Әлихан Бөкейханов (1866-1937): Алаш қайраткері, ғалым және саяси көшбасшы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: «Алаштың ұлы көсемі - Әлихан Бөкейханов»

Сыныбы: 7

Мақсаты: Алаш арыстарының бірі Әлихан Бөкейхан туралы оқушыларға қосымша мағлұмат беріп, оқушылардың бойына адамгершілік, патриоттық сезім ұялату, Әлихан Бөкейхан бейнесін ашу.

Сабақ барысы:

Кіріспе бөлім: “ Ә. Бөкейхановтың өмір жолы” мәлімет оқу, видео ролик көру

Негізгі бөлім:

  1. Алаш орда
  2. “Сұрақ-жауап” ойыны
  3. Сөзжұмбақ

Қорытынды: Әлихан Бөкейханов- қазақтың ұлы тұлғасы, алаш қайраткері.

Әлихан Нұрмұхамбетұлы Бөкейхан - адамзат баласының тарихында сирек кездесетін тұлға. Әлихан- төрткүл дүниені дүр сілкіндіріп өткен Шыңғыс ханның 23-ші ұрпағы-Төре тұқымынан бола тұра, Қасым хан, Абылай хан, Бөкей хан, Кенесары сынды халық ақ киізге көтеріп, хан тағына отырған емес- оның заманы өтіп кетті. Қазақ халқының тарихында Шыңғыс ханның кейінгі ұрпақтары қарама-қайшы- екіұшты рөл атқарды: бір жағынан, алғашқы кезеңде олар көшпелі ру-тайпалардың бірігіп, жаңа және қуатты қазақ мемлекетінің құрылуына ұйытқы болса, екінші жағынан- олардың билік үшін ішкі күрес-тартысы салдарынан «қазақ»этнонимді құрағанымен де, бірегей халық, ұлт болып толық пісіп-жетілмеген халықтың Орта, Ұлы, Кіші жүздер ретінде «үштік одаққа»бөлініп бытырауына түрткі болып, ақыр соңында бірінің соңынан бірін орыс империясының отарлығына душар етті. Міне, соңғы жайтты терең зерттеп білген Әлихан: «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!»-деп ертеден-ақ халқы алдында серт беріп, сол сертіне ақырғы демі біткенше адал болып өтті. Бірақ өзінің шыққан тегін мақтан тұтты, шыққан тегінің абырой-намысын көзінің қарашығындай қорғады және атақты хан-сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де шексіз қызмет етуді, Алашына қамқор болуды өзінің өтпес-өтелмес борышы, ер-азаматтық парызы санады.

№1кезең: Әлихан Бөкейхан өмірі

https://youtu. be/9yEmXr4Uhss видеоролик көру.

№2 кезең:

1. Әлихан Бөкейханов өмір сүрген

жылдар? (1866-1937)

2. Әлихан Бөкейханов кім және қазақ халқына қандай үлес қосты? (қазақтың мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы)

3. Ә. Бөкейхановтың қай жердің тумасы? (Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі)

4. Әлиханның қанша жасында және кім Қарқаралыдағы медресеге береді? (9 жасында әкесі)

5. « Хан баласында қазақтың хақысы бар еді, тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген сөздерді кім айтқан?(Ә. Бөкейханов)

6. Қандай мамандық бойын кәсіптік училищені бітіреді? (етікші мамандығы бойынша)

7. Генерал Калпаковский училищедегі балаларды сынау үшін қандай сұрақ қояды? ( Қарқаралы мен Омбы 760 шақырым. Осы екі арада өткен әуескі дөңгелегі неше рет айналды?)

8. Генерал Калпаковский Әлиханды қай жерге оқуға жібереді? (Омбы техникалық училищеге жібереді)

9. Әлихан жылына қанша сом стипендия алған? (200 сом)

10. Әлихан қандай факультеттерді бітіреді? (Заң және Орман факультетерін)

11. Қай жылы Ташкентте тұңғыш институттын негізін қалады? (1918 ж. )

12. Неліктен Әлихан Бөкейхановтың есімі қазақ тарихында алтынмен жазылды?

Әлихан Бөкейханов- көшпелі өркениеттің ұлттық салт-дәстүр мен мәдениеттің негізін сақтай отырып, алдына батыс өркениетінің үлгісі бойынша қазақ қоғамын түбегейлі қайта құрып дамыту, жетілдіру арқылы отарлық бұғауынан азат ету мақсатын қойған реформашыл тобын баулып өсірді әрі оның бүкіл халық мойындаған рухани жетекшісі болды. Ғылыми дәрежесі, ресми ғылыми атағы болмаса да, қазақтың білгір де тәжірибелі «өлкетанушы ғалымы»деген мәртебелі атағы бар Әлихан Бөкейхан Кеңес үкіметі тұсында КСРО Ғылым академиясына Қазақстан бойынша ғылыми сарапшы ретінде жұмысқа тартылып, Қазақстанға жіберілген ең бірінші антропологиялық экспедицияның жұмысына белсенді атсалысты. патша заманында да, Кеңес өкіметі дәуірінде де Қазақ өлкесі және қазақ өнері мен мәдениеті туралы талай құнды ғылыми-танымдық еңбекке кеңесші болды.

Қорытынды кезең.

Ә. Н. Бөкейханның қазіргі қазақ әдебиеті тарихында қалдырған бірден-бір өшпес ізі- ұлы, кемеңгер ақын, ағартушы Абай туралы жазып қалдырған еңбегі. Ұлт әдебиетінің өз алдына жеке бір саласы-әдеби сынның іргесін қалап кеткен еңбегі және қазақ ауыз әдебиетінің теңдессіз үлгілерін жинақтап, өңдеп бастырған және зерттеуге қосқан үлесі де зор.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлихан Бөкейханов: Алаш көсемі, ғалым және репрессия құрбаны (1866-1937)
Әлихан Бөкейханов (1866-1937): өмірбаяны және Алаш қозғалысындағы саяси қызметі
Әлихан Бөкейхан (1866-1937) - ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов (1866-1937): өмірі, Алаш қозғалысы және ғылыми мұрасы
Әлихан Бөкейханов (1866-1937) және Алаш: ұлттық тәуелсіздік жолындағы саяси-қоғамдық және ғылыми қызметі
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов (1866-1937): өмірбаяны, қоғамдық-саяси және ғылыми қызметі
Әлихан Бөкейханов (1866-1937): Алаш қозғалысының жетекшісі және Алашорда үкіметінің төрағасы
Әлихан Бөкейханов: Алашорда төрағасы, қоғам қайраткері және ғұлама ғалым
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1870-1937): Алаш қозғалысының көсемі, қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866-1937): Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда төрағасы және қоғамдық-саяси қайраткер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz