Төлем балансы, сауда тапшылығы


ЖОСПАР
Кіріспе3
Төлем балансы, сауда тапшылығы. Валюта бағамы: еркін және тағайындалатын валюта бағамдары. Баға мен ақша көлемінің тепе-теңдігі. 3
Тағайындалатын валюта бағамы әдісі6
Тағайындалатын және еркін айналымдағы бағам кезіндегі ақша саясаты. 8
Қорытынды10
Пайдаланған әдебиеттер11
Кіріспе
Валюталық нарық қаржы нарығының құрамдас бөлігі болып табылады.
Валюталық нарық - бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы орталық болып табылады.
Валюталық операциялардың көлемі, сипатына және пайдаланатын санына қарай байланысты валюталық нарықтар үшке бөлінеді:
• халықаралық;
• аумақтық;
• ұлттық (жергілікті) .
Біздің бұл жұмысымызда қарастыратынымыз ұлттық валюталық нарық, яғни біз нақты бір мемлекеттің валюталық нарығына мән береміз.
Төлем балансы, сауда тапшылығы. Валюта бағамы: еркін және тағайындалатын валюта бағамдары. Баға мен ақша көлемінің тепе-теңдігі.
Мемлекеттің әлемдік нарықтағы жетістіктері мен жалпы әрекеттерінің айнасы ретінде төлем балансын қарастыруға болады. Шынында да төлем балансының ішіне елдің барлық жасаған қарым-қатынасының әкономикалық жағы, яғни сандық мәні енеді. Ал халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша оның құрамына - операциялар балансы мен капитал қозғалысының балансы жатады. Елдің барлық іс-әрекеттері мен сауда операциялары төлем балансында көрініс алады.
Елдің экспорттық операциялары (тауар экспорты, қызмет экспорты) елдің импортынан артық болған жағдайда төлем балансын активті (оң), ал кем болған жағдайда пассивті (теріс) сальдолы деп атаймыз. Оң төлем балансы импортқа қажет шетел валютасымен қамтамасыз етіледі.
Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:
1) ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың) ;
2) капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар - тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы;
3) тұрақтандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы, ХВҚ (Халықаралық валюта қоры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;
4) қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының, несиелердің өзгерісі.
Төменде берілген негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге қарайық. Бұл кестеден көріп отырғанымыздай Қазақстан Республикасының сальдосы 1998 ж. теріс болды, ал қалған жылдары оң сальдо байқалады. Демек, 1998 ж. елдің экспорт операциялары импортқа қарағанда аз болып, шетел валютасының тапшылығы пайда болды. Бірақ елдің теріс сальдосының нәтижесі экономикаға қатты әсер еткен жоқ, себебі тапшылық көлемі үлкен болған жоқ және де ол ұзақ уақыт бойы қайталанған жоқ.
Төлем балансының экономикаға әсері валюта бағамына әсер етуі арқылы жүреді. Шынында да сальдоның өз алдына тек сандық сипаты және статистикалық мәні болады, оның еш экономикалық мағынасы жоқ. Ал валюта бағамы елдің тауар айналымын жүргізеді. Ол елдің ішіндегі өзінің 5 функциясын (қызметін) орындауына бағамымен әсер етуінде. себебі қазіргі заманда әлемдік экономикаға қатысу елдің жалпы дамуының негізге алғышарттарының бірі. Сондықтан да валюта бағамын толығырақ қарастырайық.
Егерде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгемен басқа елде, мысалы Ресейде сауда жасасаңыз ол төлем бола алмайды. Себебі Ресейде мемлекет белгілеген өзіндік валюта бар. Ал егерде Ресей азаматтары ҚР аумағында сауда жасауға ниет білдірсе, онда ол төлем құралы ретінде “теңге” валютасын қолдануы керек. Мысалы, қазақстандық бір компания Ресейдің сатып алушы қазақстандық жабдықтаушыға қанттың құнын теңгемен төлеуі қажет, себебі қазақстандық жабдықтаушы өз еліне теңгемен салық, жалақы және т. б. төлемдер төлеуі қажет. Ал сатып алушының қолында өзінің ұлттық валютасы ғана бар. Осындай себептерден валюталарды айырбастау қажеттілігі туындайды. Ондай қажеттілікті валюта нарығы арқылы қанағаттандырады. Оның ең басты алғышарты “екі әр түрлі ұлттық валюталарды қолдану мәселесі” болып табылады. Мысалы, Қазақстандағы валюта нарығында адам демалуға, жұмыс бабымен, оқуға бара жатқан кез келген елдің валютасына теңгені айырбастай алады, ал шет ел азаматтары теңгеге өз валютасын айырбастауына мүмкіндік бар. Ал айырбастағанда валюта белгілі бір қатынаспен, бағаммен айырбасталады.
Валюта бағамы деп бір елдің валютасын екінші елдің валютасына айырбастағандағы валюталардың қатынасын айтамыз. Мысалы: 130 тг =1$, 174 тг = 1euro, 4 тг = 1RR.
Қазіргі заманда валюта бағамын белгілеуде бір-біріне қарама-қарсы екі әдіс бар:
- валютаның еркін айналымдағы бағамы;
- тағайындалатын валюта бағам әдісі;
Валютаның еркін айналымдағы бағамы кезінде бағам ұсыныс пен сұраныстың әсерінен қалыптасады.
Валютаның еркін айналымдағы бағамына көптеген факторлар әсер етеді. Олар:
- Тұтынушы талғамының өзгеруі. Басқа елдің тауарына деген тұтынушының талғамы, көзқарасы ол елдің валютасына қатты әсер етеді. Мысалы, америкалық машиналардың беделі артса, онда тұтынушылар оны алуға тырысып, долларға қосымша сұраныс тудырады. Немесе Қазақстанға Ресейден демаушылар көп келсе, онда рубль ұсынысы көбейіп, арзандайды.
- Табыстың салыстырмалы азаюы. Бір елдің ұлттық табысы басқа елдердің ұлттық табысына қарағанда өсімі салыстырмалы жоғары болған жағдайда, ол елдің валюта бағалы төмендейді. Себебі елдің импорты оның табыс деңгейіне қатысты болады.
- Бағаның салыстырмалы өзгеруі. Егер Қазақстанда баға өссе, ал Ресейде қалыпты болса, онда қазақстандықтар ресейліктердің салыстырмалы арзан тауарын тұтынуға тырысып, рубльге қосымша сұраныс тудырады. Ал ресейліктердің керісінше, біздің тауарды тұтынуға деген ынтасы азайып, рубль ұсынысын кемітеді. Бұл екі жағдай бірігіп теңгені құнсыздандырады.
- Салыстырмалы нақты пайыздық мөлшерлемелерінің өзгеруі. Мынандай жағдайды ойластырайық. Қазақстанда инфляцияны тежеу мақсатында “Қымбат ақша” саясаты жүргізілді. Нәтижесінде инфляцияны есептей отырып алынған нақты пайыздық мөлшерлеме мөлшері басқа елдерге қарағанда жоғары болды. Соның арқасында Қазақстан инвестициялауға өте тиімді елге айналды, ал ол инвестицияларды (елдің экономикасы тұрақты болған жағдайда) теңгені алуға итермелейді.
- Алыпсатарлық. Қазақстан экономикасында: а) Ресей экономикасына қарағанда жылдам өсу қарқыны болады деген жорамал бар; ә) басқа елдерге қарағанда инфляция жоғары болады деген қауіп бар; б) төмен мөлшерлеменің пайыздық мөлшері күтілуде. Ондай жағдайда теңгесі бар тұлғалар қолындағы теңгені басқа, қалыпты валютаға айырбастауға ұмтылады. Ал ол сол валютаға сұранысты жоғарылатып, оны теңгеге қарағанда қымбаттатады.
Ал бұл әдістің тиімділігіне келетін болсақ, онда оны жақтаушылардың айтатын дәлелі: бұл әдісте валюта бағалы автоматты түрде түзетіліп, соның арқасында төлем балансының тапшылығы мен қалдықтары жойылады. Бұны сұраныс пен ұсыныс функцияларының көмегімен көрсетуге болады.
Тепе-теңдік валюта бағамы 1rr = ах 1тг. жағдайда орнайды және де теріс сальдо балансы жоқ деп есептейміз. Бұл жағдайда Қазақстанның қажет ететін рубль мен Ресейдің қажет ететін теңге көлемі бір-біріне тең деп санаймыз. Енді белгілі бір факторлардың әсерінен қазақстандықтардың рубльге деген сұранысы Д-дан Д 1 -ге артты дейік. Қазақстандық экспорттық операциялар елге “аА” көлемде рубльді әкеледі, ал импорттық операциялар “аС” көлемді қажет етеді. Сонда алғашқы бағам бойынша төлем балансының тапшылығы АС қисығына тең болады. Бағам салық заңдарымен қалыптасатындықтан ол 1rr = а^х 1тг бағамға ауысады. Ал бұл бағам бойынша ресейліктерге қазақстандық тауарлар арзан болып, қазақстандықтарға керісінше қымбаттап, Қазақстанның экспорты тиімді болып, теңгеге деген сұраныс артады, ал Қазақстандағы рубльге деген сұраныс азаяды. Сондықтан төлем байланыс автоматты түрде түзетіледі.
Еркін айналым кемшіліктері:
- Белгісіздік және сауданың нашарлауы.
Белгісіздік және қауіп сауда жүргізуде қиыншылықтар туғызады. Мысалы, қазақстандық кәсіпкер АҚШ-тан 90-мың $ машина алуға шартқа отырады. Ол есептегенде долларды 70 теңгемен санады, ал елдегі жағдайға байланысты төлем уақыты келген кезде доллар 130 тг болады. Сонда кәсіпкер екі есе көп ақша төлейтін болады.
- Сауда жағдайы. Елдің экономикасы халықаралық нарық валютасының бағамы төмендеген жағдайда нашарлайды. Валюта бағамына тәуелді болады.
- Тұрақсыздық. Ішкі экономикаға жағымсыз әсер етеді.
Тағайындалатын валюта бағамы әдісі
Бұл тәсіл жоғарыда қарастырған тәсілге қарама-қарсы әдіспен жасалынады. Оның қолданылуы отыру қажеттілігінің туындауымен қиындатылады. Мысалы, жоғарыдағы жағдайда валюта жетіспеушілігі автоматты түрде жойылады, ал тағайындау жағдайында тапшылықты мемлекет жоюы керек. Осы мәселе тағайындалатын валюта бағамының ең күрделі сұрақтарының бірі. Оны жою жалпы келесі әдістермен жасалады және олар қазіргі замандағы барлық елдерде қолданыла алады.
* Резервтерді қолдану. Бұл валюта бағамын тұрақтандырудың ең бір жеңіл тәсілі. Ол нарыққа мемлекеттің өзінің валюта қорымен әсер ету механизмі. Ал валюта қоры қалай жиналады? Мысалы қарастырып отырған еліміз алдыңғы жылы оң сальдолы болып, біраз валютаны икемденіп қалды. Ол қор мемлекеттің иелігінде алтын ретінде сақталып, бағам ауытқулары байқалған кезде қолданылады. Бұл тәсілдің тиімсіз жағы; егерде теріс сальдо ұзақ уақыт байқалатын болса, онда мемлекеттің валюта қоры таусылып, бұл саясаттан бас тартуға мәжбүр болады.
* Сауда саясаты ол мемлекеттің бағамды бір қалыпта ұстау мақсатындағы импортты (яғни шет ел валютасына деген сұранысты) ынталандыру саясаты. Импортты квота, қосымша салық салу арқылы шектеуге болады. Ол жеңіл де, бірақ бұл қолдан жасалған шектеулер экономиканың дамуына кедергі жасайды.
* Валюталық бақылау; оңтайландыру. Тағы да бір балама валюталық бақылау. Оның мәні келесіде: мемлекет өзінің шетке тауар шығарушыларына (экспорттаушыларына) шетел валютасын тапсыруға міндеттейді. Алынған азын-аулақ шетел валютасын импорттаушыларға бөліп береді. Сонда импорт көлеміне байланысты етеді. Бұл жүйенің келесідей кемшіліктері бар:
- сауданың бұзылуы;
- келіспеушілік;
- таңдаманың шектеулігі;
- қара базар.
* Ішкі макроэкономикалық реттеулер.
Салық және ақша саясаттарын жүргізу көмегімен шетел валютасына деген сұранысты азайтады.
Енді валюталық бағамдарға келетін болсақ, соңғы жылдары валюталық бағамдардың үш түрі қолданылады.
* Алтын стандарт. 1879-1934 ж. аралығында әлемде “алтын стандарт” атты жүйе қолданылды. Оның барысы мен құлдырауы тағайындалатын валюта бағамының барлық жақсы және жаман жақтарын көрсетеді.
Ақшаның алтын стандартталуы болуы үшін келесі жағдайлар қажет деп саналады:
1) ұлттық валютаның құрамындағы алтын салмағын белгілеу қажет;
2) алтын қоры мен ішкі ақша көлемі арасында тепе-теңдік қажет;
3) алтынның экспорты мен импортына кедергі болмау қажет.
Әр ел валютасындағы алтын құрамын өзі тағайындайды және алтын салмағының қатынасы валюталық бағамды білдіреді. Мысалы, АҚШ-тың доллары = 25 грамм, фунт = 50 грамм, сонда 1 фунт = 2 доллар.
Бұл жерде алтындық қатынасты есептегенде біз орауыштың құнын, тасымалдау шығындарын, сақтандыру шығындарын есептейміз. Бірақ бұл шығындар үлкен емес. Біз 50 грамм алтынға бұндай шығындарды 3 цент деп есептейік. Бұндай жағдайда американдықтар бір фунт үшін 2, 03 $ төлейді. Бұл жағдайдан бағам үлкен болса Америкадан алтынның ағылуы басталады. Бұл нүктені алтынның экспорттық нүктесі деп атайды.
Алтын Америкаға ағылу үшін бағам 1, 97-ге дейін түсуі керек. Бұл бағамнан төмен бағам қалыптасқан жағдайда алтын Америкаға ағылады. Ал бұл нүкте алтынның импорттық нүктесі деп аталады.
Бұл жүйенің макроэкономикалық негіздерін қарастырайық. Фунт пен доллардың тепе-теңдік жағдайы 1 суреттегі сұраныс пен ұсаныс жағдайындай болсын. Белгілі бір себептердің әсерінен британдық фунтқа сұрыныс артсын. Соның нәтижесінде Америка үшін бағам алтынның экспорттық нүктелерінен артып, алтынның елден ағылуы пайда болсын. Алтын стандартының алғашқы заңына сәйкес елдегі ақша көлемі мен алтын көлемі тең болып, Америкада ақша көлемі қысқарады, ал Британияда ақша көлемі керісінше үлкейеді. Ақша жиынының азаюы Америкада жалпы сұранысты азайтады және оның нәтижесінде ұлттық өндірістің, жұмысшылар санының, баға деңгейінің төмендеуіне әкеп соғады. Оған қоса ақша жиынының азаюы пайыздың мөлшерлеме деңгейін үлкейтеді.
Ал Британияда керісінше жалпы сұраныс деңгейінің, ұлттық табыс деңгейінің, жұмыс істеушілер санының, баға өсуі байқалады.
Бреттон-Вуд валюталық жүйесі. 1944 ж. АҚШ-тың Нью-Хэмпшир штатының Бреттон-Вуд қаласында болған халықаралық бас қосуда (саммитте) “әсер етілетін байланған валюталық бағам жүйесі” туралы келісімге қол қойылды. Жаңа жүйе алтын стандарттың тиімді жақтарымен оның келеңсіз әсерін жоятын жүйе болуы керек. Ол конференцияда Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) құрылды. ол бұл жүйені қадағалау мен оған әсер ету қызметін 1971 жылға дейін жүргізіліп келді. Әр ел өзінің ұлттық валютасын алтынмен немесе доллармен бағалап, оның тұрақтылығын сақтауға міндетті болды. Бағамды ХВҚ-ның рұқсатынсыз (10 % ғана) өзгертуге мүмкіндік берілді. Валютаны қалыпты бағамды ұстау келесі көздерден жүргізіледі:
1) Қорлар. Алдыңғы жылдарда қалыптасқан оң сауда балансының көмегімен жиналған шетел валютасының қоры. Басқаша айтқанда көмекші қор;
2) Алтын қоры. Елдің үкіметі өзінің алтын қорын қажет елдің валютасына сатып, оны өз елінің валютасына жәрдем ретінде қолдануы;
3) ХВҚ-дан қарыз алу. Бреттон-Вуд валюталық жүйесіне әр ел өзінің ЖҰӨ-іне, халық санына, сауда көлеміне байланысты жыл сайын төлем жасап тұруы келісілген еді. Сол төлемдерден жиналған қордан әр ел өзіне қажетті мөлшерде қарыз алуға, оны өз валютасымен қайтаруға құқығы бар. Олардан алынған шетел валютасы ішкі нарықта сатылып, қосымша ұсыныс қалыптастырады.
Бұл жүйенің кемшілігі бар. Егерде елдің сальдосы оң, теріс болып өзгеріп отырған жағдайда бір жылдағы тиімділік екінші жылдағы шығындарды жабады. Ал теріс сальдо бірнеше жылдар бойы қайталанып отырса, онда елдің қоры таусылып қалады немесе қарыз алуға мәжбүр болады.
Ақша мен валюта бағамының тепе-теңдік формуласы.
Ақша нарығындағы тепе-теңдік формуласы:
M Д =(PQ) /(V(і) ) =M (1. 1) .
Мұнда M Д - ақшаға деген сұраныс;
P - баға; Q - көлем.
V(і) - ақша айналымының жылдамдылығы;
пайыз мөлшерлемесі (і) -ге тәуелді.
М - ақша ұсынысы.
Сатып алу мүмкіндігінің паритеті
теңдеуі:
P=EP * (1. 2) .
Мұнда: P - ішкі бағам;
E - бағам;
P * - сыртқы нарықтағы шетел валютасымен көрсетілген баға.
Пайыздық төрелік жүргізушінің (арбитраждың) қарапайым формуласы:
1+і=(E +1 /E) *(1+і*) (1. 3) .
Мұнда: і(і*) - елдегі (шетелдегі) пайыздық мөлшерлеме;
E +1 - келесі кезеңдегі бағам.
Мына формуланы табамыз:
MV(і) =EP*Q (1. 4) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz