Қаржы мәні және қызметтері
1-тапсырма. Қаржы мәні және қызметтері
1. Қаржы дегеніміз не?
2. Қаржының қызметі қандай?
3. Қаржының басқа эканомикалық катигорияларымен байланысы.
4. Қаржы ресурстары және қалыптастыру көздері.
1.Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын
қатынстардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақшалай нысаны
болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы
өндірістің әр түрлі субъектілері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын
ғана білдіреді. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты – қаржының
маңызды белгісі.
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып
табылады.Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде
(материалдық өндіріс пен өндірістік емес салаларда) және шаруашылық
жүргізудің түрлі деңгейлерінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлудің сан алуан
процестері жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық
категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.
Қаржының түрлі мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрінуі оның
маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша қорлары істің шын мәнінде,
қаржы қатынастарының объектілері болып табылады.
Нақты жұмысауға арналған мақсатты ақша – қаржы қорлары қоғамдық
өндіріс қатысушыларының барлығында, өндірістік емес сферада қаржылық
әдістердің көмегімен жасалынады. Ақша қорларының бүкіл ақша қаражат-тарынан
бөлініп тұратын ерекшклігі сол, олар экономиканы басқарудың барлық
деңгейлерінде ақша нысанындағы құнның бір жақты қозғалысының негізінде
жасалынады. Кез келген қаржы операциясы осындай ерекшелікпен (салықтар,
табыстан аудрылатын аударымдар, шығыстарды қаржыландыру, субвенциялар және
т.т.), яғни баламасыздықпен сипатталады.
Жоғарыда аталғандардың негізінде қаржының қысқаша анықтамасын былайша
тұжырымдауға болады: қаржы – бұл қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу
процесінде пайда болатын айырықша экономикалық қатынастрдың жиынтығы, мұның
нәтижесінде ұдайы өндіріс қатысушыларының сан алуан қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін олардың ақшалай табыстары, қорланымдары мен қорлары
жасалып, пайдаланылады.
2. Қаржының қажеттігі объективті мән – жайдан – тауар – ақша
қатынстарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды.
Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы
мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қржы ресурстарына деген
қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмысалуына
бақылау жасау.
Қаржы ресурстар болмаса, қаржы механизімі арқылы барлық жағдайға ықпал
етудің кең мүмкіндіктрін пайдалана алмаса, мемлекет өзінің ішкі және сыртқы
саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік экономикалық
бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамасыз
ете алмайды.
Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Бұл
қозғалыстың шарты тауар – ақша қатынастарының болуы және экономикалық
заңдардың, соның ішінде құн заңының іс- әрекеті болып табылады.
Экономиканың жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет тауар- ақша
қтынастарын әлдеқайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуіш тауарлардың,
жұмыстардың және қызмет көрсетудің сұранымы мен ұсынымы болып табылады.
Қаржының мәні, іс- әрекет механизімі және рөлі оның функцияларынан
айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігінғана
емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын
анықтауды да талап етеді.
Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын,
мәннің іс- қимылдағы көрнісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің
әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдқ арналымы қамтып
көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.
3. Қоғамадық өнімді бөлу процесі өте күрделі, мұның барысында
өндірісте жасалған құн шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, ал
олардың әр қайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты
ол түрлі экономикалық категориялардың көмегімен жүзеге асады, бұлардың
әрқайсысы ерекше, тек өзіне тән рөлдерді орындайды. Қаржы құндық процесіне
қатыса отыра, баға, жалақы, кредит сияқты категориялармен өзара тығыз
байланысты болады және өзара іс- қимыл жасайды. Алайда олардың қатысу
өлшемі мен нысандары бірдей емес. Жеке экономикалық категориялардың ұдайы
өндіріс процесінің түрлі стадияларындағы қатысу дәрежесі әр түрлі.
Баға- жұртқа мәлім, тауар құнының ақшалай көрінісі. Ол еңбек өнімінің
натуралдық- заттық нысанынан ақша нысанына көшуін және сатып алу- сату
актілерінің негізінде оның бір иеден басқсына қозғалысын ортақтастыра
отырып құндық бөлінісіің бастапқы категориясы ретінде көрінеді. Ұлттық
табыс бөлінгенге дейін және қайта бөлінгенге дейін тауар сатылуы тиіс. Баға
өнім иесіне оны өткізуден түсетін ақшаның мөлшерін алдын ала анықтайды және
одан әрі бөлінетін процестің алғашқы негізі болып саналады. Бөлініс
процесінде еңбектің қоғамдық қажетті шығындарымен анықталатын құннан
бағаның ауытқуы пайда болуы мүмкін, мұның нәтижесінде бірқатар
өндірушілерде көп құн, басқаларында аз құн өткізіледі. Мұндай жағдайда
қайта бөлгіштік процеске өзінің әдістерімен қаржы араласады:ол құнның бір
бөігін алады немесе құнның кем алынған бөлігін субвенциялар, бюджеттік
немесе салалық қаржыландыру жолымен алып береді. Нарық жағдайында
тауарлардың, қызметтердің сұранымы мен ұсынымы қалыптастыратын еркін
бағалар басым болады.
Баға амортизациялық аудрымдардың көлемін анықтауда ерекше рөл атқарады.
өндіріс құралдарының бастапқы және қолданыстағы бағаларының арасындағы
алшақтық амортизациялық қордағы елеулі ауытқуларға себепші болады.
өндіріске кепілдікке салынған салынған, құнның бағалық бұрмалануы баламасыз
сату кезінде күшейеді және бөлу мен тұтыну стадияларындағы қайта бөлгіштік
қатынастардың көбеюін тудырады.
Қаржы еңбек ақы төлеумен тығыз байланысты. Материялдық өндіріс
сферасында еңбекке ақы төлеу қоры жалақы қоры қаржының көмегімен өнімді
өткізуден түскен түсім- ақшадан бөлінеді. Бұл қор өндірілген өнімнің
көлеміне қарай қалыптасуы мүмкін. Шаруашылық практикада табыс категориясын
пайдаланған жағдайда еңбекке ақы төлеу қоры қол жеткен қаржы нәтижелерімен
тығыз байланысты үйлесімде қалыптасады.
Сырттай қарағанда еңбекке ақы төлеу қорын анықтауға баға факторы
тікелей қатыспайды деген пікір туады. Бірақ таза табысты бөлу арқылы оның
әсері ақиқат көрінеді. Нарықтық жүйеде бағаның еңбекке ақы төлеу қорына
әсері бұрынғыдан бетер арта түседі.
Екі категория да қоғамдық шаруашылықтағы қаражаттардың қалыпты,
үздіксіз ауыспалы айналымы үшін жағдайлар жасауға бейімделген. Бұл
категориялардың материялдық сферадағы кешенді ықпал жасауының объектілері
өндірістік капитал болып келеді. Қаржы және кредит күрделі жұмысалымдар мен
айналым қаражаттарын қалыптастырудың көздері болып табылады. Бірге үйлесе
отырып, олар кәсіпорындардың қорларының айналымын ұлғаймалы негізде
қамтамасыз етеді.қаржылық әдіспен әдетте шаруашылық органдардың ақшаға
деген тұрақты қажеттіліктері, кредиттік әдіспен олардың уақытша мұқтаждары
қанағаттандырылады. Келешекте күрделі жұмсалымдардың көзі ретінде кредит
ресурстарының рөлі артатын болады.
5. Қаржы ғылыми қаржыны тек экономикалық категория, яғни айрықшалықты
өндірістік қатынастардың жиынтығы ретінде ғана қалыптастырып қоймайды,
сонымен бірге мақсатты ақша қорлары түріндегі олардың материялдық іске
асуын баса көрсетеді. Бұл қорлар қаржы қатынастарының тұрақты иесі болып
келеді.олардың қалыптасу көздері және қорлардың өздері ұлттық шаруашылықтың
тиісті буындарының қаржы ресурстары болып табылады. Демек, қаржы ресурстары
– бұл жалпы ішкі өнім құнының бір бөлігін, ақша нысанындағы таза табысты
бөлу және қайта бөлу процесінде жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық
жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары, олар
ұлғаймалы ұдаы өндіріс пен жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз
етуге арналған. Қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты арттыру қаржы
ресурстары өсуінің басты шарты болып табылады.
Қаржы ресурстарының қозғалысы жиынтық қаржы балансында қамтып
көрсетіледі. Алайда баланста кредит ресурстарының бір бөлігі де қамтып
көрсетіледі.
Қаржы ресурстарының құрамында олардың аса маңызды екі бөлігін бөліп
көрсетуге болады:
1) мемлекеттің кірістері. Олар республикалық және жергілікті
бюджеттерде шоғырланады. Мемлекеттің кірістері заңнамалық тәртіппен
бекітіледі және мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістері
салықтар, қарыздар мен лотереялар, мемлекеттік меншіктен түсетін
түсімдер;
2) бюджеттен тыс қаражаттар. Олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қарамағында болады. Олардың пайда болуы мемлекеттің мақсатты шығыстарымен
байланысты. Бюджеттен тыс ресурстар автономды арнаулы қорлар, арнаулы
қаржы сметалары, қазынашылық шоттар түрінде болып келеді. Бұл қорлардың
қаражаттары экономиканы мемлекеттік реттеудің мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Бюджеттен тыс қаражаттардың оғаштығы мемлекетке қаржы ресурстарының жалпы
сомасын жасауға, қаржылық бақылауды әлсіретуге, нағыз қаржылық жағдайды
бұрмалауға мүмкіндік жасайды.
2-тапсырма. Қаржы жүйесін ұйымдастыру.
1. Қаржы жүйесін ұйымдастыру деген не?
2. Қаржы жүйесінің құрылымы қандай?
3. Қаржы жүйесінің буандарының байланысы.
1. Қаржы жүйесінің ұғымы қаржы ұғымының одан ары дамуы және нақтылана
түсуі болып табылады.
Біртұтас қаржы жүйесі - өзінің мәні жағынан мынадай түрлі ұғымдарды
білдіру үшін қолданылатын термин: а) бір – бірімен өзара байланысты қаржы
қатынастарының сфералары мен буындарының жиынтығы; ә) елдің қаржы
мекемелерінің жиынтығы, оларға қаржы мекемелері мен салық службаларының
барлық құрылымдық бөлімдері жатады. Қазақстан Республикасында макро және
микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен
ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты
қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы
мекемелері құрайды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек
мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл
жеткіліксіз.
2. Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы
қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпы мәлім, әдетте тек
бір ғана буынмен – мемлекеттік бюджетпен шектеледі. Класикалық капитализм
жағдайында батыстың көптеген көрнекті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО
–ның қаржы жүйесін екі негізгі буын – мемлекеттік бюджет пен жергіліекті
қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл
буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын
орындап отырады. Жүйе термині өзара байланысты элементтердің түрлі
критерилері бойынша сыныпталатын қосалқы жүйелердің іс- қимылын білдіреді.
Терминнің жоғарыда келтірілген анықтамасында қаржынының мәнділік
сипаттамасын, оның қоғамдық – экономикалық процестегі орнын негіздей
отырып, қаржы жүйесі сыныптамасының қағидалары үлгісі қойылған. Осы
критериге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды.
1) қаржы қатынастарының жиынтығы;
2) ақша қорларының жиынтығы;
3) басқарудың қаржы аппараттары.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші
субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын
экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
Қаржы қатынастары негізінен мынадай екі сфераны құрайды:
1) мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорларын қлыптастырып, пайдаланумен
байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары;
2) кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының ауыспалы
айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.
3. Қаржы қатынастарының буындарына тән болып келетін тиісті
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы
жүйесінің екінші бөлігін құрайды.
Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрнісін қаржы ресурстарын
қалыптастырып, пайдалануда табады, бұл ресурстар бюджет, мемлекеттік және
мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, амортизация,
айналым қаражаттары, тұтыну, резерв және басқа көптеген ақша қорларын
қамтиды. Қаржы қатынастарының нысандары мен ақша қорлары басқарылатын
материалдық объектіні құрайды. Басқарушы субъект қаржыны басқарудың
мемлекеттік және қоғамдық аппараттарының жүйесі- қаржы аппараты болып
келеді, бұл қаржы жүйесінің үшінші бөлігі болып табылады. Қаржы қызметін
ұйымдастыру мен жоспарлау процесіндегі экономикалық және жұмысымен қаржы
қатынастары буындарының байланысын жетілдірумен айналысатын қаржы аппараты
қаржы жүйесінің басқа бөліктерімен қабысып, етене ұштсып жатады. Бұл қаржы
жүйесінде базистік қатынастардың да, қондырмалық қатынастардың да айқыш –
ұйқыш тоқайласуын және оның басқарымдылығын білдіреді.
Қаржы жүйесі ұғымымен қатар қаржы- кредит жүйесінің жалпылама ұғымы да
бар, оған қаржы жүйесінің буындары ғана емес, сондай-ақ кредит жүйесі де
қамтылады. Қаржы – кредит жүйесі бірлескен түрде көбінесе материалдық
өндіріс сферасында қызмет етеді, өйткені кредит мекемелері өндірістік емес
сфераға жатқанымен өндірістік емес сферада несие қатынастары шектелінген.
Өзінің орталық қағидалы біртұтастығына қарамастан, қаржы қатынастарын
ұйымдастырудың нысандары мен олардың сыртқы көрнісі әр түрлі. Бұл мағынада
қаржы құрамы туралы айтуғ болады.
Жалпы қаржы жүйесінің құрамы – бұл қаржы қатынастарының әр түрлі
сфералары мен буындарының жиынтығы, қатынастардың бұл процесінде түрлі ақша
қорлары құрылып, пайдаланылады.
Нәтижесінде ол өзінің ықпалымен бүкіл экономиканы қамтиды.
Қаржы қатынастарының сфералары мен буындары өзара тығыз байланыста
болады және елдің бірыңғай қаржы жүйесінің құрамын құрайды. Сонымен бірге
қаржы құрамын мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асыруға қызмет ететін
нақтылы қаржы органдары болып табылатын қаржы жүйесінен ажырата білген жөн.
Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы, жоғарыда атап өтілгендей,
қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:
мемлекеттік бюджет жүйесі;
арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
мемлекеттік кредит;
жергілікті қаржы;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
халықтың қаржысы.
Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жалпымемлекеттік, яғни
орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен
әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және
микродеңгейдегі экономикамен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін
пайдаланылады.
Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып
табылады. Жергілікті қаржынаң әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен құрылымы
бүтіндей жергілікті органдарға жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай-
ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси-экономикалық
бағыттылығымен анықталады.
Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке
біріктіріледі:
мемлекеттік және муниципалдық қаржы;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.
Қаржы қатынастары сфераларының әрқайсысының ішінде буындар бөлінеді,
оның үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша қорларының құрамы
мен арналымына белгілі бір әсер ететін субъект қызметінің сипатына қарай
жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысы сферасында мынадай
буындарды бөлуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың
қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы. Мемлекеттің қаржысы қаржы
ресурстарының орталықтандырылған қорын жасаудың экономикалық нысаны мен
мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретіндегі мемлекеттік бюджетте, қоғам
ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік кредитте көрінетін
қаржы қатынастарын қамтиды.
Қаржы жүйесінің әр буыны өз кезегінде буыншаларға бөлінеді. Мәселен,
салық бағыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істеитін
кәсіпорындар қаржысынаң құрамына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік,
құрылыс және т.т. кәсіпорындардың қаржылары, ал меншік нысанына қарай-
мемлекеттік, кооперативтік, акционерлік, жекеше және басқа кәсіпорындарының
қаржылары болып мүшеленеді. Мемлекет қаржысының құрамында буындар ішіндегі
қаржы қатынастарын топтастыру, мемлекет басқарудың деңгейіне
(республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге асырылады. Сақтық қатынастар
сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың түрлеріне (жалпы сақтандыру,
өмірді сақтандыру) бөлінеді.
3-тапсырма Қаржы саясаты мен қаржы механизмі.
1. Қаржы саясаты дегеніміз не?
2. Қаржының механизмінің қызметі қандай?
3. Қаржы саясатының түрлері қандай?
4. Қаржы механизмінің құрылымы неден тұрады?
1. Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму
мемлекеттің сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін.
Жүргізіліп отырған қаржы саясатының басты субъектісі мемлекет болып
табылады. Ол қоғамның ұзақ перспективаға арналған қаржысын дамытудың
басты бағыттарының стратегиясын жасайды және алдағы кезеңге арналған
міндеттерді, қаражаттарды және оған жетудің жолдарын анықтайды.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іс-әрекетін
ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы
ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы
саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның
материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа
факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны айтарлықтай күрделі, өйткені ол
шаралардың ауқымды кешенін, оны дәйекті жүзеге асыру стадияларын қамтиды,
олар:
1) экономикалық заңдардың әрекеті, экономиканың жай-күйі, қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалары негізінде елдегі
қаржының ғылыми негізделген тұжырымдамасын әзірлеу;
2) экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттерін негіздей
отырып, қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық шараларын
тұжырымдау;
3) белгіленген іс-әрекеттерді қаржы механизімі (экономикалық қайта
құрудың түбегейлігіне қарай оны жаңғырта және түзете отырып) арқылы іс
жүзінде жүзеге асыру.
Осы негізгі үш буынның бірлігі қаржы саясатының мазмұнын анықтайды.
Демек, экономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке ала отырып, қоғамды
дамытудың міндеттеріне байланысты қаржыны ұйымдастыру мен пайдалану
мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны болып табылады.
Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің
қатарына мыналарды жатқызуға болады;
а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы
ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын
қамтамасыз ету;
ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттыұқ
шаруашылықтың секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстары
белгілі бір мақсаттарға бағыттау;
б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті
қаржы механизімін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.
Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы саясаты
мен қаржы жүйесінің қызметі нарық жағдайында қажетті қаржы ресурстарын
жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп отыруға,
әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларында қаралған
шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ақша
ресурстарын мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге
бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік және
экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қайта құрудың
стратегиясын қаржымен қамтамасыз ету қажеттігін туындайды.
Қаржы саясатын жүзеге асырудың жалпы және жеке қағидаттардың толып
жатқан қатары қойылуы тиіс.
Қаржы саясатын жүргізгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор
маңызы бар:
қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау,
бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының,
әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;
қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен
шығыстардың теңгерімділігі;
қаржы резервтерін жасау (бюджет жүйесінде кірістердің шығыстардан және
салалық қаржыларда қаржы резервтерінің асып түсуі);
мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында қаржы
ресурстарын оңтайлы бөлу.
Қаржы саясатының тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаттарға
мыналар жатады:
объективті экономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке алу;
нақты тарихи жағдаиларды есепке алу;
өткен жылдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені
есепке алу.
Жеке қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады:
қоғамда қаржы жүйесінің ұтымды құрылымын, қаржы қатынастарын жоспарлы
ұйымдастыруды және қаржы механизмінің дұрыс құрылуын қамтамасвыз ету;
қаржы жүйесінің барлық салалары мен буындарындағы кірістер мен
шығыстардың тепе-теңдігі;
бюджеттегі кірістердің шығыстардан асып түсетін қаржы резервтерін
жасау;
салық жүйесін ұтымды құру арқылы экономикалық және әлеуметтік дамудың
маңызды бағыттарына қаржы ресурстарыншоғырландыру;
негізгі қаржы ресурстарын мемлекет қарамағына жұмылдыру, оларды
мемлекет пен шаруашылық жүргізуші суъбектілер арасында тиімді бөлу;
қаржы және кредит-ақша саясатының тепе-теңдігі.
2,3,4. Әрбір экономикалық категорияның өзінің өзгешелігі болады,
тиіст қатынастарды білдірудің белгілі бір түрлері, нысандары мен әдістері
арқылы көрінеді. Тап өсы ұғымдар – қатынастарды іске асырудың түрлері,
нысандары мен әдістері- экономикалық өмірде тиісті процестерді басқарудың
тетіктері, механизмі ретінде болып келеді. Қаржы өзгеше бөлгіштік категория
ретінде түрлі мақсатты ақша қорларын жасау және пайдалану арқылы жасалынған
өнімді бөлу және қайта бөлуге қатысады. Механизм термині экономикалық
ұғымда бір нәрсені іс-қимылға келтіретін, белгілі бір қызметке түрткі
болатын құралды білдіреді. Бұл мағынада термин басқаруда қолданылады және
оның мәні экономикалық, соның ішінде қаржы саясатының да міндеттерімен
анықталатын басқарушы субъектінің басқарылатын объектіге ықпалының
мазмұнымен байланысты?
Қаржы шаруашылық жүргізуінің бүкіл жүйесімен және оны жоспарлау,
болжау, экономикалық ынталандыру, ұйымдастыру және басқару сияқты құрамды
бөліктерімен етене байланысты. Оның үстіне, қаржы қоғамдық қатынастар
жүйесі серпінін анықтаушы неғұрлым жалпы ұғым ретіндегі әлеуметтік
механизмнің ұқсас құрамды бөліктерімен де өзара іс-әрекет етеді.
Қаржы механизімі – экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы
жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру
нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің
жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және
әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын қамтиды.
Қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және
қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы
механизімі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы механизімі, сондай-ақ
мемлекет қаржысының механизімі болып бөлінеді. өз кезегінде, бұл
сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды.
Жалпы шаруашылық механизімі секілді қаржы механизімінің де өзіне тән
ішкі құрылымы бар және ол айтарлықтай күрделі. Оған қаржы қатынастарының әр
алуандылығына сәйкес келетін түрлі элементтер кіреді. Қаржы механизімі
экономикалық жүие шеңберінде қаржы қатынастарының ұйымдық нысандарының
жиынтығын, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақш қорларын, қаржы
жоспарлаудың әдістерін, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz