Әлемнің ірі мұражайлары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Күні:

Пәні: Дүниежүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: Әлемнің ірі мұражайлары

Мемлекеттік Эрмитаж - Санкт-Петербургте орналасқан Ресейдегі және дүниежүзіндегі ең ірі көркемсурет пен мәдени тарихи мұаражайлардың бірі. Мұражай өз тарихын император ІІ Екатеринаның өзі жеке сатып алған өнер туындыларының жеке жинағы ретінде 1764 жылдан бастайды. Олардың ішінде Рембрандт, Рубенс, Венн, Дейк, Франьс Хальс сияқты шеберлердің еңбектері болатын.

ХІХ ғасырдың ортасына дейін мұражайға тек таңдаулылар ғана келе алды. Эрмитаж көпшілік үшін І Николай император кезінде, 1852 жылы арнайы салынған Жаңа Эрмитаждың ғимараты ғана ашық болатын. Ол антикалық және ортағасырлық мәдениет, Еуропа өнері ескерткіштерінің, Азия археологиялық және көркемөнер, орыс мәдениеті ескерткіштерінің жинақтамаларына бай болып саналады.

1917 жылғы революциядан кейін Эрмитаж елеулі өзгерістерге ие болды. Ол мемлекет қарамағына алынған коллекциялар мен көркемөнер академиясы жинағының есебінен байытылды. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан Соғысы кезінде Эрмитаж жинағының негізгі бөлігі Оралға эвакуацияланды. Соғыс аяқталғаннан кейін Эрмитажға Берлин мұражайынан жәдігерлер келіп түсті.

Кеңес уақытынан соң, Эрмитаж ХХ ғасыр өнері жинағындағы олқылықтардың орнын толтыра бастады. 1990 жылдардың соңында Утрилло Руо, Сутиннің және басқа авторлардың бұрын Ресей мұражайларында көрсетілмеген еңбектері сатып алынды. Заманауи Эрмитаж күрделі мұражайлық кешен болып табылады. Мұражай жинақтамасы тас ғасырынан бастап дүниежүзі мәдениетінің 3 млн-дай ескерткіштері мен өнер шығараларын қамтиды.

Лувр мұражайы - дүниежүзіндегі аса ірі және ең танымал көркемсурет мұражайы. Мұражай Париждің орталығында орналасқан. Лувр - Капетингтер әулетінен бастап Францияның көркемсурет және тарихи коллекциялары жинақтаудың ең көне мұражайларының бірі. Онда антикалық, ежелгі шығыс, батыс және шығыс өнерінің коллекциялары жинақталған.

Лувр мұражайының қоры алғашқы кезде І Франциск («Джокондо» мен Леонардо да Винчидің басқа да картиналары) және ХІV Людовик жинаған корольдық коллекциялар есебінен толықтырылды. Мұражай есігі көпшілік үшін бірінші рет 1793 жылы 10 тамызда, революция кезінде ашылды. Мұражай жинағына біртіндеп корольдық коллекцияның неғұрлым бағалы картиналары берілді. Көптеген мүсіндік шығармалар, Фрнцуз мүсін өнері мұражайынан және революция кезеңінде мүлікті тәркілеуден кейін келді. Наполеондық соғыстар кезеңіндегі луврлық коллекция соғыс олжаларымен Таяу Шығыстан табылған археологиялық ескерткіштермен толықты. ХІХ және ХХ ғасырларда мұражай коллекциясы көптеген сатып алынған және сыйлықтар нәтижесінде толықтырылды.

Мұражайдың ең белгілі мүсіндері - 1820 жылы табылған және сол кезде Франция елшісінің түрік үкіметінен алған «Милостық Венера» мен 1863 жылы Самотраки аралынан табылған «Самофракиялық Ника». Лувр коллекциялары әртүрлі өркениеттер, мәдениеттер мен дәуірлер өнерлерінің ең үздік туындыларын сақтайды. Мұражайда 300 000-ға жуық жәдігер бар, олардан тек 35 000-ы ғана залдарға қойылады. Лувр жәдігерлері мынадай коллекцияларға бөлінген: Ежелгі Шығыс, Ежелгі Египет, Ежелгі Грекия, Этрурия, Рим, ислам өнері, мүсін өнері, өнер заттары, бейнелеу өнері, кескіндік өнер.

Британдық мұражай - Ұлыбританияның басты тарихи-археологиялық мұражайы. Бұл, келушілердің саны бойынша, луврдан кейінгі екінші мұражай. Ол Лондонда Блумсбери ауданында орналасқан.

Британдық мұражай 1753 жылы үш коллекция - белгілі натуралист Хэнс Слоунның, граф Роберт Харлидің, сондай-ақ антиквар Роберт Коттонның коллекциялары негізінде құрылды. Мұражай құру Британ парламентінің актісімен бекітілді. Британдық мұражай ХІХ ғасырда жедел өсті. Жинақтар бөлімдерге бөлінді нумизматикалық бөлімге: мұнда әртүрлі елдер мен дәуірлердің монеталары мен медальдары жинақталды. Виктория ханым кезінде зоологиялық, ботаникалық, геологиялық және минераолгиялық бөлімдер жаратылыстанудың ерекше мұражайы болып бөлініп, 1845 жылы Оңтүстік Кенсингтонға ауыстырылды.

Британдық мұражай жәдігерлері: Ежелгі Египет және Нубия, Ежелгі Шығыс, Шығыс және Оңтүстік Азия, Африка, Месоамерика, Мұхиттық аралдар, Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим, Ұлыбритания және құрлықтық Еуропа, кескіндеу мен гравюра жинақтамаларына бөлінген.

Метрополитен мұражайы - дүниежүзіндегі ең ірі және келушілер жағына 4-орынды иеленетін көркемсурет мұражайы. Ол Нью-Йоркте орналасқан. Мұражай демеушілер мен сыйлық жасаушылардың қаражатымен, аздап мемлекеттік қолдау көрсетілумен жұмыс істеуде. Оның негізін 1870 жылы америкалық кәсіпкерлер мен өнерді қадірлеушілер тобы қалады. Көпшілік үшін 1872 жылы ашылды. Мұражай негізінен үш жекеменшік коллекция - еуропалық кескіндеменің 174 шығармасы қалады, олардың ішінде Хальс, Ван Дейктің, Тьеполо мен Пуссен шағармалары болды.

Бүгінгі күні тұрақты коллекцияда өнердің 2 млн-нан астам туындылары бар. Метрополитенде Египет өнерінің толық жинағы деп есептеледі. Қазіргі уақытта мұражайда Америкалық сәндік кескіндеме мен мүсін өнері, Ежелгі Таяушығыстық өнер, қару-жарақтар мен сауыт-саймандар, Африка өнері, Мұхиттық аралдар мен Америка өнері, азия өнері, суреттер мен метографиялар, еуропалық кескіндеме, еуропалық мүсін және сәндік өнері, ислам өнері, ортағасырлық өнер, қазіргі заман өнері, музықалық аспаптар, фотосуреттер, кітапхана, ортағасырлық галерия бөлімдері жұмыс істейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы мұражай тарихы
Мұражайдың шығу тарихы
Мұра-жайлардың жіктелуіне тоқталу, Қазақстандағы алғашқы мұражайларды анықтау
Мұражайтану ғылыми пән ретінде
Интерактивті тарихи мұражайды жобалау
Еуропадағы дүние жүзіне әйгілі саябақтар
Балалар мұражайлары
Мемлекеттік туристік органдар
Аюсай туристер орталығы
Геологиялық барлау институты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz