Кәсіпорын қызметіндегі жұмыс күші факторының маңызы мен мәні


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе3

І - Тарау. Кәсіпорын қызметіндегі жұмыс күші факторының маңызы мен мәні4

ІІ - Тарау. Қазақстандағы еңбек нарығы және оның жұмыс істеуі5

ІІІ -Тарау. Жұмыс атқаруының бағалылығы7

Қорытынды8

Пайдаланған әдебиет:9

Кіріспе

Өндірістің құрылуы әр уақытта кәсіпорындарда қызмет істейтін адамдармен тікелей байланысты. Экономикалық теорияда “Жұмыс күші” - бұл адамның дене және ой қабілеттілігінің жиынтығы, оның жұмысқа деген алғырлығы деп түсіндіріледі,

Нарықтық қатынастар жағдайында “еңбекке қабілеттілігі” жұмыс күшін тауарға айналдырады. Бірақ, бұл әдеттегі тауар емес. Оның басқа тауарларға қарағанда, айырмашылығы сол, біріншіден, ол өзіне қарағанда құнды көп жасайды, екіншіден, оны қатыстырусыз тарту кез - келген өндірісті жүзеге асыруға болмайды, үшіншіден, ол негізгі және айналым өндірістік қорлардың, жалпы алғанда шаруашылық жүргізудің экономикасының тиімділігіне байланысты болады.

Сондықтан, кәсіпорын үшін оның экономикасын жайғасымды жүргізу тұрғысынан қарағанда қалай болса солай қарауға болмайды, себебі, қалай және қандай жағдайда оның жұмыс күшіне деген мұқтажы қанағаттандырылады және тауарлар өндіру, қызмет көрсету процесі қалай пайдаланады.

І - Тарау. Кәсіпорын қызметіндегі жұмыс күші факторының маңызы мен мәні.

Әрбір кәсіпорында кадр саясаты әзірленіп, ол іске асырылуы қажет. Сөйтіп, мына төмендегі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталғаны жөн:

  • Жұмысқа қабілеті және кінәратсыз ұжым құру;
  • Кәсіпорынның білікті қызметкерлерінің деңгейін арттыру;
  • Жынысы және жасының құрамына қарай оңтайлы еңбек ұжымын құру;
  • Қолынан іс келетін, өзгеретін мән - жайға оралымды әсер тигізетін, сезінетін, жаңа, алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерді өндіріске енгізу және істің есебін білетін жоғары кәсіптік басшылық етуші буынды

Өндірістік процеске қатысуына байланысты кәсіпорынның жеке құрамы екі санатқа бөлінеді: өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер және бейөнеркәсіптік .

Өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлерге жататындар: тікелей өндіріспен және оған қызмет көрсетушілер;

Бейөнеркәсіптік қызметкерлерге - өндіріспен және оған қызмет көрсетуге тікелей айналыспайтындар жатады. Негізінен олар: кәсіпорынның қарамағындағы тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықтың, балалар және дәрігерлік - санитарлық мекемелердің қызметкерлері;

Өз кезегінде өнеркәсіптік - өндірістік қызметкерлер олардың орындайтын бернелеріне байлаеысты мына төмендегі санаттарға топтастырылады: жұмысшылар, басшылар, мамандар, қызметкерлер.

Жұмысшыларға жататындар: кәсіпорындарда тікелей материалдық құндылық немесе өндірістік және көлік қызметін көрсетумен айналысатындар. Жұмысшылар, сондай-ақ негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгісіне жататындар: тікелей өнімді шығарумен айналысатын жұмысшылар, көмекші өндіріске қызмет көрсететіндер.

Мамандарға жататындар: бухгалтерлер, экономистер, техниктер, механиктер, психологтар, социологтар, суретшілер, тауар мамандары, технологтар және т. б.

Қызметкерлерге жататындар: жабдықтау агенттері, машинисткалар, хатшы - машинисткалар, кассирлер, іс - қағаздарын жүргізушілер, экспедиторлар, тізімдеушілер және т. б.

Басшылар - бұл кәсіпорындарда басшы қызмет атқаратын қызметкерлер (директорлар, бас мамандар және т. б) .

ІІ - Тарау. Қазақстандағы еңбек нарығы және оның жұмыс істеуі

Жұмыс күші болашақ тауар ретінде өзін еңбек нарығында өткізеді, өзінің әлеуметтік - экономикалық қатынастар болып табылатын жалдауға беретін жұмыс күші туралы және жұмыс беруші мен жұмыс күші арасындағы пайдалануды көрсетеді. Нарықта еңбекақы мөлшері және жұмыспен қамтылу - бұл еңбекақы алу (еңбек табысы) негізінде жеке және қоғамдық мұқтаждықты қанағаттандыруға байланысты адамдардың іс - әрекеттері. Еңбек нарығының мөлшері қалай еңбек ресурстары, солай өндіріс күшінің даму ауқымы арқылы анықталады. Кез - келген тауарлы нарық өзіне тән кез - келген өзге тауарлы нарыққа қарғандағы өзгешелігінің өзгеше белгісі ол жалдау және жұмыс күшін пайдалану негізінде қалай қызметкерлердің, солай жұмыс бертіндердің еркіндігі, сонымен қатар мемлекет тарапынан әлеуметтік кепілділікті қамтамасыз ету пайда болады.

Жұмыс күші нарығы инерциялық және қағида бойынша ол өндіріс сияқтанған жылдамдықпен қайта құрылуға қабілетсіз. Кәсіпкерлік құрылымы, сыныптаманың деңгейі және еңбек нарығының басқа да сипаттамасы біршама баяу өзгереді, өндірістің қажеттілігінен артта қалады. Осының нәтижесінде институционалдық жұмыссыздықтың ерекше алуан түрлілігі байқалады. Институционалдық бос жұмыс орындары жөнінде жетілдірілмеген ақпараттың брлуынан пайда болған жұмыссыздықты айтуға болады.

Еңбек нарығы кез - келген тауарлы нарық сияқты сұраныс пен ұсынысқа негізделген. Сұраныс - бұл жағдайда қажеттілік нысаны ретінде бос жұмыс орындары мен жұмыстың орындалуында бой көтереді, ал ұсыныс қамтылмаған жұмыс күшінің немесе жұмыс орнын өзгерту тілектерінің болуы.

Сұраныс пен ұсыныс қызметкерлер арасында осы немесе басқа да жұмыс істейтін жұмыс орындары және жұмыстарды орындау, сол сияқты жұмыс берушілердің арасында керекті жұмыс күштерін жұмылдыру, қалай өзінің сандық, солай сапалық құрамы жағынан бәсекелестік күрес арқылы іске асады.

Қазіргі кезде Қазақстанның экономикасы әлі де болса аса күрделі өтпелі кезеңді бастан кешіруде, бұл сөзсіз еңбек нарығына кері әсерін тигізуде. Жұмыссыздық проблемасы, дер кезінде еңбекақыны төлеу және тағы басқалар өте шиелініскен жағдайда мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіруді қажет етеді.

Еңбек нарығының негізгі мақсаты - еңбек ресупстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Себебі, алға қойған саяси - экономикалық және әлеуметтік қатынас негізінен туындаған оның ерекшеліктерін бейнелейтін сапа белгісі. Жұмыспен тиімді қамтьу әрбір елдің нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді және нәтижелі пайдалнып, оларды шаруашылық салалары және аймақ бойынша бөлудің тепе - теңдік үлесімділігіне жету. Қорыта айтқанда, республикамызда еңбек нарқын қалыптастырудың және дамытудың негізгі мақсаты осындай. Оның мәні рентабельділігі төмен кәсіпорындардың бағытын өзгерту немесе мүлде тарату, нарықтық жағдайға байланысты өндірісті қысқарту, сұраныстың кемуі, өндірістердің салалық құрылымының өзгеруі және басқа да әлеуметтік - экономикалық процестер салдарынан халықтың еңбекке жарамды бөлігінің жұмыспен қамтамасыз етілмей отырғаны белгілі.

Қазіргі нарықтық экономикаи жағдайындағы жұмыссыздық мынадай ситпатқа ие. Біріншіден, болып жатқан технологяилық жағдайлар мен компьютерлендіру жұмысшы орны ғана емес, жұмыскүшінде лайықты, орынды пайдаланы, қолдануға мүмкіндік береді. Екіншіден, жұмыссыздық экономикалық өркендеу мен халықты жұмыспен қамтудың арасындағы тікелей байланыссыз - ақ өсуді көрсетеді.

Дегенмен, жұмыссыздықтың ауыр жүгімен қатар, бағаның босатылуы және жеке меншік пен кәсіпкерліктің пайда болуы жұмыссыздықтың бірте - бірте азая бастауына себепкер болмақшы.

ІІІ -Тарау. Жұмыс атқаруының бағалылығы

Қызметті атқару бағасы - бұл қызметкердің іс - әрекетінің қорытындысы. Ол басшының өз қарамағындағы бағынышты қызметкерлерінің ресми және жүйелі түрде бағалануынан байқалады. Қызметті атқаруды бағалаудың көптеген мақсаттары бар, олардың ішінде:

  • Қызметті атқаруды жақсарту;
  • Шешім қабылдау үшін ақпарат жинау;
  • Стандартты бұзбауға мүмкіндік туғызу;
  • Сараланған еңбекақының негізі болуының қажеттілігіне көшу;
  • Қорытынды субъектілігін барынша азайту үшін деректер жинау;
  • Оқыту және қайта дайындау жөніндегі қажеттілікті хабарлау;
  • Қызмет атқарудың алдағы бейнесін жасауға байланысты мәліметтер жинау;
  • Стандарттарды бұзбауға бағытталған кейбір жеке тұлғалар мен жалпы
  • Моральдық факторларды күшейту;
  • Жаңа стандарттарды және атқару мақсатын қалыптастырудың негізін қамтамасыз ету;

Атқаруды бағалаудың басты әдістері мыналар болып табылады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық талдаудың пәні және міндеттері, объектісі және мазмұны. Факторлық талдау әдісі
Экономикалық талдаудың пәні және міндеттері, объектісі
Кәсіпорынның табысы және қаржылық жағдайы
Кәсіпорын табысын талдау және жоспарлау
МЕКЕМЕНІҢ АЙНАЛЫМ ҚАРАЖАТЫ
Кәсіпорын табысының экономикалық мәні
Өндірістік кәсіпорынның тәуекел көзі мен факторлары
Жүйелер
Өнімді өндіруден, сатудан және жұмыстан алынған табыстар және оларды жоспарлау
Кәсіпорын пайдасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz