Инвестиция және оның экономикадағы рөлі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Инвестиция және оның экономикадағы рөлі. 2

Пайдаланылған әдебиеттер12

Инвестиция және оның экономикадағы рөлі.

Инвестиция, инвестор дегендеріміз - кеңестік кезеңде онша белгілі болмағанымен, күллі әлемде бұрыннан кеңінен мәлім, практикалық маңызы үлкен ұғымдар. Дүниежүзілік нарықтық экономиканың негіздері, материалдық және рухани өрлеу мүмкіндіктері инвестициялаумен тікелей байланысты. Бұған экономикалық саясатта инвестицияларын молынан қамтып, әрі оны іске асыруда барлық мүмкіндіктерді іскерлікпен пайдалана білген көптеген мемлекеттердің тәжірибелері дәлел.

Қазақстан экономикасына инвестициялаудың жай-жапсарына келсек, бұдан 9-10 жыл бұрын ғана әлемдік аренаға шығып, тәуелсіздік алған мемлекетіміздің дүние жүзіндегі аса ірі саясаткерлер мен кәсіпкерлердің назарына ілігіп, көңіл аударар объектісіне айналып отырғаны шындық. Ол заңды да. Себебі еліміздің жер асты байлығымен қатар, басқа да орасан мөлшерде шикізат қоры, маманданған арзан жұмысшы кадрлары жетіп артылғандай. Ішкі нарық көлемінің шектеусіз екені тағы бар. Сондықтан басы артық капиталдарын осында орналастыру олар үшін мейлінше қолайлы да тиімді.

Инвестициялау деген не? Ол ағылшын тіліндегі (investments) 1 қаржы жұмсау (қаржы салу) деген атаудан шыққан инвестиция (investment) деген мағынаны білдіретін өндіріс, ауыл шаруашылығы т. б. салаларды дамытып, өркендету үшін ұзақ уақыт жұмсауға арналған капитал түрі.

Инвестиция дегеніміз - негізгі капиталды көбейтуге немесе сақтауға бағытталған шығындар.

Инвестицияның түрлері:

  1. Құрылымы бойынша инвестициялық шығындар 2 түрге бөлінеді:Жалпы инвестиция, яғни негізгі капиталдың жиынтық қосындысына шыққан шығындар. Таза инвестициялар, яғни жалпы инвестициялардан амартизациялық қорды алып тастағандағы инвестиция.
  2. Объекті бойынша инвестициялық шығындар 3 топқа бөлінеді:Кәсіпкерлік инвестиция, яғни фирмалардың еңбек құралдарына шығарған шығындары. Кәсіпкерлік инвестицияның 2 негізгі нысаны бар:
  1. Тікелей инвестиция, яғни өндірістік кәсіпорындарға тікелей қор салу.
  2. Портфельдік инвестиция, яғни инвестордың пайда алу мақсатымен кәсіпорынның акция, облигация және т. б. құнды қғаздарын сатып алу. Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция. Тауарлық - материалдық запастарға бағытталған инвестициялар.

Бұл запастарға шикізат, аяқталмаған өндіріс және сатылуын күтіп жатқан дайын тауарлар жатады 2 .

  1. Субъектілеріне байланысты байланысты инвестицияның түрлері 3 бөлінеді:МемлекеттікЖекеСыртқы

Қолдану бағыттарына байланысты инвестицияның 2 түрі болады:

  1. Нақты инвестициялар, яғни қорды материалдық активтерге салу.
  2. Қаржылық инвестиция, яғни қорды құнды қағаздарға салу.

Инвестор дегеніміз - кәсіпорынның негізгі капиталына қор салып отырған субъект.

Инвестицияның қайнар көзері 2 топқа бөлінеді:

  1. Инвестицияның ішкі көздері
  2. Инвестицияның сыртқы көздері

Инвестицияның ішкі көздеріне:

  1. Халықтың, ұйымның, мемлекеттің жинақтары құрайды. Жинақтар дегеніміз - алынған табыстардың тұтынылмаған көздері.

Жинақты бір шаруашылық агенті жүргізіп, ол инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық етуші субъектілер жүргізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі болып табылады (мысалы жұмысшының, оқытушының, дәрігердің т. б. жинағы) . Алайда бұл адамдар қоғамдық капиталдардың нақты өсуімен байланысты ұйымдастыру немесе инвестициялауды жүргізбейді. Әрине, инвестиция көзі қоғамдағы жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындардың жинағы болады. Мұнда «жинақшы» мен инвестор сәйкес.

  1. Біздің азаматтардың шетелдегі шетелдік банктердегі ақшаларын амнистициялау.

Инвестицияның сыртқы көздері:

  1. Шетелдік тікелей инвестициялармен байланысты.

Тікелей инвестициялар - Қазақстан Республикасының дербес кепілдіктеріне байланысты және Қазақстан Республикасына берілетін ресми техникалық көмек немесе гранттар шеңберіне кіретін инвестициялардан тыс инвестициялардың барлық түрі.

Шетелдік тікелей инвестициялар шетелдік капитал тартудың тиімді нысаны. Халықаралық валюта қорымен Халықаралық даму банкі инвестицияны перспективті деп саналатын салаларға ғана салады. Олармен қатар транснационалдық компаниялар да салады. Мысалы: Шеврон, Окиок т. б.

  1. Шетелдік партфельдік инвестициялармен байланысты. Бұл инвестиция жалпы шикізатқа байланысты компанияның акциясын сатып алуы.
  2. Мемлекеттің және мемлекеттік емес ұйымның гранттары.

Гранттар - халықаралық ұымдардың лабараториялық материалдарды, құралдарды сатып алып академиялық зерттеумен айналысу үшін бөлетін қоры. Сонымен бірге жеңілдетілген ұзақ мерзімді қарыз грант түрінде қаржылық және техникалық көмекке беріледі. Қазіргі кезде дамуға ресми көмек шеңберіндегі қаржылық көмек елімізге халықаралық және экономикалық ұйымдар, мәселен, халықаралық қайта жабдықтау және даму банкі, Азиялық даму банкі және демеуші елдер - АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Франция тарапынан көрсетіледі. Қазақстан егемендігінің алғашқы жылдарында қаржы негізінен төлем баланысын қолдауға, ұлттық валютаны нығайтуға жұмсалынды.

  1. Шетелдік несиелер мен қарыздар.

Олар көбінесе Қазақстанға халықаралық ұйымдар мен дамыған елдер тарапынан келуде. Олар елге несие, қарыздарды 5-7 жылға дейін берді. Олардың қатарынан Ислам даму банкін, Халықаралық даму банкін, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы сияқты дамыған мемлекеттерді қосуға болады. Сырттан келген инвестицияларды тиімді пайдалану мемлекеттің инвестициялық саясатына байланысты.

Инвестициялық саясаттың негізін заң шығарушылық және нормативтік өріс құрайды. Осыған байланысты Қазақстанда 2 заң қабылданды:

  1. «Шетелдік инвестициялар туралы» 1994 ж. 27 желтоқсандағы Заң.
  2. «Тікелей инвестициялауға мемлекеттік қолдау көрсету» жөніндегі

1997 ж. 28 ақпандағы Заң.

Қазақстанның дәл бүгінгі бағыты мен бағдары экономикалық өсімнің тұрақтылығы мен ұлғаюына негізделіп отыр. Көптеген елдердің әлемдік тәжірибелеріне көз жүгіртсек тұрақтылыққа мемлекеттің жинағымен бірге сырттан инвестицияларды тарту арқылы қол жеткізгендерін көруге болады. Шетел капиталының легі мен мемлекеттік реттеуді ыңғайлы ұйымдастырып, тиімді пайдаланса оның экономикаға септігі молынан.

Шетелдік инвестицияларды тарту ісі мемлекеттен нақты қолдау табуы тиіс. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына қатыстыру әр түрлі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін, оған шетел банктері мен халықаралық ұйымдардан қарыз алудан бастап, кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады. Мұның өтпелі формасы ретінде бірлескен кәсіпорындар ұйымдастырылуы мүмкін. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден, шетелдік инвестициялар елдің өндірістік базасын жедел жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі. Екіншіден, шетел фирмалары жаңа өндіріс орындарын ашумен қатар, капиталистік бәсекелік күресте шыңдалған еңбек пен өндірісті ұымдастыру тәжірибесін ала келеді 3 .

Біздің экономикаға ірі инвестицияларды келтіру үшін бірнеше шарттарды орындау қажет. Біріншіден, мемлекет шетелдік инвестицияларға қауіпсіздік кепілдігін беруі қажет. Екіншіден мемлекет шетел инвесторларына пайданы тұрақты валютаға ауыстырып әкетуіне жағдай жасауы керек.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей нарықтық экономикасы дамыған елдер инвестицияларды молынан сіңіріп алып жатыр.

Мәселен, неліктен АҚШ, Германия, Жапония, Франция, Ұлыбритания сияқты өндірісі өркендеген елдердің экономикалық табыстары өте жоғары? Бәрі де шетелдік капиталдың арқасы. Бір ғана АҚШ-тың өзі 1970-жылдардың ортасында 30 миллиард доллардай шетел инвестицияларын иеленсе, 1980-жылдардың соңына қарай бұл көрсеткіш он еседей артқан. Қазір аталмыш мемлекет экономикасындағы шетелдік қаржы активінің көлемі 1, 5 трил. долларға пара-пар. Олардағы инвестициялық қарекеттерді реттейтін қуатты заң жүйелері арқылы тартылған мол көлемдегі инвестициялар ел экономикасының шарықтап дамуына, сондай-ақ, еңбек өнімділігі, экспорттық потенциал, бәсекелестік үрдісінің үдей түсуіне бірден-бір дәнекер болып отыр.

Қазақстан экономикасына шетел инвестициясының келуі 1992 жылдан басталады. Ол экспорттық кредиттер арқылы екіжақты негізде қалыптасты. Халықаралық валюта қорымен арадағы келісімдер республикамызда сыртқы қаржыландырудың көзін ашты. Бұл процесс халықаралық қаржы ұйымдарының дамушы елдерге ресми көмек желісімен несиелік қорларға, ал шетелдік жеке кредиторлардың қаражаттары кәсіпорындар мен фирмаларға бөлінді. Елімізге шетел капиталын тарту халықаралық валюта (ХВҚ) қорынан валюта сатып алуға және жеңілдікпен заемдар алуға жол ашты. Бұл кезде Қазақстан өзінің алтын валюталық төлем құралын қалыптастыра бастаған еді. Осынау резервтер валютаны сатып алу ұлттық теңгеге сәйкестендірілудің келісімді шартын туғызды. Мұның өзі несиелік қорлардың, жеңілдік заемдарының кредит беруші елдердің банктері мен халықаралық қаржы ұйымдарынан қаражат түсірудің материалдық негіздеріне айналды. Осы орайда елімізде Stand-by бағдарламасы қабылданған. Бағдарлама бойынша мемкелетіміз 1998-1999 жж. аралығында тоқсан сайын ұлттық валютаны сатып алып отырды, ал STF келісімі негізінде 1998-2003 жж. аралығында жылына екі рет сатып алу жағы қарастырылуда.

Халықаралық қайта жабдықтау және даму банкінің кредиттері көбіне импортты қаржыландыруға, мұнай өндірісіне техникалық көмекке, қалалық көліктің әлеуметтік мұқтаждықтары мен қаржы айналасына орналған. Ал Азия даму банкінің бөлген қаражаттары тұрақтылық бағдарламаларын қолдауға, құрылымдық қайта құруға және ауылшаруашылығы өндірісінің өркендеуіне пайдаланылды. Еуроазиялық даму және қайта жабдықтау банкінің қаражаттары ұсақ және орташа кәсіпорындарды жабдықтауға жұмсалады. Жапондық экспорт-импорт банкінің заемдары халықаралық қаржы ұйымдарының заемдарына қарағанда біраз жеңілдіктермен берілді, әлі де беріледі. Нақты кредиттік ставкасы 10% маңында.

1997-1998 жж. аралығында 3448, 9 млн. доллар көлемінде тікелей инвестиция тартылып, пайдаланылған. Оның 2, 1 млрд. долларын мұнай, газ кешені иемденсе, 0, 9 млрд. доллар металургия саласына бөлінген 4 .

Республикада жұмыс істеп жатқан халықаралық қаржы ұйымдарының легіне Ислам даму банкі қосылды. Қазақстан бұл күндері оның толыққанды мүшесі. Аталмыш банкпен басым бағыттар Ақмола үшін аса қажетті инфрақұрылымдарға арналды. Техникалық іскер байланыстар жағына келетін болсақ қайтарымсыз екі әрі көпжақты көмек Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасынан, Еуропалық бірлік (ТАСИС бағдарламасы), Ұлыбритания, Германия, Франция, АҚШ, Жапония тарапынан келуде. Техникалық көмек қаржылай емес дерлігіне қызмет түрінде болып келеді. Мысалы, заң шығарушы органдарға консультативтік көмек, шағын және орта бизнестегілерге түрлі жоба кеңестер, экологиялық немесе әлеуметтік бағдарламалар сияқты.

Қазақстан Республикасы 1996-1997 жж. халықаралық жетекші агенттіктер тарапынан жоғарғы рейтингке ие болды.

Қазақстан Республикасының жоғарғы басқару органдары мемлекетіміздің болашақтағы стратегиялық өркендеуін және инвестициялық капиталға халықаралық бәсекелестіктің тынымсыз өсіп отырғанын ескеріп, 1997 жылы 28 ақпанда арнайы мемлекеттік инвестициялық комитет (МИК) құрды. Оған Қазақстанның «Тікелей инвестицияларға мемлекеттік қолдау көрсету» Заңына сәйкес экономикалық приоритетті секторларда тауар өндіру, қызмет көрсетуді қарқынды өркендету үшін қолайлы инвестициялық жағдай жасау міндеттері жүктелген. Сондай-ақ, бұл мақсатқа жетудің қосымша кепілдері: жаңа технология, озат техника, «ноу-хауды» енгізу, ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен қамту, тауар өндіретін отандастарға қолдау, көмек жасау, экспорттық және импорттық тауарлар шығаратын өндіріс орындарын өркендету болып табылады.

Республика Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі жарлығымен тікелей инвестицияларды тарту үшін мынадай салалар экономиканың басымдық белгілер бар секторлар ретінде қаралады: өндірітік инфраструктура, өңдеу өнеркәсібі, Астана қаласының объектілері, тұрғын үй, туризм, ауыл шаруашылығы және т. б. «Тікелей инвестициялауға мемлекеттік қолдау көрсету» жөніндегі Заңға сәйкес, мемлекеттік инвестициялау комитеті Қазақстан Республикасындағы инвесторлармен қарым-қатынас жасайтын бірден-бір өкілетті орган болып табылады. Сондықтан кез-келген инвестор туындаған проблемалар хақында МИК-ке өтініш жасауы, ал аталмыш комитет оларға ешбір кедергісіз құлақ асып отыруы тиіс.

Бүгінгі таңда МИК «Тікелей инвестициялауға мемлекеттік қолдау көрсету» жөніндегі Заңды іске асыру үшін қажетті нормативті актілерді дайындаумен де айналысуда. Қазақстан отандық, әрі шетелдік жекеменшік инвесторларға кеңірек белгілі бола түсуі үшін алда атқарылар ауқымды шаралар аз емес.

Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер - мұнай-газ және мұнай химия салалары, электр энергетикасы, металургия, коммуникация және де Қазақстан дәнді дақылдар, жүн, мақта т. б. ірі өндіруші кәсіпорындар, агроөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ өндіріп, экспортқа шығаруды арттыруға, сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға жұмсалады. Сол себепті аса ірі шетелдік фирмалар және корпорациялармен, соның ішінде американдық «Дау кемекал», «Омиок», «Тексако», «Шеврон», ағылшындық «Бритиш петролиум», «Бритиш газ», француздық «Эльф Акитен» және басқалармен келісімдер жасалды.

Қазақстан экономикасына аса ірі капитал тартудың айқын көрінісі 40 жыл мерзімге «Теңізшевроил» бірлескен кәсіпорнын құру туралы меморандумға қол қойылуы болды. Бірлескен кәсіпорынның қызмет істейтін бүкіл мерзімі бойында табыстың 80% Қазақстанға, 20% «Шевронға» тиісті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметтеріне сәйкес, 1993-2000 жылдары елімізге шет елдерден келген тікелей инвестициялар 12530, 3 миллион АҚШ долларын құрады. Оның ішінде қаржының ең көп мөлшері 1997, 1999 және 2000 жылдары келіп түскен. Қазақстан тікелей шет ел инвестицияларының 70% астам ақша қаржыларын салу көлемі 100 миллион АҚШ долларынан асатын елдерден келіп түседі. Инвесторлар тізімінің басында АҚШ (жыл сайынғы инвестиция көлемі 900 миллион доллардан астам), одан кейін Ұлыбритания (2000 ж. 464, 2 миллион АҚШ доллар), Италия (351 миллион АҚШ доллар), Канада мен Нидерланды (жалпы көлемі 254, 8 миллион АҚШ доллар) тұр. 2000 ж. қорытындысы бойынша Қытайдан, Германиядан, Индонезия мен Оңтүстік Кореядан келген инвестициялардың ұлғаю тенденция да байқалуда, мұндағы жалпы сома 280, 7 миллион АҚШ доллар немесе Қазақстанға 2000 ж. келіп түскен барлық тікелей шет ел инвестицияларының 10, 2% құрайды 5 .

Инвестиция барлық қоғамда да экономиканы нығайтудың негізі болып табылады. Сондықтан оны тиімді пайдалану жолдарын анықтау және қосымша көздерін ашу - еліміздің казіргі даму сатысындағы басты міндет. Оны шешу үшін республикамызда ғылыми тұрғыдан негізделген инвестициялық саясат жүзеге асырылуы керек. Ол халық шаруашылығының әртүрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал қорын жасауға бағытталуы керек. Біріншіден, инвестициялық саясат негізді болуы үшін күрделі қаржыны тиімді пайдалануды, қоғамдық өндірісте тепе-теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын дұрыс анықтау керек екені белгілі. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Екіншіден, инвестициялық саясаттың негізді болуы үшін күрделі қаржыны пайдалану, оны молайту жолдары, табиғи ресурстарды өндіретін, өңдейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында ғылыми негізделген арақатынас болуы шарт.

Инвестициялық саясат экономиканың даму дәрежесіне байланысты өзгеріп тұрады. Ол сонымен қатар, өндірістің техникалық дәрежесіне де тікелей байланысты. Қазіргі кезде инвестицияны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағыттаған тиімді. Болашақта өндірістік салаға жұмсалатын инвестицияның ара салмағын өсіре беру орынды. Нарықты экономикаға көшу кезеңінде инвестициялық саясат машина жасау өнеркәсібін дамытуға, халық тұтыну бұымдарын көбірек өндіруге, сұранысты отандық тауарлар есебінен қанағаттандыруға бағытталуы тиіс.

Шетелдіктер өз инвестициясын босқа жібермейді. Жыл сайын 1, 3 млрд. доллар шетел инвестициясын пайдланамыз. Оларды өсіммен қайтару мемлекетке оңай емес. Бұл салада жетіспеген жағдай, жіберілген қателік көп. Алдағы уақытта отандық инвестицияға аса көңіл бөлініп, қор рыногын жандандыру керек. Инвестиция иемденуші еңбектен өндіруші еңбекке ауысқаны тиімді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестиция және оның қазақстан республикасындағы қызмет етуi
Экономикалық өсудің факторлары мен типтері
Өндіріс саласындағы қаржының рөлі
Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларды басқару туралы
Экономика пәнінен дәрістер
Экономикалық өсудің факторлары, үлгілері және проблемалары
Инвестиция және оның Қазақстан Республикасындағы қызмет етуi туралы
Туризм саласындағы мультипликативті әсері
Инвестициялар - экономикалық дамудың ресурстары
Инвестицияның экономикадағы рөлi және шетелдік инвестициялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz