Валюталық саясаттың түрлері және құрамдары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Валюталық саясат

1. Валюталық саясаттың түрлері және құрамдары 2
2. Дамыған елдердің валюталық саясаты 13
3. Дамушы елдердің валюталық саясаты 21

1. Валюталық саясаттың түрлері және құрамдары

Валюталық саясат (ВС) сыртқы экономикалық саясат жүйесінде ерекше орын
алды. Валюталық саясат дегеніміз – дамудың белгілі бір тарихи
кезеңдеріндегі мақсаттарға сәйкес белгілі бір елдің ХЭҚ саласында жүзеге
асыратын шаралар кешені.
Кез келген елдің ВС ағымдағы немесе ұзақ мерзімдік мақсаттарға сәйкес
екі түрге бөлінеді:
Құрылымдық ВС – барлық елдердің өзара әсерлесу принциптерін
жетілдіруге бағытталған валюталық реформалар формасында жүргізіледі. Ол
жекелеген валюталардың жағдайын күшейту және артықшылыққа қол жеткізу үшін
жүргізілетін күреспен байланысты болады. Сонымен бірге құрылымдық валюталық
саясат тенденциясының қалыптасуына ықпал етеді.
Ағымдық ВС дегеніміз – валюталық бағамдары, валюталық жағдайларды және
бағалы металдар нарықтарының қызметін реттейтін қысқа мерзімдік шаралар
кешені.
Белгілі бір елдің жүргізетін ВС елдің ішкі және сыртқы нарықтарында
өткізілетін таулардың ұлттық валютамен өрнектелген бағаларының
арақатынасына ықпал етеді. ВС-тың элементтері мен формалары өз ретінде
мынандай факторлардың пайда болуына әсер етеді:
- әдемдік шаруашылықтың дамуы;
- елдің экономикалық жағдайы;
- әлемдік аренада күштерді орналастыру.
Елдің валюталық саясатың экономикалық табиғаты тарихи тұрғыда
қарастырылады. Өйткені белгілі бір бәсекелестік міндеттер келесі
приоритетік сипатта болады:
- валюталық шектеулер;
- валюталық операциялардың ырықтандырылуы;
- валюталық дағдарысты жою және тұрақтылықты қамтамасыз ету.
ВС қолданатын элементтерінің жиынтығы әр түрлі форманы қабылдауы
мүмкін, олар:
- дисконттық;
- девиздік болып бөлінеді.
Орталық банк дисконттық саясатты төмендегі мақсаттар бойынша
жүргізеді:
- валюталық бағамды және төлем балансын реттеу;
- халықаралық капиталдың қозғалуына әсер ету;
- ақша массасына, бағаға, несиелердің ішкі динамикасына әсер ету.
Дисконттық саясаттың мәні мынада: ол банктің есепке алу
мөлшерлемесінің өзгерісімен байланысты болады. Мысалы, пассивтік төлем
балансы кезінде банктің есепке алу мөлшерлемесінің көтерілуі – проценттік
мөлшерлемесі едәуір төмен елдерден капиталдың ағылып келуін күшейтуге ықпал
етеді. Осылайша, дисконттық саясат капиталдың елден ағылып кетуіне тойтарыс
береді, төлем балансын тұрақтандырады және төлем бағамын көтереді. Бірақ
елдің экономикасы тоқырау жағдайында болса, онда төлем балансын жақсарту
мақсатында есепке алу мөлшерлемесін көтеру – экономикаға зиянды, кері
әсерін тигізеді. Бұл кезде экономиканың тұрақсыздығы белгілі бір проценттік
мөлшерлемелермен операция жүргізу кезінде елден капиталдың қозғалуын үнемі
анықтай бермейді.
Сонымен бірге, әлемдік шаруашылықта капитал мен несиенің халықаралық
қозғалысын реттейтін факторлар күшеіп бара жатқандықтан, бұл жағдай есепке
алу саясатының төлем балансына ықпал етуін әлсіретеді.
Басқаша айтқанда, дисконттық саясаттың (ДС), ішкі және сыртқы
саясаттың қарама-қайшылығы оны тартымды етпейді, өйткені қысқа мерзімдік
және салыстырмалы түрде алғанда, оның тиімділігі төмен болып келеді.
Тарихи тәжірибеге көз жүгіртсек, ДС 30-40-жылдары ғана және 50-
жылдардың басынан бастап белсенді жүре бастаған.
ВС жүргізудің ең тиімді әдісі – девиздер саясаты. Бұл саясат кезінде
мемлекет шетел валюталарын сатып алу және сату жолымен ұлттық валюта
бағамына ықпал етеді.
Девиздік саясат әр түрлі формаларда көрініс тапқан құбылыс, оларға
валюталық интервенция, валюталық резервтердің түрін көбейту, валюталардың
айырбасталу дәрежесін реттеу, сонымен бірге валюталық бағам режимін реттеу,
девальвация, ревальвация жатады.
Валюталық интервенция - ұлттық бағамына ықпал ету мақсатымен оратлық
банктің валюталық нарықтағы операцияларға араласу процесі. Негізінен,
орталық банк ұлттық валютаның бағамын көтеру мақсатында шетел валютасын
сатады, ал төмендету мақсатында – сатып алады.
Девиздік саясаттың формасы ретіндегі валюталық интервенцияның
ерекшелігі; оның салыстырмалы түрдегі ірі ауқымдылығы, қолданылуының қысқа
мерзімділігі, ресми алтын-валюталық резервтер мен қысқа мерзімдік валюталық
несиелер есебінен жүргізілуі. Қазіргі таңдағы белгілі бір жекелеген
мемлекеттегі валюталар интервенциясымен бір мезгілде бірқатар елдердің
орталық банктерінің ұжымдық валюталық интервенциясы да қолданылады.
Девиздік саясаттың бір түрі ретінде валюталық резервтердің түрін
көбейту – валюталық резервтер құрылымын реттеуге бағытталған. Бұл реттеу
валюталық резервтерді басқа әртүрлі валюталар құрамына енгізу жолымен
жүргізіледі. Мұндай форма шығындарды жоюға және халықаралық есеп
айырысулардың ырғақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта
тұрақсыз валюталарды сатудың орнына өте тұрақты валюталарды сатып алу
белсенді түрде жүруде.
Қазіргі уақытта неміс маркасының, швейцар франкінің, жапон иенінің
мәні артып отыр. Көп жағдайда ұлттық мемлекет пен халықаралық қаржылық
ұйымдар валюталық бағамдардың, валюталық тепе-тең режимін белгілеу
шараларын жүргізеді. Валюталық жүйелер дамуында төмендегідей режимдер
қолданылған:
- валюталық бағамдарды нақты белгілеу режимі (елдердің Бреттон-Вудс
келісімі);
- қалқымалы валюталық бағамдар режимі (Париж конференциясы - “ондық
тобы”;
- “еуропалық валюталық жылан” режимі.
Қазіргі таңда әлемде валюталық бағамдардың онға жуық режимдері бар.
Жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар барысында көптеген мемлекеттер
“жұп валюталық нарық” деген валюталық саясатты қолданған. ВС-тың бұл
формасы валюталық нарықтың екі бөлікке бөлінуін қажет етті.
Ресми валюталық бағам - коммерциялық операциялар, ал нарықтық бағам -
қаржылық операциялар кезінде қолданылады. Қалқымалы валюталық бағамдарға
өтуге байланысты бұл саясаттың қолданылу дәрежесі тарыла бастады. ВС-тың
дәстүрлі әдістеріне девальвация мен ревальвация жатады. Шетел валютасына
қатысты ұлттық валюта бағамын төмендету процесі – девальвация деп, ал
ұлттық валюта бағамын көтеру процесі – ревальвация деп аталады.
Валюталық бағамдар режимін реттеу. Айырбас бағамы режимінің нұсқасын
таңдау 2 факторға тәуелді болады:
1. Елдің экономикалық мүмкіндігіне, оның әлемдік аренадағы жағдайына
және дамыған елдер тобына жататындығына байланысты.
2. Аталған ел шеңберіндегі уақытша ара қашықтыққа сәйкес.
Айырбас бағамы режимінің нұсқасы аталған ел үкіметінің қатысу
дәрежесіне байланысты іріктеледі. Осына ескере отырып, айырбас бағамы
режимінің 3 нұсқасын бөліп көрсетуге болады;
1) бағамды ел үкіметі анықтайды;
2) режимді белгілеуде үкіметтің араласуы (ерекше) белгілі орында
алады;
3) үкіметтің араласуы толық түрде болмайды, яғни бағам режимін
нарықтың өзі анықтайды.
1-нұсқа: бір шетел валютасына немесе бір мезетте бірнеше валютаға
қатысты шараларды қамтиды. Үкіметтің араласуы девальвация шараларымен
шектеледі. Сонымен бірге үкімет – елдің приоритеттік сауда серіктестерімен
бірге инфляция қарқынындағы айырмашылықты салыстырады.
2-нұсқа: кей жағдайда үкімет елдің приоритеттерін ескере отырып,
қалқымалы бағамды еркін түрде реттейді.
3-нұсқа: ел валютасының еркіндігін көрсетеді. Бұл кезде бағамды
валюталардың сұранысы мен ұсынысын ескере отырып, нарықтың өзі белгілейді.
Аталған айырбас бағамы режимінің әрқайсысының артықшылықтары мен
кемшіліктері бар. Сондықтан оларды міндетті түрде қарастыру керек.
Тұрақты бағам режимінің төмендегідей артықшылықтары бар:
- сандық тұрғыда анықталғандығы (саудаға және капитал ағымын
ынталандыруға ықпал етеді);
- валюталық-қаржылық саясатқа деген жоғары сенімділікті күшейтеді.
Соңғы артықшылық несие беру мен үкіметтік шығындарды бақылау
қажеттілігінен туындаған. Сонымен бірге тұрақты бағам режимінің артықшылығы
инфляцияны тежеп тұруда айқын көрініс тапты. Валюталық-қаржылық саясатқа
деген жоғары сенім, еңбек нарығы мен қаржылық нарықтарда болуы мүмкін
инфляциялық процестерді жеңілдетеді. Бірақ бұл режимнің төмендегідей
кемшіліктері де бар.
Ел белгілі бір экономикалық оқыс жағдайларға тап болғанда, оған қарсы
тұруға қабілетсіз болады. Оның бірден-бір себебі – экспорттық нарықтарды
жоғалтуы және тұрақты бағамды демейтін валюталық резервтердің
жеткіліксіздігі.
Бұндай құбылыс ішкі бағалардың күрт төмендеуін туындатады. Ал бұл
төмендеу өз ретінде өндірістің тоқырауы мен жұмыссыздар тобының күн санап
өсуінің алғышарты болып келеді. Осыдан тұрақты бағам режимін белгілеу
кезінде валюта санын нақтылауға қатысты проблема туындайды. Белгілі бір
елде валюта бірлігі бағамын белгілеу төмендегідей сипатталады:
а) барлық қаржылық нарықтардағы компаниялардың түсінуі үшін бұл саясат
өте қолайлы;
ә) бағамдарды үкіметтік реттеу мүмкіндігі елеулі қысқарады;
б) саудадағы айырбас бағамының тәуелділігі қысқарады, өйткені валюта
бірлігі бағамын белгілеу ірі сауда серіктесі үшін ыңғайлы болады;
в) валюта бірлігі бағамының өзгерісі айналымдағы барлық валюталарға
қатысты ішкі валюта бағамының өзгеруіне әсер етеді.
Бұл саясатпен салыстырғанда, валюталар көрзеңкесін белгілеуге
байланысты тұрақты бағам саясаты төмендегі параметрлермен сипатталады:
а) шетелдік инвесторлар бұл саясатты ауыр қабылдайды, өйткені олардың
пікірінше, валюталар кәрзеңкесінің құрамы кеңінен танымал болмауына
байланысты билеуші органдар валюталарды реттейді. Мұндай жағдайларда
шетелдік серіктестер девальвацияның мүмкіндігін айқындайды;
бұл саясат бір ғана валюта құнының көтерілу тәуекелділігін жояды.
Тиісінше, ол елдің барлық сауда серіктестерімен болатын келісімдерді реттеу
ісінде өте қолайлы. Бірақ валюта құнының жоғарылауы экспорттың азаюына,
импорттың өсуіне әкеліп соғады, соның салдарынан елдің төлем балансы
нашарлайды.
Бұл режимнің тағы бір артықшылығы: кәрзеңкедегі барлық валюталар
өздеріне белгіленген айырбас бағамына қатысты бірдей өлшенсе, онда
валюталар бағамының өзгерісі едәуір аз болады.
Айырбас бағамының өзгермелі режимдері. Елдердің валюталық-қаржылық
саясаты еркін өзгермелі режимді қолдану жағдайында еркін түрде қалыптасады.
Бұл бағам бәсекелестік қабілетті қолдауға мүмкіндік береді және сыртқы
күштер мен оқыс жағдайларға тез бейімделеді, ең бастысы – ел үкіметі өзіне
сәйкес келетін бағамды анықтау функциясынан босайды. Бұл артықшылықтарға
қарамастан, еркін өзгермелі айырбас бағамы режимінің кемшіліктері де бар:
- егер валюталық нарық елеусіз сыйымдылықпен сипатталса, онда омы
режим кезінде бірнеше ірі келісімдер қазіргі кездегі жағдайды
бұзады;
- бұл режим мемлекет тарапынан реттеу кезінде, валюта санымен бірге
валюталық-қаржылық және фискальды шараларды қабылдау ісінде де
валюталық де валюталық саясаттың тиімділігін қамтамасыз етуі
мүмкін;
- шетел инвесторлары мен сауда серіктестері үшін бұл режим кезіндегі
белгісіздік жағдайы тартымсыз екендігін айту керек;
- үкіметтік манипуляция қаупті бар болса, ол нарық субъектілерінің
сенімін жояды;
- егер елде капиталдың ірі саудагерлік ағымы бар болса, онда айырбас
бағамын белгілеу елеулі дәрежеде валюталық-қаржылық тәуелсіздікті
шектейді.
Халықаралық коммерциялық байланыстардың әлсіз дамуы жағдайында бұл
режимді қолдану өте тиімді, яғни бұл кезде өндіріс жағдайы сыртқы саудаға
үлкен тәуелділікте болмайды.
Өзгермелі валюталық бағамдарды енгізуге арналған басты шарттарға
мыналар жатады:
- дамыған қаржылық нарықтың болуы;
- олардың әлемдік жүйеге интеграциялану дәрежесі;
- ұлттық және шетелдік активтердің өзара айырбасталуы;
- қаржылық делдалдықтың даму дәрежесі.
Дегенмен, бұл факторлардың жоқтығына қарамастан, көптеген мемлекеттер
өзгермелі бағамдар режиміне көшті. Оның төмендегідей себептері бар:
- төлем байланыстарының тұрақсыздығы;
- тұрақты бағамдарды қолдауға арналған ресми валюталық резервтер
көлемінің елеусіздігі;
- “қара валюталық” нарықтарға тосқауыл қою тілегі.
Бұл режимге бірінші валютаның өзгермелі бағамдарын енгізу халықаралық
валюталық қордың тұрақтандыру бағдармалары шеңберінде және техникалық
көмектің болуы жағдайында жүріп жатты. Ол экономикалық шаралар кешенін
жүргізу қажеттілігін туындатты:
- экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру;
- валюталық және кедендік режимдерді ырықтандыру;
- ішкі сұранысты шектеу және т.б.
Бұл алғышарттардың болмауы жағдайында көптеген мемлекеттер тұрақты
және өзгермелі бағамдардың біріккен режимін қолданады. Оның өзгертілген
формасы жылжымалы валюталық бағам. Бұл бағамның мәні мынада: валюталардың
айырбас құнына айына 1-2 рет ұсақ және жиі түзетулер жүргізу.
Жылжымалы белгілеудің төмендегідей артықшылықтары бар:
- өзгеру қарқынын алдын-ала хабарлау, ол экспортерлар мен мүмкіндігі
бар инвесторлардың сенімін арттырады;
- тұрақты валюталық бағамды қолдау мүмкіндігінің болуы.
Мысалы, жылына 10%-тік ішкі инфляция және жылына 5%-тік сауда
серіктестігіндегі инфляция кезінде, өзгеру қарқыны – жылына құнсызданудың
5%-і көлемінде белгіленген.
Жылжымалы белгілеудің төмендегідей кемшіліктері бар:
- тиімді айырбас бағамы уақыт өтуіне қарай өзгереді;
- тұрақты айырбас бағамымен салыстырғанда, бұл режим өте жоғары
инфляцияға әкеліп соғуы мүмкін.
Тарих көрсеткендей, айырбас бағамдарының режимі бірнеше мәрте өзгеріп
отырады. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бақыланатын халықаралық
валюта қатынасы (ХВҚ) тұрақтанды, бірақ өзгеретін айырбас бағамдарының
жүйесі қолданылды. ХВҚ алдында мемлекет келісімі шеңберінде айырбас бағамын
сақтап қалуға міндеттенді және өз валютасын қолдау шаралары жүргізілді.
Бреттон-Вудстың күйреуі салдарынан 1973 жылдан бастап көптеген елдер
валюталардың кең өзгерісін қолдану мүмкіндігіне қол жеткізді және жедел
өзгергіш жүйелерге көшті. Бұл елдердегі төлем балансының тапшылығы
экономиканың дамуын тежеді және бәсекелестік қабілетті қолдау мақсатында
олардың көбі жылжымалы белгілеуге ден қойды.
Сыртқы экономикалық қызметті ынталандыру мақсатында көптеген
мемлекеттердің орталық банктері валюталық бағамдардың көп түрлілігі режимін
қолданды. Оны қолданудың қажеттілігі мына жағдаймен түсіндіріледі, яғни
сандық шектеулерді және әкімшілік тыйым салуларды қатыстырмай төлем
балансының реттеу мүмкіншілігінің болуы. Бұл кезде валютаның ресми бағамы
импортталатын тауар бағаларының өсуін тежеуге арналған жоғары деңгей
сақталуда, ал капиталдың қозғалысы және онымен байланысты операциялар
өзгермей, бағам бойынша жүргізіледі. Валюталық бағамдардың бұл режимі
экспорттың дәстүрлі емес түрлері үшін қолданылады. Айтылғандарды жалпылай
отырып, мынаны атап өту керек, яғни бұл режимді өтпелі экономикасы бар
елдерде қолдану тиімді. Бірақ оны қолданудың мерзімдік шегін белгілеу
керек, өйткені жүйені ұзақ қолдану ресурстарды бөлуде өзгерістер
туындатады.
Валюталық интервенция. Валюталық бағамдарды реттеу әдістерінің бірі -
ұлттық валюта бағамына әсер ету мақсатында валюталық бағамның қызмет етуіне
орталық банктің араласуын талап ететін операциялар. Бұл жағдайда, егер
валюталық нарықта шетел валютасының ұсынасы көп болса, онда орталық банктер
оны сатыпалады да қайта сатады. Ал, шетел валютасының ұсынысы төмендеген
жағдайда, орталық банк шетел валютасына деген сұраныс пен ұсынысты
теңестіреді және шетел валютасы бағамының өзгеруін шектейді. Валюталық
саясаттың бұл формасы бір елдің орталық банкісімен немесе бірнеше
мемлекеттердің банктерімен жүргізіледі. Мысал ретінде, еуропалық валюталық
жүйені алуға болады. Еуропалық жүйенің орталық банктері тұрақты шектер
көлемінде ұстап отырады. Валюталық интервенцияны жүзеге асыру кезінде
валютаны таңдап алу қажет. Ол халықаралық валюталық жүйедегі берілген
валютаның орнына интервенция мақсатына және қалыптасқан институционалдық
ортаға байланысты болады. Осылайша орталық банктердің көбісі банк аралық
нарықтардығы немесе дилер, брокер арқылы валюталық интервенция ретінде
анықтайды. Бұл кезде ақпарат жасырын болып, операциялардың құпиялылығын
ескеруі тиіс. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ұлттық валюта қатынастарының даму жүйесі
Қазақстан Республикасы қылмыстық заңы бойынша кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылық
Сыртқы экономикалық қызметті салықтық реттеу
Экономикалық контрабанда қылмыстарының объектісі
Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару құрамы объектісін анықтаудың кейбір мәселелері
Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні
Несие жүйесінің қалыптасуы
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар туралы
Орталық Кедендік орган
Кеден бақылауы органдарының рөлі. Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні
Пәндер