ҚАРЖЫ САЯСАТЫ, ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ


Жоспары
1. ҚАРЖЫ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ
1. 1 Әлеуметтік - экономикалық процестердегі қаржы саясатының және қаржы механизмінің мәні мен маңызы
1. 2. Қаржы саясатының мазмүны, міңдеттері және мақсаттары
1. 3 Қаржы механизмінің мазмүны мен қүрылымы
2. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САЯСАТ
2. 1 Мемлекеттік қаржы түсінігі және қүрылымы
2. 2 Мемлекеттік бюджет жалпы мемлекеттік қаржыныц негізгі буыны реінде
2. 3 Қаржы саясатының мемлекетпен байланысы
3. ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ АҚША-КРЕДИТ САЯСАТЫ
- Ақша-кредит саясаты және оның типтері
3. 2 Ақша-кредит саясатының қазіргі кездегі даму жағдайы
3. 3 Ақша-кредит саясатын жүргізу әдістерін және қүралдарын жетілдіру
3. 4 Үлттық банктің алтын валюта активтері және оларды басқар у
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиетер тізімі
Кіріспе
Нарықтық экономика, оны біртұтас жүйе ретінде алғанда, тұрақты да тоқтаусыз өзгеріп дамиды және күрделене түседі.
Нарықтық экономика дамыған сайын, оның бір - бірімен байланысты, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, технологиялық, экологиялық, тіпті, саяси және халықаралық т. б. даму факторлары және ішкі ұйымдық - экономикалық құрылымдары (объективтілері мен субъективтілері) қалыптасып - өзгеріп, бір - біріне ықпал жасап, әр түрлі қайшылықтарды өмірге әкеледі.
Мезгілі жеткен кезде олар шешімі күрделі әлеуметтік, экономикалық, саяси қиыншылықтарға соқтыруы мүмкін, бірақ осының жалпы басым нәтижесі - нарық механизмі тиімділігінің артуы болады.
Бұл заңдылық нарықтық экономиканың барлық тарихи даму кезеңдерінде, оның қарапайым тауар айырбастау формаларының пайда болуынан бастап, ұлттық - мемлекеттік шеңбердегі нарықтық шаруашылықтардың қалыптасуын қоса, осы күнгі күрделі халықаралық нарық түрлеріне дейін тоқтаусыз жалғасып келеді.
Мысал ретінде XVIII ғ. соңы-XIX ғ. бас кезінде Батыс елдерінде болған процестерді алуға болады. Бұл кезең адамзат тарихында әлеуметтік-экономикалық прогрестің мәнін терең түрде өзгерткен, өнеркәсіп революция (өнеркәсіптік төңкеріс) деп танылған процеспен сипатталады. Нәтижесі-экономикалық дамудың қарқынды өсуін тудырған жаңа сапалық даму деңгейі.
Экономикалық өсу қарқыны артуы және нарыктык катынастар аукымының кеңеюі нәтижесінде тауарларды көптеп (жаппай) өндіру әдісі машиналық -индустриялдық өндірістін негізгі белгісі болады. Тауарларды жаппай (көптеп) өндіру бір өнімге (өнім өлшеміне) кеткен өндіріс шығындарын азайтуға мүмкіндік берді. Өнімнің арзандауы, өндіріске тартылған халық санының өсуі және табыстардың артуы нарық айналымын елеулі түрде кеңейтті.
Өндірістің техникалық дамып-өсуі - кездейсоқ болған уақиға емес. Оны тек адамзат қоғамындағы білімнің қордалануымен ғана түсіндіруге болмайды.
Ғылыми -техникалық жаңалықтардың ашылуы экономикалық қажеттіліктен туындайды. Сауданың өсіп-кеңейюі, айналымдағы тауар-ақша масасының артуы бәсекелестікті өршітті.
Оның үстіне Европаның шектелуі аумағында халықтың саны өсіп, экономикалық кеңістік тарыла түсті; бұл жағдай да бәсекелестікті одан әрі асқындырып жіберді. Бір-бірімен қарсыластық, басқалардан жоғары экономикалық нәтижеге ұмтылу, өндірістегі өз орнын сақтап, қалу мақсаты іскерлер қауымының көптеген өкілдерін жаңа техникалық және технологиялық шешімдер іздестіруге итермелеп, ынталандырады.
XVIII-XIX ғғ. экономикалық өзгерістер көптеген басқа әлеуметтік-экономикалық процестердің өзара байланыстарына, нақты айтқанда, нарық механизмі мен мемлекет арасындағы байланыстарға жаңаша негіз қалады. Шаруашылық жүйенің күрделенуі мемлекеттің қолдау, түзету, үйлестіру әрекеттерін арттыруға мәжбүрледі.
Мемлекеттің міндеті нарық инфрақұрылымын құру болды, немесе экономикалық дамуды құқұқтық институттар мен тәртіп нормаларымен қамтамассыз ету, экономикалық дамудың ішкі және сыртқы қауіпсіздігін, ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау. Осындай инфрақұрылым нарық механизіміне, оның тиімдірек қызымет атқаруы үшін қажет болды.
Осы айтылған экономикалық ақиқатттылықтардың өзара қабысу (нарық-өндірістік ревалюция, нарық-мемлекет) тиімділігінің жоғары болғаны сондай, XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарында экономикаың өсу қарқыны тіпті шамадан тыс артып кетті. Ол кезде шаруашылық жүйенің жалпы экономикалық тепе-теңдікті сақтап қалу механизмі әлі жоқ еді. 1929-1933 жылдардағы бүкіл әлемдік экономикалық дағдарыс соның қасіретті айғағы. Осыдан кейін: мемлекеттің экономикаға қатысуын жаңа деңгейге көтеріп, шаруашылық механизмі мен мемлекеттің өзара байланыстарының тиімдірек нұсқасын (вариантын) табу қажет деген тұжырым жасалды. Экономика мемлекеттің жан - жақты және тұрақты қолдануын қажет ететін болды. Осылай «экономикалық саясат» деп аталатын құбылыс (феномен) пайда болды.
Өзгеріп кеткен жағдайда мемлекет инфрақұрылымдық сипатты шаралар жүйесін күрт кеңейтті. Бірақ нарық механизмінің жаңаша өзгерген түрінің негізгі қажет еткені-нарықтық экономиканы сырттан реттеп-үйлестіру әдістері болды. Нарық механизмінің өзін-өзі іштен реттеу мүмкіншілігінің шектеулі екені айқындалып, оны енді сырттан түзетіп-реттеу (корректировка) қажеттігі артты.
Сырттан реттеп - түзету шаралар жүйесіне үздіксіз дамитын нарықтық экономиканың жалпы экономикалық тепе - теңдігін сақтап тұру жатады. Тепе - теңдік ұғымының өзі экономикалық қана емес, сонымен қатар, әлеуметтік реңк алды. Әлеуметтік сақтандырудың көп тармақты жүйесін жасау қажет болды.
Қаржылық саясат элементтерінің алғашқы жасалған кезеңін ХIХ ға-сырдың соңынан бастаған дұрыс. Мысал ретінде бұл жағынан басқалардан озған Германияны алуға болады. О. Бисмарктың нұсқауымен Германияда әлеуметтік қорғау туралы заңдар қабылданды, соның негізінде жаңа сфера өмірге келді.
Алғашқы қаржылық саясаттың ерекше сипаттық белгісі оның жеке-жеке қалыптасқан жағдайларды түзетуге бағытталған стратегиясы. Мұндай экономикалық саясат теорияда «нүктелік» (точечная) стратегия деп аталады. Оның шеңберінде экономикалық саясаттың келесі жекелеген түрле-рі практикада қолданылды: кедендік, аграрлық, өндірістік, әлеуметтік. ХХ ғ. Бас кезінде осындай «шашыранды» саясаттың орнына оның жаңа нұсқасы келді.
Кең ауқымды да кешенді экономикалық саясат жасап, оны жүргізуге қуатты ықпал жасаған және мәжбүр еткен бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар болды. Соғыс қоғам өмірінде өте өткір саяси-әлеуметтік және эко-номикалық проблемалар жүйесін қалыптастырды.
Бірақ сонда да нарықтық экономиканың өзін - өзі реттеу мүмкіншілігіне деген сенімді түпкілікті үзген жоғарыда айтылған, 30-шы жылдардың әлемдік экономикалық дағдарысы болды. Мемлекеттің араласуы аймақтық қана емес, жалпы экономикалық, ал кейінірек - халықаралық сипат алды.
Арнайы әдебиеттерде экономикалық саясаттың көптеген анықтамалары кездеседі. Солардың ішінде ГФР елінің белгілі ғалымы Х. Гирш қысқа, бірақ мазмұны терең анықтама берген еді. Гирштің пікірінше, мемлекеттің эконо-микалық саясаты-экономикалық процестердің бағытын бір арнаға түсіру үшін жасалған, оларға ықпал ету, немесе олардың ағымын алдын ала анықтап, тікелей реттеу шараларының жиынтығы.
Мемлекеттік реттеудің іс - шаралар жүйесінде оның әртүрлі, мысалы, практикалық және ғылыми, жақтарын бөліп анықтауға болады. Практикалық жағы-бұл мемлекеттік реттеудің нақты іс-шаралар жиынтығы. Теориялық жағы-бұл ұлттық экономиканың ең тиімді дамуына ықпал жасайтын жағдайларды, себептерді және іс-әрекеттерді жүйелі түрде реттеу; оның ғылыми аспектісіне экономикалық саясаттың үлгілерін (модельдерін) және болжау-бағдарламасын жасау да жатады.
Ғылыми-экономикалық сананы қалыптастыру - экономикалық саясат теориясының маңызы зор міндеті болып саналады. Нақты алғанда, мемлекет-тің міндеті-«жалпы жағдайды жасау, ал оның шеңберінде әрбір шаруашылық субъектілері рационалды шешімді өздері қабылдап, іс-әрекет қылу қажетті-гін түсіндіру».
Қаржылық саясатта жалпы экономикалық процестерге ықпал жасаушы және нақты шаруашылық салаларын реттеуші әдістер бөліп көрсетіледі. Соңғыларына мемлекет қызметкерлерінің еңбек ақысын реттеу, жоғары және жалпы білім беру мекемелерін қаржыландыру, ұсақ кәсіпкерлікті қолдау, т. б. жатады.
Институционалдық және салалық анықтау принциптеріне сәйкес аграр-лық, өндірістік, сыртқы экономикалық, әлеуметтік саясат түрлері анықтала-ды. Функционалдық анықтау белгілеріне сәйкес экономикалық саясаттың конъюнктуралық, құрылымдық, баға, валюта, несие және қаржы нұсқаларын (варианттарын) анықтауға болады.
Қаржылық саясаттың қалыптасу жағдайын қарастырып болған соң, оны мынадай үш қағидалық анықтамамен анықтауға болады. Экономикалық саясат әрқашан да екі фактордың: шаруашылы жағдайының тоқтаусыз өзгеруі және экономикалық сана мен ойлау деңгейінің ықпалында болады. Осы факторлар өзара байланысты келеді, сонымен бірге, олар шартты түрде бір-біріне тәуелсіз болады.
Дамыған елдерде қалыптасқан тәжірибе көрсеткендей, экономикалық саясаттың тиімділігі сол елдің нақты жағдайына неғұрлым жақын жасалса, соғұрлым жоғары болады екен.
Экономикалық саясат елдегі саяси күштердің арақатынастарын, өндірістік-техникалық мүмкіншіліктерін, әлеуметтік құрылымының жағдайларын, мемлекеттік мекемелердің жалпы экономикалық және жергілікті тәртіптерін есепке алып, ескеруі қажет болады екен.
1. Қаржы саясаты және қаржы механизмі
1. 1 Әлеуметтік - экономикалық процестердегі қаржы саясатының және қаржы механизмінің мәні мен маңызы
Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай экономикалық немесе өлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе кредит, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.
Бүдан бүрын айтылғандай, кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады.
Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды роль атқарды. Оны жасап, жүзеге асыру процесінде қоғам алдында түрған міңдеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі қүралы болып табылады.
Қаржы саясаты - бүл қоғамның өлеуметтік - экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының қүрамды бөлігі болып табылады.
Материалистік диалектика жүйесіңце түрлі басқа саясат сияқты қаржы саясаты крндырмаға жатады, ал қаржы саясатыңда білінетін және өндірістік қатынастардың, белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде көрінетін қаржы қатынастары базистік болып табылады (2. 1. сызбаны қараңыз) .
Қаржы саясатын жасау процесіңде елдің алдына қойылған міндеттердің орындалуы үшін материаддық жағдайлар қамтамасыз етіледі. Сондықтан тап қаржы саясаты экономика мен әлеуметтік сфераға ықпал жасаудың белсеңді тетігі болып табылады.
Демек, қаржы саясаты қаржы ресурстарын іздестіру, шоғырландыру және жинақтау және экономикалық саясат жасайтын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің міндеттерін шешеді.
Қаржы саясаты өзіне:
- Бюджет;
- салық;,
- ақша;
- кредит;
- баға:
- кеден;
саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың қүралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын - үлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да үмытуға болмайды.
Осы бес бағыттың жиынтығы мемлекеттік саясатты жүргізудің негізгі қүралы болып табылатын қаржы саясатын анықтайды.
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады.
Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауыңда ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды.
Үкімет экономиканы дамытудың басты бағыттарын жүзеге асыру жөне қоғамдағы өлеуметтік түрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен осы Жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жасауы тиіс. Осыған орай биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі ретінде
Үкімет қаржы саясатын іске асыруға қажетті зандардың жобаларын жасайды және оларды қарап, қабылдау үшін Президентке тапсырады.
Мезгілінің үзақтығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай мемлекеттің қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөлінеді.
Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының үзақ мерзімді қурсы.
Ол макроэкономикалық процестер дамуының үзақ кезеңіне бағьпталған, ал оның шеңберіңдегі күнделікті міңдеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезеңдері ретінде жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржы саясатының мазмүны экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығымен үнемі анықталып отырады.
Қаржы стратегиясын мемлекет қоғам дамуының ірі тарихи кезеңдеріне үйлестіре отырып жасайды. Оны жасау процесінде қаржыны дамытудың негізгі тенденциялары болжанады, оны пайдаланудың түжырымдары қалыптасады, қаржы қатынастарын үйымдастырудың қағидаттары белгіленеді.
Үзақ мерзімді мақсаттарды таңдап алу және қаржы саясатыңда мақсатты бағдарламаларды жасау қаржы ресурстарын экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарында шоғырландыруды қажет етеді.
Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын үйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің мөселелерін шешуге бағытталған.
Ол назарды кезек күттірмейтін міндеттерді шешуге, пайда болған үйлесімсіздіктерді қаржылардағы және еддің, аумақтың, саланың экономикасындагы ауытқушылықтарды жоюға шоғырландыра отырып, стратегиялық нүсқаманы нақтылайды.
Қаржы стратегиясының біршама түрақтылығы кезінде қаржы тактикасы орамдылығымен (икемділігімен) ерекшеленуі тиіс, ол экономикалық жағдайлардың, әлеуметтік факторлардың және басқалардың ширақтылығымен алдын ала анықталады.
Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы өзара байланысты. Стратегия тактикалық есептерді шешу үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Экономика мен өлеуметтік сала дамуының шешуші учаскелері мен басты проблемаларын анықтай отырып, тактика әдістерді өзгерту, қаржы байланыстарын үйымдастырудың нысандары арқылы неғүрлым қысқа мерзім ішінде ысырап пен шығындарды ең аз жүмсап, қаржы стратегиясы белгіленген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Қаржы саясатын экономикалық қатынастар тудырады, ейткені қоғам қаржы саясатын жасауда ерікті емес, ол езінің мүмкіндіктеріне, объективті шындықтың шарттарына сүйенеді.
Қаржы қатынастары дамуының озінің айрықшалықты зандарыболады. Қаржының логикасы дамуға өзара кері ықпал жасай алады: экономиканы тездетеді немесе оған кедергі жасайды.
Қаржы саясаты қаржы ресурстарын шоғырландыруға және зәру міндеттерді шешуге бағытталған, тап осы мемлекеттің қоғамдық өңдіріске ықпал етуіне мүмкіндік жасайды.
Экономика мен қоғамның әлеуметтік дамуына қаржы саясатының ықпал жасауы қаржы саясатының ғылыми негізделген теориясы негізінде жүзеге асуын талап етеді.
Тек ғылыми кезқарас, саясатты анықтайтын барлық факторларды біліп, зерделеу оның салыстырмалы дербестігінің объективті экономикалық қатынастар теуелділігіне үласпауының кепілі.
Экономикалық дамудың төжірибесі қаржы саясатының экономикадан қол үзуінің қатаң экономикалық қиыншылықтарға үрыңдыратынын, қоғамдьгқ дамудың міндеттерін іске асыруды сөзсіз тоқтататынын дөлелдейді.
Қаржы саясаты ғылыми зерттемелерге негізделсе жөне ғылыми тәсілдеме қаржы саясатының нақтылы қаржы қатынастарынан үзілмейтіндігіне қызмет етсе, онда қаржы саясаты прогрессивті болуы мүмкін.
Қаржы саясаты қазіргі кезеңде қарама-қайшылықты міңдеттерді шешеді, демек, қаржы саясаты баланстандырылған болуы тиіс. Қазіргі жағдайда қаржы саясатының негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
- шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасыңда нарықтық қатынастарды нығайту жөніңде шаралар жүргізу;
- дағдарысты жай-күйді жою жөне қаржы жүйесін сауықтандыру;
3) халықты әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар кешенін жүргізу.
Нарықтық экономика жағдайыңца үзақ мерзімді ғылыми қаржы
болжамдарына негізделген және қаржы реттеуіштерінің жүйесіне сүйеніп әрекет ететін тиісті қаржы саясаты материалдық - заттай, ақша ағындарының күнделікті әрі перспективалық тепе-тендігіне жетудің, соның негізінде қоғамның үдемелі экономикалық өсуін қамтамасыз етудің негізгі еркениетті әдісі болып табылады.
Ол бірінші кезектегі міндеттерді - мемлекеттік бюджеттің тапшылығы мен ішкі жөне сыртқы борыштың мөлшерін, қаржы рыногын дамьу, қодданыстағы салық жүйесін жетілдіру, инфляцияның қарқынын төмендету және т. б. шешу үшін пайдаланылады.
Сонымен бірге қаржы реттеуіштерінің жүйесімен айлашарғы жасау арқылы белгілі бір түрде мемлекет пайдаланатын қаржы айналымында жүрген нақты ресурстар тиісті қаржы саясатына жетудің негізгі қүралдары бола бастайды.
Қаржы саясатын нақты тарихи жағдайларға байланыстыра отырып жасау қажет. Олар қоғам дамуының әрбір кезеңінің өзгешелігін, ішкі, сол сияқты халықаралық жағдайдың да ерекшеліктерін, мемлекеттің нақты экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерін ескеруі тиіс.
Қаржы ресурстарының көлеміне белгіленген жөне жүмсалған шығындардың тікелей тәуелділігі жай ғана қаржы саналылығының айғағы болып табылады жөне шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде қолдап отырылуы тиіс.
Бүл маңызды талапты сақтамау бюджет тапшылығының, мемлекеттік бо-рыштың пайда болып, көбеюіне, инфляциялық процестерге үрындырады.
Кезең ерекшелігін есепке алу оның алдыңғы шаруашылық жөне қаржы қүрылысының тәжірибесін, жаңа тенденциялар мен прогрессивті қүбылыстарды, дүниежүзілік төжірибені мүқият зерделеуді де қажет етеді. Ағымдағы кезеңнің ерекшеліктерін, экономикалық дамудың толғағы жеткен қажеттіліктерін есепке алу негізіңде қаржы саясатын дер кезіңде өзгертіп отыру алдыда түрған мәселелерді неғүрлым қысқа уақытта жөне ең аз шығындармен шешуге мүмкіндік береді.
Қаржы саясатын жасаған кезде оның бірнеше нүсқалары дайындалады. Олардың барлығы сараптық бағалаудан өткізіледі, неғүрлым оңтайлы нүсқасы үкіметке жіберіледі.
Көп нүсқалы жоба математикалық үлгілеу мен жобалауды пайдалануды талап етеді. Мүнымен бірге үнемі өсіп отыратын қаржы ресурстарының босалқы қорын жасау қажет, сондай-ақ мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің табыстарын алудың неғүрлым оңтайлы үлестерін анықтау қажет.
Қаржы саясатын жасаған кезде қаржы ресурстарын бөлуге жөне оларды негізгі бағыттарға шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.
Елдің қаржы жағдайы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады:
- жалпы қоғамдық өнім мен үлттық табыс;
- инвестициялаудың ауқымы;
- негізгі қорларды (капиталдарды) жаңартудың қарқыңдары;
- еңбек өнімділігінің өсуі;
- халықтың түрмыс деңгейі;
- мемлекет бюджетінің тапшылығы.
Соңғы жылдардағы Қазақстанның қаржы жүйесі мемлекет бюджетіне төленбеген толемдермен сипатталады. Жүйелі төлем қабілетсіздігінің салдарынан мемлекеттің борышын арттыруға тура келеді.
Түрақтандырудың қаржы саясаты өзіне мына міндеттерді кіріктіреді:
- инфляцияны тоқтату;
- бюджет тапшылығын ЖІӨ-нің 2% дейін төмендету;
- мемлекет борышын ЖІӨ-нің 48% дейін жеткізу.
Қаржы саясатына ақша-кредит саясаты қосылады. Қаржы саясаты жетістіктерінің бірі Үлттық банк кредиттерін беру (эмиссия) жолымен мемлекеттік борышты жабудан заңнамалық түрде бас тарту.
Қаржылық түрақтандырудың міндеттеріне мыналар кіреді:
- түрақты бағалар (инфляция нөлге жуық) . Алайда инфляция жылына шамамен 1, 8% тең болатын дамыған еддерде де болады;
- бюджет тапшылығы ЖІО-нің 2-3% аспайды;
- мемлекет борышы аз соманы қүрауы тиіс және тек ЖҮӨ-нің өсуімен өсуі тиіс.
Қаржы саясатына қойылатын маңызды талап қаржы саясатын жүргізгенде, яғни дамудың белгілі бір кезеңінің негізгі міндеттерін орындауға шаралар бағыттау жолымен қаржы жүйесінің барлық буындарында жүргізілетін шараларды келіскенде кешенді көзқарасты сақтау, сондай-ақ экономикалық саясаттың қүрамды бөліктері арасында қаржы, кредит, баға белгілеу, жалақы салалары саясатында тығыз өзара байланысты қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржы саясатының бағыттары фискалдық жөне экономикалық саясат болып табылады. Фискалдық саясат ең маңыздысы мемлекеттік бюджет болып табылатын орталықтандырылған мемлекеттік қорларды толықтырумен, экономикалық саясат экономикалық процестерді реттеумен байланысты.
Фискаддық саясат салық толемдерін алу, "қоғамдық тауарларды" өндіру кезінде ресурстарды орналастыру, оларды белу, ақша қаражаттарының трансферттік ағындарының қозғалысы жөніндегі бөлу жөне қайта бөлу әрекеттерін, үкімет пен жергілікті органдардың экономикалық және өлеуметтік сфераларда қаржыны пайдалану жөніндегі басқа іс-қимыддарын қамтиды.
Фискалдық саясат дискредициялық саясат ретінде, яғни үлттық өңдірістің нақтылы көлемін, жүмыспен қамтылуды (жүмыстылықты) өзгерту, инфляцияны бақылау, экономикалық өсуді тездету мақсатымен мемлекеттің салықтарымен және шыгыстарымен саналы айла-шаргы жасау ретіңце жүргізіледі.
Экономикалық цикдцің сипатына қарай ынталандырушы немесе тежеуші фискалдық саясат жүргізілуі мүмкін. Икемсіз (дискредициялық емес) фискалдық саясат экономикалық циклдің түрлі фазаларыңдағы өрлеу не-месе қүлдырау фазаларыңдағы үлттық өнім көлеміне теңбе - тең түрде мемлекет шығыңдарының және салық алудың түрленуі үғынылатын автоматты немесе кіріктірме түрақтандырғыштың кіріктірме түрақтылықтың іс-әрекетін қажет етеді.
Сондай-ақ бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясатты ажыратады (бүл мәселелер оқулықтың 14. 3 және 19. 3 бөлімдерінде толық баяндалған) .
1. 2. Қаржы саясатының мазмүны, міңдеттері және мақсаттары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz