Қазақстан Республикасының бюджетінің атқарылуына талдау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

2 Қазақстан Республикасының бюджетінің атқарылуына талдау

2. 1. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысаны- бюджеттің кірістері болып табылады. Ол құндық бөліністің жеке көзін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.

Кірістер мен шығыстардың құрамы мен кұрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың жэне шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.

Нарықтық қатынастарға кошкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік бюджетінің кірістері мемлексттік кәсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп келді. Ол бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90% құрады және негізінен екі төлемнен - айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрды. Бүл жүйе 1930 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшін ақы түрінде пайдадан алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдер жүйесін өзгертпеді және жеке кәсіпорындар қызметінің жеке-дара нәтижелеріне бағытталып отырды.

Дағдыдағыдай, кірістердің қөзі салықтар немесе оларға бара-бар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы мен құрылымы салық телемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.

Бюджет кодексінс сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады:

1) кірістер:салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер; ресми трансферттер түсімдері;

2) шығындар;

3) операциялық сальдо;

4) таза бюджеттік кредит беру: бюджеттік кредиттер; бюджеттік кредиттерді өтеу;

5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:

қаржы активтерін сатып алу; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;

6) бюджет талшылығы (профициті) ;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) :қарыздар түсімі; қарыздарды өтеу; бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.

Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.

Бюджеттің кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер (салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге тиісті ақшалар болып табылады. Салықтық емес түсімдер-бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа, бюджстке өтеусіз негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар жатады. Ресми трансферттердің түсімдері - бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне Ұлттық қордан бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері.

Мақсатты ресми трансферттерді қоспағанда, кірістердің нысаналы мақсаты болмайды.

Бюджеттің шығындары - қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.

Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:

1) мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;

2) түрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;

3) мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар-мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына арналмаған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;

4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер-қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен байланысты шығындар;

5) заңи тұлғаларға субсидиялар-мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңи тұлғаларды өтеусіз және қайтарусыз негізде қаржыландыру;

6) ресми трансферттер-бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ Ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.

Заңи тұлғаларға субсидиялар нақты саланы немесе қызмет аясын әлеуметтік-экономикалық дамыту міндеттерін іске асырудың басқа, неғұрлым тиімді тәсілі болмаған реттерде ғана Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда берілуі мүмкін. Заңи тұлғаларға субсидия берудің басым бағыттары орта мерзімді фискалдық саясатпен айқындалады.

Ресми трансферттердің жалпылама сипаты да, нысаналы мақсаты да болуы мүмкін. Нысаналы сипаты бар ресми трансферттер нысаналы трансферттер болып табылады.

Республикалық және жергілікті бюджеттерді болжауға болмағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететін шығындарды қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың резервтері құрылады.

Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың резерві:

1) төтенше резервті;

2) шұғыл шығындарға арналған резервті;

3) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кассалық алшақтығын жабуға арналған резервті кіріктіреді.

Үкімет резервінің және жергілітегі атқарушы орган резервінің жалпы көлемі тиісті бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынан аспауға тиіс.

Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдарының резервтерінен ақша бөлу тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген көлемдер шегінде тиісінше Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жоятын шешімдері бойынша жүзеге асырылады.

Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемінде пайдаланылған жағдайда Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган қажет болған кезде Парламентке немесе тиісті мәслихатқа тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган резервтерінің мөлшерін ұлғайту туралы ұсыныстар енгізеді.

Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, бюджет бағдарламасының әкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін ағымдағы қаржы жылының соңына дейін тиісті бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді.

Үкіметтің және жергілікті атқарушы орғандардың резервтерін пайдалану тәртібін Үкімет белгілейді.

"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінс" сәйкес республикалық бюджетке түсетін кірістер мыналар болып табылады:

1) салықтық түсімдер, алымдар және басқа да міндетті төлемдер: корпорациялық табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және Қазақстанның аумағына импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы, импортталатын тауарларға акциздер, газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнайға салынатын акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым, телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алым, теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді, азаматтық әуе кемелерін, радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды, дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін, радиожиілік сектрін, кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем, әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары, отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын баждар, консулдық алым, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін бергені үшін мемлекеттік баж, жүргізуші куәліктерін және көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер бергені үшін алынатын мемлекеттік баж, мемлекеттік нотариат кеңселері нотариустарының нотариатгық іс-әрекет жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж және басқа алымдар мен төлемдер;

2) салықтық емес түсімдер республикалық меншіктен алынатын кірістер (республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен Ұлттық банктің таза табысы бөлігінің түсімдері, республикалық меншіктегі: акциялар пакеттеріне дивидендтер, заңи тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер, мүлікті жалға беруден алынатын кірістер, Үкіметтің депозиттері, екінші деңгей банктерінің шоттарында орналастырылған мемлекеттік сыртқы қарыздар, республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер), қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кірістер, республикалық меншіктен түсетін басқа да кірістер) ; республикалық бюджеттен қаржьшандырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер және осы мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуларды еткізуден түсетін ақша түсімдері; мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар және республикалық бюджетке түсетін басқа да салыққа жатпайтын түсімдер) ;

3) негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер (республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік босалқы қорлардан, резервтерден тауарларды, материалдық активтерді сатудан түсетін ақшалар) ;

4) ресми трансферттердің түсімдері (облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен алынған ресми трансферттер, Ұлттық қордан республикалық бюджетке алынған мақсатты трансферттер) .

Республикалық бюджетке республикалық бюджеттен кредиттерді өтеуден, республикалық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, Үкіметтік қарыздарды өтеуден түскен түсімдер есепке алынады.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы республикалық бюджет кірістерінің құрамы мен құрылымы мына мәліметтермен сипатталады (3 кесте) .

  1. кесте. Республикалық бюджет кірістерінің көлемі мен қүрылымы.
Түсімдердің атауы: Түсімдердің атауы
млн. теңге: млн. теңге
%: %
Түсімдердің атауы: ТҮСІМДЕР
млн. теңге: 722034
%: 100, 0
Түсімдердің атауы: 1. КІРІСТЕР
млн. теңге: 649000
%: 89, 9
Түсімдердің атауы: Салықтык түсімдер
млн. теңге: 603396
%: 93, 0
Түсімдердің атауы: соның ішінде:
млн. теңге:
%:
Түсімдердің атауы: корпоративтік табыс салығы
млн. теңге: 272632
%: 45, 2
Түсімдердің атауы: қосылған құнға салынатын салық.
млн. теңге: 222161
%: 36, 8
Түсімдердің атауы: акциздер
млн. теңге: 6019
%: 1, 0
Түсімдердің атауы: Салықтық емес түсімдер
млн. теңге: 39348
%: 6, 1
Түсімдердің атауы: Капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер
млн. теңге: 6256
%: 0, 9
Түсімдердің атауы: II. АЛЫНҒАН РЕСМИ ТРАНСФЕРТТЕР
млн. теңге: 57630
%: 8, 0
Түсімдердің атауы: ІІІ. КРЕДИТТЕРДІ КАЙТАРУ
млн. теңге: 15404
%: 2

Дерек көзі: Қаржы Министрлігінің статистикалық бюллетені № 6, маусым 2004ж.

Кестеден көрініп түрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер құрайды, ал салықтық түсімдердің негізгі көздері, бұрынғыдай қосылған құнға салынатын салық пен корпорациялық табыс салығы болып табылады. Республикалық бюджет кірістерінің басқа едәуір көзі-салықтық емес түсімдер және капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер.

Бюджеттің шығыстары - бұл бектілген бюджет шегінде қайтарылмайтын негізде бөлінетін қаражаттар.

Республикалық бюджеттің шығыстары мына бағыттар бойынша жұмсалады:

1) жалпы сипаттагы мемлекеттік қызметтер көрсету: Қазақ-стан Республикасы Президентін және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмст көрсету жәнс күзету, Парламенттің, Үкіметтің және Конституциялық кеңестің жұмыс істеуі, сайлаулар мен референдумдар өткізу, мемлекеттік бюджетті болжау мен республикалық бюджетті жоспарлау, салық службасы органдарының қызметі, республикалық меншікті басқару, мемлекеттің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру, мемлексттік қаржылық бақылау, кеден қызметтері, мемлекеттің сыртқы саяси қызметі, іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу мемлекеттік статистикалық есеп, мемлекеттік службаның бірыңғай жүйесін ұйымдастыру, заңнамаларға сәйкес қызметтің әр түрлі салалары мен қызмет сферасында мемлекеттік сыйлықтар беру және мемлекеттік наградалармен марапаттау және басқалары.

2) қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік; мемлекеттің қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, лаңгестікке және экстремизм мен сепаратизмнің басқадай көріністеріне қарсы күрес, Қазақстан аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдык қауіпсіздікті қамтамасыз ету, паспорт және виза жұмысын жүзеге асыру, жедел іздестіру, тергеу қызметі, азаматтық қорғаныс жүйесін ұйымдастыру, экономикалық және қаржы сфераларындағы құқық қорғау қызметі және басқалары.

3) құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі: әділет сферасындағы қызмет, азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін құқықтық қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртібін қамтамасыз ету, соттың сараптамалық қызметі, сот жүйесінің жұмыс істеуі және басқалары.

4) білім беру: білім берудің республикалық ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру, республикалық мектеп олимпиадаларын өткізу, республикалық деңгейде орта кәсіби білімі бар мамандарды даярлау, жоғары кәсіби және жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіби білімі бар мамандарды даярлау, республикалық деңгейде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, білім берудің республикалық ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету, республикалық маңызы бар білім беру ұйымдарында балаларды оңалту және басқалары.

5) денсаулық сақтау: жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету, ауру адамдарды шетелде емдеуді ұйымдастыру, ерекше қатерлі инфекцияларға қарсы іс-әрекет, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін қан, оның компоненттері мен препараттарын өндіру, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылығын республикалық деңгейде және мемлекеттІк шекара мен көлікте қамтамасыз ету, сот-медицина және сот-психиатрия сараптамасын жүргізу және басқалары.

6) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру: бюджет қаражаттары есебінен зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдері, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік арнаулы жөрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдсмақылар, экологиялық апат аумақтарында тұратын адамдарға әлеумсттік көмек, әскери қызметшілерге құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсету, құрбандарына және одан зардап шеккендерге төлемдер, көші-қон іс-шаралары, баланың туылуына байланысты әлеуметтік төлемдер және басқалары.

7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:

8) ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаган ортаны қорғау, жер қатынастары:

9) өнеркосіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құылысы

және қызметі:

10) көлік және коммуникациялар:

11) экономикалық қызметті реттеу: стандарттау, метреология және сертификаттау, патенттерді, тауар белгілерін тіркеу және қорғау, мемлекеттік инновациялық саясат, мемлекеттік экспорттық және импорттық бақылау, саудалық және демпингке қарсы реттеу, бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу.

12) басқада бағыттар: облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне, Ұлттық қорға берілетін ресми трансферттер, үкіметтік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу, мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау.

Республикалық бюджеттен сонымен бірге барлық мемлекеттік органдардың және басқа мемлекеттік мекемелердің кызметін қамтамасыз етуге (кадрларды қайта даярлауды және бұл мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қоса алғанда), бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыққа, сондай-ақ қолданбалы ғылыми зерттеулерге, мемлекеттік басқарудың орталық органдардың заңнамалық актілері мсн көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар да қаржыландырылады (4 кесте)

4 кесте. Республикалық бюджет шығыстарының көлемі мен құрылымы (2003ж. )

:
млн. теңге: млн. теңге
%: %
: ШЫҒЫСТАР
млн. теңге: 773893
%: 100, 0
: ШЫҒЫНДАР
млн. теңге: 734809
%: 94, 9
: 1- Жалпы сипаттағы мемлекеттік кызмет көрсетулер
млн. теңге: 44066
%: 5, 7
: 2. Қорғаныс
млн. теңге: 40435
%: 5, 2
: 3. Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік.
млн. теңге: 73822
%: 9, 6
: 4. Білім беру
млн. теңге: 23241
%: 3, 0
: 5. Денсаулық сақтау
млн. теңге: 19105
%: 2, 5
6. Әлеуметтік қамтмасыз ету және әлеуметтік көмек: 6. Әлеуметтік қамтмасыз ету және әлеуметтік көмек
202043: 202043
26, 1: 26, 1
6. Әлеуметтік қамтмасыз ету және әлеуметтік көмек: 7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
202043: 10321
26, 1: 1, 3
6. Әлеуметтік қамтмасыз ету және әлеуметтік көмек: 8. Мәдениет, спорт, туризм жән ақпараттық кеңістік
202043: 12879
26, 1: 1, 7
6. Әлеуметтік қамтмасыз ету және әлеуметтік көмек: 9. Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану
202043: 8486
26, 1:
6. Әлеуметтік қамтмасыз ету және әлеуметтік көмек: 10. Ауыл, су, орман, балық. шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау
202043: 43040
26, 1: 5, 6
6. Әлеуметтік қамтмасыз ету және әлеуметтік көмек: 11. Өнеркәсіп және құрылыс
202043: 1395
26, 1: 0, 2
6. Әлеуметтік қамтмасыз ету және әлеуметтік көмек: 12 Көлік және байланыс
202043: 59663
26, 1: 7, 7
6. Әлеуметтік қамтмасыз ету және әлеуметтік көмек: 13. Басқалар
202043: 68345
26, 1: 8, 8
6. Әлеуметтік қамтмасыз ету және әлеуметтік көмек: 14. Борышка қызмет көрсету
202043: 34338
26, 1: 4, 4
6. Әлеуметтік қамтмасыз ету және әлеуметтік көмек: 15. Ресми трансферттер
202043: 93630
26, 1: 12, 1
6. Әлеуметтік қамтмасыз ету және әлеуметтік көмек: КРЕДИТТЕР
202043: 39085
26, 1: 5, 0
6. Әлеуметтік қамтмасыз ету және әлеуметтік көмек:
202043:
26, 1:

Республикалық бюджет шығыстарының көлемі мен құрылымы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджеттік бақылауды құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебі
Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі және бюджеттік қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері
ҚР бюджет кірістері мен шығыстары
Шаруашылық қызметінің аудиті
Бюджет жүйесі туралы
Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесінің моделі
Бюджет тапшылығы
Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын құқықтық реттеу
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz