ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЛИЗИНГТІ ПАЙДАЛАНУ МЕН ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе.

1. Кәсіпорында лизингті пайдаланудың теориялық мәселелері.
1.1 Лизингтің экономикалық мәні.
1.2 Кәсіпорында лизингті пайдалану қағидалары.
1.3 Лизингтің жіктелуі және түрлері.

2. Қазақстан Республикасында лизингті пайдалану мен даму жағдайын талдау
2.1 Қазақстанда лизингтің даму жағдайын талдау.
2.2 Кәсіпорында лизингті пайдалану тиімділігін талдау.

3. ЛИЗИНГТІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Қазақстанда 2000 жылдан бері лизингілік несие қолданылып
келеді. Лизинг бұл негізгі құрал жабдық мүлкін сатып алу және оны
жеке заңды тұлғаларға белгілі бір төлем үшін нақты мерзімге әрі
лизинг алушыныңмүлікті сатып алу құқығын қарастыратын келісімшарттың
бекітілуіне себепкер болатын белгілі бір шарттармен лизингтік
келісімшарттардың негізінде ұсыну бойынша инвестицялық өызметтің
түрі.
Қызметтің бұл түрі ҚР Қаржылық лизинг туралы заңымен,
Азаматтық , Салықтық және Кедендік кодекстермен , Инвестицияны
мемлекеттік қолдау туралы және Инвестиция туралы заңдарымен
реттеледі.
Лизинг бұйымына кез келген тұтынылатын заттар, оның ішінде
кәсіпкерлікте қолданылытын машина, құрал жабдық, сайман, ұй ғимараты,
құрылғы, көлік құралдары жатады.
Лизинг обьектісі лизинг берушінің балансында болады және
лизинг обьектісінің амортизациясы жеделдетілген амортизация
коэффициентіне сәйкес қызмет көрсету жұмысының өзіндік құнына
қатысты болады. Лизингтің әрекет ету уақыты лизинг обьектісінің
толық аммортизациясының уақытынан ұзақтық бойынша өлшемделуі керек.
Лизинг бұл мүліктің меншік иесі мен жалдаушының арасындағы
келісім. Бұл келісім мүлікті делдал болып табылатын лизингілік
компания арқылы айтылған мерзімге және төлемі үшін пайдалануға
беру. Осылайша лизингтік мәмілеге лизинг беруші , лизинг алушы және
сатушы қатысады.
Лизинг өзінің мазмұны бойынша насие қатынасына сәйкес келеді
және мәні бойынша ссудаға ұқсас. Лизинг осы экономикалық мағынада
лизинг берушінің лизинг алушыға мүлікті пайдалануға беру формасында
берілетін несиені білдіреді.
Лизингілік несиені Қазақстанда ауыл шаруашылық өндірушілері
комбайн, трактор жене де ауыл шаруашылығына қажетті машиналар үшін,
ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар технологиялар үшін,
шағын және орта бизнестің субьектілері пайдаланады.
Бүгінгі таңда лизинг кез келген өндірістің материалдық
техникалық базасын дамытуға ауқымды капитал салымдарын салуға
мүмкіндік береді. Машиналар құрал жабдықты сатып алудың басқа
тәсілмен салыстырғанда лизингтің бірқатар елеулі артықшылықтары бар:
• Лизинг кәсіпкерге жалдаушыға өндірісті аса бір шығындарсыз
ұлғайтылуына мүмкіндік береді;
• Өтімді қаражаттардың шекткеліп қалу мәселесі жұмсарады;
• Қарыз капиталы тартылмайды және т.б.

1. Кәсіпорында лизингті пайдаланудың теориялық мәселелері.
1. Лизингтің экономикалық мәні.
Әрбір елде жал индустриясы өзіндік ерекше әдіспен дамығанына
байланыссыз, жылдық пайда болу стадиясынан бастап ұлттық экономикасының
дамыған саласы стадиясына дейінгі дамуына тән ортақ заңдылықтар бар.
Жал мәмілелері ежелгі тарихқа ие. Қазіргі кездегі дәлелдемелерге қарағанда
бұл тарих 4000 жылға жуық. Шумер ежелгі мемлекетте жалды пайдаланудың
дәлелдемелері бар. Еуропалық лизинг мектебі еңбегінің авторлары былай деп
жазды: ежелгі Шумерлік орналасуында табылған ерте табличкаларда
ауылшаруашылық құрал-жабдықтарды, жерді, су көздерін және жануарларды жалға
беру туралы мәліметтер бар.
Басқа ежелгі өркениеттер, соның ішінде гректер мен римляндықтар, жалды
жерді, үй жануарларын және құрал-жабдықтарды алудың қолайлы, жақсы, кейде
жалғыз әдісі деп есептелген. Аристотель біздің заманамызға дейінгі 4
ғасырда лизинг мәселесін қарастырған болатын. Оның айтуы бойынша, байлық
иемдену құқығында емес, байлық пайдалануда.
Ежелгі финикийліктер тәжірибесінде өзен кемелігінің жалы көрініс табады.
1284 ж. Уэльс қаулысы иен қозғалатын мүлік жалының заңды негізі қаланды.
1571 ж. Апглияда жал келісімдерін жасауға рұқсат беретін шешім қабылданды.
18 несие беру нысаны сыртқы экономикалық қызмет нысаны ретінде қарастырады.
Мысалы, Е. Қабатова лизингке қатысты шетел құқықтық теорияларды талдай
отырып, келесі 5 негізгі тұжырымдаманы береді:
1. Лизинг келісімі ерекше белгілері бар жал келісімі ретінде қарастыратын
тұжырымдама;
2. Лизинг келісімінің жіктелуі мерзімді ұзарту, сату, сатып алу ретінде;
3. Лизингте тапсырма институтының белгілері бар деп атайтын тұжырымдама;
4. Лизинг үшінші тараптың пайдасына жасалатын келісім ретінде
қарастыратвн тұжырымдама.
Көптеген жағдайларда лизингті машиналар, құрал-жабдықтар, транспорт
құралдары және т.б. өндіріс сипатқа ие құрал-жабдықтардың жалы немесе ұзақ
мерзімді жал ретінде қарастырады. Бірақ бұл көзқарас лизингтің тар
анықтамалар қатарына жатады.
Лизинг бірқатар жалдан ерекшеленеді. Лизинг алушы жалгерге қарағанда
объектті ұзақ мерзімді пайдалануға алмайды. Оның мойныеа кәдімгі сатып
алушының міндеттері жүктеледі: мүлікті төлеу, мүліктің кездейсоқ өлімі
кезіндегі шығындарды қайтару, оны сақтандыру мен техникалық қамсыздандыру
және де жөндеу жұмыстары.
Бірақ мүлік иесі лизинг беруші болып ұала береді.Өлім немесе объектіні
пайдалану қабілетсіздігі, оның борышын төлеуден босатпайды, жалгерге
қарағанда лизинг алушы лизинг берушіге пайдаланғаны үшін ай сайынғы
(квартал) ақы емес, оның толық құнын төлейді.
Лизинг объектісінде ақау байқалса, онда лизинг беруші кепілдік
міндеттемелерден босатылады да, барлық назарын жеткізушіге білдіреді.
Бұндай көзқарас толығымен негізделген, өйткені лизинг беруші бұл
объектті лизинг алушының сұралған мүддесі үшін алады, яғни лизингтік
компания- жалға беруші белгілі бір жалгер үшін арнайы оның сұрауы бойынша
өндірушімен мүлікті сатып алады, осыдан, лизинг-қатынастардың ортақ
кешені, ал жал- осы кешеннің элементі болып табылады. Сонымен қатар,
міндеттердің былайша бөлінісі лизинг алушының тарапынан объектке дұрыс
қарауына кепілдік болады. Сонымен бірге мынаны есепке алу керек: егер жал
екі жақты болса, яғни жалгер мен жалға беруші арасында, лизингтік контракт
көп жағдайларда үш жаңты немесе көп жақты сипатқа ие болады. Бұны
төмендегі сызбалардан көруге болады.

Жал келісімі

Жалға беруші

Жалгер

Сурет 1. Жал келісімінің сызбасы

Өндіруші-жетк
ізуші
Лизинг беруші
Лизинг алушы

Сатып алу- Жал
Сату келісімі
келісімі

Сурет 2. Лизинг келісімінің сызбасы.

Кез келген лизинг операциясының негізі болып қаржылық, яғни несие
операциясы болады. Меншік иесі (лизинг беруші) пайдаланушыға (лизинг
алушыға) белгілі бір қаржылық қызмет көрсетеді: ол мүлікті меншікке толық
құнымен, яғни бағамен алады да, бұл соманы лизинг алушының мерзімді
салымдары есебіне қайтарады.
Лизинг беруші-ол өзінің және тартылған қаражат есебінен лизинг
объектісін меншікке алып, оны лизинг алушыға келісімді шарттарға беретін
лизинг мәмілесінің қатысушысы бола алмайды.
Лизинг алушы-ол лизинг келісіміндегі шарттарға сәйкес лизинг мәмілесінің
қатысушысы.
Лизинг мәмілесі дегеніміз- азаматтық құқықтармен міндеттерді жоюға,
өзгертуге немесе орнатуға бағытталған лизинг қатысушыларының келісілген іс-
әрекеттер жиыны.
Лизингтік қызмет-ол лизинг келісімінің шарттарын орындау жөніндегі лизинг
берушінің қызметі.
Экономикалық мағынада лизинг бұл несие, яғни лизинг берушінің мүлікті
лизинг алушыға уақытша пайдалануға беру нысанында бұл жерде несие
қатынастарының субъектілері болып, қарыз беруші ролінде-лизинг алушы
шығады. Суданың объектілері болып: машиналар, құрал-жабдықтар, транспорт
құралдары және басқа негізгі құрал элементтері саналады. Көбісі бірақ,
лизингті несие нысаны немесе инвестициялау әдісі ретінде қарастырады,
өйткені бұл мәселелермен көбінесе белсенді түрде банк мекемелері
айналысады. 1988 жылы Оттава қаласында қабылданған халықаралық қаржылық
лизинг туралы конвенцияда бекітілген болатын. Онда: Халықаралық тәжірибеде
лизинг лизингтік компания(лизинг беруші) пайдаланушының сұрауы мен
тапсырмасы бойынша оған уақытша пайдалануға бұл мақсатқа өндірушіден сатып
алынған өндірістік құрал-жабдықтарды беретін қатынастардың үш жақты кешені
ретінде қарастырады. Келісімнің мерзімі өткен соң пайдаланушы өз меншігіне
мүлікті сатып алады. Сонымен қатар, лизингті несиенің ерекше нысаны
ретінде де қарастыруға болады, өйткені қымбат материалдық құндылықтарды
клиенттерге беру осы клиенттерде міндеттердің пайда болуына әкеп соқтырады.
Бұл кешен мүліктік жал келісімімен бірге, сату-сатып алу және қарыз
келісімін біріктіреді. Лизингке осы келісімдердің күрделі қосылысымен осы
келісімдерге отыру кезінде пайда болатын қатынастардың өзара енуі тән. Бұны
төмендегі лизингтік мәміле сызбасынан көруге болады.

ЛЛизинг алушы

Сурет 3. Лизингтік мәміленің типтік сызбасы.
1-лизинг беруші мен лизинг алушы арасындағы келісімі;
2-лизингтік компания мен жеткізуші кәсіпорын арасындағы сату-сатып алу
келісімі;
3-лизинг берушінің банкпен несие келісіміне отыру;
4-жеткізу кәсіпорынның лизинг алушыға техниканы беру;
5-лизинг берушінің жеткізуші-кәсіпорынға техника құнын төлеу;
6-сақтандыру компаниясының лизинг беруші мен сақтандыру келісіміне отыру;
7-лизинг алушының лизинг берушіге лизингтік төлемдерді мерзімді төлеп
отыру;
8-лизинг берушінің несиені пайдаланғаны үшін банк алдындағы пайыздарды
өтеуі;
9-лизинг берушіге жергілікті бюджетке салықтық төлемдерді төлеу мен оған
салықтық жеңілдіктер мен шегерімдерді беру.
Жоғарыдағы айтылған анықтамаларды ескере отырып, лизингке қорытынды
анықтама беруге тырысамын.
Лизинг-бұл сату-сатып алу, жал және несиемен байланысты экономикалық
және заңдық қатынастардың кешені. Лизинг беруші өзінің және
тартылған(қарыз) құралдары есебінен инвестициялық және озат пайдаланатын
тұтыну тауарлары алады және оны белгілі ақына лизинг алушыға уақытша
пайдалануға және иеленуге бір жылдан аса мерзім беру кезінде пайда
болатын қатынастар.
Тарихта лизингтік компанияның қай кезде құрылғанына келсек, лизингке
ұқсас операцияның б.э. 2000 жылдай бұрын ертедегі Вавилонда жасалғандығы
белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының
жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы Белл Телефон
Компании деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға
бергендігін тілге тиек етеді. Юнайтед Стайтс лизинг корп. атты алғашқы
лизингтік компания 1952 жылы Сан-Францискода (АҚШ) құрылған. Еуропада
1962 жылы Дойче лизинг ГМбХ деген бірінші лизингтік компания
Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты. 1972жылдан бері еуропа лизинг
нарығы дамып келеді.

2. Кәсіпорында лизингті пайдалану қағидилары.

Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін
қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін, онда ол несие алады. Мұпдай
операцияны қосымшм қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.
Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85%-ға
жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизинг беруші
лизингке беретін активтер құнының 80%-дай мөлшерінде бір немесе бірнеше
несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады.Мұнда лизингтік төлемдер мен
құрал-жабдықтың өзі несиені қамтамасыз ету құралы болып табылады.
Лизинг қызметтерінің қазіргі нарығы лизингтік контрактілердің және
осы операцияларды реттейтін заңды нормалардың көп түрлерімен сипатталады.
Әлемдік тәжірибе компаниядағы лизингтік келісімдердің көп
нұсқауларын жасап шығарды.Олар бір-бірінен нақты шекаралармен шектелмеген,
бір түрдің белгілері екінші келісім шартта кездесуі мүмкін және де белгілі
лизинг түрінің талаптарын сәл ғана өзгерткеннің өзінде, жаңа типін ала
аламыз. Сондықтан да осы уақытқа дейін нақты жіктелу берілмеген, яғни осы
кезге дейін компаниядағы лизингтік келісімдер түрлерінің толық тізбесі
жасалмаған.
Сонымен, көптеген жүктеулерді талдай отырып, мәні мен мағынасын
зерттей отырып, төмендегідей лизингтік белгілерін анықтауға болады:
1. Мәміле қатысушылардың саны мен құрамы;
2. Мәміле объектісі;
3. Мәміле иерзімі;
4. Мәміле масштабы мен сомасы;
5. Қарыз және қосымша құралдарды тарту дәрежесі;
6. Мүліктің өтемділік дәрежесі;
7. Амортизацияны есептеу әдістері;
8. Қызмет көрсету көлемі;
9. Операция өткізіліп жатқан нарық секторы;
10. Салықтың өзге де жеңілдіктерге қатысы;
11. Лизингтік төлемдердің сипаты;
12. Лизингтік мәміледе опционның болуы;
13. Базистік жыл ішінде келісімді бұзу шарттары мен мүмкіндігі;
14. Мүлікті бухгалтерлік есептеу әдісі.
Компанияның лизинг мәмілесіндегі функцияларына байланысты субъекттер
мына сипаттан шығуы мүмкін;
1. Мүлік сатушы;
2. Лизинг беруші;
3. Лизинг алушы;
4. Несиелер;
5. Гарант және т.б.
Машиналар мен құрал жабдықтарды шығарушы кәсіпорындар немесе сауда
фирмалары мен компаниялары, сонымен бірге жабдықтаушы-өткізуші ұйымдар
мүлікті сатушы бола алады. Ал, лизинг беруші меншік нысанына байланыссыз
лизингтік қызметпен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады.
Осыған орай, лизинг берушілердің төрт негізгі типін анықтауға
болады:
1. Тәуелсіз лизингтік компаниялары;
2. Банктермен байланысты фирмалар және банктердің әдістері;
3. Құрал-жабдықтарды шығарушы фирмалардың лизингтік фирмалары;
4. Инвестициялау үшін қажетті қаржы ресурстары бар өзге де лизинг
берушілер, мысалы, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары.
Лизинг алушы кез келген меншік нысанындағы өндірістік және сауда
кәсіпорындары, коммерциялық емес ұйымдар мен халық болуы мүмкін.Лизинг
алушы қандай заңды немесе жеке тұлға екеніне және лизинг объектісі қандай
мақсаттарға пайдалатындығына байланысты кәсіпкерләк лизинг және тұтынушылық
лизинг болып бөлінеді.Кәсіпкерлік лизинг коммециялық ұйымдармен байланысты.
Көптеген елдердің заң актілерінде, соның ішінде Қазақстан Республикасының
да заң актілерінде лизинг тек қана кәсіпкерлік қызметпен ғана байланысты.
Қазақстан Республикасының қаржылық лизинг туралы заңында былай
делінеді: ғимараттар, құрылыстар, машиналар, құрал-жабдықтар, инвентарь,
транспорт құралдары, жер учаскелері және де басқа да пайдаланылмайтын
заттар лизинг объектісі бола алады.
Лизинг объектісі ретінде кез келген көп және ұзақ пайдаланатын
тауар, соның ішінде жұмыс күші де қарастырылады.
Келісім шартта мәміле мерзөімін көрсету әдісі бойынша лизинг былайша
жіктелінеді:
1. Нақты мерзімді көрсетумен;
2. Шекті мерзімді көрсетумен(амортизациялық кезеңге %-пен);
Шекті мерзімді минималды мерзім ретінде немесе құрал-жабдықтар мен
машиналар амортизациясымен максималды не минималды шек шеңберіндегі кезең
ретінде қойылуы мүмкін.
Ауқымымен сомасына қарай лизингтік мәмілелердің түрлері келесідей:
1. Кіші ауқым
2. Орта ауқымды
3. Ірі ауқымды
Лизинг берушінің қосымша құралдарды тарту дәрежесіне қарай қосымша
құралдарды тарту мен лизинг және оларды тартусыз лизинг. Ал, лизинг
берушінің пайдаланылған қзіндік жіне қарыз құралдардың ара қатынасына қарай
лизинг:
1. Тек өзіндік құралдарды пайдаланумен;
2. Өзіндік және арыз құралдарын пайдаланумен;
3. Тек қарыз құралдарын(шетел несиелері).
Қәзіргі кезде лизинг компанияларының ресурстарының 75% банктік несие
алып жатыр. Ал мемлекет, өз кезегінде, лизингтік компаниялардың қарыз
құралдарын пайдалану үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Сөйтіп тәжірибе көрсеткендей, лизинг компаниялары қызметінің кәлемі
мен тиімділігі банк қорларына қол жетерлікке тікелей байланысты. Бірақта
қарыз қорларын пайдаланудың да шегі болады. Мысалы, банк несиесінің
қымбаттау лизинг компанияларының рентабельділігін төмендетеді, өйткені бұл
рентабельдік лизинг төлемдер сомасы мен берешектің өтеу жөніндегі төлемдер
сомасы арасындағы қатынасқа тәуелді болып келеді.

3. Лизингтің жіктелуі және түрлері.

Мүліктік өтемділік дәрежесіне байланысты лизинг түрлері:
1. Толық өтемділігі бар лизинг, бұл кезде бір келісім шарттың әрекеті
барысында лизинг берушіге жалға алынған мүлкі үшін құнының толық төленуі
орын алады;
2. Толық емес өтемділігі бар лизинг, яғни бір келісімшарттың әрекеті
барысында лизинг берушіге жалға алынған мүлкі үшін құнының бір бөлігі
төленуі.
Амортизация талаптарына байланысты лизинг:
1.Амортизациясы толық лизинг және сәйкесінше лизинг объектісі құнының
толық төленуі;
2. Амортизациясы толық емес лизинг, яғни сәйкесінше лизинг объектісі
құнының бөліктеп төленуі.
Жоғарыда айтылған классификация белгілеріне сәйкес, ал олар бір-бірімен
ажырамайтын, келесідей лизинг түрлерін айқындауға болады:
1. Қаржылық лизинг (finance leasing)-толық өтемділігі бар және
амортизациясы толық лизинг(full-payout lease) болып табылады.

Сурет 4. Лизинг мәмілесіне қатысушылардың (субъект) саны мен құрамына
байланысты лизингтің түрлері.

Лизинг операциясының маңызды сипаттамасы-мәміле мерзімі. Мәміле
ұзақтығына байланысты лизингті келесідей бөледі:
1. Қысқа мерзімді(1 жылдан 3 жылға дейін);
2. Орта мерзімді (3 жылдан 10 жылға дейін);
3. Ұзақ мерзімді(10 жылдан 20 жылға дейін).
Бұл лизингтің кері келісім шарт барысында лизинг берушіөзіне мүліктңғ
толық құнының қайтарып алған және лизинг операциясынан пайда тапқан
жағдайда орын алады. Қаржылық лизинг кезінде құрал-жабдықтардың уақытша
пайдалануға берілетін мерзімі оның толық амортизациясымен сәйкес келеді.
2. Жедел лизинг (operative leasing non) кезінде келісім шарт мерзімі
мүліктің қызмет етуінің экономикалық мерзімінен қысқа болып
келеді. Ал жедел лизингтің объектісі-ол моральдық тозу қарқыны
жоғары болып келеді.
Жедел лизинг кезінде мүліктік құнын бөліктеп төлеу орын алады, яғни
лизинг беруші осы келісім шарт барысында жабдық құнының тек бөлігін ғана
өтейді, сондықтан ол осы жабдықты бірнеше рет әртүрлі пайдаланушыларға
уақытша пайдалануға беруге мәжбүр болады.
Жедел лизинг кезінде лизинг берушінің лизинг объектісінің оған деген
сұраныстың болмауы кезінде ұалдық құнын өтеу жөніндегі тәуекелі өсіп
отырады.
Әртүрлі мүлік түрлері бойынша қолданылатын амортизацияны есептеу
әдістеріне қарай лизингті былайша жіктейміз:
1. Амортизациясы бір қалыпты лизинг;
2. Жылдамдатылған амортизациясы бар лизинг;
3. Арнаулы және еркән амортизациясы бар лизинг.
Лизингке берілетін мүлікке қызмет көрсету көлеміне қарй лизингтің
түрлері:
1. Таза лизинг, яғни лизинг беруші өз мойнына берілетін мүлік
жөніндегі барлық қызметті алған кездегі лизинг;
2. Толық қызметтер жиыны бар лизинг, бұл кезде лизинг берушіге
мүлікке қызмет көрсетудің барлық функциялары жүктелген;
3. Толық емес қызметтер жиыны бар лизинг, бұл кезде лизинг
берушілерге тек кейбір функциялар жүктелген.
Соңғы жағдайда мүлікке қызмет көрсету жөніндегі қызметтер лизинг
беруші, лизинг алушы, өндіруші және басқа да арнаулы ұйымдары арасында
бөлінеді.
Лизинг операциялары жүргізілетін нарық секторына байланысты лизинг
былай жіктелінеді:
1. Ішкі лизинг, онда лизинг мәмілесінің барлық қатысушылары бір
мемлекеттен болады;
2. Сыртқы лизинг, яғни бір немесе барлық тараптар әр елдер өкілдері
болған жағдайда.
Сыртқы лизинг, өз кезегінде, экспорттық, импорттық және транзиттік
лизинг болып бөлінеді. Экспорттық лизинг кезінде шетел лизинг алушы,
импорттық лизингте-лизинг беруші, ал транзиттік лизинг кезінде мүлікті
өндіруші, лизинг алушы мен лизинг беруші әр елдерде орналасады.
Салықтық және басқа да жеңілдіктерге қатысы бойынша лизинг былай
ажыратылады:
1. Амортизациялық және салықтық жеңілдіктері бар лизинг;
2. Кедендік жеңілдіктері бар лизинг;
3. Салық және басқа да жеңілдіктері жоқ лизинг.
Лизинг төлемдерінің сипаты жағынан лизингтің түрлері келесідей:
1. Ақша төлемі бар лизинг, яғни барлық төлемдер ақшалай нысанда
жүргізіледі;
2. Өтем төлемдері бар лизинг, бұл жерде төлемдер осы машиналар,
станоктарда жасалған тауарды жеткізу нысанында немесе кездеспе
қызмет көрсету нысанында жүргізу орын алады;
3. Аралас төлемі бар лизинг, яғни жоғарыда аталған төлеу
нысандарының кейбір элементтері біріктірілетін лизинг.
Лизинг мәмілесінде опционның бар болуы дәрежесіне қарай лизинг
төмендегідей жіктеледі:
1. Опционсыз;
2. Опционды.
Базистік жыл барысында келісім шартты бұзу мүмкіндігіне қарай лизинг
түрлері:
1. Келісімді бұзу құқысыз;
2. Келісімді бұзу құқығы бар.
Ал келісімді бұзу құқығы бар лизинг өз кезегінде былай ажыратылады:
1. Кез келген уақытта;
2. Белгілі талаптарды сақтау кезінде;
3. Келісімде келісілген талаптардың сақталмауы.
Соңғы уақытта көптеген авторлар лизинг операцияларының негізгі түрлері
ретінде жедел және қаржылық лизингті қарастырады. Ал кейбір авторлар болса,
мысалы В. Перов лизинг операцияларының бірнеше түрлерін көрсетеді. Олар:
1. Қаржылық, капиталды немесе тура лизинг;
2. Жедел немесе қызмет лизинг;
3. Қайтармалы лизинг.
Ал басқа авторлар лизинг операцияларының негізгі типтері ретінде
мыналарды қарастырады:
1. Қаржылық лизинг;
2. Жедел лизинг;
3. Қайтармалы лизинг;
4. Леверидж лизинг.
Жедел лизинг-бұл жал төлемдері арқылы жабдық құнының тек бөлігі ғана
амортизацияланатын қысқа және орта мерзімді мәміле. Жедел лизинг арқылы
әкелінетін жабдықтар жалгер балансында көрсетілмейді.
Жедел лизингке келесі белгілер тән:
1. Лизинг беруші өзінің барлық шығынын тек бір лизинг алушы есебінен
өтеуден бас тартады;
2. Лизинг келісім шарты 2-5 жылға жасалады, яғни ол жабдықтың
физикалық тозу мерзімінен аз және де лизинг алушы оны кез келген
уақытта бұзуы мүмкін;
3. Объектінің жоғалу немесе бұзылу тәуекелі негізінен лизинг
берушінің мойнында;
4. Лизинг төлемдерінің мөлшірлемесі қаржы лизингке қарағанда жоғары
болып келеді;
5. Ең танымал машиналар мен жабдықтар түрі лизинг объектісі болады.
Жедел лизинг бойынша лизинг компаниясы жабдықты, жалгерді білмей тұрып,
ертерек алады. Сондықтан да лизинг компаниялары инвестициялық тауарлар
нарығының конъюктурасын білу керек.
Қаржылық лизинг-жалгер жабдықты толық мерзім бойы немесе мүліктің
өмірлік циклінің көп бөлігін пайдаланады.Жалгердің мойнында техникалық
жабдықтау, салық төлеу мен сақтандыру жөніндегі жауапкершілік жатыр.
Қаржылық лизинг келесі белгілермен сипатталады:
1. Үшінші тараптың қатысуы(өндіруші немесе жеткізуші);
2. Жылдың негізгі мерзімі барысында келісімшартты бұза алмауы;
3. Лизингтік келісімнің ұзақ мерзімі ( объектінің қызмет ету мерзіміне
жақын);
4. Қаржылық лизинг кезіндегі мәміле объектісінің жоғарғы құны.
Келісім бекіткеннен кейін лизинг алушы:
1. Қалдық құны бойынша мәміле объектісін сатып ала алады;
2. Жаңа келісім шартқа жеңілдік құны бойынша отыра алады;
3. Лизинг компаниясына объектті қайтара алады.
Жедел және қаржылық лизинг лизинг ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лизинг алушының гарантиялары
Лизингтік келісім шарттық мерзімі
Лизингтік операциялар туралы ақпарат
Лизинг шартының орындалу тәртібі
ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДА ЛИЗИНГТІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Коммерциялық банктердің лизингтік қызметінің тиімділігі
Лизингтің экономикадағы мәні мен мазмұны туралы
Тәуелсіз лизингтік компаниялары
Кәсіпкерлік қызметтегі лизинг операцияларын дамыту жолдары
Лизингтік қатынастар туралы
Пәндер