Қазақтелеком АҚ-ң Астанателеком ҚТО-дағы бухгалтерия құрылымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Студенттердің кәсіби практикасы – жалпы оқу процесінің ажырамас бөлігі
және болашақтағы жоғарғы деңгейлі мамандарды дайындаудың жауапкершілікті,
маңызды әрі соңғы кезеңі болып табылады. Оны өту барысында студент өз
білімін тереңдете түседі және болашақта жақсы маман болуына көмектесетіндей
тәжірибе ала алады, яғни бұл практика ұлттық экономиканың барлық
салаларында бухгалтерлік есеп, аудит және талдау жұмыстарымен байланысты
жоғары білікті мамандар дайындаудың бір сатысы болып табылады.
Кәсіби практиканың негізгі мақсаты студенттің теориялық оқып
қарастырған мәліметтерді тәжірибе жүзінде көруімен ғана емес, сонымен қатар
материалдарды жинау, оларға талдау жүргізумен де қамтылады.
050508 Есеп, аудит және талдау мамандығы бойынша кәсіби практика
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің оқу жоспары мен есеп
және аудит мамандығы бойынша жоғары бағаланған мінездемеге сәйкес
жүргізіледі.
Кәсіби практиканы өту нәтижесінен жоғары білікті кадрларды дайындау
сапасы, болашақта оқу бітірген студенттің бухгалтерлік есепті жүргізуде,
аудиторлық және талдау жұмыстарын ұйымдастырғанда өзінің жоғары білімін
көрсете алуына тәуелді. Сондықтан, практика нәтижелеріне келгенде студент
үлкен жауапкершілікке ие болады.
Алға қойылған мақсаттарды шешуде келесідей міндеттер атқарылды:
- ұйыммен танысу, оның айналысатын қызметін, заңды-құқықтық, ұйымдық
басқару құрылымын анықтау;
- ұйымдағы бухгалтерлік құрылым жұмысын анықтау және оның басқа
бөлімшелермен байланысын қарастыру;
- бас бухгалтер, аудитор және басқару ұйымдарының тексерушілерінің міндет,
құқықтарымен танысу;
- ұйымдағы бухгалтерлік есеп, аудит пен талдау жұмыстарын жүргізудің
нысандарымен танысу;
- бухгалтерлік есеп, аудит пен талдау жұмыстарымен байланысты тәжірибелік
білім алу;
- ұйымның есеп саясатымен танысу;
- теориялық білімдердің тәжірибеде қолдана білу;
- жалпы қорытынды жасап, кәсіпорын жұмысын жақсартуға арналған шараларды
ұсыну.
Мен бұл кәсіби практиканы 2009 жылдың 8 сәуір мен 19 мамыры
аралығында Қазақтелеком Акционерлік Қоғамының Астанателеком Қалалық
Телекоммуникациялар Орталығында (Астана қаласындағы филиалында) өттім.

1. Қазақтелеком АҚ-ң Астанателеком ҚТО-дағы бухгалтерлік есептің
ұйымдастырылуы
1.1. Қазақтелеком АҚ-ның іскерлік жұмысымен танысу және оның жалпы
сипаттамасы мен құрылымы
Кәсіби практикамды Қазақтелеком Акционерлік Қоғамының
Астанателеком Қалалық Телекоммуникациялар Орталығында (Астана қаласындағы
филиалында) өткендіктен, бұл қоғамның қызмет ету саласы мен жалпы
сипаттамасына тоқталып өткім келеді.
Қазақтелеком АҚ - Қазақстанның ұлттық байланыс операторы және кеңес
үкіметінен кейінгі ең серпінді дамып келе жатқан телекоммуникация
компанияларының бірі.
Оның 51% акциясы Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқаттылық қоры атынан
мемлекетке жатады. Қазақтелеком АҚ компаниясы тобының құрылымына: Алтел
АҚ (100%), Мабайл-Телеком Сервис ЖШС (51%), GSM Казахстан ЖШС -
Қазақтелеком ААҚ (49%), Нұрсат АҚ (95,68%), Сигнум ЖШК (100%),
ШығысТелеком ЖШС (100%), Кептер телеком АҚ (100%), Radio Tell ЖШС
(100%) жатады.
Бүгінгі күні Қазақтелеком АҚ компаниясының тобы инфрокоммуникациялық
қызметті тұтынушыларының барлық негізгі мақсатты нарығын қамтиды.
Компанияның орталық кеңсесі Қазақстанның астанасы – Астана қаласында
орналасқан. Компанияда 30 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Қазақтелеком
АҚ еліміздің әр облысында аймақтық бөлімшесі бар және еліміздің бүкіл
аумағы бойынша байланыс қызметінің көрсетілуін қамтамасыз етеді. Жедел
деректер бойынша 2009 жылдың 1 қаңтар күнгі жағдайына компания 3,333 млн.
бекітілген байланыс абонентіне қызмет көрсетеді. Қазақстан
Республикасындағы телефон тығыздығы орташа есеппен 100 адамға шаққанда 21,3
бекітілген желіні құрайды. Қазақтелеком АҚ алыс және жақын шетелдердің 40
астам операторларымен ынтымақтастықпен жұмыс істейді және өзара әрекет
етеді.
Қазақтелеком АҚ ірі инфрақұрылым жобаларын жүзеге асырумен,
телекоммуникация желілерін жаңғырту және цифрландырумен, жаңа технологияны
енгізумен және ауылды телефондандырумен, сонымен қатар Интернетке кең
жолақты қосылу қызметін дамытумен айналысады.
Ол ақпараттандыру және байланыс жөніндегі Қазақстан Республикасы
Агенттігі тарапына 2004 жылдың 28 мамырында берілген АБА №000001 лицензиясы
негізінде жұмыс істейді.
Лицензияның түрі: бас лицензия.
Әрекет аумағы: Қазақстан Республикасы.
Осы лицензияға сәйкес, "Қазақтелеком" АҚ жергілікті, қалааралық және
халықаралық телефон байланысы қызметтерін, деректерді беру және телеграфтық
байланыс, жылжымалы радиотелефондық байланыс, теледидар мен дыбыстық
бағдарламаларды трансляциялау қызметтерін ұсыну бойынша кәсіпкерлік қызмет
атқарады.
СТН 031400135398
Қазақтелеком АҚ өзінің банктік операцияларын тек қана
Казкоммерцбанк банкі арқылы жүзеге асырады. Оның Астана қаласындағы
филиалының есеп айырысу шоты №000425904
Компанияның басты мақсаты - телекоммуникация секторының ырықсыздануы
және әлемдік экономиканың ғаламдануы жағдайында ішкі және сыртқы нарықтарда
бәсекелесе алатын, маркетингтік-бағдарланған, жаңартпалық, технологиялық,
ұйымдық және экономикалық тиімді компания құру.
Қазақтелеком АҚ 2008 жылғы 15 тамыздағы № 37-хаттамамен бекітілген
жарғы негізінде өз қызметін жүзеге асырады. Бұл жарғы "Қазақтелеком"
акционерлік қоғамын ұйымдастыру мен іс-әрекеттерінің құқықтық негіздерін
белгілейді және 10 тарау, 51 баптан тұрады.
Қазақтелеком АҚ басқармасының төрағасы – Жұмағалиев Асқар
Қуанышұлы. Оның білімі: Свердловск суворовшылар әскери училищесі, Қ.Сәтбаев
атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Қазақ гуманитарлық заң
университеті, Лозаннедегі Швейцария Федеральды Технология Институтының
электронды басқару бойынша Шебер дәрежесі бар (Ecole Polytechnique Federale
de Lausanne - EPFL).
Жарық ЖШС директоры; Қазақстан Республикасының Көлік және
коммуникация министрлігінде Байланыс саласындағы мемлекеттік қадағалау
басқармасының бастығы, Байланыс және ақпараттандыру комитетінің төрағасы
болып жұмыс атқарды. ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі құрылған
сәттен бастап Төраға орынбасарының, 2004 жылдың қыркүйегі мен 2005 жылдың
қаңтары аралығында Төраға міндеттерін атқарды. 2005 жылдың мамырынан
бастап, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс агенттігі
Төрағасының бірінші орынбасарының лауазымын атқарды, 2006 жылдың 27
қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс
агенттігінің Төрағасы лауазымына тағайындалды.
2006 жылдың 11 қазанынан бастап, Қазақтелеком АҚ Президенті болып
сайланды. "Қазақтелеком" АҚ-ның бекітілген жаңа Жарғысына (2007 жылдың 20
маусымы күнгі) сәйкес, акционерлік қоғам Президентінің лауазымы
Қазақтелеком АҚ Басқармасының Төрағасы лауазымы деп өзгертілді.
Қазақтелеком АҚ басқарма мүшелері:
1. Әбділдәбеков Марат Мұхтарұлы – ақпараттық технологиялар бойынша бас
директор.
2. Жаманбеков Алмаз Мэлсұлы – мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі
бас директор.
3. Есіркегенов Асқар Әлібекұлы – коммерциялық бас директор.
4. Лезговко Александр Владимирович – бас техникалық директор.
5. Нұрқатов Арнұр Арыстанұлы – бас қаржы директоры.
6. Нұршабеков Ризат Рахатбекұлы – бизнесті дамыту жөніндегі бас
директор.

7.

        
        
Сызба 1 – Қазақтелеком АҚ құрылымдық бөлімшелері

Қазақтелеком АҚ Астана қаласындағы филиалы Астанателеком өз
қызметін Қазақтелеком АҚ Директорлар Кеңесі 17.07.2006 ж. №29 протоколмен
бекіткен Астанателеком Қалалық Телекоммуникациялар Орталығы жөніндегі
Ереже негізінде жүзеге асырады. (ҚОСЫМША 1)
Қаржылық және бухгалтерлік құжаттарда бірінші қаржылық қол қою құқығы
Қазақтелеком АҚ Атқарушы директорының – Бас директорының және Бас
директорының орынбасары – Қаржылық директордың құзырында.
Екінші қаржылық қол қою құқығы Бас бухгалтердің және Бас бухгалтердің
орынбасарының құзырында.
Астанателеком ҚТО-ң қаржылық жылы календарлық жылмен, яғни 1
қаңтардан 31 желтоқсанға дейін сәйкес келеді.
Астанателеком ҚТО-да келесі бөлімдер қызмет атқарады:
1. ҚТО жобалау және құрылысы орталығы
2. Сатуды басқару қызметі
3. Маркетинг қызметі
4. Анықтамалық – коммутаторлық қызмет орталығы
5. Тұтынушыларды ақпараттық қолдау және қызмет сапасы бөлімі
6. Астана қ. бойынша ақпараттық қызметтеердің дирекциясының аумақтық
бөлімі
7. Кроссқа қызмет көрсету орталығы
8. Энергетика және климатехника орталығы
9. Операторлармен келісім бөлімі
10. Техникалық есеп және паспорттау орталығы
11. Тораптарды техникалық эксплуатациялау орталығы
12. Телекоммуникация тораптарын жетілдіру бөлімі
13. Бухгалтерлік есеп және есептілік Департаменті
14. Кадрлар бөлімі
15. Атериалдық ресурстар бөлімі
16. Ішкі аудит бөлімі
17. Сатып алулар және логистика бөлімі
18. Әкімшілік блок.

1.2. Қазақтелеком АҚ-ң Астанателеком ҚТО-дағы бухгалтерия құрылымы
Астанателеком ҚТО-да арнайы ұйымдастырылған Бухгалтерлік есеп және
есептілік Департаменті бар. Ол келесілерді қамтамасыз етуге міндетті:
1. есептік кезең ішінде қолданыстағы есеп саясатын ұстануға;
2. есептік кезеңде болған барлық шаруашылық операциялардың көрініс табуының
толықтығын және мүлік пен қаржылық міндеттемелердің түгендеу нәтижесін
толық көрсетуге;
3. кірістер мен шығыстарды есептік кезеңге дұрыс бөлуге;
4. аналитикалық есептің мәліметтері статистикалық есептің шоттар айналымына
сәйкестігін.
Астанателеком ҚТО филиалы өзінің қаржылық әрекетін бекітілген
бюджет негізінде (операциялық, капитал салымы, сатып алулар, кассалық)
жүзеге асырады. Филиалдың қаржылық әрекетінің нәтижелері табыс етілген
айлық, кварталдық және жылдық қаржылық есептіліктер негізінде анықталады.
2007 – 2008 жылы бухгалтерлік есеп пен есептілік саласында елеулі
өзгерістер болғандықтан 2008 жылы Қазақтелеком АҚ көптеген басқа да ірі
компаниялармен ХҚЕС-на көшті.
Оның мекен жайы – Кенесары көшесі, 55.
Бухгалтерияның жұмыс аптасы – 5 күндік.
Жұмыс уақыты 900 -1800 дейін, түскі тамақтану 1300 - 1400 аралығында.
Астанателеком ҚТО бухгалтерлік, салықтық және статистикалық есеп
жүргізеді, бухгалтерлік есебін Қазақтелеком АҚ Есеп саясаты негізінде
(ХҚЕС және оларға әдістемелік ұсыныстар негізінде жүргізеді.
Қоғамның қаржылық есептілігі ҚР Ұлттық валютасында, яғни теңгеде
жасалады. Қоғамның кварталдық және жылдық есептілігі (аудиторлық ұйыммен
расталған) Бұқаралық ақпарат құралдарында уақытылы басылып шығады, шығарылу
данасы 30000-нан асады.
Астанателеком ҚТО-ң Бас бухгалтері Абдышева Сауле Абдышевна
Қазақтелеком АҚ 2005ж.28.05. №305 бұйрығымен бекітілген Бас
директорларды тағайындау Ережелерімен және Қазақтелеком АҚ филиалының
Бас бухгалтерлері және Бас директорлардың орынбасарларын бекіту
Ережесіне сәйкес тағайындалды.
Астанателеком ҚТО-ң Бас бухгалтері өз қызметі барысында келесі
құжаттарды басшылыққа алады:
1. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп
туралы, ХҚЕС, Байланыс туралы Заңдарын, ҚР Еңбек Кодексін, ҚР
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
Кодексін, Қазақтелеком АҚ-ң Есеп саясатын;
2. еңбек тәртібі ережелерін;
3. бөлімше басшысының (оны ауыстыратын басқа лауазымдық тұлғаның)
өкімдерін;
4. Қазақтелеком АҚ-ң нормативті-реттеуші құжаттарын;
5. Астанателеком ҚТО бөлімшесі туралы ережені және осы лауазымдық
нұсқауды басшылыққа алады.
Бас бухгалтердің лауазымдық міндеттері:
1. жұмыс берушінің актілерімен шарттасқан еңбек міндеттерін адал
орындауға және еңбек тәртібін сақтауға;
2. ҚР Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңына сәйкес,
бухгалтерлік есеп стандарттарымен, Қазақтелеком АҚ есептік
саясатымен ұжым келісімшартымен және есептердің бас жоспарымен
қорлардың барлық түрлерін орынды, үнемді қолданылуын, бухгалтерлік
есептің дұрыс ұйымдастырылуын және кәсіпорынның жеке меншігі сақталуын
жүзеге асыруға;
3. шұғыл басшылық ету және басқару үшін бухгалтерлік есеп және есеп
беруді жүргізу принциптері мен тәртібін белгілейтін халықаралық
қаржылық есеп стандартына сәйкес шаруашылық процестері және филиал
қызметінің қаражат нәтижелері туралы толық әрі дәлелді ақпараттың
қалыптастырылуын қамтамасыз етуге;
4. есеп беру кезеңінде жасалынған барлық шаруашылық мүліктің және
міндеттердің бар болу есебі мен қозғалысын, бекітілген нормаларға,
нормативтер мен сметаларға сәйкес материалдық, еңбек және қаржы
ресурстарын, сондай-ақ салық және басқа міндетті төлемдер бюджетімен
уақытында есеп айырысуды қамтамасыз етуге;
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына, сонымен қатар
Қоғамның құпия қызметтік, коммерциялық және басқа қорғау заңына
жататын мәліметтердің сақталуын қамсыздандыруға; Қазақстан
Республикасының бухгалтерлік және салық заңнамасын сақталуын бақылау
үшін мемлекеттік органдарға қажетті ақпаратпен қамсыздандыруға;
6. қоғамда әдептілікті, қызмет басшылығымен және бағыныштылармен
әдептілік ережелерін сақтауға, коммерциялық құпияларды жарияламауға,
еңбек тәртібін сақтауға, кәсіпорынның мүлігіне ұқыпты ұстауға, заңды
және жеке тұлғаларға Қоғамның мүддесін лайықты ұсынуға міндетті.
Бас бухгалтердің лауазымдық құқықтары:
1. Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінен есеп және аналитикалық
мәліметтерді және басқа да ақпаратты сұратуға және алуға, филиалдың
бухгалтерия құзырына қатысты және өзінің міндеттерін орындау үшін
қажетті сұрақтар бойынша мәліметтерді дерекқордан алуға;
2. анықталған жетіспеушіліктер мен бұзушылықтарды жою бойынша шұғыл
шаралар қабылдауға, Филиалға бекітілген мүлікті түгендеуге,
кассаларға, қоймаларға және ақшалай қаражаттар мен материалдық
құндылықтарды сақтайтын басқа орындарға белгі соғуға, Филиалдық
құрылымдық бөлімше басшыларынан шаруашылық операциялар есебінде пайда
болған сұрақтар бойынша жазбаша түсініктемені талап етуге және алуға;
3. Филиал бухгалтериясымен әрекеттесудегі филиал бөлімшелеріне өз өкілдік
аясында ауызша және жазбаша нұсқаулар беруге және олардың орындалуын
талап етуге;
4. Филиал бухгалтериясы құзырындағы сұрақтар бойынша филиалдың құрылымдық
бөлімшелер қызметкерлерінен қажетті мәліметтерді сұрауға; Филиалдың
Бас директорының қарауына бухгалтерия қызметкерлерін көтермелеу немесе
жазалау туралы ұсыныстар беруге;
5. Белгіленген тәртіп бойынша өз құзырына қатысты сұрақтар бойынша
мемлекеттік және бөгде ұйымдармен қызметтік хат жазысуды жүргізуге
құқылы.
Бухгалтерия штабының құрылымына келсек, ол – 13 қызметкерлерден
тұрады. Әрбір бухгалтердің өзінің мамандану саласы бар.
Бухгалтерлік есеп және есептілік Департаментін бас бухгалтер –
Абдышева Сауле Абдышевна басқарады. Оның 2 орынбасары бар.
Сонымен қатар 3 жетекші маман (бухгалтер) және санаттар бойынша
бухгалтерлер бар: 1 – І санатты бухгалтер, 3 – ІІ санатты бухгалтер және 3
жай бухгалтер қызмет атқарады.
Бухгалтерлерге лауазымдық қызметін атқару мақсатында арнайы 4 кабинет
бөлінген.
Кесте 4. Астанателеком ҚТО Бухгалтерлік есеп және есептілік
Департаментінің құрылымы

№ Аты – жөні Санаты Білімі Жұмыс өтілі Мамандануы
1 Арыстанова І санат жоғары, 22 жыл, оның Еңбекақыға
Гүлжан Ауылшаруашылық ішінде 8 жыл жауапты
Сайлаубековна Университеті, - бухгалтер
экономика және Қазақтелеком
ауылшаруашылығын АҚ –да
талдау, экономист
2 Сабанбаева ІІ санаторташа мамандан- 34 жыл, оның банктік
Рысалды дырылған, Қозшы ішінде 26 жыл -қызметтерг
Аубакировна ауылшаруашылық Қазақтелеком е жауапты
техникумы АҚ –да бухгалтер
3 Воронцова ІІ санаторташа мамандан 17 жыл, оның кассалық
Валентина дырылған, Көлік барлығы да операция-
Геннадьевна және коммуникация Қазақтелеком ларға
колледжі, Астана қ.АҚ-да жауапты
бухгалтер
4 Байсагатова ІІ санатжоғары, Экономика 26 жыл, оның Шығындаға
Мергуль және Статистика барлығы да жауапты
Тлеубердиевна Академиясы, Алматы Қазақтелеком бухгалтер
қ. АҚ-да
5 Дусказиева Санаты жоғары, Экономика 29 жыл, оның материал-д
Алтын жоқ және Статистика ішінде 8 жыл - ық құн-
Бисекеновна Академиясы, Алматы Қазақтелеком дылықтар-д
қ., Есеп және аудитАҚ –да ы есептен
шығаруға
жауапты
бухгалтер
6 Крыкпаева Санаты Жоғары, М.Дулатов 6 жыл, барлығы Материал-
Рашида жоқ атындағы Инженерлікда дық
Кабдрашитовна –Эконо- Қазақтелеком үстелге
микалық Универси- АҚ –да жауапты
тет, Қостанай қ. бухгалтері
7 Абсалам АйсаулеСанаты Жоғары, Экономика 2 жыл, барлығы қорлар,
жоқ және статистика да еңбекақыға
Академиясы, Алматы Қазақтелеком жауапты
қ. АҚ-да бухгалтер

Астанателеком филиалында бухгалтерлік есеп толық
автоматтандырылған. Бұл программалық жабдықты Астанателеком ҚТО 2004
жылдан бастап қолданады, алғашқы үлгісі - Sap PRO, ал 2008 жылдан бастап
қазіргі кезеңге дейін Sap PCE программалық жабдығы Астанателеком ҚТО-ң
толықтай қазақстандық есеп стандарттарынан халықаралық стандартқа
көшкенінің дәлелі болып табылады. Олар қолданып жүрген SAP Easy Access 6.0
неміс программалық жүйесін Қазақстан Республикасында Қазақтелеком,
Қазмұнайгаз, Қазақстан Темір Жолы, Қазақмыс және Шнос ірі
компаниялары қолданылады. Астанателеком ҚТО-ң барлық бухгалтерлері Sap
PCE жаңа үлгісінде қолданылатын қаржылық (бухгалтерлік) есеп нысандарын
және есептіліктерді меңгеріп алды, 2008 жылы және 2009 жылдың І тоқсанында
есептіліктерді жақсы тапсырды.

SAP Easy Access 6.0 программалық жүйесі – компанияның әртүрлі бизнес
- үрдістерін қамтамасыз етуге бағытталған қолданбалы модульдерден тұратын
программалық жүйе (кесте №3):

Модуль атауы Модульдің қолданылуы
Қаржы (FI) Негізгі бухгалтерлік есептілікті, дебиторлар,
кредиторлар бойынша есептілікті және қосымша
есептілікті ұйымдастыру үшін.
Контроллинг (СО) Кәсіпорындағы шығындар мен табыстардың есебін
қамтамасыз ету үшін.
Негізгі құралдарды Негізгі құралдардың есебін жүргізу және оларды
басқару (АМ) басқару үшін.
Жобаларды басқару (РS) Қиындық дәрежесі жоғары ұзақ мерзімді жобаларды
жобалау, басқару және мониторингі.
Өндірістік жоспарлау Кәсіпорыннның өндірістік шаруашылығын жоспарлау
(РР) және бақылауды ұйымдастыру үшін.
Материалдық ағынды Әртүрлі шаруашылық операцияда қолданылатын
басқару (ММ) қорлармен қамтамасыз ету және басқару үшін.
Сату (SD) Шоттардың бөлуі, сатуы, жабдықтауы және өткізу
шешімдерін қабылдау үшін.
Сапаны басқару (QM) Информациялық жүйе және сапаны бақылау үшін.
Жабдықтарға қызмет Техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін қажетті
көрсету және оларды шығындарды есептеу және ресурстрады жоспарлау
жөндеу (РМ) мақсатымен.
Қызметкерлерді басқару Қызметкерлердің жұмысын жоспарлау және басқарудың
(НR) толықтай интегралдау мақсатымен.
Ақпараттық ағындарды Интегралданған қолданбалы модульдерді барлығына
басқару (WF) ортақ технологиялармен, қызметтік жабдықтармен
және құралдармен байланыстыру.
Салалық шешімдер (IS) Sap Easy Access–тің қолданбалы модульдерін және
салаға тән ерекше қызметтерін біріктіру.

Астанателеком ҚТО-да бухгалтерияның барлық ішкі мәліметтері мен
құжаттарын Бухгалтерлік есеп пен есептілік Департаментінің ішінде
тасымалдау үшін Lotus Notes пошталық жүйесі ұйымдастырылған, яғни
құжаттар кабинеттер бойынша бухгалтерия құрылымы арасында қолдан қолға
тасымалданбайды, барлығы электронды түрде қажетті бағытта жіберіледі (қажет
құжаттарды бухгалтер баспаға шығарып алады.
1.3 Ұзақ мерзімді активтердің есебі
1.3.1. Негізгі құралдардың есебі
Астанателеком ҚТО-да ұзақ мерзімді активтердің есебі ХҚЕС және
ұйымның Есеп саясатына негізделіп жүргізіледі.
Астанателеком ҚТО-да материалдық активтердің есебі үшін жауапты
бухгалтер – Капанова Сая Бельгибаевна, ол жетекші маман болып табылады.
Астанателеком ҚТО-ң негізгі құралдар тізімі Есеп саясатының 1
қосымшасында берілген. (ҚОСЫМША 2)
Есеп саясатына сәйкес, негізгі құралдар келіп түскен уақытында
бухгалтерлік есепте бастапқы құнмен есепке алынады, оның құрамына негізгі
құралды салуға немесе сатып алуға кеткен барлық нақты шығындары (оның
ішінде қайтарылмаған салықтар мен алымдар, жеткізу, жөндеу, орналастыру,
іске қосу және пайдалану бойынша шығындар және барлық басқа да шығындар)
жатады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны анықталады:
- Оларды сатып алғанда немесе Қоғам өзі жасағанда – нақты шығындар
сомасымен;
- Басқа заңды немесе жеке тұлғалардан өтеусіз алғанда – қабылдау-тапсыру
актісінің мәліметтері бойынша;
- Айырбас операциясының нәтижесінде – алған (берген) ақша сомасына
түзетілген негізгі құралдардың ағымдағы құны бойынша.
Бастапқы құнды өзгерту тек мына жағдайларда бола алады:
- Негізгі құралдың техникалық жағдайына әсер ететіндей етіп қайта жөндеу
жұмыстары немесе қосымша капитал салымы болып, ол өз кезегінеде негізгі
құралдың қызмет ету мерзімі мен экономикалық табысын қысқартса немесе
ұлғайтса;
- Негізгі құралдарды қайта бағаланғанда.
Негізгі құралдардың бастапқы құнын белгілі бір күнге бағамен теңестіру
қажет болса, негізгі құралдарды қайта бағалайды. Астанателеком ҚТО-да
негізгі құралдарды қайта бағалау табиғи монополия субъектілерінің
шаруашылығын реттеу бойынша құзырлы орган мен салалық министрліктің
келісімімен жүзеге асырылады. Қайта бағалау сомасы 16 ХҚЕС Жылжымайтын
мүлік, үйлер мен жабдықтар бойынша бухгалтерлік есепте көрініс табады.
Қайта бағалау күнінде есептелген тозу сомасы негізгі құралдың құнының
өзгеруіне сәйкес түзетіледі.
Активті пайдалану көлеміне сәйкес қайта бағалау сомасы амортизацияны
есептеудің қолданылатын әдісі мен мерзіміне сәйкес белгіленген көлемде және
мерзімде бөлінбеген пайдаға апарылады.
Сату мақсатымен, кепілдік несие алу мақсатымен немесе басқа да
келісімшартты жүзеге асыру мақсатымен негізгі құралдың белгіленген күнге
құнының бағалауы жүргізіледі және оны эксперттік қорытынды растайды. Бұл
бағалау бухгалтерлік есепте көрініс таппайды.
Негізгі құралдар пайдалануға берілгенде қабылдау – тапсыру актісін
арнайы комиссия толтырады (ҚОСЫМША 3). Негізгі құралдардың есебі
кәсіпорынның бухгалтериясында түгендеу объектілерінің классификациялық
топтары бойынша ұйымдастырылады.
Қайта пайдалануға енгізілген негізгі құралдарға амортизацияны есептеу
оны енгізген айдан кейінгі айдың бірінші жұлдызында жүзеге асырылады, ал
есептен шығарылған негізгі құралдар бойынша амортизацияны есептеу есептен
шыққан айдан кейінгі айдың бірінші жұлдызынан тоқтатылады. Амортизацияны
есептеу Қоғамның жалпы белгіленген нормалары бойынша тікелей сызықтық
әдісімен жүзеге асырылады және негізгі құралдардың жою құны бастапқы
құнының 2,5% құрайды.
Астанателеком ҚТО сатып алған ғимараттың бастапқы құны 3 700 000
теңге, жойылу құны 500 000 теңге, пайдалы қызмет ету мерзімі 20 жыл.
Құнының шығынға жазылуының тікелей әдісін қолдану барысында амортизация
аударымдарының жыл сайынғы құны (3 700 000 – 500 000) 20 жыл = 160 000
теңгені құрайтын болады. Пайдаланудың 10 жыл аралығына да жинақталған
амортизация сомасы 1 600 000 теңгені құрайтын болады. Пайдаланудың 10 жылы
өткеннен кейін Қоғамның қызмет түрі өзгерсе, тиісінше пайдалы қызмет
мерзімі мен нысанның жойылу құны да қайта қаралады, мысалы: қызмет
мерзімінің қалған уақыты 5 жыл (яғни, барлығы 15 жыл), ал жойылу құны –
500 000 теңге болып белгіленеді.
Нақтыланған деректерге сүйене келе, амортизация аударымдарының жыл
сайынғы сомасы қалған 5 жылы (3 700 000 – 1 600 000)5 жыл = 420 000
теңгені құрайтын болар еді.
Аталған операциялар амортизацияның 10 жыл мерзімі аралығында
бухгалтерлік есепте келесі көріністе болады:
Дт 2421 Ғимаратың жинақталған амортизациясы – 1 600 000
Дт 2412 Негізгі құрал – ғимарат – 1 600 000
Қалған 5 жылда аталған операция бухгалтерлік есепте көріністе болады:
Дт 2421 Ғимараттың жинақталған амортизациясы – 420 000
Кт 2412 Негізгі қаражат – ғимарат – 420 000
Тағы да бір мысал келтірейін. Астанателеком ҚТО-ң Пушкин көшесі, 161
мекен-жайындағы қойма ғимараты пайдалануға 1995 ж. наурыз айында берілген.
Пайдалану мерзімі 50 жыл, жойылу құны 180 000 теңге, бастапқы құны 3 890
000 теңге.
Есебі: Жылдық амортизация нормасы тең:
1. 3 890 000 теңге – 180 000 теңге = 3 710 000 теңге
2. 3 710 000теңге 50 жыл = 74 200 теңге – жылдық амортизация сомасы
3. (74 200 теңге 3 890 000 теңге) * 100 % =1,9 % - жылдық амортизация
нормасы
4. 74 200 теңге 12 ай = 6183 ,33 теңге – осы негізгі құрал объектісінің
айлық амортизация сомасы.

Кесте №5.
Астанателеком ҚТО-да болған шаруашылық Сомасы Корреспонденция
операцияның мазмұны
Дебет Кредит
Көлік пайдалануға алынды. 425 000 2414 3310
Есеп беруге тиісті тұлғадан балансқа 45 000 2416 1252
мұздатқыш кірістелді.
Баланстан фрезерлік станок алынды. 14 000 7410 2413

Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру
туралы 2007 жылғы 28 ақпанындағы №239 ҚР Заңына сәйкес Астанателеком ҚТО-
да негізгі құралдар есепте сатып алу құнымен ҚҚС-ты қоса алғанда
көрсетіледі, ҚҚС кейін өнімнің өзіндік құнына шығарылады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны капитал салымы есебінен ұлғаюы тек
қана объектінің жағдайының жақсаруы кезінде, яғни оның бастапқы танылған
нормативті көрсеткіштері жоғарылаған кезде ғана жүзеге асырылады: қызмет
ету мерзімі, өндірістік қуаты, өндірістік көлемі, сапасының жақсаруы және
т.б. Негізгі құралдардың жөндеуі (ағымдағы және толық) мен пайдалануы үшін
кеткен шығындар объектінің техникалық жағдайын қалпында ұстап тұру
мақсатымен жүзеге асырылады, сондықтан олар объектінің бастапқы құнын
жоғарылатпайды және жөндеу қажет болған жағдайда ағымдағы шығындар болып
есептеледі.
Астанателеком ҚТО-да негізгі құралдар Қоғамның балансынан келесі
жағдайларда есептен шығарылады:
- Олардың жойылуы;
- Сатылуы;
- Айырбасталуы;
- Өтеусіз берілуі;
- Жетіспеушілігі және т.б.
Негізгі құралдарды баланстан шығару Астанателеком ҚТО-ң негізгі
құралдарды есептен шығару жөніндегі Ережесіне сәйкес және негізгі
құралдарды есептен шығару бойынша тұрақты комиссия арқылы жүргізіледі.
Астанателеком ҚТО-на негізгі құралдарды (өтеулі түрде, өтеусіз) өткізу
ҚР заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектілерінің шаруашылығын реттеу
органының келісімісіз рұқсат етілмейді.
Негізгі құралдар есептен шыққан кезде пайда болған кіріс немесе залал жою
құнынан материалдардың өндірілуі немесе кірістелуі мен баланстық құнының
арасындағы айырма ретінде анықталады.
Негізгі құралдардың нақты барын анықтау мен олардың бүтіндігін бақылау
мақсатымен және қоғамдағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің
дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында Астанателеком ҚТО міндетті
түгендеуден басқа жыл сайын 1 қазан күніне негізгі құралдардың түгендеуін
жүзеге асырады. Аталған түгендеу Қоғамның белгіленген Ережесіне сәйкес
негізгі құралдардың есебі, түгенделуі және есептен шығарылуы бойынша
Комиссиямен жүзеге асырылады.
Түгендеу кезінде анықталған және есепке алынбаған негізгі құралдар
ағымдық құнымен есепке алынады. Түгендеу тізімдемелері есептік және басқа
да ұйымдастырушылық техникамен де, қолмен де толтырылуы мүмкін, бірақ бұл
құжатты толтырудың барлық талаптарын қатаң ұстану керек.
Түгендеу кезінде ауытқулар пайда болған активтер бойынша салыстырмалы
ведомостер жасалады. Тұрақты қызмет атқаратын түгендеу комиссиясысының
инвентарлық ауытқуларды реттеу бойынша ұсыныстары түгендеу аяқталғаннан
кейін 10 күннен кешіктірілмен бекітіледі.
Түгендеу нәтижесі түгендеу болған айдың есебінде және есептілігінде
көрініс табуы керек, ал жылдық түгендеу бойынша – жылдық қаржылық
есептілікте.
Жетіспеушіліктердің орнын толтыру нарықтық баға бойынша жүзеге
асырылады, бірақ ол нақты өзіндік құнынан төмен болмауы тиіс.

1.3.2. Материалдық емес активтердің есебі
Материалдық емес активтер – физикалық нысаны жоқ және келесідей
қасиеттері бар айналымнан тыс активтер тобы: олар табыс әкеледі немесе
болашақта табыс әкеледі деп болжанады және ұзақ мерзімде қолданылады.
Астанателеком АҚ-да материалдық емес активтер бастапқы құнымен есепке
алынады, оның құнын қайта бағалау 38 ХҚЕС Материалдық емес активтер
сәйкес жүргізіледі.
Астанателеком ҚТО-ң материалдық емес активтеріне жатады:
1. Лицензиялық келісімдер, оның пайдалы қызмет мерзімі – лицензияның
қызмет ету мерзімі.
2. Программалық қамтамасыз ету, оның пайдалы қызмет мерзімі - 5 ж.
3. Патенттер, оның пайдалы қызмет мерзімі – патенттің қызмет етуі.
4. Ұйымдастырушылық шығындар, оның пайдалы қызмет мерзімі – 5 ж.
5. Гудвилл, оның пайдалы қызмет ету мерзімі – 5 жыл.
6. Басқалары, оның пайдалы қызмет ету мерзімі – 5 жыл.
Пайдалы қызмет мерзімі келісім құжаттарының шартына байланысты
анықталады, ол болмаған жағдайда мүмкін болатын қызмет мерзімімен
анықталады, бірақ ол мерзім 10 жылдан аспауы тиіс.
Материалдық емес активтерге тозуды есептеу пайдалы қызмет мерзімі ішінде
тікелей (сызықтық) әдіспен жүзеге асырылады, амортизациялық аударымдар ай
сайын анықталады, материалдық емес активтердің жою құны 2-ге тең болып
есептеледі.
Пайдалануға қайта енгізілген материалдық емес активтерге амортизацияны
есептеу материалдық емес активтерді енгізген айдан кейінгі айдың бірінші
жұлдызынан бастап жүргізіледі, ал есептен шығарылған материалдық емес
активтер бойынша амортизация есептен шығарылған айдан кейінгі айдың бірінші
жұлдызынан бастап жүзеге асырылады.
Материалдық емес актив актив ретінде бастапқы танылғаннан кейін
жинақталған амортизация сомасын шегергеннен кейінгі бастапқы құнымен
көрсетіледі.
Материалдық емес активтердің қызмет ету мерзімі мен амортизацияны
есептеудің қолданатын әдісі жаңа қаржылық есептілікті құрастырудың әрбір
күнінде қайта қарастырылады. Материалдық емес активтердің қызмет ету
мерзімінің немесе амортизация есептеу әдісінің өзгеруі есептік бағаның
өзгеруі деп саналады және ол ағымдағы және болашақ есептік кезеңдер үшін
амортизауцияланатын соманың өзгерту жолымен жасалады.
Материалдық емес активтермен байланысты басқа да шығындар оның
болашақтағы экономикалық табыстылығын ұлғайтатын жағдайларда ғана баланстық
құнына қосылады. Олардың (сатылуы, берілуі, жетіспеуі және т.б.) немесе
экономикалық пайда әкелуі күтілмеген жағдайларда баланстан есептен
шығарылады. Материалдық емес активтердің есептен шығарылуын пайда болған
кіріс (залал) сату және баланстық құны арасындағы айырма ретінде
анықталады.
Материалдық емес активтердің жоспарлы түгендеуі жыл сайын 1 қазан
күнінде жүргізіледі, ол кезде материалдық емес активтерді есепте
көрсетілуінің уақыттылығы мен дұрыстығы, растаушы құжаттардың бар болуы
және т.б. тексеріледі.
Астанателеком ҚТО өзінің қаржылық есептілігінде 38 ХҚЕС Материалдық
емес активтер көзделген барлық қажетті ақпаратты өзінің қаржылық
есептілігінде қамтамасыз етеді.
Материалдық емес активтер әртүрлі себептермен шығысталады: өндіріс
шығындалу нәтижесінде, қолдану қажеттілігі жоқ болғанда, өтеусіз
берілгенде. Ол жағдайларда мына шоттар корреспонденциясы қолданылады:

Дт 7410 Активтерді шығынға жазу шығыстары
Кт 2710 Материалдық емес активтер
Ал тозудың жинақталған сомасы:
Дт 2740 Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы
Кт 2730 Өзге материалдық емес активтер
Жыл соңында 7210 Әкімшілік шығыстар, 7110 Өткізілген өнім және
көрсетілген қызмет шығыстары шығыстар шоттары және 6210 Активтерді
шығынға апарудан түскен кіріс шоты 5410 Ағымдағы жылдың пайдасы (зияны)
шотымен жабылады, яғни кірістер ағымдағы жылдың табысының ұлғаюына, ал
шығыстар ағымдағы жылдың табысының төмендеуіне жазылады.

1.4. Ағымдағы активтердің есебі
1.4.1. Қорлардың есебі
Астанателеком ҚТО-да қорлардың есебіне Крыкпаева Рашида
Кабдрашитовна және Абсалам Айсауле жауапты болып табылады.
Қорлар есебі Астанателеком ҚТО-да 2 ХҚЕС Қорлар және Қоғамның есеп
саясатының негізінде, синтетикалық және аналитикалық есебі жүргізіледі.
Синтетикалық шот типтік шоттар жоспары бойынша болса, аналитикалық шоттар
Қоғамның бекітілген ішкі жоспары бойынша жасалған. Қорлар мен тауарлар
номенклатурасы өте үлкен. (ҚОСЫМША 7)
1310 Шикізаттар мен материалдар синтетикалық шотына келесі негізгі
аналитикалық шоттар қорлар түрлері (сорттары) бойынша ашылған:
1310 – 201 2 кабель
1310 – 201 3 смарт карталар
1310 – 201 4 муфталар және қоршауыш кабель жабдықтары
1310 – 201 5 басқа да кабель жабдықтары
1310 – 201 6 қолданылмайды
1310. – 201 7 кеңсе тауарлары
1310 – 201 8 басқалары
1311. – 202 12 сатып алынатын шала фабрикаттар мен жабдықтаушы бұйымдар
1314 – 205 12 қосымша бөлшектер
1315 – 206 5, 206 6 – ТМҚ-ға қосымша шығындар
1316 – 207 0 – сұрыпталған ұзындықты қайта өңдеуге бағытталған
кабель
1320 Дайын өнім синтетикалық шотына келесі негізгі аналитикалық
шоттар қорлардың түрлері (сорттары) бойынша ашылған:
1320 – 222 модемдер
1320 – 222 1 телефондар
1320 – 222 2 алынған тауарлар
1330 Тауарлар
1340 Аяқталмаған құрылыс - жөндеу, тестілеу жағдайындағы негізгі
құралдар, яғни пайдалануға енгізілмеген. Ол 2930 Аяқталмаған құрылыс
шотында жүргізіледі:
2930 – 10 негізгі құралдар
2930 – 20 персоналды оқыту бойынша шығындар
293 – 30 негізгі құралдарды жеткізу бойынша шығындар
1350 Басқа да қорлар.
Есеп саясатына сәйкес Астанателеком ҚТО-да барлық қорлар орташа
салмақтанған құн бойынша есепке алынады. Қорлардың орташа салмақтанған
құны есептік кезең басындағы сәйкестендірілген даналардың орташа құны мен
сатып алынған немесе сол кезең ішіндегі өндірілген қорлардың орташа құнын
анықтау арқылы есептеледі.
Астанателеком ҚТО-ң қойма есебіне келетін болсам, 22.04.2009ж
қорлардың түгендеу рәсіміне қатыстым.
Жалпы жыл сайынғы міндетті түгендеу 1 қазан күні жүргізіледі. Одан
басқа жоспардан тыс тоқсанына 1 рет түгендеу жүргізіледі. Оның нәтижесі
түгендеу жүргізілген күннен кейін 3 күн ішінде шығарылады. Егер
жетіспеушіліктер болса, ол нарықтық құнымен өтеледі, бірақ нақты құнынан
төмен болмауы тиіс. Сонымен қатар әрбір аптаның сәрсенбі күні белгіленген
комиссия мен бухгалтер қорлардың айналым – сальдо ведомосін жасап,
қоймадағы нақты барын қойма меңгерушісі реестрге сәйкес әкелген тізіммен
салыстырып, түгендеу тізімдемесін жасайды.
Қорлар есебі олардың сақталу орны бойынша жүргізіледі.
Қоймалар жеке, жабық, үлкен дуалдармен қоршалған территорияда, Пушкин
көшесі, 161 орналасқан. Кіре берісінде күзет қызметі отырады. Территорияда
қойма контейнерлері бар, олар 1 – 17 болып нөмірленген және құлыпталған.
Әрбір қойманың есігінде қойма нөмірі, материалды жауапты тұлғаның аты-жөні
және қоймадағы сақтаулы қорлардың тобы жазылған.
Қоймалардың бас ғимаратында Материалдық – техникалық қамтамасыз ету
тобы, оның көмекші персоналы, Өндірістік – техникалық зертхана орталығы,
телекоммуникация желілері объектілерін техникалық есепке алу және
паспорттау цехы бар.
Біз, яғни қорлар бойынша бухгалтер Крыкпаева Р.К., қойма меңгерушісі
Есжанова Б.Р., материалдық ресурстар бөлімінің басшысы – Гурский О.А.,
материалдық ресурстар бөлімінің аға электромеханигі – Полетаева Е.,
инженері – Кенжетаева Е. және электр цехының аға электромеханигі –
Кругляков А.А. түгендеу жұмысын жүргіздік.
Тексеру №1, 2, және 5 қоймалардан басталды. Оларда құрылыс пен
пайдалану мақсатындағы материалдар мен шикізаттар сақталады. Қорлар жабық
бокстарда немесе ыдыстарда сақталады. Ол ыдыстар – барабандар, қорлардың
сатып алған құнында болады, яғни жеке есептелмейді. Бокстар күнделікті
кешке күзет қызметіне тапсырылады.
Қоймаларда қорларды өлшеудің мынандай түрлері бар: электрондық таразы
(онымен тек қана оценковалық сымды өлшейді), дана бойынша санау және
метрлік өлшеу (кабельдерді өлшеуге арналған).
Тексеріс басталар алдында қойма ішінен жабылып, ішіне ешбір адам
кіргізілмеді. Қоймалық қорларды материалдарды түгендеу тізімдемесімен
тексеріп, қажет емес қорларды басқа филиалдарға жіберу мақсатымен белгілеп
алдық. Түгендеу кезінде:
Бокстар 204 460 137 – 14 дана
Ленталар 201 400 361 – 10 дана
Кабель 201 400 029 – 5 дана қажетсіз болып шықты. Сондықтан оларды арыз
жазып, басқа қалалардағы филиалдарға жіберуге тура келеді.
Астанателеком ҚТО қорларды өз қызметкерлеріне басшының өкімі
негізінде есептік құнынан төмен емес бағамен өткізеді.
Егер қорлар түгендеу тізімдемесімен сәйкес келмей, жетіспесе, онда
разнярядкаларды қайта қарастырады. Мысалы, плита №201 400 227 қалдығы
түгендеу тізімдемесі бойынша 20 дана болу керек еді, ал қоймада тек қана 10
данасы болды. Сондықтан қойма меңгерушісі Есжанова Б.Р. өзінің қоймалық
құжаттарын көтеріп, Куликов А.А. шаруашылық қажеттілік үшін тағы да 10
данасын жібергенін көрсетіп, ол тізімдемеге жазылды.
Түгендеу нәтижесінде №201 404 160 муфтаның 20 данасы артық болып
шықты. Бұл жағдайда да қойма меңгерушісі кірістеу құжатын көрсетіп, муфта
түгендеу тізімдемесіне енгізілді.
№2 қоймада ТСП кабелінің қалдығы 790 м болды, яғни қойма меңгерушісі
150, 50, 15 метрін есеп беруге тиісті тұлғаға кесіп берді. Бірақ жалпы
кабель ұзындығын өлшемегендіктен, соңында жетіспеушіліктер шығуы мүмкін деп
санаймын.
Қоймаға 33 метрге арналған кабельдер ағаш барабанмен әкелінеді.
Әкелінген 2 барабаны жарық және ашық болып келді. Қойма меңгерушісі ол
кабельдерді толығымен өлшеп алмағанынша кірістеген жоқ.
Түгендеу нәтижесінде 20 метрге арналған МГКП кабельдің 50 метрі және
разетканың 10 данасы жетіспеушілік болды.
Сонымен қатар, кірістелуге тиісті спирттің 100 литрі әлі жолда келе
жатыр, 3 аптадан асты. Оның себебін қойма меңгерушісі – құятын ыдыстары жоқ
деп түсіндерді.
№4 қойма апаттық қорлар қоймасы болып саналады. Онда ПКСВ №468 545
кабельдің 27, 38 метрі артық болып шықты және олар әлі кірістелмеген.
Барлығы түгендеу нәтижесінде қорлар 2 152 190 теңгеге бағаланды.
(ҚОСЫМША 8 )
Барлық материалды – жауапты тұлғалармен кәсіпорын Толық материалдық
жауапкершілік туралы келісімшартқа отырады. Бұл құжат заңды болып табылады
және Қоғам келіспеушілік жағдайында қызметкерге соттық шағым жасай алады.
Қоймадан қорлар пайдалану шығындары және басқа да қажеттіліктер үшін тек
қана жеке материалдық жауапкершілік туралы келісімшартқа отырған тұлғаларға
беріледі (Субанбаев Т.М. Кругликов А.А. және т.б.), ол келісімшартта
берілген қорлардың бүтіндігін сақтау туралы міндеттеме және бүлінген
жағдайда оның орнын толтыру жөнінде міндеттеме қарастырылған.
Астанателеком АҚ-да қорларды есепке алудың сандық – сомалық әдісі
қолданылады.
Әрбір айдың соңында қойма меңгерушісі әкелген талаптар мен
материалдарды жіберу, кірістеу актілері материалдық есеп үлгісінде
бухгалтерияға беріледі, қорлардың нақты бары мен бухгалтерлік есептің
алғашқы есеп мәліметтері (накладной, разнарядка) салыстырылып, Sap Easy
Access 6.0 программалық жүйесіне енгізіледі.
Қоймадағы материалдар есебі қойма меңгерушісімен қоймалық материалдар
есебінің карточкаларымен қадағаланады. Олар материалдардың әрбір түріне
ашылады, онда материалдың номенклатуралық нөмірі, түсу күні, саны, келуі
және шығындалуы (сәйкес құжаттарымен расталған) көрсетіледі.
Астанателеком ҚТО-да материалдар қозғалысы ай басына және соңына
сальдосы бар арнайы ведомостарда көрініс табады (Sap Easy Access 6.0
программалық жүйесінде). Ол синтетикалық және аналитикалық есеп үшін жеке
жүргізіледі. Ай соңында қойма меңгерушісі Есжанова Б.Р. айналым -
сальдолық ведомосты қалдықтар жөнінде ақпаратпен келісемін деп қолын
қояды.
Қоймаға қорларды кірістеу үшін шот-фактура негізінде жүргізіледі.
(ҚОСЫМША 9) Қоймадан қорлардың есептен шығарылуы актілер, нарядтар
негізінде жүргізіледі. (ҚОСЫМША10)
Материалдарды қабылдау актісінде күні, құжаты, қордың атауы, бухгалтер
мен қойма меңгерушісінің қолы қойылады. (ҚОСЫМША12)
Лимитті – заборлық карталар әдетте бензинді және қосымша бөлшектерді
есепке алу үшін қолданылады.
Накладнойларды қойма меңгерушісі қоймадан қорларды есеп беруге тиісті
тұлғаға жібергенде, шығындағанда қолымен толтырады. Онда накладнойлың
нөмірі, кімге және қандай негізде қорларды босатқаны көрсетіледі. Сонымен
қатар қордың атауы, материал, партиясы, данасы, 1 дана үшін бағасы және
жалпы сомасы жазылады. Мысалы, 16.04.2009 жылы №49002457470896 накладнойы
негізінде Есжанова Б.Р. №43 цехке Субанбаев Т.М. арқылы шуруп-самонарездің
1200 данасын және жөндеу пенасының 1 данасын Астана – Мир снабжения ЖШС
неегіздемесі бойынша жіберді. (ҚОСЫМША13)

Кесте 6. Астанателеком ҚТО-да болған шаруашылық операциялардың мазмұны

Астанателеком ҚТО-да болған Сомасы, Корреспонденция
шаруашылық операцияларының мазмұны теңге
Дебет Кредит
Қорлар үшін алдын- ала төлем 110000 1210 1030
жасалды.
Қорларды қоймаға кірістеді. 110000 1310 1240
Есеп беруші тұлғалар арқылы ТМҚ 93500 1350 2150
сатып алынды.
Жабдықтаушылардан материалдар немесе50000 1310,1350 3310
өзге де қорлар келіп түсті.
Есептен шығарылды:
Негізгі өндірістегі материалдар 45000 8011 1310
Отын 30000 7210 1312
Өткізілген материалдар мен өзге 17200 7470 1310,1350
қорлардың өзіндік құны
Материалдар немесе өзге қорларды 95000 8010,8020,8030 1310,1350
өндіріске жөнелтілді:

Сызба №1. Өндірістегі материалдар есебін ұйымдастырудың сызбанұсқасы

1.4.2. Ақша қаражаттарының, басқа да дебиторлар мен қаржылық
инвестициялардың есебі
Өзінің шаруашылық қызметін атқару барысында кәсіпорын ақша айырысуға
негізделген заңды және жеке тұлғалармен қарым – қатынасқа түседі.
Астанателеком ҚТО-ң есебінің үлкен бөлігі қолма – қолсыз есеп айырысу
нысанында жүреді. Ол үшін Астанателеком ҚТО Казкоммерцбанк АҚ Астана
қаласындағы филиалындағы банктік реквизиттері мынадай: ҚР, 010000, Астана
қ., Сарыарқа ауданы, Абай даңғылы, 31.СТН 600700017446, ИИК057467457, БИК
190501724 және Алматы ауданы, Кеңесары көшесі, 55. СТН 031400135398, БИК
195301716, ИИК 000425904.
Астанателеком ҚТО-да банктік қызмет бойынша ІІ санатты бухгалтер
Сабанбаева Рысалды Аубакировна жауапты.
Есеп шоты бойынша барлық операциялар банкте өтеді, онда барлық уақытша
бос ақшалар сақталады. Барлық операциялар тек қана Қоғам басшысының
келісімімен төлем тапсырмасы, төлем – талап тапсырмасы, чектер, төлем
карточкалары арқылы жүргізіледі. (ҚОСЫМША14, 15,16)
Ақша қаражаттарының қозғалысын жалпылау үшін 1030 ағымдағы банктік
шоттағы ақша қаражаттары шоты бар. Оның дебеті бойынша ақша қалдықтары мен
кірісі, ал кредиті бойынша есеп шотынан есеп шотынан алынған ақша
көрсетіледі.
Есеп шотын ашудың белгіленген тәртібі бар. Есеп шотына номер
тағайындалады, ол барлық қолма-қолсыз операция құжаттарында және кассадан
ақша берілгенде немесе кірістелгенде болады.
Әр күн сайын АҚ Казкоммерцбанк Астанателеком ҚТО-на есеп шотынан
көшірме береді. Ол бас бухгалтермен тексеріліп, корреспонделінген шотпен
салыстырылады. (ҚОСЫМША17)
Содан кейін көшірмелер № 2 журнал – ордерге кредит бойынша, ал № 2
ведомостқа дебет бойынша жазылады, бұнда олар ай бойы жинақталады. Әрбір
көшірме үшін жеке жол бар. Ай соңында № 2 журнал – ордер және № 2 ведомост
мәліметтері бас кітапқа көшіріледі (ҚОСЫМША18).
Кесте №7.

Астанателеком ҚТО-ң шаруашылық Сомасы, Корреспонденция
операцияның мазмұны Теңге
Дебет Кредит
Есептік шотқа ЖШС Мастер СС-тан
орындалған жөндеу жұмысы үшін ақша 400 000 1060 2110
кірістелді.
Есеп шотынан кассаға қолма-қол ақша 45 000 1010 1030
алынды.
Жеке тұлғалардан бюджетке ЖТС аударылды. 22 000 3120 1030
Заңды тұлғалардан бюджетке КТС аударылды
. 120 000 3110 1030
Жинақтық зейнетақы қорына аударымдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астанателеком ҚТО Бухгалтерлік есеп және есептілік
Негізгі құралдардың тозуының есебі
Астана қаласындағы Хан Шатыр СОО-да Астанателеком ҚТО тарапынан телекоммуникациялар қызметтерін көрсету сұлбасының жаңа жобасы
Кәсіпорынның бағалық саясатының маңызы
Аcтана қалаcында WiBro технoлoгияcының негiзiнде кең жoлақты байланыcын oрнату барыcы
Қызмет көрсету саласындағы маркетингтің мәні мен қажеттілігі
Шаруашылық жүргізуші субъектілер сыныптамасы
Коммерциялық қызметті қарқындандыру тұжырымдамасы
Спутник байланыс желісіндегі ақпаратты қорғаудың маңыздылығы
Қазақстан Республикасының инновациялық қызмет саласы
Пәндер