Жекеше кәсіпорындар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1. Мемлекеттік кәсіпорындар

2. Жекеше кәсіпорындар

Кіріспе

Кәсіпорындардың әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын құрудың негізгі-меншік түрлерінің алуантүрлілігі болып табылады.

Меншік түріне байланысты кәсіпорындардың мынадай тұрпаттарын ажыратады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар, олар экономиканың қоғамдық бөлігін көрсетеді; жекеше кәсіпорындар-экономикалық жекеше бөлімін танытады; ал меншіктің аралас түрінің кәсіпорындары ерекше топты құрайды.

1. Мемлекеттік кәсіпорындар

Бұл асыл тұқымды мал өсірумен және аса сапалы тұқым өндірумен айналысатын мемлекетік шаруашылықтар. Ғылыми-зерттеу мекемелері мен мемлекеттік оқу орындарының оқу және тәжірибе шаруашылықтары да осыған жатады.

Бұл шаруашылықтардағы өнідірс жерге және өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік болуына негізделеді. Қызметкерлер ұжымы жалдау туралы шарттың немесе келісім шарттар негізінде жұмыс істейді. Сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарда өндірілген өнім мемлекетке тиесілі.

2. Жекеше кәсіпорындар

Иелерінің санына қарай, кәсіпорынның іс-әрекетіне деген жауапкершілігі бойынша және кәсіпорынның жалпы капиталына жекедара капиталын қосу тәсілі бойынша ажыратылады.

Қазақстанның агробизнесінде кәсіпорынның мынадай ұымдастырушылық - құқықтық түрлері анағұрлым кең таралған:

  • жауап кершілігі шектеулі серіктестік;
  • толық сріктестік;
  • аралас серіктестік
  • акционерлік қоғам;
  • өндірістік копператив;
  • шаруа қожалықтары;
  • азаматтардың жеке шаруашылықтары.

Кеңшарларды мемлекет билігінен алу және мемлекеттік меншікті жекешелендіру кезінде олар ауыл шаруашылық копперативтеріне, әртүрлі серіктестіктерге, ұжымдық кәсіпорындарға және шаруа қожалықтарына айналдырылды.

2. 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС)

Ауыл шаруашылығында мұндай кәсіпорынды құрудың негізгі кәсіпорыннның жарғылық капиталына құралтайшылардың үлестік қатысуы болып табылады. Кәсіпорын барлық меншік иелерінің жалпы жиналысында қабылданған жарғы негізінде жұмыс істейді.

Серіктестік мүшелерінің үлесі жекешелендірілген кеңшардың үлес қорындағы әрбір жұмыскердің мүліктік және жер үлесі есебінен құрылады және қызметкерлердің жұмыс стажына, біліктілігіне қарай, атқаратын жұмыстарының күрделілігі мен жағдайларына қарай айқындалады. Кәсіпорынның жарғылық капиталдағы пай мөлшері қатысушының кіріс үлесін салған тұлғалар кәсіпорынның жауапкершілігі үшін тек өз салымдары шеңберінде ғана жауап береді.

Ауыл шаруашылығындағы мұндай кәсіпорынның басты ерекшелігі - қатысушылардың өз үлестерін ашық рынокта сатуға тыйым салынатындығы. Сөйтіп, жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) жабық түрдегі акционерлік қоғам ретінде танылады. ЖШС белгілі бір салықтық жеңілдіктерді пайдаланады. ЖШС-ның кірісін бөлу қоғамның жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

2. 2. Толық серіктестік

Өз мүшесінің үлестік меншігі негізінде құрылған, алайда серіктестіктің барлық мүшелері іс-әрекеттің нәтижелеріне өзінің жеке мүлкімен толық жауап береді. Бұл негізінен кәсіпкерліктің серіктесушілік түрі.

Толық серіктестік заңгерлік тұлға болып табылмайды, бизнесті ұйымдастырудың осы формасы бойынша әртүрлі брокерлік кеңселер, тексеруші фирмалар және қызмет көрсету орындары жұмыс істейді.

Мұның артықшылығы - капиталды қысқа мерзімде жинақтау мүмкіндігі, қаржыны түрлендіру мүмкіндігі, яғни қаржыны бизнестің әртүрлі өндірістеріне салудың мүмкіндігі болып табылады. Кемшілігі - фирманың жойылу кезінде кірісті бөлудің және мүлікті бөліске салудың қиындықтары. Серіктестіктің бұл түрі қатысушылардың бірыңғай іс-әрекеті кезінде қолайлы. Мысалы, фирма ауал шаруашылық тауар өндірушілеріне технологиялық және техникалық көмек көрсетеді немесе кеңес беруші қызметтер көрсетеді.

2. 3. Аралас серіктестік

Олда қатысушылардың үлестік меншігіне негізделген. Алайда олар серіктестіктің толық мүшелеріне және салымшы мүшелеріне бөлінеді. Толық мүшелері фирманың міндеттемелі бойынша толығымен біріккен түрде жауапкерішілік артады, салымшы мүшелер өз салымдары шеңберінде ғана жауап береді. Бұл да серіктесушілік кәсіпорны болуы мүмкін, бірақ заңгерлік тұлға болып табылады. Мұның артықшылығына өз капиталын салғысы келетін, бірақ басрақурға қатыспайтын адамдардың есебінен қосымша қаржы тарту мүмкіндігін жатқызуға болады.

Мұндай кәсіпорындарды агробизнеске қызмет көрсету өрісінде ұйымдастырға пайдалы.

2. 4. Акционерлік қоғам

Аорпоративті капитал негізінде құрылған заңды тұлға болып табылады. Ақшалай қаржы - акциялар шырғару және сату жолымен, негізгі капитал жекешелендірілген мемлекеттік меншікті сатып алу есебінен құрылады. Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын қайтадан ұйымдастыру кезінде кәсіпорындардың мүлкі оның қызметкерлеріне үлестер бөліп беру жолымен ұжымдық-үлестік меншікке айналдырылуы мүмкін, яғни акционерлік кәсіп-орын болады. Шаруашылықтар мұнымен қатар акциялар шығара алады және сата алады.

Акционерлік кәсіпорындарды иемдену құқығы акциялар санымен анықталады. Акционерлер қоғамның қарыздары бойынша жауапкершілікті акцияларға салған өз салымдары шеңберінде ғана атқарады. Сондай-ақ кіріс те акциялар саны бойынша бөлінеді.

Акционерлік қоғамдардың мүшелері өздерінің акцияларынына дивиденд түрінде кіріс алады.

Акционерлік мүліктік және жеке құқықтары бар. Мүліктік құқықтарға дивиденд алу, сондай-ақ фирманың жойылауы мүмкін жағдайда мүлік құнының бір бөлігін алу құқығы жатады. Жеке құқыққа акционерлердің жалпы жиналысында дауысқа ие болу құқығы жатады.

Салымшының өз акциясын сату және қоғамнан шығу құқығы бар.

Бизнесті ұйымдастырудың корпоративті түрі қоғамның капиталын құруға іріинвесторларды да, көптеген ұсақ инвесторларды да тартуға мүмкіндік береді.

Қоғамның жалпы басшылығын акционерлердің жалпы жиналысында сайланған директорлар кеңесі жүзеге асырады. Компанияның директорлары болып компанияның акционерлері де, жалдамалы менеджерлер де сайлана алады.

Директорлар кеңесі басқарушыларды тағайындайды және олардың жалақыларын белгілейді, маңызды келісім-шарттар бойынша шешім қабылдайды және дивиденттер мөлшерін айқындайды.

Басқарушылар (менеджерлер) акционерлік қоғамның атқарушы органы болып саналады, сондықтан олардың басты міндеті - компанияның ағымдағы істеріне басшылық жасау.

Ауыл шаруашылығында өндірісті ұйымдастырудың осы түрі бойынша шаруашылық аралық кәсіпорындар мен бірлестіктер, жекешелендірілген ірі кеңшар негізіндегі өндірістік бірлестік, құс фабрикасы және акционерлік қоғамның басқа түрлері құрыла алады.

Агробизнес кәсіпорындары, акционерлік қоғамдардан басқа, шар бойынша ассоциацияларға, әртүрлі салааралық және аймақтық бірлестіктерге кооперация негізінде біріге алады.

Қазіргі жағдайларда бірнеше шаруашылықтардың күш біріктіруінсіз өндірісті қарқындатудың жүзеге асырылуы қиын. Мысалы, көкөністі сақтау мен қайта өңдеу жөнінде, сондай-ақ ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету, көлікті бірлесіп пайдалану суландыружұмыстармен жүргізу үшін шаруашылық аралық кәсіпорындар құру экономикалық тұрғыдан жөн болады. Осы мақсаттар үшін әртүрлі шаруашылықтардың, тіпті өнеркәсіптік кәсіпорындардың күш-жігерімен қаржыларын біріңғай технологиялық жүйемен жұмыс істейтін мамандандырылған шаруашылық аралық және агроөнеркәсіптік бірлестіктер құру ұстанымы бойынша біріктіру экономикалық жағынан тиімді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның түрлері
Кәсіпорын түрлері
Кәсiпкерлiк қызметінің ұйымдастыру нысандары құқықтық түрлері
Кәсіпорын - шаруашылық жүргізу объектісі
Жанұялық кәсіпкерлік
Қаражаттарды қарыз алу қабілеттілігі
Жанама салық түрлері
Агробизнес мәселесі
Лицензиялауды жүзеге асырушы органдар
Сыртқы әсерлер. Сыртқы әсерлерді реттеудегі мемлекеттің рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz