НОМИНАЛДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ ЖАЛАҚЫ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

НОМИНАЛДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ ЖАЛАҚЫ 3
Жалақы және кәсіподақ. Ұжымдық келісім және әлеуметтік қамсыздандыру.
Кәсіпорынның әлеуметтік қорлары. 8
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 11

НОМИНАЛДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ ЖАЛАҚЫ

Жалақы тұтынушылар табысының басым көпшілігін құрайды, сондықтан ол
тауарлардың сұраныс көлеміне және олардың бағасына елеулі ықпал етеді.
Жалақы дегеніміз не, оның дәрежесі мен динамикасы не нәрсеге тәуелді,
жалақыға бәсекенің жетілген, жетілмеген түрі қалай ықпал етеді?
Жалақының мәні. Осы мәселеге байланысты экономикалық теорияда екі
тұжырымдама бар:
Жалақы еңбек бағасы (еңбек пен жұмыс күшінің айырмашылығы ескерілмейді),
оның дәрежесі мен динамикасы нарықтық факторлар – сұраныс және ұсыныспен
анықталады.
2. Жалақы жұмыс күші – тауардың құнының ақшалай көрінісі (бағасы), еңбектің
бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды, жалақы өндіріс жағдайымен де
(жұмыс күшінің құны), нарықтық факторлар сұраныс, ұсыныспен де анықталады,
олардың ауытқуы жалақының жұмыс күші құнынан бірде жоғары, бірде төмен
болатындығын көрсетеді.
Жалақының екі тұжырымдамасы да ағылшынның саяси экономиясының
классиктері Адам Смит пен Дэвид Рикардоның теорияларына негізделген. А.Смит
еңбек пен жұмыс күші арасындағы айырмашылықты ашып көрсеткен емес. Оның
пайымдауынша, еңбек табиғи бағасы бар (немесе “табиғи жалақы”) “тауар” деп
саналады. Ал, табиғи баға өндіріс шығындарымен анықталады, яғни жұмысшының
және оның отбасының тіршілігіне қажетті құнмен есептеледі. А.Смит “табиғи
жалақы” деп жұмыс күшінің құнын түсінді. Жалақы мөлшері жұмысшының
тіршілігіне қажетті құн минимумымен анықталады. Осыдан басқа жалақы тарихи
және рухани элементтерді қамтиды, осымен байланысты Смит жалақы мөлшерінің
ұлттық айырмашылығы болатынын түсіндірді. Жалақы дәрежесінің төмендігін
және оның тіршілік минимумына өте жақын болу себебін А.Смит жұмысшы табының
ұйымшылдығының жоқтығымен байланыстырды. Жалақы динамикасын (қозғалысын)
экономика жағдайымен байланыстырды. Экономикалық өрлеу жағдайында еңбекке
деген сұраныс өседі де нарықтық жалақы “табиғи жалақыдан” жоғары болады.
Д.Рикардо да, А.Смит сияқты жалақыны еңбек бағасы деп ұғынды. Рикардо
жалақы теориясын Мальтустың халық өсімі теориясымен байланыстырды. Жалақы,
осы теория бойынша, халықтың табиғи өсу заңына сәйкес күнкөріс заттарының
минимумына ұмтылады. Осыған орай жалақының тұрақтылық заңы орын алады. Оның
мәні мынада: жалақының өсуі жұмысшының отбасында табиғи өсімді (тууды)
көтермелейді де, еңбекке деген ұсыныстың өсуі жалақының төмендеуіне әсер
етеді; керісінше, жалақының төмендеуі жұмысшылар саны мен еңбекке ұсыныстың
қысқаруына, тиісінше жалақының өсуіне әсер етеді. Сонымен, еңбекке деген
ұсыныстың ауытқу ықпалымен жалақы тұрақтылық мөлшеріне күнкөріс заттарының
физикалық минимумына ұмтылады. Жалақы жұмысшының, оның отбасының күнкөріс
заттарының физикалық минимумы деген түсінік, жалақының “темірдей қатты
заңының” негізін қалады.
Маркстік тұжырымдамаға сәйкес жалақы еңбек бағасы емес, өйткені еңбек
тауар емес, олай болса оның құны да жоқ. Жұмыс күші тауар бола алады, ал
жалақы осы тауардың бағасы, яғни оның құнының ақшалай көрінісі. Жұмысшы
жалақы түрінде бүкіл еңбегі үшін емес, тек қажетті еңбек мөлшерінің құнын
алады. Жалақының экономикалық мазмұны мынада, осы табыс арқылы өндірістің
жеке факторының орны толтырылады, адамның материалдық және рухани
қажеттіліктері қанағаттандырылады, білім алуы, еңбекке дайындығы жүзеге
асырылады. К.Маркс жұмыс күшінің құны мен жалақы күнкөріс заттарының
физикалық минимумымен емес, күнделікті қажетті тұтыну заттарының құнымен
анықталады деді. Жалақының мөлшері жұмыс күшінің құнына әсер ететін еңбек
өнімділігіне, еңбектің қарқындылығына, еңбектің күрделігіне тәуелді. Жалақы
сондай-ақ конъюнктуралы еңбекке деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына
тәуелді. Еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныс тепе-тең болғанда жұмыс күшінің
құнына тең жалақы белгіленеді.
Жалақы еңбек бағасы. Олай болатыны жұмысшы жалақыны өз еңбегін
шығындағаннан кейін алады, жалақы мөлшері еңбектің әрекет ету ұзақтығына
тәуелді, бірдей жұмыс атқаратын жұмысшылардың жалақысында жекелей
айырмашылық орын алады. Еңбек түгелдей төленген болып көрінеді. Сондықтан
да пролетарлық саяси экономияда жалақыны жұмыс күші құнының өзгерген нысаны
(яғни мәнін бұрмалайтын нысан), шындығында жұмыс күшінің бағасы деп
көрсетеді. Қазіргі батыстық экономика ғылымында жалақыны еңбек бағасы деген
көзқарас орын алуда. Самуэльсон мен Нордхаус “Жалақы нарықтық бағаның
маңызды категориясы, өйткені ол еңбек бағасы” деп жазды. Жаңа классиктер
жалақының дәрежесі мен динамикасын нарықтық факторлар (сұраныс пен ұсыныс)
деп түсіндірді.
Номиналды және нақты жалақыны ажырата білу керек. Номиналды жалақы
ақшаға шығарып берілетін жалақы, оны жалдамалы қызметкер күндік, апталық,
айлық еңбегі үшін алады. Номиналды жалақының мөлшеріне қарай жалақы
дәрежесі туралы түсінік алуға болады, алайда ол тұтыну мен халық тұрмысының
дәрежесін толық сипаттай алмайды. Ол үшін нақты жалақыны білу қажет. Нақты
жалақы жұмысшының күнелтуіне қажетті заттарға шағылған жалақысы, яғни
жұмысшының тапқан ақшасына өзі үшін және отбасы үшін қанша және қандай
күнкөріс заттарын сатып алуға болатынын көрсетеді. Нақты жалақының
дәрежесі тікелей номиналды жалақыға және тұтыну заттары мен қызмет көрсету
бағасына тәуелді.
Жалақының негізгі нысандары. Жалақы негізгі екі нысанда мерзімді және
келісімді түрде орын алады. Мерзімді жалақы өндірістегі еңбек шығынының
ұзақтығымен анықталады, сондықтан ол күндік апталық және айлық ақы болып
бөлінеді. Жұмыс күнінің ұзақтығы мен еңбек қарқындылығы әр қилы болғанда,
нақты еңбек ақы төлеу де әр қилы болады. Бірдей мерзім үшін жалақы алатын
жұмысшылардың еңбек ақы дәрежесін салыстыру үшін “еңбек бағасын”, яғни бір
сағаттық еңбек ақысын анықтау қажет. Жалақының мерзімдік, нысаны кәсіпкерге
жұмыс күнінің ұзақтығы мен еңбек қарқындылығын белгілеу мүмкіндігіне ие
болады. Кесімді жалақыда жұмысшының жалақысы шығарылған өнім санына
тәуелді. Жалақының бұл нысаны мерзімді жалақымен байланысты, өйткені бір
өлшем өнімнің бағасы мерзімді жалақыны (күндік) өндірілген, өнім санына
бөлу арқылы анықталады. Кесімді жалақының мөлшері бір өлшем өнім бағасын
өндірілген өнім көлеміне көбейту арқылы есептеледі. Кесімді жалақының
ерекшелігі, еңбектің санасы мен сапасы өндіргіш өнім арқылы бақыланып,
өлшенеді. Ол еңбек өнімділігі мен қарқындылығын арттыруды мүдделендіреді,
жұмысшылар арасындағы жалақы мөлшерінің жекелей айырмашылығының
маңыздылығын күшейтіп, жұмысшылар арасындағы бәсекені ұлғайтады.
Өнеркәсібі дамыған елдерде жалақының негізгі нысандарымен бірге
жұмысшының еңбек өнімділігі мен қарқындылығын ынталандыру мен жетілдіруге,
олардың творчестволық қабілетін дамытуға бағытталған еңбекақы төлеудің
басқа да жүйелері қолданылады. Осы жүйелерге кесімді-прогрессивті, кесімді
көтерме, көп факторлы т.б. жатады. Жалақының мөлшері жұмысшының еңбек
өнімділігіне, өнім сапасына, шикізатты үнемдеу, жабдықтарды пайдалану
коэффициенті т.б. көрсеткіштеріне тәуелді.
Жалақының дәрежесі мен динамикасы. Жалақының мөлшеріне әсер ететін
факторлар. Бір елдің өзінің ішінде әр қилы мамандықтағы қызметкерлер мен әр
қилы елдегі жалдамалы қызметкерлердің жалақы мөлшерінде үлкен айырмашылық
бар. Белгілі бір кезеңде экономика жағдайына байланысты да жалақы өзгеріп
отырады. Өнеркәсібі дамыған елдерде номиналды жалақының өсу үрдісі
байқалады. Нақты жалақының динамикасы күрделі, өйткені ол тұтыну тауарлары
мен қызмет көрсетудің баға динамикасымен байланысты бірде жоғары, бірде
төмен ылғи өзгерістер болып отырады. Көпшілік адамдар үшін жалақы табыстың
көзі, әрі тұрмыс дәрежесінің көрсеткіші болғандықтан, оның мөлшері мен
динамикасы адамдардың ең бір мүдделі мәселесі.
Жалақы өндіріс жағдайы мен нарықтық конъюнктураға да тәуелді. Жалақы
дәрежесіндегі айырмашылық ең алдымен өндіріс мөлшерінде анықталады.
Экономикасы дамыған елдердегі жоғары жалақы өндіріс пен еңбек өнімділігі
саласындағы жетістіктерге байланысты, өйткені алдын ала өндірілгенді ғана
бөлуге де болады. Жалақының мөлшері мен динамикасына ықпал ететін маңызды
факторларға табиғи ресурстар, қолдағы капитал, жұмыс күштерінің саны мен
сапасы, техника мен технология дәрежесі, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру
жатады. Осы факторлардың өзара байланысты әрекет етуі еңбек өнімділігін
сипаттайды. Өндірісі мен еңбек өнімділігі жоғары елдерде жалақының дәрежесі
де жоғары. Жалақы дәрежесі мен динамикасын талдауда нарықтық категориялар –
сұраныс пен ұсыныс, олардың бәсекелік күрес ықпалымен ауытқуы неліктен
маңызды? Нарық,
сұраныс пен ұсыныс бүкіл өндірістік шығындардың дәрежесін көрсететін
объективті экономикалық тетік, ол бүкіл тауарлар өндірісі, оның ішінде
жұмыс күші шығындарын анықтаушы. Мұны көрсететін баға. Тұтыну тауарларына
баға қоюдың нарықтық тетігі жұмыс күшін ұдайы өндіруді ынталандырады,
сөйтіп осы тауардың бағасы жалақыға ықпал етеді. Жалақының дәрежесі мен
динамикасын анықтаудың экономикалық тетігі қандай? Сұраныс пен ұсыныс
жалақыға қалай ықпал етеді? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін еңбек
нарығындағы жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайын талдау қажет.
Еңбек нарығы нарықтық бір түрі, онда бәсеке жетілмеген сипатта
болады. Алайда теориялық талдау құбылыстарды “таза” күйінде зерттеуді,
байланыстар мен тәуелділіктерді мүмкіндігінше дәл анықтауды ұсынады.
Жетілген бәсеке жұмыс күшін сатып алу, сатудың шарты толық, абсолюттік тепе-
теңдікте болғанда орын алады. Еңбекке деген сұраныс пен ұсыныстың бір-
біріне сай болмауы жалақы мөлшерінің тепе-теңдік нүктесінен бірде жоғары,
бірде төмен ауытқуын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалақы және еңбекті нормалау жүйесі
Жалақы - еңбек бағасы
Жалақы төлеу ерекшеліктері
Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстың қалыптасуы жайлы
Қазақстан Республикасындағы жалақы көрсеткіштері мен еңбек ақы төлеу динамикасын талдау
Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
Жалақының халық өміріндегі және жалпы рыноктық экономикада табыстың түрі ретінде алатын орны
Еңбек нарығының субъектілері
Еңбек ақы төлеу
Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар туралы
Пәндер