мынада,
егер ұсынысты сұраныс анықтаса, ал сұранысты ұсыныс анықтаса және олар
қарама-қарсы бағытта әрекет етсе, онда олар өзара жойылып кетеді және баға
басқа бір нәрсемен анықталады. Яғни, тепе-теңдік нүктесінде баға болмысы,
табиғаты түсініксіз құбылысқа айналады. Бұл қайшылықтан шығу үшін "құн -
айырбас құны - баға" өзгерістері жүйесін ғылыми негізде талдау қажет.
Маркс теориясы бойынша баға негізі - құн болып табылады, Тауар құнының
шамасы оны өндіруге жұмсалатын қоғамдық қажетті жұмыс уақыты шығынымен
анықталады.
Баға - тауар құнының ақшалай көрінісі. Құн еңбек мөлшерін көрсетеді,
ал баға оларға бірегей ақша мөлшерімен өлшейді.
Сату-сатып алудың әрбір жекеленген актінде баға сұраныс және ұсыныс
әсерінен құннан үздіксіз ауытқып отырады.
Егер сұраныс пен ұсыныс тең болса, онда рыноктық баға негізінде орташа
немесе рынок үшін тауарлардың негізгі массасы өндірілетін жеке құнмен
анықталатын қоғамдық, рыноктық құн жатыр.
Егер сұраныс ұсыныстан елеулі артық кетсе, онда рыноктық құн негізінде
өндірістің нашар жағдайында өндірілген тауардың жекелеген құны жатыр.
Егер ұсыныс сұраныстан елеулі асып кетсе, онда рыноктық құнды
өндірістің жақсы жағдайында өндірілген тауардың жекелеген құны анықтайды.
Ұзақ мерзімде рыноктық бағалар жиынтығы қосындысы рыноктық құндар
қосындысына жақындайды.
Құнның еңбектің теориясы баға механизмін толық ғылыми жүйелеуде құн
және баға арасындағы қайшылықтарды ұйлесімді шешеді. Тауар бағасының
қалыптасуына байланысты екі қарама-қарсы көзқарастың қысқаша мазмұны
осындай.
рыноктық экономикада баға үш басты қызметті атқарады:
- бағдар беруші - сатушы мен сатып алушылар әрекеттері үшін ақпарат
береді.
- ынталандырушы - өндірісті өте үнемді әдіспен жүргізуге және
сұранысты ұтымды пайдалану арқылы ықпал етеді.
- бөлу - бұл арқылы рыноктық экономика қатысушылары арасында табыстар,
өндірістік факторлар және игіліктер бөлінеді.
Бұл қызметтердің орындалуы тек қана бағалардың табиғи (еркін)
динамикасын бұзатын монополия және инфляциясыз жағдайдағы еркін баға
қозғалысы арқылы ғана мүмкін болады. Бұл шарт бұзылса рынокта бейберекет,
кездейсоқ құбылыстар орын алады.
Бағалар жүйесінің әр алуандығына байланысты оларды 3 түрге бөлуге
болады: мемлекеттік, келісім және әлемдік.
Мемлекеттік бағалар монополист-кәсіпорындар өнімдеріне елдің
экономикасы үшін базалық ресурстарға, әлеуметтік маңызы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz