Қазынашылықтың міндеттері мен қызметтері
1. Қазынашылықтың міндеттері мен қызметтері
Қазынашылықтың міндеттері мен қызметтері Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Қазынашылық комитеті Алматы қаласының Қазынашылық басқармасының
Бостандық ауданы бойынша бөлімінің мысалында қарастырылады.
Аталмыш Бөлімнің негізгі міндеттері келесілер:
▪ республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын қамтамасыз ету;
▪ мемлекеттік бюджетке есеп айырысу кассалық, оның ішінде ақылы
қызметтерді, депозиттік сомаларды сатудан және демеушілік пен
қайырымдылық көмек трінде мемлекет және мемлекеттік ұйымдар алатын
қаражаттар бойынша ағымды шоттарға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
▪ республикалық және өз құзіреті шегінде жергілікті бюджеттердің
кассалық атқарылуы мәселелерінде алдын-ала және ағымды бақылауды
қамтамасыз ету;
▪ республикалық бюджет бойынша бухгалтерлік есеп пен есептілікті
жзеге асыру;
Бөлім заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды орындайды:
- республикалық бюджеттің атқарылуына кассалық және жергілікті
бюджеттерге есеп айырысу-кассалық қызметтерді көрсетеді;
- есеп айырысу-кассалық қызметтерді көрсетеді, оның ішінде мемлекеттік
мекемелерді бюджеттік ақша лимиттерінің және кассалық шығыстарының
есебімен, сондай-ақ ақылы қызметтерді, депозиттік сомаларды сатудан
және демеушілік пен қайырымдылық көмек трінде мемлекет және
мемлекеттік ұйымдар алатын қаражаттар бойынша ағымды шоттарға қызмет
көрсету;
- мемлекеттік мекемелерді ЕДБ арқылы қолма-қол ақшамен қамтамасыз
етуді ұйымдастырады;
- бюджеттік бағдарламалардың мекеме-әкімшілеріне бюджеттік сыныптама
аясында бөлінген лимиттер және жасалған кассалық шығыстар туралы ай
сайынғы ақпараттарды ұсынады;
- республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
шоттарының жағдайы туралы күн сайынғы ақпаратты жасайды;
- жергілікті бюджеттердің кассалық атқарылуы туралы оперативті, ай
сайынғы, тоқсандық және жылдық ақпаратты жергілікті атқару
органдарына және қазынашылықтың жоғары тұрған органдарына ұсынады;
- бюджеттік ақша есебінен мемлекеттік мекемелерден жасалатын азаматтық-
құқықтық мәмілерлерді тіркеуді жүзеге асырады;
- мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде қазыналық кәсіпорындармен
жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілерлерді тіркеуді жүзеге асырады;
- кіріс және шығыстардың белгіленген жылдық бөлінуі негізінде
жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылауды жүзеге асырады;
- бөлімнің субкорреспонденттік шоты арқылы төлемдердің уақтылы өтуіне
бақылауды жүзеге асырады;
- қазынашылық қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға
қатысады;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды
жүзеге асырады.
2. Қазынашылықтың клиенттерінің сипаты
Қазынашылықтың клиенттері болып негізінен мемлекеттік кәсіпорындар мен
мекемелер табылады, оларға келесілер жатады:
- Шаруашылық жүргізу құқығына негізделгендер;
- Оперативті басқару құқығына негізделгендер (қазыналық кәсіпорындар)
Мемлекеттік меншіктің түріне байланысты мемлекеттік кәсіпорындар:
1) республикалық меншіктегі кәсіпорындар, республикалық мемлекеттік
кәсіпорындар;
2) коммуналды меншіктегі кәсіпорындар, коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорындар;
Басқа мемлекеттік кәсіпорынмен құрылған мемлекеттік кәсіпорын еншілес
мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.
Аталған ұйымдар туралы негізгі кесімдер Қазақстан Республикасының
азаматтық заңнамасына және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге
негізделеді.
2. Шығыстар сметасы, оны қанағаттандыру тәртібі
Жалпы "шығыстардың жеке сметасы", "жеке смета", "смета", "сметалар",
"шығыстар сметасы", "шығыстар сметасымен", "шығыстар сметасын", "шығыстар
сметасында", "жиынтық смета" деген түсініктер ауыстырылатын сөздердiң
септеулерi мен жекеше және көпше түрлерiне тиiсiнше "қаржыландыру жоспары"
деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы министрiнiң 2002 жылғы 19 ақпанда N
71 бұйрығымен.
“Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің кассалық атқарылуы
жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы” Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 7
қыркүйек N 484 Бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қазынашылық комитеті Алматы қаласының Қазынашылық басқармасының Бостандық
ауданы бойынша бөлімі келесі негізгі операциялармен айналысады:
Бюджетке төленетiн төлемдердi қабылдау және
есепке алу жөнiндегi операциялар
Бюджетке төленетiн төлемдердi ұйымдастыруды және есепке алуды
қазынашылықтың аумақтық органдары жүзеге асырады. Бұл орайда, екiншi
деңгейдегi банктер республикалық және жергiлiктi бюджеттер кiрiсiнiң есебiн
жүргізбейдi және сол күнi бюджетке қабылданған төлемдер банкаралық есеп
айырысулар жолымен қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық
басқармаларына аударылады.
Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы"
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымындағы Кодексіне сәйкес салық
төлеушi клиенттердiң банктiк шоттарынан есептен шығарылған соманың
бюджеттiң кiрiсiне уақытылы аударылуын бақылауды салық қызметi органдары
жүзеге асырады.
Iрi Төлемдер Жүйесi арқылы N 080 бюджет кiрiсiнiң шотына түскен
төлемдер осы төлемдер түскен күнi автоматты түрде есепке алынады.
Қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармалары
корреспонденттiк шоттар бойынша операциялық күннiң соңында Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкiнде таза кредиттiк және дебеттiк айқындаманы
көрсетедi.
Бюджетке төленетiн қолма-қол ақшасыз төлемдер барлық қазынашылықтың
аумақтық органдарында қабылданады, бiрақ қазынашылықтың облыстық, Астана
мен Алматы қалалық басқармаларында бюджетке түсетiн түсiмдердi есепке алу
бойынша бiрыңғай шот арқылы есепке алынады.
Салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi қолма-
қол ақшасыз аудару кезiнде есепке алу мынадай құжаттар негiзiнде
жүргiзiледi:
Төлем тапсырыстары, оларда мiндеттi түрде мынадай реквизиттер
көрсетiлетiн:
төлем тапсырысының нөмiрi;
төлем тапсырысы үзiндi көшірмесiнің күнi;
дебет бойынша шот нөмiрi (клиент шоты), төлеушiнiң атауы, төлеушiнiң
тiркеу нөмiрi (СТТН);
төлеушiге қызмет көрсететiн банк коды:
кредит бойынша шот нөмiрi (000080к00 дербес шот көрсетiледi):
бенефициярдың атауы - салық арналған салық органы және оның тiркеу
нөмiрi (СТТН);
Бенефициар банкiнiң коды (салық және бюджетке төленетiн басқа да
мiндеттi төлемдердi есепке алу үшiн шот ашылған (000080к00) қазынашылықтың
облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларының коды көрсетiледi);
төлемнiң мақсаты (мақсаттар жазылатын жолдағы мәтiндiк кеңiстiкте
көрсетiледi). Бюджетке түсетiн түсiмдердi қолмен бөлген жағдайда, төлемдi
есепке алуға жататын бюджет түрi көрсетiледi;
Қазақстан Республикасының кiрiстерi мен шығыстарының бюджеттiк
сыныптамасына сәйкес кiрiстiң 6-мәндi коды;
төлем мақсатының коды (төлем мақсатының 3 таңбалы сандық белгiсi
көрсетiледi);
АЖк - ақша жөнелтушiнiң коды (2 таңбалы сандық белгiсi көрсетiледi,
мұндағы бiрiншi сан - резиденттiк белгiсi, екiншiсi экономика секторының
коды);
БеК - бенефициардың коды (2 таңбалы сандық белгiсi көрсетiледi, мұндағы
бiрiншi сан - резиденттік белгiсi, екiншiсi экономика секторының коды);
бюджетке есепке алуға жататын сома.
Жоғарыда аталған барлық реквизиттер толық көлемде құжаттардың
электрондық жазбаларында да көрсетiледi;
2) төлемдердi бюджетке қайтару негiзiнде салық органдарының төлем
тапсырмалары;
3) түскен аударымдарға байланыс кәсіпорындарының төлем тапсырыстары,
осындай талондарға почталық аударымдардың талондары қоса берiледi;
4) бюджетке қаражаттарды күштеп өндiрiп алуға деген салық қызметi
аумақтық органдарының салық қызметi аумақтық органдарының және
қазынашылықтың аумақтық органдарының өкiмдерi.
Қазынашылықтың аумақтық органдары төлемдердi жәненемесе ақша
аударымдарын жүзеге асырған кезде төлем құжаттарында қосымша деректемелер
қойылуын талап етуге құқылы, егер бұл талаптар Қазақстан Республикасының
заңнамасында тiкелей көзделген болса.
Қолма-қол ақшамен төлеу кезiнде мынадай құжаттар қабылданады:
1) қолма-қол жарнамаларға деген хабарландыру;
2) н. 4-ПД квитанциясы;
3) бюджетке және жекелеген азаматтарға төленетiн төлемдердi қайтаруға
деген салық органдарының төлем тапсырмалары.
Бюджетке қолма-қол ақшасыз төлемдердi қабылдау кезiнде қазынашылықтың
аумақтық органының жауапты атқарушысы төлем тапсырысында көрсетiлген барлық
реквизиттердің, клиенттердiң қолының бар және мөр бедерiнiң анық болуын
және қол үлгiлерiмен және мөр бедерiмен олардың құжаттарының сәйкестiгiн
үстiрт бақылауды жүзеге асырады. Төлем құжаттары қазынашылықтың жауапты
атқарушысының, оның атаулы штампымен бекiтiлген рұқсат визасымен
ресiмделедi.
Қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы құжаттарды енгiзу
кезiнде енгiзiлген құжаттарға бағдарламалық бақылауды жүзеге асырады:
клиент шотының бар болуын;
бенефицияр шотының бар болуын;
ағымдағы түсiмдердi ескере отырып төлеу үшiн шоттарда ақшаның
жеткiлiктi болуын;
банк-төлеушiнiң және банк-бенефициярдың енгiзiлген кодтарының
дұрыстығын;
салық органының (бенефициярдың) СТТН бар болуын;
төлем мақсаты кодының бар болуын;
ақша жөнелтушi кодының бар болуын;
бенефициар кодының бар болуын;
кiрiстер бойынша бюджеттiк сыныптама кодының бар болуын.
Бағдарламалық бақылау мынадай ақпараттар:
Оракл" жүйесiнде жұмыс iстейтiн Қазынашылықтың аумақтық органдары
үшiн кiрiстер бойынша бюджеттiк сыныптама кодтарының анықтамалығы;
Баск-М" жүйесiнде жұмыс iстейтiн Қазынашылықтың аумақтық органдары үшiн
республикалық бюджет шығыстарының функционалдық бюджеттiк сыныптама
кодтарын Бюджеттiк сыныптама анықтамалығының шифрларына көшiру кестесi
Қазақстан Республикасы банктерi филиалдарының анықтамалығы;
қаржы органдары кодтарының анықтамалығы;
салық органдары тiркеу нөмiрлерiнiң анықтамалығы:
қазынашылықтың аумақтық органдары кодтарының анықтамалығы негiзiнде
жүзеге асырылады.
Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң есебi үшiн қазынашылықтың
облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларында 000100к00 дербес шоты
ашылады.
Республикалық бюджетке төленетiн төлемдердiң есебi бойынша дербес шотқа
мынадай тәртiпте жазба жасалады:
республикалық бюджет үлесiндегі бюджетке түскен сома бөлiнгеннен кейiн
жалпы сомалардың кредит шотына есепке алынады;
қате және артық есепке алынған түсiмдердiң сомалары жалпы сомалардың
дебет шотына есепке алынады:
қате есепке алынған түсiмдердiң есепке алынған сомалары бөлудiң
белгiленген нормаларына сәйкес 000100к00 дебет және кредит шоттарында
көрсетiледi.
Республикалық және жергiлiктi бюджеттерiне есепке алуға арналған
түсiмдердi қазынашылықтың аудандық бөлiмдерi 16 сағатқа дейiн шұғыл
электрондық төлемдермен N 885 "Филиалдың өзiнде ашылған, бас мекемедегi
банк филиалының қосалқы корреспонденттiк шоты (теңгемен)" баланстық шоты
арқылы банкаралық төлемдер сияқты орындайды.
Республикалық бюджетке түсетiн сомалардың есебi үшiн қазынашылықтың
облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларында N 100 "Қазақстан
Республикасының республикалық бюджет кiрiсi" баланстық шотында
республикалық бюджет кiрiстерiн көтерудi жүргiзетiн 100к98 бiр белсендi
дербес шот ашылады. Осы дербес шоттың дебетi бойынша республикалық бюджетке
күн iшiнде түскен кiрiс сомаларының жалпы қорытындылары шығарылады.
Кiрiстер аударылған күнгi 100к98 дербес шот бойынша дебеттiк қалдық 100к98
"Қазақстан Республикасының республикалық бюджет кiрiсi" дербес шотының
кредиттiк қалдық сомасына тең болуы тиiс.
Ресiмдердiң толық шифрленуiн - республикалық бюджет кiрiстерінің
көтерiлуiн "Төлем мақсатының" мәтiндiк бос жолында көрсете отырып Бiрыңғай
Қазынашылық шотқа Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi
корреспонденттiк шот арқылы 100к98 "Қазақстан Республикасының республикалық
бюджет кiрiсi" шотынан қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық
басқармалары аударады.
Мемлекеттiк мекемелердің салықтарды бюджетке
және жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын аударуы
Қызметкерлердiң жалақыларынан ұсталған салықтарды бюджетке және
мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару үшiн
мемлекеттiк мекемелер қазынашылықтың аумақтық органдарына мынадай
құжаттарды:
жеке тұлғалардан алынған табыс салығын бюджетке аударуға арналған төлем
тапсырыстарын;
әлеуметтiк салықты бюджетке аударуға арналған төлем тапсырыстарын;
жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын аударуға
арналған төлем тапсырыстарын және жеке тұлғалардың тiзiмiн тапсырады.
Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын бюджетке аудару
жалақыларды
төлеуге арналған ақшаны алумен бiрге бiр мезгiлде, басқа жағдайда -
төлем
жасалған ай аяқталғаннан кейiн бес банктiк күн iшiнде жүргiзiледi.
Ѕлеуметтiк салықты төлеу айдың екiншi жартысы үшiн жалақыларды төлеу
белгiленген мерзiмде, бiрақ жалақылар төленген немесе төленбегенiне
тәуелсiз келесi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей ай сайын жүргiзiледi.
Мемлекеттiк мекемелер жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы
жарналарын қызметкерлерге еңбекақы төлеу түрiнде төленуге жататын
кiрiстердi төлеумен бiр мезгiлде аударады.
Салықтарды бюджетке аудару кезiнде жергiлiктi бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер "Төлемнiң мақсаты" мәтiндiк
кеңiстiгiнде шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының 10 таңбалы кодын
көрсетедi. "Бюджеттiк сыныптама коды" бөлiгiнде кiрiстердiң бюджеттiк
сыныптамасының 6 таңбалы кодын қояды және "Төлем мақсатының коды" бөлiгiнде
төлем мақсатының 3 таңбалы сандық белгiсiн қосымша қояды. Міндеттi
зейнетақы жарналарын аудару кезiнде "Төлемнiң мақсаты" мәтiндiк
кеңiстiгiнде пайдасына ақша аудару жүргiзiлетiн жинақтаушы зейнетақы
қорының деректемелерi көрсетiледi, "Бюджеттiк сыныптама коды" бөлiгiнде
шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының 10 таңбалы кодын қояды және "Төлем
мақсатының коды" бөлiгiнде төлем мақсатының 3 таңбалы сандық белгiсiн
қосымша қояды. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, қазынашылықтың
аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Баск-М" жүйесiнде жұмыс
iстейтiн мемлекеттiк мекемелер бюджетке салықтарды және жинақтаушы
зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы төлемдерiн аударғанда, "Бюджеттiк
сыныптама коды" төлем тапсырысының шеңберiнде 10 таңбалы шифр қояды.
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, қазынашылықтың аумақтық
органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Оракл" жүйесiнде жұмыс iстейтiн
мемлекеттiк мекемелер бюджетке салықтарды және жинақтаушы зейнетақы
қорларына мiндеттi зейнетақы төлемдерiн аударғанда, "Бюджеттiк сыныптама
коды" төлем тапсырысының шеңберiнде бюджеттiк сыныптама шығыстарының 12
таңбалы кодын қояды.
Қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы төлем
тапсырыстарының дұрыс толтырылуын тексергеннен кейiн тапсырыстың артқы
бетiне виза қояды және жауапты атқарушының атаулы штампының бедерiмен
растайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын
мемлекеттiк мекемелер әрбiр жеке тұлғадан зейнетақы жарналарын есептеу үшiн
қабылданатын табыстың он процентi мөлшерiнде, ал әскери қызмет, ішкi iстер
органдарындағы өтiлі 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кемi он жыл
болса әскери қызметкерлер, iшкi iстер органдарының қызметкерлер үшiн
ақшалай жабдықталым мөлшерiнiң он процентi мөлшерiнде төлейдi және
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Бас Алматы Филиалында ашылған N
413609816, ФАБ 190501109, код мақсаты "010", Зейнетақыларды төлеу жөнiндегi
Мемлекеттiк Орталықтың банктiк шоты арқылы әрбiр жинақтаушы зейнетақы қоры
бойынша жеке төлем тапсырыстарын аударады.
Қазынашылықтың аумақтық органдарында төлем тапсырыстары қағаз
жазбаларда, үш данада және жеке тұлғалардың тiзiмi екi данада әрбiр
жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша ұсынылады.
Төлем тапсырыстарының бiрiншi данасы мен тiзiмнiң бiрiншi данасы
қазынашылықтың аумақтық органында қалады, төлем тапсырыстарының екiншi және
үшiншi даналары және қабылданғандығы туралы қазынашылықтың аумақтық
органының белгi жасалған тiзiмiнiң екiншi данасы мемлекеттiк мекемеге
қайтарылады. Бұдан кейiн мемлекеттiк мекеме үш жұмыс күнi iшiнде тiркелген
орны бойынша салық органына төлем тапсырысының үшiншi данасын тапсырады.
Жеке тұлғалардың тiзiмiнде олардың әрқайсысына деген мынадай мәлiметтер
болуы тиiс: әлеуметтік жеке коды, тегi, аты-жөнi, туған күнi, жарна сомасы
және мiндетті зейнетақы жарнасы аударылған кезеңi (айы, жылы). Егер тегi,
аты-жөнi өзгерсе әлеуметтiк жеке кодын беру үшiн тiркеу карточкасында жеке
тұлға толтыруы тиiстi тегi, аты-жөнi көрсетiледi.
Салықтар және мiндеттi зейнетақы жарналары тұтас теңгемен аударылады.
Бұл төлемдердi тиынмен аударуды мемлекеттік мекемелер жылына бiр рет
желтоқсан айында жүргiзедi.
Белгiленген мерзiм мен жалақыны беру арасындағы аралық кезеңдерде
мемлекеттiк мекеменiң жекелеген қызметкерлерiне жалақы төлеу кезiнде
(демалысқа шыққандарға, жұмыстан босағандарға және т.б.) табыс және
әлеуметтiк салықты және мiндеттi зейнетақы жарналарын аударуға арналған
төлем тапсырыстары ұсынылмайды.
Жалақыны төлеу және жалақылардан ұсталған сомаларды бiр мезгiлде аудару
үшiн қажеттi ақша мемлекеттiк мекеменiң шотында жеткiлiксiз болған жағдайда
жалақы төлеуге арналған төлем тапсырыстары мен қазынашылықтың атаулы
чектерiн, бюджетке төленетiн салықтарды және жинақтаушы зейнетақы қорларына
мiндеттi зейнетақы жарналарының тиiстi сомаларын аудару үшiн төлем
тапсырыстарын мемлекеттiк мекеме қазынашылықтың аумақтық органына ұсынады.
Төленбеген есеп айырысу құжаттары "Төлем және ақша аударымдары туралы"
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы Заңының 38-бабына сәйкес
картотекаға орналастырылады. Салық және кеден органдарының инкассалық
өкiмдерi сақтау мерзiмi шектелместен, картотекаға орналастырылады.
Салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу
жөнiндегi өкiмдер картотекада болған жағдайда Қазынашылықтың аумақтық
органдары осы өкiмдердi олардың картотекаға түсуiнiң күнтiзбелiк
кезектiлiгi тәртiбiмен орындайды.
N 2 картотеканы қазынашылықтың аумақтық органдары 9929 "Мерзiмiнде
төленбеген есеп айырысу құжаттары" баланстан шотында қалыптастырады.
Салықтық емес түсiмдердi бюджетке
жатқызудың тәртiбi
Мемлекеттiк мекемелердiң алатын, қазынашылықтың аумақтық органдарына
түсетiн әкiмшiлiк айыппұлдары мен санкциялары "Салықтық емес түсiмдер"
санаты, "Айыппұлдар мен санкциялар бойынша түсiмдер" сыныбы, "Айыппұлдар
мен санкциялардың түсiмдерi" iшкi сыныбы бойынша тиiстi бюджетке есепке
алуға жатады.
Мемлекеттiк баж iсi сотта қаралуына байланысты заңдарға сәйкес
қазынашылықтың аумақтық органдарының орналасқан орны бойынша қабылданған
төлемдер "Салықтық емес түсiмдер" санаты, "Коммерциялық емес және iлеспе
саудадан алынған кiрiстер әкiмшiлiк алымдары мен төлемдерi" санаты,
"Мемлекеттiк баж" ерекшелiгi бойынша жергiлiктi бюджеттерге есепке алынады.
Республикалық бюджет
бойынша лимиттердi иеленуші
Мемлекеттiк мекемелердiң басшылары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz