Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен ұйымдық - әдістемелік негіздері


Мазмұны
Кіріспе
- Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен ұйымдық-әдістемелік негіздері
- Еліміздің әлеуметтік дамуын мемлекеттік реттеуӘлеуметтік саясаттың негізгі міндеттері
3. Қазақстан Республикасының 2005 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындысы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейінгі аз ғана уақыт ішіндегі экономиканы реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту жөніндегі кең көлемді шараларды жүзеге асыру тәжіриебесі - мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық-экономикалық процестерге араласуы - объективті қажеттілік екендігін түпкілікті түсінуге мәжбүр етті. Оның объективтілігі ұлттық санақ жүргізудің жаңа жүйесіне өту керектігімен, экономикалық дамудың тепе-теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылатындығымен және макроэкономикалық үрдістердің сандық-сапалық көрсеткіштері өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен де түсіндіріледі. Сонымен қатар мемлекеттік реттеу рөлінің күшеюі мемлекетаралық (оның ішінде ТМД елдері арасында) экономикалық интеграцияның объективтілігі және экологияның кең ауқымды мәселелерін әлемдік деңгейде шешу қажеттілігімен байланысты екендігін де атап өту керек.
Мұның бәрі қазіргі кезде экономист мамандықтарын жан-жақты дайындау қажеттілігіне әкеп соғады. Жас экономист мамандықтарын дайындау барысында экономиканы мемлекеттік реттеудің ғылыми-әдістемелік негіздерімен қатар тәжіриебесін де танып-білу маңызды роль атқарады.
Осы рефераттың тақырыбын ашу барысында еліміздің әлеуметтік дамуын мемлекеттік реттеу, Қаззақстан Республикасының 2005жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуына қысқаша шолу қарастырылып, сонымен қатар 2006 жылдың 1 наурызында ел басшысы Н. Ә. Назарбаевтың халыққа берген жолдауында басшылыққа алынған жөн.
- Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен ұйымдық-әдістемелік негіздері
Экономиканы мемлекеттік реттеу-әлеуметтік-шаруашылық процестерге, олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.
Тиімді экономиканың шведтік моделін жасаушы және көрнекті маман Класс Эклунд «таза күйінде мүлдем реттелмейтін нарық ешбір елде жоқ және нақтылы айтқанда, ешқащан болған емес» - деп тұжырым жасай келіп, ұжымдық шаруашылықтардың сыртқы-ішкі әсерлерін ескеру және табыстарды әділетті болуды қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттік реттеу қажеттілігін көпшілік танып-білгендігін атап көрсетеді.
Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүмкіндік беретін маңызды түсінік - тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушылардың нарықтық өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздылығының «сыртқы әсерлері» болып табылады.
Бұл қарым-қатынастар аумағында тауарлар (қызметтер) өндіруге кететін шығындар құрамында табиғатты қорғау шаралары мен соған арналған қорларды тиімді пайдалануға кететін шығындарды ескеруді ынталандыру механизмі жоқ. Осыдан келіп, өз қызметін тек қана сұранысты қанағаттандыруға және пайда табуға бағыттайтын кәсіпкердің ой-өрісінен қоршаған табиғи ортаның ластануын болдырмау және табиғи шикізатты (әсіресе оның қайта өндірілмейтін түрлерін) тиімді пайдалану мәселелерді толықтай шет қалатындығы әбден түсінікті. Адамдардың өндірістік тұтыну қызметінің сыртқы әсері ретінде пайда болатын бұл мәселенің шешімі ең алдымен мемлекеттің араласуын талап етеді.
Нарық субъектілерінің өзара іс-әрекеттерінің шарттарын анықтауға және олардың сақталуын бақылауға арналған трансакциялық шығындарды төмендетуде де мемлекеттің ролі зор. Мұндай шығындардың салыстырмалы түрдегі төменгі мөлшерін көбінесе мемлекет тарапынан мәжбүр ету тетіктерін қолдану арқылы қамтамасыз етеді, ал оған нарықтық бәсекеге қатысушылардың бәрі де мүдделі.
Халықты әлеуметтік жағынан қорғау мен қамтамасыз ету мәселелерін де атап өту жөн. Өйткені бұл мәселелердің саясатпен «көршілес» тұратындығын ескеріп, оларды дер кезінде шешіп отыру керек болса, бұл істегі мемлекет ролі айрықша жоғары болып келеді. Сонымен, мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі қандай?
Белгілі шарттылықпен алғанда өзара байланысты экономикалық көрсеткіштер жүйесін ескере отырып, бұл жүйенің негізін - микроэкономикалық, ал жоғарғы деңгейін макроэкономикалық көрсеткіштер құрайтын пирамида түрінде елестетуге болады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу концепциясы - қоғамның шаруашылық іс-әрекетін үйлестірудің жоспарлы және нарықтық модельдерінің артықшылықтарын тиімді пайдалана отырып, макроэкономкиалық, құрылымдық-инвестициялық және сыртқы экономикалық саясаттарды тиімді жүзеге асыру жөніндегі мемлекет қызметі негізгі бағыттарының қабылданған мәнін білдіреді.
Мемлекеттік реттеудің ғылыми тұжырымдамасын анықтайтын негізгі ережелер:
- Меншіктің мемлекеттік және жеке түрлерінің болуы, сондай-ақ макро және микроэкономкианың болуы объективті түрде шаруашылық қызметін үйлестірудің жоспарлы және нарықты модельдерін пайдалану қажеттілігін білдіреді.
- Макроэкономкиалық реттеу барысында үкімет қызметінің бағыттары, қағидалары айқын қадағаланып отыруы керек, өйткені олай болмаған жағдайда бұл істің тікелей және болашақтағы нәтижесін болжау қиынға соғады.
- Құрылымдық-инвестициялық саладағы реттеу әрдайым халық шаруашылықтық интеграцияның ең жоғарғы деңгейінде жүзеге асырылатындықтан, ол макроэкономикалық тиімділік көрсеткіштерінің жоғарылауына бағытталатындығы өте маңызды.
- Шетел инвестицияларын қатыстыру мәселесі.
2. Еліміздің әлеуметтік дамуын мемлекеттік реттеу
2. 1. Әлеуметтік саясаттың негізгі міндеттері
Әлеуметтік саясат - экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарының бірі. Ол - мемелекеттің ішкі саясатының қоғамды және оның азаматтарының жан-жақты дамуы мен жақсы жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған бөлігі. Әлеуметтік саясаттың маңыздылығы оның жұмыс күшінің қайта өндірілу процестеріне, еңбек өнімділігінің жоғарылауына, еңбек қорларының квалификациялық және білім деңгейіне, өндіргіш күштердің ғылыми-техникалық деңгейіне және қоғамның мәдени және рухани өміріне әсер етумен анықталады.
Еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға, спорт пен дене шынықтырудың дамуына бағытталған әлеуметтік саясат өндірістегі экономикалық жоғалтулардың азайюына әсер етеді. Әлеуметтік саланың қоғамдық тамақтану, мектепке дейінгі білім беру сияқты жүйелерінің дамуының әсерінен қоғамдық өндірістегі қызмет артады.
Сондай-ақ, әлеуметтік сала тек халықты қызметпен қамту процестерін реттеп қана қоймайды, сондай-ақ мемлекет халқының біраз бөлігін жұмыспен қамтиды. Денсаулық сақтау, білім беру, сауда, тұрғын-коммуналды шаруашылық салаларында халықтың 20 пайызы жұмыс істейді.
Әлеуметтік саланың ең негізгі мағынасы - халықтың материалдық, мәдени және рухани қажеттіліктерін толық қанағаттандыру, қоғамның жан-жақты дамыған мүшелерін қалыптастыру. Осы кез-келген мемлекеттің дамуының стратегиялық және жоғарғы мақсаты мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттері:
1) Қоғамдық қатынастарды дамыту, халықтың жеке топтарының қажеттіліктері мен мүдделерін қоғамның ұзақ мерзімді қажеттіліктерімен келістіру, қоғамдық-саяси жүйені орнықтыру;
2) Азаматтардың материалдық жағдайын жақсартуға жағдай жасау, қоғамдық өндіріске қатысуды экономикалық жағынан ынталандыру, өмірдің жақсы деңгейіне жетуге әлеуметтік мүмкіндіктердің теңдігін қаматамасыз ету;
3) Азаматтардың әлеуметтік қорғауын қамтамасыз ету және олардың мемлекет кепілдік берген негізгі әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау және халықтың кедей топтарына көмек көрсету;
4) Қоғамдағы тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету;
5) Қоғамдағы қылмыс деңгейін тқмендету;
6) Әлеуметтік кешенінің, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет сияқты салаларын дамыту;
7) Мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Әлеуметтік саясаттың заңды негіздері Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген, «Қазақстан Республикасы - азаматтардың жан-жақты дамуы мен жақсы өмірін қамтамасыз ету үшін жағдай жасауға бағытталған саясат ұстанатын әлеуметтік мемлекет». Әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үшін мемлекеттік реттеудің келесі әдістері қолданылады:
1) Құқықтық реттеу - кәсіпорындардың барлық түрінде қолданылатын мемлекеттік биліктің барлық деңгейінде қабылданатын құқықтық актілер және заңды құжаттар;
2) Қаржылық - несиелік реттеу - қаржы ағындарын басқару бойынша амалдар қолдану. Бұл әдісті жүзеге асырудың негізгі қалыбы - әлеуметтік салаға мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлу. Қаржылық реттеудің екінші қалыбы - зейнеткерлік, әлеуметтік сақтандыру сияқты бюджеттен тыс қорларды құру;
3) Мақсатты бағдарламалар - әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған әлеуметтік бағдарламалар;
4) Әлеуметтік стандарттар - Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген, азаматтарға тегін көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің түрлері мен көлемін қалыптастыру.
Әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеудің әкімшілік және экономикалық әдістер арқылы жүзеге асырады.
Негізгі әдістердің бірі заңды реттеу болып табылады. Заңды құжаттарды бүкіл әлеуметтік саланың жұмыс жасауының негіздері қаланған, дамудың негізгі бағыттары көрсетілген, әлеуметтік стандарттар анықталған, әртүрлі әлеуметтік топтардың әлеуметтік көмек алу құқықтары мен жағдайлары көрсетілген. Реттеуші құрал ретінде денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, өнер салаларындағы мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру болып табылады.
Әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар мемлекеттік реттеудің ең жоғарғы қалыбы. Оларға - халықты еңбекпен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу, мүгедектерге көмек көрсету бағдарламалары.
Мемлекет жұмыс күші нарығының жағдайына, кәсіби қайта оқуына, жұмыссыздықтан сақтандаыру жүйесіне, еңбек ақы төлеу жүйесіне, өнімдер мен қызметтердің бағаларына әсер етеді.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асыру құралдарына - әлеуметтік кепілдіктер, стандарттар, тұтыну бөджеттері, еңбек ақы төлеудің ең аз мөлшері жатады.
Әлеуметтік кепілдіктер - мемлекеттің өз азаматтарының алдындағы және азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттері мен жауапкершілігін заңды негізде қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасында әлеуметтік қажеттіліктерді өтеуге жалпы ішкі өнімнің 18 пайызы бағытталады.
Әлеуметтік стандарттар - Конституцияда қарастырылған әлеуметтік кепілдіктер саласындағы азаматтардың құқын қамтамасыз етудің құралы болып табылады. Олар, сондай-ақ қаржылық нормативтерін анықтайды. Мемлекеттік минималды әлеуметтік стандарттар бірегей құқықтық негізде және жалпы әдістемелік қағидалардың негізінде жасалады. Мемлекеттік минималды әлеуметтік стандарттарға:
- минималды тұтыну бюджеті;
- өмір сүру минимумы;
- тұтыну корзинасы;
- еңбек ақы төлеудің минималды мөлшері;
- зейнетақының минималды мөлшері.
Минималды тұтыну бюджеті халықтың кедей тұратын бөлігіне көмек көрсетуді жоспарлауға негіз болып табылады. Сондай-ақ минималды еңбек ақыны, зейнетақыны есептеу үшін қолданылады.
Өмір сүру минимумы - ең төменгі табыс, әлеуметтік саясаттың маңызды құралдарының бірі болып табылады. Оның көмегімен халықтың өмір сүру деңгейі бағаланады, табыстар реттеледі, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді төлеуде ескеріледі. Өмір сүру минимумы экономиканың дамуының белгілі бір деңгейінде адамның өмір сүруіне және денсаулығын сақтауға қажетті тамақтар мен заттардың минималды, ғылыми негізделген құрамын құндық бағлау болып табылады.
Тұтыну корзинасы - нақты тамақ өнімдері мен заттардың тұтыну минимумының жиынтығы. Тұтыну корзинасы бір адамға және еркектер (16-59 жас), және әйелдер (16-54 жас), зейнеткерлер, балалар үшін бөлек есептеледі.
Тұтыну корзинасы құны - материалдың жақсылық пен қызметтерінің құрылымы мен құрамының көрсеткіші.
Еңбек ақы төлеудің минималды мөлшері - төмен квалификациясы қарапайым еңбек үшін төленетін төменгі деңгейі. Оның мөлшері басқа еңбек ақы ставкаларын есептеуге негіз болады.
Зейнетақының (төлемақы, стипендия) минималды мөлшеріне сәйкес заңды актылармен бекітілетін зейнетақының төменгі деңгейі. Ол еңбек ақының минималды мөлшері мен өмір сүрудің төменгі деңгейінің негізінде есептеледі.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары:
- халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылату;
- әлеуметтк қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру;
- еңбек қатынастары және халықтың еңбекпен қамтылуы;
- зейнетақы жүйесін жетілдіру;
- денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру.
- Халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылату. Өмір сүру деңгейі дегеніміз - халықтың материалдық жақсылықтар мен қызметтердің қажетті деңгейімен қамтамасыз ету. Әрбір үйдің тұтынатын жақсылықтары мен қызметтерінің ақшалай бағасы өмір сүрудің құны деп аталады. Өмір сүрудің деңгейі төртке бөлінеді:
- Бай - жан-жақты дамуды қамтамасыз ететін деңгей;
- Қалыпты - физикалық және интеллектуалдық күштерді қалпына келтіретін деңгей;
- Кедейлік - жұмыс қабілетін сақтайтын деңгей;
- Қайыршылық - биологиялық критерийлерді сақтауға мүмкіншілік беретін деңгей.
2. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты - әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру. Халықтың кедей бөлігіне - өздерінің өмір сүруінің төменгі деңгейін қамтамасыз ете алмайтын - аурулар, мүгедектер, қарттар, көп балалы аналар жатады, олар мемлекеттің әлеуметтік қорғауына зәру. Оларға көрсетілетін әлеуметтік қорғауға - арзан муниципалды тұрғын үйлер, тегін мемлекеттік мектептер, арнайы стипендиялар, оқуға берілетін жеңілдіктер, бағдарлы несиелер, тегін медициналық көмек, тегін дәрі-дәрмектер жатады. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау, әскери қызметкерлерді емдеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету сияқты мақсатты бағдарламалар жасалынған. Қазақстан Республикасында бірегей төлемдер жүйесі жұмыс жасайды. Төлемдердің келесі түрлері бар:
- Екіқабат және бала тууға берілетін төлемдер;
- Бала туылғанда берілетін төлемдер;
- Бала 1, 5 жасқа келгенге дейінгі берілетін төлемдер;
- Балаға берілетін төлемдер.
Мемлекеттің әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдірудің бағыттары:
- шығындарды мемлекеттің мүмкіншілігіне сәйкестендіру;
- бюджеттік субсидияларды адрестік көмекке ауыстыру;
- әлеуметтік көмек көрсетуді жанұялардың материалдық жағдайымен сәйкестендіру;
- халықтың көп бөлігін әлеуметтік сақтандыру жүйесіне ауыстыру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz