ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОЛОГИЯ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
КАФЕДРА: МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГ
К У Р С Т Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР
НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
Нормаконтролер
Орындаған: Экб-04-1қ тобының студенті
Бекенова Әзел
Қабылдаған: э. ғ. к., доцент Маженова Н. А.
Алматы 2005
ЖОСПАР
КІРІСПЕ3
1. ҚАЗАҚСТАН ҚОР НАРЫҒЫ: МАҢЫЗДЫ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ5
1. 1 Қазақстандық құнды қағаздар нарығының құрылу тарихы5
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ: ЖАҒДАЙЫ, ПРОБЛЕМАЛАРЫ12
2. 1 Жағдайы мен проблемалары12
2. 2 Эмитенттер мен құнды қағаздар13
2. 3 Мемлекеттік құнды қағаздар14
3 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰНДЫ ҚАҒАЗ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ16
3. 1 Мемлекеттік құнды қағаздардың дамуы16
3. 2 Мемлекеттік емес құнды қағаздар18
ҚОРЫТЫНДЫ19
Қолданылған әдебиеттер тізімі21
КІРІСПЕ
Құнды қағаздар нарығы - әр елдің қаржы нарығының құрамдас бөлігі және қатысушылар арасындағы құнды қағаздардың шығарылуы мен айналымы бойынша экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ақшаны қатыстыру ішкі және сыртқы көз қайнарлары арқылы іске асырылады.
Ішкі көз қайнарына - амортизациялық аудармалар мен алынатын таза кіріс жатады.
Сыртқы көз қайнарына - құнды қағаздарды шығару арқылы алынатын банктік ссудалар мен қаражаттар жатады.
Құнды қағаздар нарығының функциясын екі топқа бөлуге болады:
- Жалпынарықтық функциялар, оған мыналар жатады:
- Коммерциялық - сол нарықта операциядан алынатын кіріс функциясы;
- Бағалау - нарықтық баға және оның тұрақты қозғалыс функциясы;
- Ақпаратты - сауда субъектісі мен объектісі туралы нарықтық ақпаратты қатысушыларға жеткізу функциясы.
- Арнайы функциялар, оған мыналар жатады:
- Баға және қаржы қаупін сақтандыру функциясы;
- Сала және нарықтық қызмет сферасы арасындағы ақшаны бөлу;
- Инфляциялық емес негізде мемлекеттік бюджет дефицитін қаржыландыру.
Құнды қағаздар нарығы екі түрде бола алады:
- алғашқы және қайтара құнды қағаз нарығы;
- ұйымдасқан және ұйымдаспаған құнды қағаз нарығы.
Құнды қағаздар нарығының инструменті (объектісі) - құнды қағаз болып табылады.
Құнды қағаз нарығының қатысушылары (субъектісі) - эмитенттер, инвесторлар, кәсіпқой қатысушылар, өзін-өзі реттейтін ұйымдар.
Қазіргі нарық жағдайында құнды қағаз нарығы еліміздің экономикасын дамытудың ең маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан осы курстық жұмыстың тақырыбы өте актуальды.
1992 жылдары елімізде жекешелендіру процесі басталған уақытта, көптеген мемлекеттік мекемелер, ұйымдар жекешелендіріліп, шаруашылық серіктестіктің бір түрі, акционерлік қоғам түрінде қайта құрыла бастады.
Осыған орай, курстық жұмыста құнды қағаздар нарығының құрылу тарихы, оның жағдайы мен проблемаларына қысқаша шолу жасалынып, және қазіргі нарық жағдайындағы оның дамуыны талдау келтіріледі.
1. ҚАЗАҚСТАН ҚОР НАРЫҒЫ: МАҢЫЗДЫ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
1. 1 Қазақстандық құнды қағаздар нарығының құрылу тарихы
Төменде еліміздің барлық қаржы нарығының дамуы, қаржы нарығын жетілдіру және дамыту процесінің ең маңызды өткен кезеңдері келтірілген.
1991 жыл
- Қазақ ССР Қаржы министрлігі құрылымында жаңа құрылымдық бөлімшенің құрылуы - жаңа шаруашылық түрінің, құнды қағаз және ақшалай айналым бөлімі құрылды.
- 16 сәуірде Қазақ ССР-нің «Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңы қабылданды. Ұлттық банк өз қаржы-несиелік, ақшалай жүйесін, алтын қорын, алмаз және валюта қорын құруға құқысын алды.
- Қазақ ССР -нің нормативтік актылары қабылданды:
- 11 маусымда - «Қазақ ССР-інде құнды қағаз айналымы және қор биржасы туралы» заң .
- 24 маусымда - «Шаруашылық серіктестігі туралы» заң.
- 13 қараша - Қазақ ССР-і Министрлер Кабинетінің қаулысы «Құнды қағаздар туралы жағдай» бекітілді.
- Құнды қағаздар нарығының алғашқы кәсіби қатысушылары пайда болды - брокерлер-дилерлер.
- Алғашқы Қазақстандық (Алматылық) қор биржасы пайда болды, алғашқы сауда жүргізілді.
1992 жыл
- Ұлттық (мемлекеттік) жекешелендіру бағдарламасы қабылданды, кәсіпорындарды акционерлеу процесі басталды.
- Қаржы министрлігі мен Ұлттық банкінің «қысқамерзімді казначей вексельдерін айналымға шығару жағдайы мен тәртібі туралы» қаулысы шықты.
1993 жыл
- Мемлекеттік құнды қағаздар басқармасы және қор нарығының бөлімі базасының негізінде құрылды.
- Қазақ ССР мемлекеттік жекешелендіру қорын құру.
- Еліміздегі екінші деңгейдегі жұмыс істейтін коммерциялық банктердің саны 230.
- 12 қараша - «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы.
- 17 қараша - Ұлттық банк және 23 алғы қатарлы қазақстандық коммерциялық банктер валюта биржасын құру туралы шешім қабылдады (ЖАО “Қазақстандық банкаралық валюта биржасы”), ол Ұлттық банктің банкаралық валюта операцияларының орталығының негізінде құрылды.
- 19 қараша - АҚШ долларымен алғашқы сауда (курс - 4, 68) .
- 26 қараша - Ресей сомымен алғашқы сауда (курс 3. 84) .
1994 жыл
- Орталық - Азиат қор биржасының құрылуы.
- 20 наурыз - «Құнды қағаздар нарығын қалыптастыру туралы шаралар», «Құнды қағаздармен жасалатын операцияларға салықайналымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы қабылданды.
- 30 сәуір - 30 кәсіпорын акция пакетін шығару бойынша алғашқы купондық акциясы жүргізілді.
- 24 желтоқсан - Азаматтық кодекс қабылданды.
- 27 желтоқсан - «Шет ел инвестициялары туралы» заң қабылданды.
1995 жыл
- 11 қаңтар құнды қағаздар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясының құрылуы.
- 17 сәуір - «Лицензиялау туралы», «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы», 21 сәуір - «Құнды қағаздар және қор биржасы туралы», 24 сәуір - «Салық және бюджетке басқада төлемдер туралы», 2 мамыр - «Шаруашылық серіктестіктер туралы», акционерлік қоғамның ашық және жабық түрлеріне жарғылық қордың минималды шамасына талаптар орнатылған.
- 30 маусым - ЖАО “Қазақстандық банкаралық валюта биржасы”, “Қазақстандық банкаралық валюта-қор биржасы” болып қайта аталды.
- 2 қазан - “Қазақстандық банкаралық валюта-қор биржасы” құнды қағаздар бойынша құнды қағаз нарығында биржа қызметін іске асыруғабайланысты Ұлттық комиссиядан № 1 лицензиясын алды.
- 29 қыркүйек - биржада мемлекеттік құнды қағаздарға алғашқы сауда жүргізілді.
- 3 желтоқсан - “Жекешелендіру туралы” Қазақстан Республикасының заңы. Толық жекешелендіру процесінің екінші кезеңі басталды.
1996 жыл
- 6 ақпан - Брокерлер-дилерлер Ассоциациясы құрылды.
- 12 сәуірде - “Қазақстандық банкаралық валюта-қор биржасы”- “Қазақстандық қор биржасы” болып қайта аталды.
- 12 айға айналымы бар мемлекеттік казначей облигацияларының бірінші эмиссиясы шықты.
- Биржа кеңесі Қазақстан қор биржасымен Халықаралық Қазақстандық қор биржасын біріктіру туралы бірге шешім қабылдады.
1997 жыл
- 28 ақпан - “Қазақстан Республикасындағы тура инвестицияны мемлекеттік қолдау туралы”, 5 наурыз - “Құнды қағаздар нарығы туралы”, «Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздармен мәмілелерді тіркеу», «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» заңдар қабылданды.
- 1 қыркүйек - Қазақстан қор биржасы заң түрінде екіге бөлінді - Қазақстандық қор биржасы (KASE) және Алматы қаржы инструменттерінің биржасы (AFINEX) .
1998 жыл
- Зейнет ақы реформасын іске асыру, зейнет ақы қорының қалыпты жүйесінен жинақтау түріне ауысуы қарастырылды.
- Қаңтар - зейнет ақы қорының Ассоциациясы құрылды.
- KASE алғашқы сайты ашылды.
- 10 шілде - “Акционерлік қоғам туралы туралы” заң қабылданды.
- 19 қазан - алғашқы биржалық сауда KASE-де халықаралық құнды қағаздар - еврооблигациялар шығарылды.
1999 жыл
- 1 сәуір - KASE және AFINEX, KASE түрінде біріктірілді.
- Жинақтау зейнет ақы қоры, өзінің ашылғаннан бергі уақытында 56 млрд. тенгеге жетті.
2000 жыл
- 1 қаңтарда жинақтау зейнет ақы жүйесі - 64, 5 млрд. тенге зейнет ақы активіне ие.
- сәуір - Оқу орталығының ассоциациясы құрылды.
- 1-3 қараша - «Құнды қағаздар нарығы туралы» модельді заңды дайындау бойынша жұмыс тобының пленарлық сессиясы өтті, ТМД, Германия елдері қатысты.
2001 жыл
- 5 қаңтар - 2 наурыз аралығында бірнеше заңдар қабылданды, олар Президент жарлығына өзгерістер мен қосымшалар енгізу, салық және басқа да бюджетке төлемдер туралы, Әкімшілік құқылы тәртіп бұзу туралы Кодекс және тағы басқалар.
- 11 шілде - ҚР Президентімен «Құнды қағаз нарығы мәселелері туралы кейбір заңды актілерге өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» заң қабылданды.
- 1 тамыз - Ұлттық банк құрылымында құнды қағаздар нарығын реттеу Департаменті жұмыс істей бастады.
- 2 қараша - ең алғаш KASE тарихында 2001 жылы барлық операциялар көлемі 1 триллионға жетті.
- 6 қараша - № 281 Ұлттық банк төрағасының жарлығымен құнды қағаз нарығының мәселелері туралы Ұлттық банктың қарамағында Эксперттік кеңес туралы Ереже бекітілді.
2002 жыл
- 24 қыркүйек - Құнды қағаз нарығы мәселелері бойынша Эксперттік кеңестің шешімімен құнды қағаздар нарығының жетік мамандарымен және кәсіби қатысушыларының Этика нормасы және корпоративтік басқару принципін қолдану туралы ұсыныстар бекітілген.
- 25 қыркүйек - Ұлттық банк құрылымының өзгеруіне байланысты құнды қағаздар нарығына мемлекеттік реттеу функциясы қаржы бақылауының Департаменті іске асырады.
2003 жыл
- қаңтар - еліміздің барлық қаржы ұйымдары қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына өтуі.
- Наурыз - Қазақстан қаржыларының III Конгрессі өтті.
- 13 Мамыр - «Акционерлік қоғам туралы» заң қабылданды.
- 2 шілде - «Құнды қағаздар нарығы туралы» заң қабылданды.
- 15 қараша - ұлттық валюта - тенгеге 10 жыл. KASE 10 жыл.
- 2003 жыл бойынша биржадағы жалпы операциялар көлемі - 33. 7 млрд. АҚШ доллары.
2004 жыл
- 1 қаңтардан бастап қаржы ұйымдары мен қаржы нарығын реттеу және бақылау бойынша Қазақстан Республикасы агенствосы жұмыс істей бастады.
- 22-23 сәуір - Алматыда құнды қағаз нарығын реттеу бойынша бекітілген органдар жетекшілерінің III Кеңесінің отырысы өтті.
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ: ЖАҒДАЙЫ, ПРОБЛЕМАЛАРЫ
2. 1 Жағдайы мен проблемалары
1998 жылдың басында құнды қағаздар нарығының жұмысы келесі заң және нормативті құқылы актілермен реттелді:
- құнды қағаздарды шығару бойынща акционерлік қоғамның қызметі (акция және облигациялар)
- құнды қағаздарды шығару бойынша мемлекеттің қызметі
- құнды қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушыларының құрылуы мен қызметі: тіркеушілер, брокер-дилерлер, кастодиандар, құнды қағаз портфелін басқарушылар
- ұйымдарда жұмыс істеу үшін мамандарды дайындау, яғни құнды қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушылары
- құнды қағаздар нарығындағы кәсіпқой қатысушыларының өзін өзі реттейтін ұйымдарының құрылуы мен қызметі
- құнды қағаздар нарығындағы техникалық инфрақұрылым институтының құрылуы мен қызметі (қор биржасы мен орталық депозитарий)
- институционалды инвесторлардың құрылуы мен қызметі - инвестициялық қорлар, банктер, зейнет ақы қоры, сақтандыру ұйымдары
- құнды қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу
- құнды қағаздарға деген меншіктік құқыны растау
- құнды қағаздармен жасалатын салық айнылымының операциялары
- құнды қағаздар нарығының қатынастарын реттеу бойынша мемлекеттік орган ретінде ұлттық комиссияның қызметі
Құнды қағаздар нарығының негізгі субъектілері эмитенттер, инвесторлар, тіркеушілер брокер-дилерлер, қор биржалары мен орталық депозитарий болып табылады.
2. 2 Эмитенттер мен құнды қағаздар
Қазақстандағы алғашқы акционерлік қоғамдар және алғашқы акциялар 1991 жылдың күзінде - Қазақ ССР-нің «Шаруашылық серіктестік және акционерлік қоғамдар туралы» және «Құнды қағаздар айналымы және Қазақ ССР-дегі қор биржасы туралы», осы аталған заңдарының күшке енуінен кейін пайда болды. 1997 жылдың 1 қарашасында, статистикалық берілулеріне сәйкес Қазақстанда 8. 191 акционерлік қоғам, соның ішінде 4. 492 (54. 8%) заңға сәйкесті өз акция эмиссияларын тіркеді.
Эксперттік бағалау бойынша 1991-1997 жылдар аралығында бекітілген есеп-берулеріне сүйенсек, шығарылу және акцияларды орналастыру бойынша жалпы саны 1. 000.
1998 жылдың басында қор биржасындағы ең мемлекеттік емес құнды қағаздарға келесі акционерлік қоғамның акциялары жатады: «ТНК» Казхром» (жай акциялар 331. 6 миллион тенге; 278. 014 құнды қағаздар), «Ақтөбемұнайгаз» (жай және айрықша акциялар 225. 8 миллион тенге; 460. 837 құнды қағаздар), «Маңғыстаумұнайгаз» (айрықша акциялар 142. 2 миллион тенге; 65. 200 құнды қағаздар), «Мерей» (жай акциялар 107. 7 миллион тенге; 377. 181 құнды қағаздар), «Қазақтелеком» (айрықша акциялар 46. 6 миллион тенге; 22. 082 құнды қағаздар) .
2. 3 Мемлекеттік құнды қағаздар
Қазақстан Республикасындағы алғашқы мемлекеттік құнды қағаздар 1994 жылдың көктемінде пайда болды: 4 сәуірде Қаржы министрлігінің үш айлық мемлекеттік казначей міндеттемелерін алғашқы орналастыру бойынша бірінші аукцион жүргізілді (мемлекеттік казначей міндеттемелері - МКМ, кейінірек айналым мерзіміне байланысты МЕККАМ немесе МЕОКАМ түрінде аталды, онда 3. 671. 885 құнды қағаз сатылды, номиналды құны - 100 тенге, жалпы сомасы 233. 681. 500 тенге. Мемлекеттік құнды қаздарды шығарудың мақсаты - мемлекеттік бюджетті жабу үшін қаражатты қатыстыру.
Мемлекеттік құнды қағаздар акция нарығына қарағанда құнды қағаздар айнылымы да, көлемінің жоғарылығымен сипатталуы бойынша сапалы жоғары деңгейде тұр.
Қазақстан қор биржасы
Қазақстан Республикасының «Құнды қағаздар нарығы» заңына сәйкес қор биржасы :
құнды қағаз нарығы кәсіби қатысушыларымен құрылған, коммерциялық емес өзін-өзі реттейтін ұйым болып табылады;
қор биржасының қызметі өзін-өзі қаржыландыру принципіне негізделген;
қор биржасы өз қызметі барысында құнды қағаз нарығында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдарға байланысты емес;
қор биржасының қызметі жеке, және басқа қызмет түрлерін орындауға болмайды;
қор биржасы қосымша құрылымдық бөлімшелер құруына құқылы.
Осы заңға сәйкес Қор биржасының функциялары :
өз мүшелеріне қаржы инструменттерімен мәміле жасау үшін сауда орнын беру;
қаржы инструменттерімен сауда ұйымдастыру және олардың котировкасын іске асыру;
өз мүшелеріне ақпарат, ұйымдастыру жөнінде кеңес беру;
жеке аналитикалық зерттеу жүргізу;
қаржы нарығында субъектілер арасында құқылы қатынастар жөнінде өзара есептесуге жағдай туғызу.
Қор биржасының негізгі құжаты биржалық сауда ережесі болып табылады, олар:
қор биржасының айналымына түсетін құнды қағаздар;
құнды қағаздардың негізгі параметрлері;
құнды қағаздар бойынша биржалық сауда қатысушыларына талап;
құнды қағаздар бойынша биржалық сауда жүргізу жағдайы мен олармен мәміле жасау;
құнды қағаздармен мәміле жасау бойынша есептесуді іске асыру мерзімі мен тәртібі;
биржа мен сауда қатысушыларының арасында келіспеушілікті шешу тәртібі.
3 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰНДЫ ҚАҒАЗ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
3. 1 Мемлекеттік құнды қағаздардың дамуы
Мемлекеттік құнды қағаздың ірі нарығында Қазақстанда акция нарығы жете дамымаған. Құнды қағаздар нарығының негізгі проблемаларының бірі - саны көп акционерлік қоғамдарға қарамастан, бос айналымдағы акцияның жоғы. Кәсіпорын акциялары негізінен ірі инвесторлардың бақылау пакетіне шоғырландырылған, себебі олар сол кәсіпорынды жоғалтқысы келмейді. Сондықтан, нарықта акцияның шектелген саны ғана айналымда, ал ол қор нарығының белсенді жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейді.
Осы проблеманы шешу үшін, Қазақстан Республикасында құнды қағаздар нарығын дамыту бағдарламасы қабылдану қажет.
Бұл бағдарламаның басты мақсаты - Қазақстандық құнды қағаз нарығын әрі қарай дамыту, оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, құнды қағаздарды шығаруға мүмкіндік туғызу, инвесторлардың құқын қорғау болып табылады.
Қазақстандық құнды қағаз нарығын дамытудың приориттеті бағыттары мыналар:
- Инвестициялау мүмкіндігін кеңейту;
- Қазақстандық акциялар мен мемлекеттік емес облигациялардың сапасын көтеру;
- Құнды қағаз нарығы қатысушылар қызметіне бақылау жүйесін дамыту.
2005 жылдың 1 ақпанында мемлекеттік құнды қағаз түрінде Қазақстанның мемлекеттік борышы 800, 3 млрд. тенге (6, 1 млрд. долл) құрады.
1 кесте. 2005 жылдың 1 ақпанына қарасты мемлекеттік құнды қағаздар түрінде шығарылған Қазақстанның мемлекеттік борышы бойынша төленетін графигі.
2005 жылдың қаңтар айында биржада мемлекеттік құнды қағаздар бойынша 316 мәміле тіркеліп, 69, 3 млрд. тенгені құрды.
Мәміле көлемінің төмен түсуіне қарамастан, мемлекеттік құнды қағаздар нарығы 2004 жылға қарағанда, 2005 жылдың қаңтар айында белсенді көрінеді. Мәміле көлемі өсуі тиіс.
3. 2 Мемлекеттік емес құнды қағаздар
2005 жылдың қаңтар айында мемлекеттік емес құнды қағаздар бойыншп жалпы сомасы 23, 3 млрд. тенгеге 325 мәміле тіркелді.
2 кесте. 2005 жылдың қаңтар айында сатылған мемлекеттік емес құнды қағаздар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz