Қаржы ресурстарының көзі


ЖОСПАР
Кіріспе2
І. Кәсіпорынның қаржы ресурстарының құрамы3
1. 1. Кәсіпорынның қаржы ресурстарының мәні, құрамы мен құрылымы3
1. 2 Қаржы ресурстарын қалыптастыру көздері6
2. Кәсіпорынның қаражат көздерімен қамтамасыз етілуін талдау12
2. 1 Кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыру деңгейін талдау12
2. 2 Кәсіпорынның сыртқы қаражат көздерін талдау15
2. 3 Қаражат көздерінің оңтайлы құрылымын қалыптастыру17
3. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру жолдары20
3. 1 Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыпастыру мәселелері20
3. 2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыруды оңтайлы әдістерді пайдалану негізінде жетілдіру24
Қорытынды32
Әдебиеттер тізімі34
Кіріспе
Қаржы ресурстары мен капитал кәсіпорын қаржысын зерттеудің басты объектісі болып табылады. Реттелінбелі нарық жағдайында финансист үшін объекті болып табылатын және ол фирманың жаңа табыстарына қол жеткізу мақсатында үнемі ықпал етіп отыратын «капитал» түсінігі жиі қолданылады. Осылайша, капитал - бұл фирманың айналымға салынған және осыдан фирмаға табыс келетін қаржы ресурстарының бір бөлігі. Ондай болса капитал қаржы ресурстарының өзгерген түрі болып табылады. Қаржы ресурстарының бастапқы қалыптасуы жарғылық капитал жасалынған (акционерлік немесе қоймалық капитал) кәсіпорынның құрылу сәтінде жүзеге асады. Жарғылық капитал - бұл құрылтайшылардың салымдары есебінен қалыптасқан кәсіпорынның мүлкі. Жарғылық капиталдың қалыптасуы ақша қаражаттарының қосымша көзі - эмиссиялық табысты құрумен қатар жүруі мүмкін. Өзін-өзі қаржыландыру дегеніміз кәсіпорынның өз қызметін қаражат көздерінің ішкі көздерімен қаржыландыруы болып табылады. Біз білетіндей, ішкі қаражат көздеріне кәсіпорынның табысы мен амортизациялық аударымдар жатады. Алайда, кәсіпорын барлық жағдайда өзін меншікті қаражат көздерімен қамтамасыз ете алмайды, сол себепті қарыз қаражаттар тартуына тура келеді. Өзін-өзі қаржыландыру процессінің рентабельділігі меншікті қаражаттарды қолданудың рентабельділігі болып табылады. Бұл көрсеткіш өндіріске салынған меншікті қаражаттардың бір теңгесіне келетін таза табыстың шамасын көрсетеді. Нарықтық жағдайларда кәсіпорын қызметі негізінен алғанда өзін-өзі қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Тек меншікті қаражат көздері жетіспеушілігі жағдайларында ғана кәсіпорындар сыртқы қаражат көздерінің көмегіне жүгінеді. Мұндай жағдайларда кәсіпорынның қарыз қаражат көздерінен тәуелсіздігі ерекше маңызға ие болады, дегенмен де қарыз қаражаттарсыз кәсіпкерлікпен айналысу тіпті мүмкін емес. Кез-келген кәсіпорын қызмет ету барысында өзінің өндірістік процесін тек меншікті қаражат көздері арқылы қаржыландырып қана қоймай, сонымен қатар қарыз қаражаттар тартуға да мәжбүр болады. Бұл кәсіпорындардың өзінің өндірістік қабілетін, акционерлердің игілік жағдайын, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын арттыруға ұмтылатындығымен түсіндіріледі. Осы орайда қаражат көздерінің кәсіпорын үшін оңтайлы құрылымы қандай болу керек деген сұрақ туындайды.
Бұл жағдайда, Модельяни-Миллер теориясының жақтаушыларының пікірінше, капитал құны барлық жағдайларда кәсіпорындарға жеке тұлғалары берген несиелер арқылы реттеледі.
Аталған екі әдістің басты ерекшеліктері: біріншісі нақты есептеу және жоспарлау жұмыстарын қажет етеді, ал екіншісі тек қаржы нарығында қалыптасқан жағдайларға сүйенуді ұсынады. Екі әдістің қолдану мүмкіндіктері бірдей, себебі қаражат көздерінің оңтайлы құрылымын қалыптастыру қаржы нарығының қазіргі жағдайын ескере отырып, талдау, есептеу және жоспарлау жұмыстарын қатар жүргізуді қажет етеді.
І. Кәсіпорынның қаржы ресурстарының құрамы
1. 1. Кәсіпорынның қаржы ресурстарының мәні, құрамы мен құрылымы
Қаржы ресурстары мен капитал кәсіпорын қаржысын зерттеудің басты объектісі болып табылады. Реттелінбелі нарық жағдайында финансист үшін объекті болып табылатын және ол фирманың жаңа табыстарына қол жеткізу мақсатында үнемі ықпал етіп отыратын «капитал» түсінігі жиі қолданылады. Осылайша, капитал - бұл фирманың айналымға салынған және осыдан фирмаға табыс келетін қаржы ресурстарының бір бөлігі. Ондай болса капитал қаржы ресурстарының өзгерген түрі болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық ресурстары - қаржылық міндеттерді орындау және ұдайы өндірірісті кеңейту шығындарына арналған пайда және сырттан келетін түсімдер түріндегі ақша қаражатының бір бөлігі (1. 1-кесте) .
1. 1-кесте Кәсіпорынның қаржылық ресурстары
1. 1. Амортизация
1. 2. Жалпы пайда
1. 2. 1. Қызмет тауарларын өткізуден түскен пайда (кәсіпкерлік табыс)
1. 2. 2. Басқа өткізулерден түскен пайда
1. 2. 3. Өткізуге жатпайтын нәтижелердің (табыстардың) айырымы
1. 2. 4. Резервтік қор
Өткізуден түскен пайда
Өткізуден түскен пайда
Басқа өткізулерден түскен табыс
Өткізуден түскен табыс
Жалпы пайда
Өзіндік құн
Өзіндік құн немесе таза пайда
Егер аморизациялық қор құрылмаса, амортизация пайдамен «қосылады»
Оның ішінде бағалы қағаздарды сатудан. Оның ішінде бағалы қағаздар мен банк депозиттерінен түскен табыс
Жарғылық капиталдың белгіленген пайыздары
Егер 1996 жылдан бастап ол өткізу көлемінің 1% көлемінде бөлінген болса, егер көзі - өзіндік құн болса
2. Қарыздық
2. 1. Банк несиесі
2. 2. Басқа қаржы институтының несиесі
2. 3. Бюджеттік несие
2. 4. Коммерциялық несие
2. 5. Үнемі айналымда болатын кредиторлық борыш
2. 6. Басқалар
Тиісті инвесторлардың ресурстары
Сол секілді
Сол секілді
Сол секілді
Сол секілді
Сол секілді
Оның ішінде өзіндікке теңестіру (тұрақты пассивтер), ссудаларды, дебиторлық борышты қайтару,
Оның ішінде - лизинг
Оның ішінде салықты төлеу мерзімін ұзарту
Оның ішінде төлемді, сонымен бірге вексельдік несиенінің мерзімін ұзарту
3. Тартылған
3. 1. Ағымдағы және инвестициялық қызметке үлестік қатысу қаражаттары
3. 2. Бағалы қағаздарды шығарудан түсетін қаражат
3. 3. Еңбек ұжымының, заңды және жеке тұлғалардың жарналық және басқа да салымдары
3. 4. Сақтандыру төлемдері
3. 5. Франчайзинг, селенг, жалға алу және т. б. бойынша алынған түсімдер
Тиісті инвесторлардың ресурстары
Сол секілді
Сол секілді
Сол секілді
Сол секілді
Басқа кәсіпорындардың немесе жергілікті бюджеттен не қорлардың қаражаттары болуы мүмкін
Табыстарды минустау
Жаңадан құрылған фирма үшін - бұл өзіндік қаражаттар
Сақтандыру жағдайын туындағына немесе (зейнетақылық сақтандыру жағдайында) сақтандыру мезімі келген кезде
Оның ішінде қайырымдылық, демеулік көмек және т. б.
Оның ішінде дотация, субвенция, алдын ала төлемдерді қайтару, экологиялық және басқа да апат аймақтарындағы унитарлық кәсіпорындарға инвестициялар салу және т. б.
Алынған көзі - Коваль В. В. «Финансовый анализ»
Қаржы ресурстарының бастапқы қалыптасуы жарғылық капитал жасалынған (акционерлік немесе қоймалық капитал) кәсіпорынның құрылу сәтінде жүзеге асады. Жарғылық капитал - бұл құрылтайшылардың салымдары есебінен қалыптасқан кәсіпорынның мүлкі. Жарғылық капиталдың қалыптасуы ақша қаражаттарының қосымша көзі - эмиссиялық табысты құрумен қатар жүруі мүмкін. Бұл қайнар көз бастапқы шығарылған акциялар номиналдан жоғары бағамен сатылған жағдайда туындайды. Бұл ақша сомалары алынған кезде олар қосымша капиталға аударылады .
Осындай түсіндірмеде қаржы ресурстары мен кәсіпорын капиталының арасындағы принципиалды айырмашылықтар кез келген сәтте қаржы ресурстары кәсіпорын капиталынан жоғары немесе оған тең болатындығында. Оның үстіне бұл теңдік кәсіпорынның ешқандай қаржылық міндеттемелері жоқ және қолда бар барлық қаржы ресурстары айналымға салынғандығын білдіреді. Алайда, бұл капитал мөлшері қаржы ресурстарына неғұрлым жақындаған сайын кәсіпорын соғұрлым тиімдірек қызмет ететіндігін білдірмейді.
Нақты өмірде жұмыс істеп отырған кәсіпорынның қаржы ресурстары мен капиталы бір біріне тең болмайды. Қаржылық есептер қаржы ресурстары мен капитал арасындағы айырмашылықты көруге болмайтындай етіп құрылады. Себебі стандарттық есептерде қаржы ресурстары шын мәнісінде берілмейді, ал олардың өзгертілген түрі - міндеттемелер мен капитал болып табылады .
Қаржы ресурстарының түсінігінен пайда болуына қарай олар ішкі (өзіндік) және сыртқы (тартылған) болып бөлінеді. Өз кезегінде ішкі ресурстар нақты өмірде стандартық есептерде таза пайда және амортизация түрінде, ал өзгертілген түрі - кәсіпорын қызметкерлерінің алдындағы міндеттер түрінде беріледі. Ішкі немесе тартылған қаржы ресурстары да екі топқа: өзіндік және қарыз құралдарына бөлінеді. Оларды бұлайша бөлу сырттағы қатысушылардың фирманың осы кәсіпорнын дамытуға кәсіпкерлік не болмаса ссудалық капитал түрінде салынған капитал түрімен түсіндіріледі. Сәйкесінше кәсіпкерлік капитал салымдарының нәтижелері - тартылған өзіндік қаржы ресурстарының қалыптасуы, ссудалық капитал салымдарының нәтижесі - қарыз қаражаттары болып табылады (1-сурет) .
Өзіндік капиталдың құрылымы
1-сурет
Кәсіпкерлік капитал пайда табу және фирманы басқару құқықтарын алу мақсатында әр түрлі фирмаларға салынған (инвестицияланған) капитал болып табылады.
Ссудалық капитал - бұл қайтарымдылық және төлемділік шарттарымен қарызға берілген ақша капиталы. Кәсіпкерлік капиталға қарағанда ссудалық капитал фирмаға салынбайды, пайыздар алу мақсатында уақытша пайдалануға беріледі. Бизнестің бұл түрімен арнайы мамандандырылған несие-қаржы институттары (банктер, несие одақтары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар мен тағы басқалар) айналысады.
Нақты өмірде кәсіпкерлік және ссудалық капиталдар өзара тығыз байланысты. Қазіргі заманғы нарық шаруашылығы айтарлықтай диверсификацияланған, яғни қызмет түрлері бойынша да, кеңістікте де шоғырланған. Бүгінгі таңда диверсификация нарық шаруашылығын және оның құржылық жүйесінің тұрақтылығы мен беріктігін қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Бірақ диверсификацияны тереңдету қаржы ағындары мен капиталдың шиеленісуіне, қаржы тәжірибесінде арнайы құралдарды пайдалануды кеңейтуге сөзсіз алып келеді, ол кәсіпорынның қаржылық жұмысын айтарлықтай қиындатады.
1. 2 Қаржы ресурстарын қалыптастыру көздері
Қаржы ресурстарын қалыптастыру көздері: табыс, амортизация, бағалы қағаздарды шығару, несие беру және қаржылық лизинг.
Пайда жалпы мағынада кәсіпорын табысының оның шығындарынан асып түсуі ретінде түсінілетін кәсіпорын қызметінің ақырғы қаржылық нәтижесі болып табылады. Пайда - жалпы табысты алумен байланысты кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі көзі. Кәсіпорынның жалпы табысы - бұл материалдық шығындарды есептей отырып, яғни еңбекке ақы төлеу мен пайдадан тұратын өнімді өткізуден түсетін (жұмыстар, қызметтер) түсімдер (1. 2-кесте) .
1. 2-кесте Өзіндік құн, кәсіпорынның жалпы табысы мен пайдасының арасындағы байланыс
Өзіндік құн
Өткізуден түскен түсімдер
* Алынған көз: КовальВ. В. «Финансовый анализ»
Ақырғы қаржылық нәтижесі (пайда немесе зиян) өнімдерді (жұмыстар, қызметтерді) өткізудің қаржылық нәтижесінен, негізгі қорлар мен кәсіпорынның басқа мүлкінен және өткізуден тыс операциялар бойынша шығындар сомасына қысқартылған осы операциялардан алынған табыстан жинақталады.
Өнімді өткізуден (қызметтер, жұмыстан) түсетін пайда (зиян) ҚҚС мен акциздерді қоспастан қолданыстағы бағалармен және өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындармен бірге өткізуден алынған түсім арасындағы айырмашылық ретінде белгіленеді.
Экспорттау қызметімен айналысатын кәсіпорындар пайданы есептеу кезінде өнімді өткізуден түскен пайдадан экономикалық тарифтерді алып тастайды. Кәсіпорынның жалпы (жиынтық) пайдасының екінші құрамдас бөлігі - негізгі құралдар мен басқа мүлікті өткізуден түскен пайда болып табылады.
Жалпы пайданың үшінші бір құрамдас бөлігі - өткізумен байланысты емес операциялардан, яғни негізгі қызмет түрімен: мүлікті жалға беру, кәсіпорының бағалы қағаздары бойынша табыс алуы, төленген айыппұлдардан алынған айыппұлдар сомасының асып түсуі, бірлескен қызметтен алынатын пайда, есептік жылда белгіленген өткен жылдардың пайдасымен және т. б. тікелей байланысты емес операциялардан түсетін пайда болып табылады. Кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыру үшін өнімді өндіру мен өткізу көлемі резервтерінің артуын, өнімнің өзіндік құнының төмендеуін, пайданың өсуін анықтаудың маңызы ерекше.
Пайданы көбейту резервтерін іздестірудің негізгі бағыттарын белгілеу үшін оны алуға ықпал ететін факторлар әр түрлі белгілер бойынша жіктеледі. Сыртқы факторлар табиғат жағдайлары, бағаны, тарифтерді, пайыздарды, салық ставкалары мен жеңілдіктерді, айыппұл шараларын мемлекеттік реттеу және т. б. жатады. Бұл факторлар кәсіпорынның қызметіне байланысты болмайды, бірақ пайда көлеміне айтарлықтай әсер етеді.
Ішкі факторлар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістік факторлар еңбек заттары мен құралдарын, еңбек және қаржы ресурстарының болуы мен оларды пайдалануды білдіреді. Өз кезегінде олардың өздері экстенсивті және интенсивті факторларға бөлінеді. Экстенсивті факторлар пайданы алу процесіне сандық өлшемдер: еңбек заттары мен құралдарының, қаржы ресурстарының көлемі, құрал-жабдықтардың жұмыс істеу уақыты, қызметкерлердің саны, жұмыс уақытының қоры және т. б. арқылы ықпал етеді.
Интенсивті факторлар пайдану алу процесіне «сапалық» өлшемдер: құрал-жабдықтардың өнімділігі мен оның сапасы, материалдың алдыңғы қатарлы түрлерін пайдалану мен оларды өңдеу технологиясын жетілдіру, айналым құралдарының айналымдылығын күшейту, қызметкерлердің еңбек өнімділігі мен біліктілігін арттыруы, өнімнің еңбек пен материалды көп қажет етуін азайту, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және қаржы ресурстарын барынша тиімді пайдалану және т. б. арқылы ықпал етеді.
Өндірістік емес факторларға, мысалы, жабдықтау-тұрмыстық және табиғатты қорғау қызметтері, еңбек ету мен тұрмыстың әлеуметтік жағдайлары және т. б. жатады.
Кәсіпорын қаржы-экономикалық қызметті жүзеге асырған кезде бұл факторлардың барлығы өзара тығыз байланыста және өзара тәуелділікте болады. Өнімнің өзіндік құн мөлшеріне «тікелей» әсер ету, демек, пайда материалдық ресурстар қаншалықты тиімді және үнемді пайдалатындығымен байланысты болады - өйткені өзіндік құн құрылымындағы материалдық шығындар үлесі әдетте 60-90% арасында ауытқып отырады .
Пайда кәсіпорынның кеңейтілген өндіріс пен әлеуметтік даму жөніндегі шығындарды бөлуге арналған кәсіпорынның негізгі қаржылық ресурстарының бірі болып табылады.
Жалпы алғанда кәсіпорынның пайдасы жинақтау қорына, тұтыну қорына, резервтік қорға және құрылтайшылардың (акционерлердің) арасында таратуға бөлінеді. Жинақтау және тұтыну қорлары - бұл арнайы мақсаттағы қорлар. Олар құрылтай құжаттарында белгіленген жағдайда құрылады.
Жинақтау қоры өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорларды сатып алу мен салуға және қайтарымдық сипаттағы басқа да капиталдық салымдарға пайдаланылады. Жинақтау қорының бір бөлігі қайтарымсыз сипатта жұмсалады. Есеп айырысу шотының актив балансында есептелінген жұмсалынған ақша қаражатының орнына осы қаражатпен құрылған басқа мүліктің эквиваленттік құны пайда болады.
Сонымен бірге жинақтау қорының есебінен қайтарымсыз сипаттағы шығындар: ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, табиғатты қорғау шараларына, бағалы қағаздарды шығару және т. б. жұмсалатын шығындар қаржыландырылады. Тұтыну қоры қызметкерлерді әлеуметтік және материалдық ынталандыру: өндірістік қызметпен байланысты емес сыйақылар беру, сапар, емделу ақысын төлеу, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне арналған дәрі-дәрмектерге ақы төлеу үшін жұмсалады.
Резервтік қор табиғат апаты салдарынан болған күтпеген шығындар мен баланстық зиянды жабуға арналған. Ол Акционерлік қоғам, кооператив, шетел инвестициялары бар кәсіпорындар үшін міндетті болып келеді. Акционерлік қоғам резервтік қорға эммисиялық шығындарды, яғни акцияларды номиналдық құннан жоғары баға бойынша өткізуден алынған сату және номиналдық құнының арасындағы айырым сомасын да кіргізеді.
«Амортизация» термині сөзбе сөз мағынада негізгі қорлардың мәңгілігі, олардың тозуды өткере білу, қалпына келу қабілетін білдіреді.
Амортизация процесі негізгі қорлардың қызмет ету кезеңінде олардың құнын бөліктер бойынша өндірілетін өнім мен жұмсалған негізгі қорлардың орнын толтыру үшін осы құнды одан әрі пайдалануға өткізуді білдіреді. Амортизация - бұл шаруашылық иерархиясының барлық сатысындағы қарапайым және кеңейтілген өндіру мен ғылыми-техникалық дамудың маңызды кезі болып табылады.
Амортизациялық аударымдар (негізгі қорлар құнының белгілі бір пайызы) өнімнің өтуіне қарай амортизациялық қор деп аталатын арнайы қорда жинақталады. Бұл амортизациялық қор (жинақталған ақша сомасы) негізгі құралдардың тозған элементтерінің орнына жаңа заттық элементтерді сатып алуға жұмсалады, яғни негізгі қорлар қалпына келтіріледі.
Өнім құнына берілетін өлшем біріншіден, негізгі қорлардың бастапқы құнымен анықталады. Екіншіден, бұл өлшем негізгі құралдардың түрі ретінде белгіленеді, себебі, мысалы, өнеркәсіпте ғимараттың нормативтік қызмет ету мерзімі 30-50 жыл, ал машина мен құрал-жабдықтардың нормативтік қызмет ету мерзімі 3-5 жылдан 15-20 жылға дейін. Үшіншіден, өнімге берілетін негізгі қорлардың құн өлшемі өндірістің салалық ерекшеліктеріне де байланысты болады.
Амортизациялық аударымдар көлемі негізгі қорлардың нормативтік қызмет мерзімін есептей отырып, олардың бастапқы (баланстық) құнынан амортизация нормалары бойынша анықталады. Амортизация нормасы - негізгі қорлардың құнын жылына пайызбен қайтару болып табылады. Амотизацияны аударудың үш әдісі бар: теңдей есептеу (басымдық көрсетуші) ; орындалған жұмыс көлеміне; жылдамдатылған амортизация.
Қазақстан экономикасында, әдетте, тепе-тең (желілік) амортизация әдісі қолданылады, яғни жыл сайын өнімнің құнына негізгі қорлар құнының бірдей бөлігі енгізіледі.
Амортизацияны осылай есептеу әдісі өте қарапайым, көрнекі және белгілі бір дәрежеде құнды ауыстыру процесін ескереді.
Шаруашылық етудің маңызды әдістерінің бірі эмиссия, яғни бағалы қағаздарды шығару болып табылады. Бағалы қағаздарды шығаратын тұлғаның бастамасы және сол тұлғаның атынан әрекет ететін шаруашылық агенті эмитент деп аталады.
Бағалы қағаздар мынадай мақсаттарда шығарылады:
1) меншік белгілері бойынша кәсіпорын нысанының өзгеруі;
2) жаңа кәсіпорын құру және ол үшін қажетті капитал-ақша қаражаттарын тарту;
3) бағалы қағаздарды сату арқылы қосымша ақша қаражаттарын тарту.
Акция оның меншік иесінің кәсіпорының жиынтық капиталында өзінің үлесі бар екендігін және кәсіпорынның қызмет қорытыныдысына сәйкес акциялар бойынша бөлінетін кәсіпорнның белгілі бір бөлігіне құқығы бар екенін куәландырады. Бұл акциялар бойынша табыс бекітілген деген сөз.
Облигация оны сатып алушы эмитенттің кредиторы болғандығын куәландыратын несиелік куәлік болып табылады. Облигация иегері банктік пайызбен салыстырылатын облигациялар бойынша белгілі бір табыстарды алуға құқылы болады. Сондықтан да облигациялар бойынша табыс бекітілген сипатта болады, бірақ кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қорытындыларына тәуелді болмайды.
Акциялардың барлық иелері инвесторлар, кәсіпорын капиталына ақша қаражаттарын салушылар деп аталады. Олардың ішінде ішкі инвесторларды - Акционерлік қоғамның құрылтайшылары және сыртқы инвесторлар - Акционерлік қоғам акцияларын бағалы қағаздар нарығында сатып алушыларды ажыратады. Облигациялардың иелері инвесторлар болып табылмайды, олар Акционерлік қоғамның кредиторлары ғана.
Қарыздық қаржы ресурстарын тартудың негізгі әдісі банктер мен басқа заңды және жеке тұлғалардан несиелер алу болып табылады .
Кәсіпорын ақша қаражаттарының сыртқы көздерін пайдалана отырып, артық ақша қаражаттары бар және оларды тиісті шарттар бойынша (белгілі бір төлемақы үшін және белгілі бір мерзімге) беруге дайын басқа шаруашылық етуші субъектілерге - тікелей қаржыландыруға тікелей жүгіне алады не болмаса қаржылық делдалдардың қызметтерін пайдалана алады.
Қаржылық делдалдар көптеген субъектілердің артық ақша қаражаттарын жинауға (шоғырландыруға), оларды сақтауға (ағымдағы пайдалануды болдырмауға) және кәсіпкерлік қосымша саласына (яғни инвестициялауға) бағыттауға мүмкіндік береді.
Қаржы делдалдарының қарапайым мысалы банктер, қаржы компаниялары, инвестициялық және зейнетақы қорлары, сақтандыру қоғамдары бола алады. Қалыпты экономика қаржылық делдалдардың дамыған жүйесінсіз қызмет ете алмайды.
Кәсіпорын қызметін қаржыландыру құралдары оларды беру қажеттілігі мен мерзімдеріне қарай ұзақ және қысқа мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімді қаржаттар кәсіпорынның ағымдағы қажеттіліктерін жабуға (ақы төлеу) үшін пайдаланылады, мысалы, жалақы төлеу, шикізат, материалдарға ақы төлеу және ағымдағы басқа шығындар. Ұзақ мерзімді қаражаттар өндірістік жабдықтарға, жылжымайтын мүлікке ақы төлеуге, ұзақ мерзім кезеңіне (мысалы, жаңа цехты салумен, жаңа жинау желісін іске қосумен, өндірістің жаңа түрін игерумен байланысты) инвестициялар салу (өндірістік капитал салымдары) үшін қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz