Кеңестік дәуір және тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі ауыл тұрмысы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

Кеңестік дәуір кезіндегі ауыл ахуалы2

Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі ауыл тұрмысы5

ХХІ ғасырдағы ауыл келбеті7

Қорытынды10

Кіріспе

Қазақтың басым көпшілігі ауылда тұратындықтан ауыл туралы айту менің ойымды сан-саққа жүгіртіп, не туралы айтсам екен деген ой жан-дүниемді жаулап алды. Ауыл дегенді ауыз толтырып айта алатынымыз да анық. Мәселе не жөнінде айту керектігінде. Ауыл - қазақтың тілін, ділін сақтап қалған атамекені. Ауыл - бүкіл қазіргі бетке тұтар апаларымыз бен ағаларымыздың туып-өскен, кіндік қаны тамған жері. Ауыл… Бұл тұрғысында мен қазіргі нарық жағдайына бейімделіп келе жатқан ауыл адамдары мен ауылдың келбеті туралы әңгіме қозғамақпын. Сірә, жатпай-тұрмай ауыл туралы мақтан сөздерді көпірткеннен гөрі қазіргі өзекті де күрделі ауыл адамдарының нарық экономикасындағы жағдайы жөнінде шығарма жазғанды жөн көрдім. Әрине мұнда ауырпашылықтар мен кемшіліктер, еңсесін көтеріп келе жатқан ел және оның игеріп отырған жері туралы біршама баяндаймын. Сондықтан мен өз шығармамды тым әріден бастағанды дұрыс деп шештім.

Кеңестік дәуір кезіндегі ауыл ахуалы

Елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық өмiрiнде орын алған кеңестiк саясаттың ақыры ауыл шаруашылығын тұйыққа тiреп, оны экономикалық дағдарыс жағдайына алып келдi. Солай десек те, әкiмшiл-әмiршiл жоспарлы басқару жүйесiнiң Қазақстанда жүргiзген реформаларының өзiндiк күрделi ерекшелiктерi болды. Республикамыздың экономикалық және әлеуметтiк даму жағдайы халық шаруашылығының басты саласы - ауыл шаруашылығының дамуы дәрежесiне байланысты едi. Кеңестiк жүйенiң ауыл шаруашылығында жүргiзген саясатының сәтсiздiктерге ұшырауының бiрден-бiр себебi, ол ауыл шаруашылығын интенсивтендiру бағытында емес, экстенсивтi жолмен дамуына кеңiнен жол берiлуiнде. Әкiмшiл-әмiршiл жоспарлы басқару жүйесi кезiнде жүргiзiлген реформалардың сан қуған сапасы жоқ саясатының, сонымен қатар, орасан зор көлемдегi есепсiз қаржыны талап ететiн өте ауқымды, күрделi мазмұнда iс жүзiне асырылып отырған жұмыстар қолайсыз жәйттердi туғызды. Осының барлығына ауыл шаруашылығының басқару жүйесiнде үстемдiк құрған әкiмшiл-әмiршiл жоспарлы басқару жүйесiнiң рөлi басым болды. Сондықтан да соғыстан кейiнгi жылдардағы ел экономикасындағы дағдарысты жағдай ауыл шаруашылығында нақты көрiнiс тауып, тереңге тамырын жайды. Елiмiздiң экономика саласындағы мұндай дағдарыстар халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн, әл-ахуалын күрт төмендетiп жiбердi. Осындай кемшiлiктердi жан-жақты талдауға, оны ашып айтуға әкiмшiл-әмiршiл жоспарлы басқару жүйесi кезеңiнде рұқсат етiлмедi және жоғарыдан басқару жүйесi бұған мүмкiндiк те бермедi. Сондықтан бұл мәселелер ақтаңдақтар қатарында ендi ғана зерттеле бастады.

Қазiргi таңда тарихымызды жаңаша көзқараспен қараудағы өзектi мәселелердiң бiрi соғыстан кейiнгi жылдардағы аграрлық мәселе болып табылады. Себебi осы ауыл шаруашылығы дамуында әкiмшiл-әмiршiл жоспарлы басқару жүйесiнiң қарама-қайшылықты тұстары айқын көрiнiс бередi.

Соғыстан кейiнгi бесжылдықтарда Қазақстан экономикасының ауыл шаруашылығы саласын жетiлдiрудегi әкiмшiл-әмiршiл жоспарлы басқару жүйесiнiң науқандық шаралары одан әрi жалғастырылды. Әкiмшiл-әмiршiл жоспарлы басқару жөйесiнiң қазақ халқын титықтатқан «жоспаршылдық» саясаты кең көлемде жүргiзiлдi. Кеңестiк жүйенiң жүргiзген шараларының ауыл шаруашылығын көтерудегi көптеген тұстарына мән бермеуi, қажеттi мөлшерде көңiл бөлiнбеуi салдарынан көптеген олқылықтарға жол берiлдi. Әсiресе, мал шаруашылығында сапасы жоқ сан қуған саясаттың тереңдеп сiңуi ел экономикасының алға көтерiлiп дамуына көп кедергiлер жасады.

Қарастырылып отырған кезеңде орталыққа тәуелдi болған Қазақстанның экономикасы тек шикiзаттық бағыт негiзiнде ойластырылып, өркендедi. Елiмiздiң ұлан-байтақ кең даласы азық-түлiк мәселесiн шешетiн миллиардтаған пұттық астық отанына айналдырылды. Әкiмшiл-әмiршiл жоспарлы басқару жүйесi саясатының шырмауына оралған республикамыздың жайылымдық жерлерiнiң өзi де егiс алқаптарына айналдырылды. Сөйтiп, сан ғасырлардан берi төрт түлiк малдың өрiсi болған шөбi шүйгiн жайылымдар өзiнiң дәстүрлi мәнiн жоя бастады. Бар маңызы социалистiк тұрғыда жиналып, тек беткi сипаты, яғни түрi ғана ұлттық мәдениет үшiн ықпал жасалынды деуге де болады.

Қазіргі кезде сол кезеңді көзімен көрген қариялар Н. Хрущевтың жер мен көкті жүгеріге толтырмақ болғанын айтып отырады. Осындай солақай саясаттың соңы совхоздарға айналдырумен ұласып ақырында одан да мәнді нәтиже шыға қоймаған соң өзіміз өтіп жүрген «Қазақстан тарихы» пәнінде атап айтылатын 1965 жылдардағы экономикалық реформаға жалғасыпты. Бұл шала-шарпы реформа социалистік ауқымнан шыға алмастан ел экономикасында шетелден бидай, яғни астық сатып ала бастаған екен. Бірте-бірте коммунистік партия басшылары 1980 жылдардың басында айқайлатып ат қойып, айдар тағып «Азық-түлік бағдарламасын» іске асырмақ та болған көрінеді…

Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі ауыл тұрмысы

1991 жылдан бастап 1998 жылдарға дейін, тіпті бертін келе де ауыл жағдайы өте ауыр болды десем артық емес. Ел ауылдан үдере көшіп қоныс аударып қалаға жөңкіліп жатты. Жекешелендіру барлық колхоз, совхоздарды таратуға басты назар аударып, ондағы техника, асыл тұқымды ірі қара, майда малды да үлестеп бөліп беріп тым асыра сілтеп жібергені айқын. Бір-екі жыл ішінде-ақ ауылдың ыңыршағы айналып, ауыл азаматтары жұмыссыз қалды. Шаруа қоржалықтарынан көп үміт күткен едік, бірақ әу баста бәрі нарыққа бейімделу оңай көрінгенімен, бұл жеңіл-желпі нәрсе емес екенін басшылар да кейін ұқты.

Елiмiз тәуелсiздiк алғаннан кейiн, 1992 жылдан бастап экономикалық реформа жүргiзiле басталды. Бұл реформа ауыл шаруашылығы саласын айтарлықтай күйретiп жiбердi. Мысалы «1990 жылы барлық егiстiк жердiң көлемi 35, 2 млн. гектар болса, 2000 жылы 16, 2 млн. гектарға дейiн қысқартылды. Нәтижесiнде алынған астық көлемi азайды. Оны мына деректерден көруге болады: 1990 жылы 28, 5 млн. тонна астық жиналса, ауа райы қолайлы 2001-2002 жылдары жиналған астық көлемi небәрi 16 млн. тонна болды». Бұл өз кезегiнде азық-түлiк бағасының қымбаттауына түрткi болды. Мал басы да күрт кемiдi. Ауыл шаруашылығы техникаларының тозуы, мамандардың басқа салаға ауысуы жағдайды тiптен қиындатып жiбердi.

Мұның барлығы дұрыс ойластырылмаған, ұйымдастыру жұмыстары жүргiзiлмеген реформаның «жемiсi» едi. Республикада реформа өте асығыс жасалды. Тiптi, алдын-ала жоспарланған, ғылыми тұжырымдамалар да болмады. Сөйтiп, жылдар бойы қалыптасқан мал шаруашылығы мен аграрлық саладағы дәстүрлi технологиялық процестерге елеулi нұқсан келдi.

Жалпы, ауыл шаруашылығын нарықтық қатынастарға көшiру реформаның ең қиын мiндетi едi. Өйткенi, бұл бiр жағынан реформаның нысаны ретiнде өте күрделi болса, екiншi жағынан мұнда жылдар бойы шешiмiн таппаған проблемалар көп болатын. Оған қоса салада экономикалық, әлеуметтiк және биологиялық факторлардың өзара байланыста болуы да белгiлi дәрежеде қиындық туғызды.

Ауылға мемлекет тарапынан қолдау аз болғандықтан аграрлық сала дағдарысқа ұшырады. Жерге минералдық және органикалық тыңайтқыштардың аз қолданылуы топырақтың құнарлылығының кемуiне, ал ол болса мал басының азаюына, асыл тұқымды жануарлардың жойылуына себепшi болды. Бұл қиын кезеңнен шығудың жалғыз жолы - ауылда аграрлық реформаны жүзеге асырып, жүйенi түбегейлi өзгерту қажет едi.

ХХІ ғасырдағы ауыл келбеті

2002-2003 жылдары Қазақстан агроөнеркәсiп кешенiнiң дамуы үшiн негiз бола алатын екi құжат қабылдады. Олар: Қазақстан Республикасы 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк және 2010 жылға дейiн ауылдық аймақтарды дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы. Аталған бағдарламаны iске асыру жолында ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлерге азық-түлiк рыногына енуге жеңiлдiктер жасалып, материалдық-техникалық көмек көрсетiлдi. Бұл жұмыстар бүгiнгi таңда нәтижесiн көрсетiп жатыр.

Қазiр ауыл шаруашылығын мемлекеттiк қолдаудың тиiмдi жүйесi қалыптасты. Түрлi бағдарламалар мен заңдар жұмыс iстеуде. Жоғарыда аталған бағдарламалардан басқа, «Жер кодексi», «Шаруа қожалықтары туралы», «Шаруашылық серiктестiктер туралы» заңдар шығарылды. Бұл құжаттар осы салада жер қатынасы мәселесiн реттеу, жинақталған проблемаларды шешудiң негiзi болмақ.

«Соңғы үш жылда елiмiзде шаруа қожалықтардың саны 50 мыңнан 60 мыңға жоғарылады. Бұған қоса жүздеген iрi өндiрiстiк кооперативтер бар. Жаңадан машина технологиялық станциялар пайда болып, несие серiктестiктерi құрылуда».

Бүгiнде республикада агрохимиялық қызметтiң ғылыми - әдiстемелiк орталығы, «Қазагромилиосушарт», «Қазагромаркетинг» АҚ секiлдi аса қажеттi мемлекеттiк құрылымдар дүниеге келдi. Бұл саланы дамытуға жасалып отырған жағдайлар мұнымен шектелмейдi. Жердi минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету, егiстiкке су жеткiзу жұмыстары, мал тұқымын асылдандыруға жұмсалатын шығындардың бiр бөлiгi мемлекет есебiнен өтелетiн болады.

Агросаясатты жүзеге асыруда басты әрi маңызды бiр сала - ауыл шаруашылығы өнiм өндiрушiлерге жеңiлдетiлген қысқа және ұзақ мерзiмде несие беру. Әрi ауыл шаруашылық техникасын лизингпен алу мүмкiндiгi де қарастырылған. Қазiр аграрлық секторға банктер төмен пайыздық ставкамен несиелер берiп, олардың өркендеулерiне ықпал етуде. 2003 жылы ауылшаруашылық өнiмдерiн өндеу кәсiпорындарына банктер берген несие көлемi айтарлықтай дәрежеде өсiп 64, 4 млр. теңгенi құрады. «Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы жеңiлдетiлген салық салу түрiнде жанама дотация алады».

Бұл саланы дамыту үшiн қабылданған тағы бiр бағдарлама бар. Ол «2004 жылғы арналған ауыл шаруашылығының институцияналды дамуы» бағдарламасы. Мұның барлығы саланың нарықтық экономикаға бейiмделiп, одан әрi дамуларына жасалып жатқан iстер. Бiрақ, әлi де түйiнi шешiлмеген проблемалар баршылық.

Қазiр ауылға айтарлықтай көңiл бөлiнiп, оның жандануына жағдай жасалып жатыр. Баспасөзде ауылдың қиын ахуалы, тұрмыстың төмендеуi, жұмыссыздық мәселесi туралы жиi айтылып жүр. Осы мәселелердiң түйiнiн тапқанда ғана аграрлық саясат шын мәнiнде жүзеге асатын болады. «Өйткенi, халқымыздың көп бөлiгi ауылда. Биологиялық ресурстарымыз ауылда, минералды ресурстарымыз ауылда, моральдық ресурстарымыз ауылда. Бәрi ауылда. Тек капитал ауылда емес, билiк ауылда емес, элита ауылда емес».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңестік дәуір кезіндегі ауыл ахуалы
Қазақ публицистикасының өткені мен бүгіні
Қазақстанның экономикалық тарихы пәнінен дәрістер
Шығыс Қазақстан облыстық газетінің қалыптасу, даму кезеңдері (1931 – 2004 жж.)
Сәкен Сейфуллиннің мемлекеттік қызметі
Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары
Кино өнері мәдениет саласы ретінде
Соғыстан кейінгі Қазақстан ауыл шаруашылығы
Қазақстан Республикасының мұрағат ісінің даму тарихын талдау
Жұмыстың хронологиялық шегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz