Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
1. Қаржы саясатының анықтамасы, оның мазмұны 4
1.1 Қаржы механизмі ұғымы, оның құрылымы 4
1.2. Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы 5
2. Қаржы саясатының мақсаты 11
2.1 Қазақстан жағдайындағы қаржы саясатының міндеті 13
2.2. Фискалдық саясат 14
2.3 Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары 15
3. Қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымы 19
3.1 Қаржы механизмінің қайта құрылуы 19
3.2 Қаржы механизмі жүйесі 20
Қорытынды 26
Қолданған әдебиеттер тізімі 27

Кіріспе

Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттары қамтиды. Саяси ықпал
жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай
экономикалық не әлеуметтік, мәдени не техникалық, қаржы не кредит, ішкі не
сыртқы саясат туралы айтады.
Кез келген қоғамда қаржының өзінің функциялары мен
міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға
жету үшін мемлекет пайдаланады. Қойылған мақсаттарды
іске асыруда қаржы саясаты манызды рөл атқарады. Оны
жасап, жүзеге асыру процесінде қоғам алдында тұрған
міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі, ол
экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы
болып табылады.
Қаржы саясаты - қаржыны басқарудың түпкі мақсаты,
оның нақты нәтижесі, өзінің функциялары мен міндеттерін
жүзеге асыру үшін мемлекеттің қаржы саласында
жүргізетін мақсатты ойлары мен шараларының жиынтығы.
Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі
болып табылады.
Материалистік диалектика жүйесінде түрлі басқа саясат сияқты қаржы
саясаты қондырмаға жатады, ал қаржы саясатында білінетін және өндірістік
қатынастардың белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде
көрінетін қаржы қатынастары базистік болып табылады.

1. Қаржы саясатының анықтамасы, оның мазмұны

1.1 Қаржы механизмі ұғымы, оның құрылымы

Экономикалық заңдармен анықталатын қоғамдағы өндірістік қатынастар
категориялар арқылы көрінеді. Экономикалық категориялар - бұл біркелкі
экономикалық қатынастардың көрінісі, бұл қатынастар экономикалық өмірдің
белгілі бір жағын сипаттайды, және абстрактті, қорытынды түрде көрінеді,
оларға баға, қаржы, сақтандыру, кредит, табыс (пайда) және тағы басқалар
жатады.
Қаржы, экономикалық категория ретінде, экономикалық заңдардың (күн
заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарылау заңының,
өндірістік қатынастардың өндіргіш күштердің сипаты мен даму деңгейіне
сәйкестік заңының, уақытты үнемдеу заңының) іс-әрекетіне негізделеді.
Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске
асырылады. Ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің,
нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы
шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде және қызмет сфераларында
экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау
үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарын қалыптастыру және
пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады. Көбірек жалпы
экономикалық категория ретіндегі қаржы абстракцияның (салықтардың,
бюджеттің және т.т.) аз дәрежесі бар жеке қаржылық қосалқы категориялардан
тұратындықтан, дербестіктің беілгілі дәрежесімен салық саясатын, бюджет
саясатын және оларға сай механизмдері - салық бюджет, қаржы жоспарлары,
қаржыны басқару, қаржы-құқықтық механизмдерді бөлуге болады.

1.2. Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы

Мезгілінің ұзақтығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай
мемлекеттің қаржы саясатын қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып
бөлінеді.
Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып,
перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын
қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық процестер
дамудың ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шеңберіндегі күнделікті
міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезеңдері реігінде
жүзеге асырылып отырады.
Жеке (өзгеше) қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады:
- қоғамда қаржы жүйесінің ұтымды құрылымын, қаржы қатынастарын
жоспарлы ұйымдастыруды және қаржы механизмінің дұрыс құрылуын
қамтамасыз ету;
- бюджеттегі кірістердің шығыстардан асып түсетін қаржы
резервін жасау;
- негізгі қаржы ресурстарын мемлекет қарамағына жұмылдыру, оларды
мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тиімді бөлу;
- қаржы және кредит - ақша саясатының тепе-теңдігі.
Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп
отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы
кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған. Ол назарды кезек күттірмейтін
міндеттерді шешуге, пайда болған үйлесімсіздіктерді қаржылардағы және
елдің, аумақтың, саланың экономикасындағы ауытқушылықтарды жоюға
шоғырландыра отырып, стратегияның нұсқаманы нақтылайды. Қаржы
стратегиясының біршама тұрақтылығы кезінде қаржы тактикасы орамдылығымен
(икемділігімен) ерекшеленуі тиіс, ол экономикалық жағдайлардың, әлеуметтік
факторлардың және басқалардың ширақтылығымен алдын ала анықталады.
Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы өзара байланысты. Стратегия
тактикалық есептерді шешу үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Экономика мен
әлеуметтік сала дамуының шешуші учаскелері мен басты проблемаларын анықтай
отырып, тактика әдістерді өзгерту, қаржы байланыстарын ұйымдастырудың
нысандары арқылы неғұрлым қысқа мерзім ішінде ысырап пен шығындарды ең аз
жұмсап, қаржы стратегиясы белгілеген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Қаржы механизмі мемлекет белгілеген қаржы шараларын атаулы, нақтылы
нәтижелерге - қоғамдық экономикалық өмірдің барлық деңгейлері мен
сфераларындағы қоғамдық өнімнің, материалдық емес игіліктердің, қызметтер
көрсету мен құндылықтардың толып жатқан барлық элементтері құнының құрамына
кіретін қаржы ресурстарының ұдайы өндірілуіне айналдырып, іске асырады.
Ұдайы өндірістің әр алуандылығы өз кезегінде қаржы механизімі құрамды және
ажырағысыз бөлігі болып табылатын экономикалық (шаруашылық) механизмнің
нысандары мен әдістерінің тиісті әр алуандылығын тудырады.
Сөйтіп, қоғамдық формацияның экономикалық заңдарымен белгілі бір
өндірістік қатынастардың және тиісті категориялардың болуымен анықталатын
өндіріс процесі шаруашылық механизм арқылы іске асатын экономикалық
саясатпен реттелініп отырғанда тұйық, айналмалы заңдылық байқалынып
отырады: шаруашылық механизм, өз кезегінде, ұдайы өндірістің нақты
нәтижелерін тиісті сандық және сапалық тұлғалауда (нысанда) жаңғыртуға
көмектеседі. Бұл диалектикалық заңдылық диалектикалық бұрылым түрінде
(ұдайы іс өндірістің қалыпты жағдайында) өспелі қағидат бойынша іс - әрекет
етеді.
Сондықтан ұлғаймалы ұдайы өндірістің қалыпты ағыны экономикалық саясат
пен механизмнің құрамды бөлігі ретіндегі қаржы саясаты, анық етіп
қалыптастырылған, синхронды жұмыс істейтін қаржы механизмі қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдеседі кері тенденция да болады; егер
қаржы саясаты экономикалық заңдардың іс-әрекетін толық есепке алмаса не
олармен қарама-қайшылықта болса, онда тиісті қаржы механизмі ұлттық
шаруашылықтың, саланың, аймақтың және т.т. өндірістік мүмкіндіктерін толық
пайдалана алмайды не пайдалануға оның халі жоқ, мұндай жағдайда қоғамның
экономикалық дамуы тежелінеді, жағымсыз құбылыстар қордалынады, қоғамға
қарсы процестер пайда болады. Мұндай ситуациясының объективті экономикалық
заңдардың талаптарын елемейтін басқарудың әкімшіл-әміршіл, тым
орталықтандырылған әдістерін қолданғанда қалыптасады.
Экономикалық дамуға, әлеуметтік прогреске қаржы саясатының белсенді
ықпал жасау мүмкіндіктері оны терең ғылыми негіздеуді талап етеді. Тек
ғылыми көзқарас, саясатты анықтайтын барлық факторларды біліп, зерделеу
оның салыстырмалы дербестігінің объективті экономикалық қатынастар
тәуелділігіне ұласпауының кепілі. Шаруашылық құрылыстың тәжірибесі қаржы
саясатының экономикадан қол үзуінің қатаң экономикалық қиыншылықтарға
ұрындыратынын, экономикаға негізгі қаланған мүмкіндіктерді іске асыруды
сөзсіз тоқталатынын дәлелдейді.
Мемлекеттің даму тарихында қаржыны, қаржы саясатын және жүзеге асыру
механизмін пайдалана отырып, қоғамның міндеттерін шешудегі қарама-қарсы
тәсілдемелердің мысалдары бар. Мәселен, ұзақ жылдар бойы КСРО-да қаржының,
тиісінше қаржы саясатының рөлі жете бағаланбады. Осыған байланысты белгілі
бір кезеңде экономикалық жүйені тұрақтандыру мен дамытуда қаржы
реттеуіштерінің белсенді рөлі толықтай жоғалды. Қаржыны бір орталықтан
басқару еркін шешімдерге негізделді. Қазіргі уақытта қаржы саясатының
еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуын тежеп отырған кемшіліктері
өте айқын көріне бастады. Оларға мыналар жатады: қаржы саясатының
догматикалық (үзілді—кесілді, шығармашылық емес) сипаты, оның
мемлекетіміздің дамуының өзгеріп отырған жағдайына тез құлақ асуға, толғағы
жеткен міндеттерді шешу үшін керекті әдістерді табуға қабілетсіздігі,
стратегиялық концептуалды талдамалардың жоқтығы; болмашы пайдаға
бағытталған жарым-жартылай жеткіліксіз негізделген тактикалық шараларды
жүргізу; қаржы саясатының ұлттық шаруашылықтағы істің нақтылы жағдайынан
қол үзуі; қаржыға қарай өмір сүру талабының бұзылуы; азаматтардың
әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандырудың қаржы базасын анықтаудағы әлі
күнге дейін орын алып келе жатқан қалдықты тәсілдеме. Қаржы саясаты
экономикалық саясаттың нысаны бола отырып, оған тән өзгеше тәсілдермен және
әдістермен саясатқа жетуге және экономикалық саясат қойған міндеттерді
орындауға көмектеседі.
Жаңа қаржы стратегиясы меншіктің әр түрлі нысандарын, нарықтық
қатынастардың дамуын тауар нарығының толық құқықты жұмыс істеуін, жұмыс
күшін, капиталдарды ескере отырып жасалуы тиіс. Қоғам өмірінің экономикалық
және әлеуметтік салаларына қаржымен ықпал жасаудың негізгі әдістері
мыналар: салық салу, қаржы ресурстарын шебер пайдалану, қаржыландыру, қаржы
нарығы және басқалары. Дүниежүзілік тәжірибе мұндай шаралардың икемділігі
мен тиімділігін дәлелдеп отыр.

2. Қаржы саясатының мақсаты

Қағидалы жаңа қаржы саясатын ұйымдастырудың негізіне ең алдымен
экономикалық жүйе шеңберіндегі ақша (қаржы) қатынастарына деген әр түрлі
көзқарасты өзгерту жатуы тиіс.
Нарықтық экономика жағдайында ұзақ мерзімді ғылыми қаржы болжамдарына
негізделген және қаржы реттеуіштерінің жүйесіне сүйеніп әрекет ететін
тиісті қаржы саясаты материалдық-заттық, ақша ағындарының күнделікті әрі
перспективалық тепе-теңдігіне жетудің, соның негізінде қоғамның үдемелі
экономикалық өсуін қамтамасыз етудің негізі өркениетті әдісі болып
табылады. Ол бірінші кезектегі міндеттерді - мемлекеттік бюджеттің
тапшылығы мен мемлекеттік борыштың мөлшерін, инфляцияның қарқынын
төмендету және шешу үшін пайдалынады. Сонымен бірге қаржы реттеуіштерінің
жүйесімен айла (манипуляция) жасау арқылы белгілі бір түрде мемлекет
пайдалынатын қаржы айналымында жүрген нақты ресурстар тиісті қаржы
саясатына жетудің негізгі құралдары бола бастайды.
Қаржы саясатын нақты тарихи жағдайларға байланыстыра отырып жасау
қажет. Олар қоғам дамуының әрбір кезегінің өзгешелігін, ішкі, сол сияқты
халықаралық жағдайдың да ерекшеліктерін, мемлекеттің нақты экономикалық
және қаржылық мүмкіндіктерін ескеруі тиіс.
Қаржы ресурстарының көлеміне белгіленген және жұмсалған шығындардың
тікелей тәуелділігі жай ғана қаржы саналығының айғағы болып табылады және
шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде қолдап отырылуы тиіс. Бұл
маңызды талапты сақтау бюджет тапшылығының, мемлекеттік борыштың пайда
болып, көбеюіне, инфляциялық прогрестерге ұрындырады.
Кезең ерекшелігін есепке алу оның алдыңғы шаруашылық және қаржы
құрылысының тәжірибесін, жаңа тенденциялар мен прогресивті құбылыстарды,
дүниежүзілік тәжірибені мұқият зерделеуді де қажет етеді. Ағымдағы
кезеңінің ерекшеліктерін, экономикалық дамудың толғағы жеткен
қажеттіліктерін есепке; алу негізінде қаржы саясатын дер кезінде өзгертіп
отыру алдында тұрған мәселелерді неғұрлым қысқа уақытта және ең аз
шығындармен шешуге мүмкіндік береді.
Қаржы саясатына қойылатын маңызды талап қаржы саясатын жүргізгенде,
яғни дамуының белгілі бір кезеңінің негізгі міндеттерін орындауға шаралар
бағыттау жолымен қаржы жүйесінің барлық буындарында жүргізілетін шараларды
келіскенде кешенді көзқарасты сақтау, сондай-ақ экономикалық саясаттың
құрылымды бөліктер арасында қаржы кредит, баға белгілеу, жалақы салалары
саясатында тығыз өзара байланысты қамтамасыз ету болып табылады. Қаржы
саясатының мақсаты - қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін
қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты
қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар
жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын алудың ұтымды
нысандарын, сондай-ақ қаржы ресурстарын қалыптастыруға халықтың қатысу
үлесін анықтауға көп көңіл бөлінеді. Қоғамдық өндіріс салалары арасында
қаржы ресурстарын бөлу жолымен оларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға,
сондай-ақ оларды экономя салық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарына
шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.

2.1 Қазақстан жағдайындағы қаржы саясатының міндеті

Қазақстан жағдайындағы қаржы саясатының міндеті экономикалық өсудің
траекториясына көшіру, ұлттық шарушылықтың құрылымын одан әрі жетілдіру
негізінде шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту,
мемлекеттік бөліктің үлесін оңтайландыра отырып, меншікті реформалау,
сыртқы экономикалық қызметті ұлғайтып, жандандыру, әлеуметтік
бағдарламаларды қаржыландыру жөнінде шаралар жасап, оларды қаржы механизмі
арқылы іске асыру болып табылады.
Республикада айтылған бағыттарды қамтитын нарықтық реформаларды
тереңдете түсу жөніндегі бағдарламалар жүзеге асырылуда.

2.2. Фискалдық саясат

Батыстың теориялық тұжырымдамалары мен практикасында мемлекеттік салық
- бюджет саясаты мен оны экономикалық процестерде іске асыру механизмінің
кешенді ұғымын білдіретін фискалдық саясат термині пайдаланылады.
Фискалдық саясат салық төлемдерін алу, қоғамдық тауарларды өндіру кезінде
ресурстарды орналастыру, оларды бөлу, ақша қаражаттарының трансферттік
ағындарының қозғалысы жөніндегі бөлу және қайта бөлу әрекеттерін, үкімет
пен жергілікті органдардың экономикалық және әлеуметтік сфераларда қаржыны
пайдалану жөніндегі басқа іс-қимылдарын қамтиды. Фискалдық саясат
дискредициялық саясат ретінде, яғни ұлттық өндірістің нақты көлемін,
жұмысын қамтылуды (жұмыстылықты) өзгерту, инфляцияны бақылау, экономикалық
өсуді тездету мақсатымен мемлекеттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы саясаты және қаржы механизмі
Қаржы саясаты және механизімі
Мемлекет бюджетінің тапшылығы
Банктің несие саясатының түрлері
Коммерциялық несие саясатының мақсаттары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ МЕН ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ
Қаржы саясаты
Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары және қағидаттары
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық процестердегі мемлекеттің қаржылық саясаты
Нарықтық қатынас жағдайындағы кәсіпорынның маңызы, мәні мен қаржылық сипаты
Пәндер