Бағалы қағаздар нарығының қызметтері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

Кіріспе.

І. Бағалы қағаздар нарығының қызметтері.

ІІ. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы.

ІІІ. Бағалы қағаздар нарығының субъектілері.

Қорытынды.

Кіріспе:
Құнды қағаздар нарығы – шарушылық жүргізіші субъектілер мен мемлекет
шығарған бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын
қаржы рыногінің бөлігі. Бұл рыноктың жұмыс істеуі көптеген экономикалық,
әсіре инвестицилық процесттерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға
мүмкіндік береді. Бұған осы рыноктың қор құрылымдарының – бағалы
қағаздардың және өзге де активтердің сан алуандығымен қол жетеді.
Құнды қағаздар нарығы экономиканың барлық субъектілерінің
өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және
алудың жолын жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде
өтіп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады.Бұл әсіресе күрделі
жұмсалымдарды инвестициялау процесіне қатысты.
Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қатынастары
экономикалық – құқықтық механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың
материалдық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың
маңызы онымен шектеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кезкелген мемлекеттің
төлем айналымында маңызды орын алды, себебі ол арқылы мемлекеттің
инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы
тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды
нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы
қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық
ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды.
Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру
қажеттілгі туындаған кезде, яғни 90 – шы жылдардың басында құрыла бастады.
90 – шы жылдардың эконокалық тәжірибесі дәлелгендей шаруашылықты
жетілдірудің нарықтық әдәстерін қалпына келтірудің және оны одан әрі
дамытудың басты құралы – бағалы қағаздар екені талласыз ақиқат.
Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да
меншік құқығын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік
меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері – халықтың
меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән қаржы
институттары жүйесі қалыптасып, олар экономикалық өрістеудің қаржы көздері
шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады.
Қазіргі өндірістің жалпы құлдырап, қысқаруы кезеңде мемлекеттік жалпы
ұлттық өнімдегі өндірістік инвестицияның үлесін арттыру бағалы қағаздар
нарығының потенциалды қорларын пайдаланбай іске асуы мүмкін емес.
Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі бойынша : “Нарықтық экономика
парашюттер сиқты ашық болатын болса ғана жұмы істейді”. Бұндай ашық
нарықтық экономиканы құру үшін ең бір өзекті мәелелердің бірі, ол,
Қазақстандағы нарықтық инфрақұрылымын жасауы болып табылады. Ал мұндай
құрылымның басты құрамдас бөлігі, ол құнды қағаздар нарығының қалыптасуымен
байланысты. Өйткені құнды қағаздар нарығының дамуы болмаса, Қазақстан
Республикасының нарықтық экономиканың қаржыландырылуы да болмайды.
Қазіргі кезде құнды қағаздар нарығының қалыптасуы негізгі 3 себептермен
сипатталады:
1. Экомомикалық және әлеуметтік салаларын қаржыландыруға арналған қаржы
ресурстарын табу процесімен, мемлекеттік бюджеттегі пайда болатын
тапшылықты жоюымен тығыз байланыста болу және мемлекеттік орындарды
акционерлік қоғамға айналдыруы инветициларды тарту ең нәтижелі тетігін,
яғни акциларды шығаруды пайдалануға мүмкіндік тудырады;
2. Құнды қағаздар нарығы ақша-несие саясаттың үлкен бөлігі
болатындықтан ол, елдегі ақша айналымын реттеуде үлкен орын алады;
3. Құнды қағаздар нарығы арқылы халық, мемлекеттік меншігінің бір
бөлігін жеке меншікке айналдыруға мүмкіндік алады;
Сонымен құнды қағаздарға жататындар: кәсіпорындардың акциялары, жеке
адамдардың облигациялары, мемлекеттік облигациялары, банктердің
(депозитивтік) сертификаттары, казначейлік вексельдер және т.б.
Қазақстан Республикасында құнды қағаздар нарығының қалыптасуы
1992жылда басталды. Ол кезде Қазақстан Республикасының қаржы

Министірлігі алғаш рет мемлекеттік емес құнды қағаздарды бекітілуі
басталған. Ал мемлекеттік құнды қағаздарға келсек, оларды шығару туралы
сұраққа алғаш рет 1994 жылда жауап берді. Бірақ тек қана 1995-1997 ж.ж.
Қазақстан құнды қағаздар нарығында көзге елестетуге болатын үдеуі пайда
болды. Мұндай өзгерістер негізінен қажетті заңгерлк, нормативтік негіздің
құрылуымен байланысты.Мысалы Қазақстан Республикасының 1997 жылы 5
наурызда шыққан “Құнды қағаздар нарығы туралы” заңы, Қазақстан
Республикасы Министірлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қазандағы
қауылысында оның биржа қорындағы айналымы мен жасап шығару жөніндегі
уақытша ережесі және т.б. құнды қағаздар нарығы жайында нормативтік
құжаттар бекітілген болатын. Бірақ Қазақстандық қор биржасында осындай
жақсы жағдай 2002 жылға дейін, созылған жоқ, 1997-1998 ж.ж. Ресейде жүрген
дағдарыс Қазақстанның қор биржасына да әсерін тигізді.
Осындай дағдарыс кезі алыста қалды, біз бұрынғыда істеген
қателіктерді жойып, барлық күшімізді берік нарықтық экономиканы құруға
бығыттауымыз керек.
2001-2002 жылдары құнды қағаздар нарығы жақсы дамыды, бұл дамитын
экономиканың нақты белгісі болып табылады.
Құнды қағаздар эмиссия көлемі орташа алғанда, 3.4% -ке не 5.4
миллиард теңгеге, олардың айналыстағы көлемі 6.6 процентке, яғни 85.2
миллиард теңгеге, Ұлттық Банкінің эмиссия көлемі орташа алғанда 1.8 % -ке
не 15.3 милиард теңгеге өсті. Бұндай көрсеткіш ТМД елдері бойынша екінші
орын алады. Бірақ осы жетістіктеріне қарамай дамыған құнды қағаздар нарығын
құруда тоқтататын бірнеше проблемалар бар. Мысалы, конверсиялық
операцияларды жүргізу үшін орта сауда- саттық, ақпараттық және төлем
орталығын жасауы, құнды қағаздар нарығының капитализациялауы және
инвестицияларды тарту үшін қолайлы нормативтік базасын құруы, адамдардың
қор биржасына және Қазақстандық құнды қағаздарға сенбеуі қор биржасындағы
жүргізілетін операциялардың қымбат болуы және т.б.проблемалар болып
табылады.

Қазақстан Республикасы осы мәселелерді шешу үшін әртүрлі шараларды
қолданады. Мысалы, Мәскеу банктер арасындағы валюталық биржасы мен
Қазақстан қор биржасы арасындағы қол қойылған меморандумының болуы. Ұлттық
Банктің құнды қағаздар реттеу Депортаменті ақпараттың ашық болуына байланыс
Интернет жүйесінде өзінің WEB-серверін жасап, онда потенциалды
инвесторлар, акционерлер және жай мұғалімдер, жұмыс беретін адамдарға құнды
қағаздар нарығында не болатындығын көруге мүмкіндік береді.
Құнды қағаздар нарығындағы мәселелерді шешу үшін бізге дамыған
елдердің тәжірбиесіне қарауымыз керек.
Құнды қағаздар сауда қор биржасы арқылы жүргізіледі және оның
құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық Банкі бекіткен өз талаптары болады. Олар:
ол талаптар биржа аралық қатынастық сенімділігіне, қаржы мәселесіне
тіреледі. Биржа арқылы құнды қағаздарын өткізген әрбір кәсіпорын көпшілік
хабардар болып отыруы бүгін өзінің қаржы жағдайын, экономикалық ахуалы,
басқарма органдары алдағы жоспары халқына ақпарат беріп тұруға міндетті.
Жоғарыда келтірілген қор биржасының нақты қандай болуы
көрсетілген, ал Қазақстанда мұндай қор биржасы емес, бірақ біз оны
болашақта көруіміз міндетті.
Акция – үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы
қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір
бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді.Компания қанша уақыт жұмыс істеп
тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның
иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционердің акцияны шығарған компанияға
қайтаруға құқы жоқ. Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер оны тек
екінші нарықта сатуына болады. Акцияны шығару мына жағдайда болады:
1. меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның
жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
2. бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
3. жарғылық капиталды қосымша молайтқанда.

Атап айтқанда, жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастап
жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жай және артықшылықты
акциялар) және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып
бөлінеді. Оларды копания кезкелген уақытта өз ойынша пайдалана алады.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын
ұлғайтуғажәне оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы
қағаздардың бірден – бір түрі. Акция компанияның акционерлер алдындағы
қарыз міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта сатып алатын құқы
бар.Бірақ бірсыпыра елдердің заңында егер корпорацияның төлем қабілеті жоқ
болса, онда ол акциясын қайта сатып алатын құқықтан айырылады деген де
ереже бар. Дәл осы жағдай, егерқайта сатып алу корпорацияның төлем
қабілетін нашарлататын болса да қаралған. Заң жүзінде акцияны бөлуге де
болады. Айналымдағы әрбір акцияны бірнеше бөлікке бөлуге болады.
Акция бірнеше түрге жіктеледі. Бір жағынан, бір акционерден басқа
біреуге беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе,
екінші жағынан, корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша – жай және
артықшылықты акция деп те екіге бөлінеді:
1. Атаулы акция – иесі міндетті түрде корпорацияның реестрінде
тіркелуі тиіс акция. Акционерлер кітабында қанша және қай
уақыта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционерлер
деп есептеледі.
2. Ұсынушыға арналған акция – иесінің аты – жөні корпорация
кітабында тіркелмеген акция. Кітапта ұсынушыға арнап шығарылған
акцияның жалпы саны ғана көрсетіледі.
Ал басқару жағынан корпорацияларға қолында атаулы акциясы бар
акционерлер қолайлы. Себебі ол акционерлік капиталдың қозғалысын және
бағалы қағаздардың қозғалысын және бағалы қағаздардың кейбір
акционерлердің қолында шоғырлануын,олардың бұл мемлекеттен кеткенін ретеп
және бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Акционерлердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда, әсіресе, қысқа мерзімді
мүддені көздеген акционерлер ұсынушыға арналған акцияны қолдайды. Себебі еш
жерде тіркелмеген бұндай акцияларды екінші нарықта еркін сатуға болады. Ал
атаулы акцияны еркін қолма – қол ақшаға айырбастауға болмайды, сондықтан
олардың өтімділігі акционерге кейбір жағдайда қолбайлау туғызады. Акцияның
осы екі түрін жүзеге асыру жолы да әртүрлі:
Біріншіден, сату механизмі бойынша. Атаулы акцияның иесі оларды
компаниядан сатып алғанын куәландыратын барлық акция санына бір толтырылған
сертификат алады. Бұл акцияларды сатқанда сертификаттың сырт жағында екі
жақтың қолы қойылған “индоссамент” деген белгі қойылады. Содан соң
акционерлердің тізіміне өзгеріс енгізу үшін сертификат корпорацияға
жіберіледі. Содан кейін ғана акциялардың жаңа иесі акцияларға жаңа
сертификат алады.
Ұсынушыға арналған акцияны сатқанда оларды бір иемденуші тікелей
яғни қолма – қол екіншіге береді.
Екіншіден, акцияның осы екі түрінің жаңа данасын иемденушілер
құқын белгілеу тәртібі де әртүрлі. Бұл туралы атаулы акция иесі
корпорациядан хабарландыру хат алса, ал акцияны ұсынушыға бұндай механизм
жүруі мүмкін емес. Ұсынушы акциясында келісіп алатын купоны болады. Соны
толтырғаннан кейін корпорацияға жіберіп, өзінің меншік құқын іске асырады.
Үшіншіден, ұсынушы акциясының номиналы өте жоғары болмайды, бірақ ол
көп тиражбен шығарылады, ал атаулы акцияның номиналы әртүрлі мөлшерде бола
береді.
Корпорацияны басқаруға қатынасы құқығы бойынша жай және артықшылықты
акциялар болып бөлінеді. Жай акцияларды иеленушілердің корпорацияның тапқан
пайдасының мөлшеріне байланысты дивиденттер алу құқы, жиналыстарда дауыс
беру арқылы корпорацияны басқаруға қатысу құқы және корпорация жабылып
қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір
бөлігін алу құқы бар. Құқықтар акция мөлшеріне сәйкес көлемде жүзеге
асырылады.

Әрбір акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді.Сонымен бірге жай акция
дивиденд алуға кепілдік бермейді. Себебі дивиденд корпорацияның шаруашылық
нәтижесіне байланысты. Дивиденд корпорацияның таза пайдасының бір бөлігі
басқаша айтқанда, дивиденд төлеу пайданың салық төлегеннен қалған қалдығын
бөлуге негізделген.
I. Бағалы қағаздар нарығының қызметтері.
Бағалы қағаздар нарығы — бірқатар қызметтер атқаратындықтан оларды
екі топқа бөліп көрсетуге болады:
А) жалпы нарықтық қызметтер, әдеттегі, әрбір нарыққа тән
қызметтер. Жалпы нарықтық қызметтерге:
• Коммерциялық қызметтер, яғни берілген нарықтағы операциялардан пайда
табу қызметі;
• Бағалық қызметі, яғни нарық осы нарықтағы бағаның қалыптасуын және
оның тұрақты қозғалысын қамтамасыз етеді;
• Ақпараттық қызмет, яғни нарық өзінің қатысушыларына сауда
объектілері мен олардың қатысушылары туралы нарықтық
ақпаратты өндіріп, оны жеткізіп отырады.
• Реттеушілік қызметі, яғни нарық сауда мен оған
қатысудың ерекшелігін, қатысушылар арсындағы
дауларды шешу тәртібін, артықшылықтарды белгілейді,
бақылау және тіпті басқару органдарын қалыптастырады.
Б) арнайы өзіндік қызметтер, яғни, оны басқа нарықтардан
айыратын қызметтер:
• қайта бөлушілік қызметін;
• бағалық және қаржылық тәуекелдерді сақтандыру қызметі;
Қайта бөлу қызметі шартты түрде үш
қызмет бөліктеріне бөлінеді:
• нарықтық қызмет сфералары мен салалары арасында ақша
қаражаттарын қайта бөлу;
• өндірістік емес нысаннан өндірістік нысанға тұрғындардың жинақтарын

• аудару;
• инфляциядан тыс негіздегі мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру,
яғни айналысқа қосымша ақша қаражаттарын шығармай, тапшылықты
қаржыландыру.
II. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы (жіктелуі):
Бағалы қағаздар нарығының құрамдас бөліктері қандай да бір бағалы
қағаздарды негіз етіп алмайды, ол кең мағынадағы осы нарықтағы сауда жасау
тәсілін негіздейді. Бұл тұрғыдан бағалы қағаздар нарығында келесі
нарықтарды бөліп көрсетугге болады:
• алғашқы және қайталамалы;
• ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған;
• биржалық және биржадан тыс;
• дәстүрлі және компьютерлендірілген;
• кассалық және мерзімдік.
Алғашқы нарық бұл - бағалы қағаздарды олардың алғашқы иелерінің
сатып алуы; бұл бағалы қағаздарды жүзеге асыру үрдісінің бірінші
сатысы; бұл бағалы қағаздардың белгілі бір ережелер мен
талаптар қойылған нарықтағы алғашқы пайда болуы;
Қайталамалы нарық - бұл бұрын шығарылған бағалы қағаздардың
айналысы; бұл барлық сатыпалу -сату актілерінің жиынтығы немесе бағалы
қағаздардың өмір сүру мерзімі ішіндегі иеленушіден басқа біреуге ауысу
формасы.
Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы бұл - лицензиясы бар
кәсіпқой қатысушылар арасындағы қатаң бекітілген ережелер негізінде
айналысқа түсуі – нарық қатысушыларьшың нарықтың басқа қатысушыларының
тапсырысы бойынша әрекет етуі.
Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы - бұл бағалы қағаздардың нарық
қатысушыларының барлығына бірдей ерекшелерді сақтамай, айналысқа түсуі.

Биржалық нарық - бұл қор биржаларындағы бағалы қағаздармен сауда жасау.
Биржадан тыс нарық – бұл қор биржасына соқпай, бағалы қағаздарды
саудалау.
Биржалық нарық - әрқашан бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығы ,
өйткені мұндағы сауда биржаның ережелермен қатаң түрде және тек биржа
делдардары арысында ғана жүргізіледі, ал олар басқа нарық катысушылары
арасынан мұқият таңдалып алынады. Биржадан тыс нарық ұйымдасқан және
ұйымдаспаған болуы мүмкін. Ұйымдастырылған биржадан тыс нарық компьютерлік
жүиелердегі байланысқа, бағалы қағаздармен сауда және қызмет көрсетулерге
негізделеді.
Бағалы қағаздармен сауда дәстүрлі және компьютерлендірілген
нарық тарда жүзеге асырылады. Соңғысында сауда қор нарығының
қатысушыларын біртұтас компьютерлік нарыққа біріктіретін
компьютерлік тораптар арқылы жүргізіледі. Оның сипаты келесідей:
• сатушы мен сатып алушының кездесетін және тікелей
байланысқа түсетін табиғи орнының болмауы;
• сауда мен оған қызмет көрсетуді толық автоматтандыру;
нарық қатысушыларының рөлі негізінен тек бағалы
қағаздарды сатып алу сатуға сауда жүйесіне
өз
тапсырыстарын енгізіп қойды
Бағалы қағаздар нарығының кассалық түрі (шетелше атауы: "саsһ"-
нарық, немесе "спот" нарық) - бұл мәмілелерді 1-2 жұмыс күні ішінде дереу
орындау нарығы .
Мерзімді бағалы қағаздар нарығы - бұл түрлері бойынша алуан түрлі
мерзімде орындалатын 2 жұмыс күнінен асатын мерзімдегі мәмәлелер жасалатын
нарық. Көбіне орындалу мерзімі 3 ай болатын мәмілелер.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 129 бабына сәйкес
"Бағалы қағаздар деп белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай
отырып, жүзеге асырылуы тек көрсеткенде ғана мүмкін болатын
құқықтарды куәландыратын құжат" деп аталады.
Бүгінгі таңда бағалы қағаздар 2 үлкен топқа бөлінді:
I топ -негізгі бағалы қағаздар;
II топ - туынды бағалы қағаздар.
Негізгі бағалы қағаз деп кез-келген активке мүліктік қүқық беруге
негізделген бағалы қағаз түрін айтады. Активтерге тауар, ақша, капитал,
мүлік және әртүрлі ресурстар жатады. Негізгі бағалы қағаздарды да өзара 2
топқа ажыратуға болады:
• алғашқы бағалы қағаздар;
• қайтапамалы бағалы қағаздар.
Алғашқы бағалы қағаздар дегеніміз активтерге негізделген, бірақ
активтердің санына кірмейтін бағалы қағаздар. Оларға акция, облигация,
вексель тағы сол сияқтылар жатады.
Қайталамалы бағалы қағаздар дегеніміз алғашқы бағалы қағаздарға
негізделіп шығарылған бағалы қағаздар. Оларға варранттар, депозитарлық
қолхаттар тағы сол сияқтылар жатады.
Туынды бағалы қағаз - бұл мүліктік құқығы құжатсыз түрде
көрсетілген және негізделген биржалық актив бағасы өзгермелі бағалы
қағаздар, яғни туынды бағалы қағаздар кез-келген бағалы активтерге
негізделеді:
• тауар бағасына (ет, бидай, мұнай, алтын тағы басқалар);
• негізгі бағалы қағаздар бағасына (акция индексіне, облигацияға);
• несие нарығының бағасына (пайыздық ставкалар);
• валюта нарығының бағасына (валюталық курстар).
Туынды бағалы қағаздарға фьючерстік контрактілер (тауарлық,
валюталық, пайыздық, индекстік және тағы басқалар) және еркін
айналатын

опциондаржатады. Бағалы қағаздардың жіктелуімен қатар бағалы
қағаздардың түрлері де жіктеледі.
Бағалы қағаздардың жіктелуі деп сол бағалы қағаздарға тән белгілері
бойынша жіктеледі.
Ал бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуі деп бір бағалы қағаздардың
топтамасы, яғни бір бағалы қағаздардың түрінің тағы басқа бір түрге
бөлінуі. Мысалы, акция - бағалы қағаздар бір түрі. Бірақ ол өз алдына жай
және
артықшылығы бар акция болып бөлінеді. Жай акция бір дауысты, номиналды,
немесе номиналсыз болуы мүмкін.
Жоғарыда аталғандай бағалы қағаздардың белгілі бір сипаттары бар.
Уақытша сипаттамалар:
бағалы қағаздың өмір сүру мерзімі:
- айналысқа қашан шығарылды, қандай мерзімге шығарылды немесе
мерзімсіз;
- пайда болуы, яғни бағалы қағаздың негізінде алғашқы бағалы
қағаздың немесе басқа бағалы қағаздың болуы.
Кең таралған сипаттамалар:
• өмір сүру түрі: қағаз жүзінде немесе қағаз жүзінде емесе,
қүжаттық немесе құжаттық емес;
• ұлттық жарақтануы: мемлекеттік немесе шетелдік;
• территориялық жарақтануы: аталған бағалы қағаздың
мемлекеттің қай аймағында шығарылуы.
• Нарықтық сипаттамалар:
• бағалы қағаздың негізінде жатқан актив түрі (тауар, ақша,
фирманың жиынтық активтері тағы басқалар);
• иемдену тәртібі: ұсынушыға немесе белгілі бір тұлғаға (заңды
тұлға немесе жеке тұлға);
• шығарылу түрі эмиссиялық яғни бөлек сериялармен шығарылады
• немесе эмиссиялық емес

Бағалы қағаздардың экономикалық мәні тұрғысынан бөлінеді:
Акция- акционерлік қоғамның жарғылық капиталына бір рет төленетін
салым.
Облигация-салынған ақша сомасын белгіленген мерзімі өткен соң
қайтарылып,белгілі бір табысы төленетін немесе төленбейтін бір реттік ұзақ
мерзімді міндеттеме.
Банк сертификаты - белгіленген мерімде міндетті төлем немесе пайыз
төленетін банкке салынған депозиттік салымды растайтын куәлік.
Вексель - өз иесіне белгілі бір уақыт мерзімінің өтуімен борыштардан
ақша төлемін талап ету құқығын куәландыратын жазбаша түрдегі борыштық
міндеттеме.
Чек - чек алушының көрсетілген соманы банкке төлеу жөнінде чек
берушінің жазбаша тапсырмасы.
Коносамент - белгілі бір жүкті тасымалдайтын тиеп-түсіретін және оны
алуға құқық беретін стандартты түрдегі құжат.
Варрант - а) қоймадағы тауардың меншік құқығын растайтын қойма
қызметкерінің беретін құжаты; ә) иесіне белгілі бір мерзім ішінде
белгіленген бағам бойынша акция немесе облигация сатып алуға құқық беретін
құжат.
Фьючерстік контракт - белгілі бір уақыт мерзімі өткеннен кейін
анықталған мерзімде контракт жасалған күнгі бағамен келісімшарттың
орындалуы.
Мерзімді бағалы қағаз деп бағалы қағазды шығарғанда белгіленетін
айналым мерзімі көрсетілген бағалы қағаздарды айтады.
Олардың 3 түрі бар:
1. қысқа мерзімді бағалы қағаз (айналым мерзімі 1 жылға дейін);
2. орта мерзімді бағалы қағаз (айналым мерзімі 1 жылдан жоғары
және 5-10 жыл аралығы);
3. ұзақ мерзімді бағалы қағаз (айналым мерзімі 20-30 жыл аралығы).
Мерзімсіз бағалы қағаздар - бұл айналым мерзімі реттелмеген, яғни
"мәңгі айналымда" болатын бағалы қағаздар.
Инвестициялық бағалы қағаздар - бұл капитал салымының объектісі болып
табылатын бағалы қағаздар (акция, облигация, фьючерстік контракттер және
тағы басқалар).
Инвестициялық емес бағалы қағаздарға тауар немесе басқа нарықтағы
ақшамен есеп айырысуды қамтамасыз ететін бағалы қағаздар жатады (вексель,
чек, коносамент).
Бағалы қағаздар иелігіне қарай ұсынбалы немесе атаулы болып бөлінеді.
Ұсынбалы бағалы қағаздарда оның иесінің аты-жөні ескерілмейді және бағалы
қағаз бір тұлғадан екінші тұлғаға беріле береді. Ал атаулы бағалы қағаздар
иесінің аты-жөні жазылып, арнаулы реестрде тіркеледі.
Мемлекеттік бағалы қағаздар - бұл негізінен облигациялардың апуан
түрлері болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық ұғымдар
Қаржы нарығы туралы
Қазақстан Республикасының экономикасының нақты секторын белсендірудегі бағалы қағаздар нарығы
Қаржы нарығының теориялық негiздерi және оның ұғымы
Қаржы нарығының құрылымы және олардың атқаратын қызметтері
Бағалы қағаз нарығы инфрақұрылымы
Қор биржасы және оның қызметтерi мен құрамы жайлы
Қор нарығы
Құнды қағаздардың мәні
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын эмиссиялық операциялар
Пәндер