Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы туралы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Қаржылық бақылау

6.1. Қаржылық бақылаудың мәні мен мацызы

Қаржылық бақылау - қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын
жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған
айрықшалық қызмет.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функционалдық элементтерінің бірі.
Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа
элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға
бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл
функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара
салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп
отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру,
айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең адымен мемлекет тарапынан
ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық
қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың
кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен
толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттемелегенде шындыққа айналады.

Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану
үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық
өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы
экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір
бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі ретіндегі қаржылық
бақылау қондырмалық категория болып табылады. Практикада қаржының бақылау
функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды
бірдей деуге болмайды.
Бақылау функциясы – қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға
тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану
болып табылады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін
қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады.
Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-
шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық
бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда
пайдаланылады.
Қаржылық бақылау мыналарды тексереді: экономикалық заңдар талабының
сақталуы; жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу және қайта
бөлу үйлесімдерінің оңтайлылығы; бюджетті жасау және оның атқарылуы
(бюджеттік бақылау); шаруашылық жүргізуші субъектілердің мемлекеттік
мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа заңи тұлғалардың еңбек,
материал және қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйі және оларды тиімді
пайдалану. Қаржылық бақылау сонымен бірге салықтық бақылауды да
кіріктіреді.
Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен:
әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен жиі тура
келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз
байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу
қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының
көбінде шаруашылық қызметтің басқа процестері қамтып көрсетіледі.
Қаржылық бақылаудың функциялары:
1) Қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға
сәйкестігі және мемлекет қаражаттарының тиімділігі);
2) Қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға
қаражаттарды жұмылдырудың уақытылығы мен толымдылығын тексеру;
3) Есеп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру.
Бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидаттар мыналар болып табылады:
бақылаудың реттелілігі, жаппайлылығы, әмбебаптылығы;
бақылаудың превентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты;
әрекеттілік, нақтылық, жариялылық – бұларға бақылау жұмысын дұрыс
ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты
зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;
бақыладудың алаламаушылығы біреуге тартпаушылық;
бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.
Қаржылық тәртіп – бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің, оның
шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және
пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.
Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен
әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзеге асырудың
деңгейіне қарай қарастырған жөн, яғни ол микро- немесе макродеңгейде
жүргізіледі.
Макродеңгейдегі қаржылық бақылау – бұл бүкіл мемлекет ауқымында
қаржыны ұйымдастыру мен оның іс-әрекет етуін бақылау. Оның міндеттері
мыналар болып табылады:
ақшалай қаражаттардың орталықтандырылаған қорларын қалыптастырып,
тиімді пайдалану процесін қамтамасыз ету;
қаржы қатынастарын іске асырудың қолданылып жүрген нысандары мен
әдістернің объективті қажеттіліктеріне нысандар мен әдістердің сай келуін
бақылау;
қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, салалар мен аймақтардың
қаржы ресурстарына деген қажеттілігін оптималды түрде және саралай отырып
қанағаттандыру, азаматтардың әлеуметтік-мәдени сферасының қызметтеріне
деген қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатында оларды салалар мен
аумақтар бойынша бөлудің алшақтықтарын анықтап, жою және басқалары.
Бұл деңгейде мемлекеттік қаржылар бақылаудың объектісі болып
көрінеді.
Жиынтық қаржы жоспарлары сметалары, аумақтық, салалық тұрғыда
олардың атқарылуы туралы есептер бақылаудың предметі болып табылады. Әр
түрлі қаржылық көрсеткіштер және жоспарлардың сметалардың және есептердің
бірқатар өндіргіштік көрсеткіштері талданады, жинақтап қорытылады және
осының негізінде қаржы қатынастарының нысандары мен әдістерін жетілдіру
жөнінде ұсыныстар жасалады.
Биліктің заң шығарушы органдары мен басқарудың мемелкеттік органдары
бұл деңгейде бақылау субъектілері болып келеді.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылау – меншіктің барлық нысанындағы
шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейіндегі бақылау.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылаудың міндеттері:
кәсіпорындардың қаржы саласындағы қолданылып жүрген заңдардың
сақталуын қамтамасыз ету;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы міндеттемелерін
орындауының дер кездігі мен толымдылығын қамтамасыз ету;
қаржы ресуртстары өсуінің ішкі өндірістік резервтерін табу;
ресурстардың барлық түрлерін ұтымды пайдалануға, бухгалтерлік есепті
дұрыс жүргізуге, есептеме жасауға және басқаларға жәрдемдесу.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бұл
деңгейде бақылаудың объектісі, ал қаржылық көрсеткіштер табыс, пайда,
өзіндік құн, аударымдар, салықтар және басқалары оның предметі болып
табылады. Қаржылық бақылауды кәсіпорындардың экономикалық службасы, оның
жеке мамандары жүзеге асырады. Бұл мақсатқа тәуелсіз аудиторлық ұйымдар да
тартылады.

6.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы

Қаржылық бақылаудың сыныптамасы субъектілердегі
айырмашылықтарға,бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды
жүргізудің тәсілдеріне әдістеріне негізделген. Осы белгілерге қарай,
қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары, оны жүзеге асырудың
әдістері бойынша жіктеледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге
асыратын субъектілерге (бақылауды жүзеге асыратын органдарға немесе
ұйымдарға) қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып
ажыратылады (6.1 сызбаны қараңыз).

6.1. сызба. Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы

Қ а р ж ы л ы қ б а қ ы л а у
М е м л е к е т т і к Қ о ғ а м д ы қ

Жалпы - Ведомстволық Қоғамдық ұйымдардың:
мемлекеттік кәсіподақтардың,
партиялардың,жастардың,
бұқаралық
қозғалыстардың,
ғылыми-техникалық,
мәдени-ағартушылық,
спорт, шығармашылық,
ардагерлердің, түрлі
қорлардың бақылауы

Ішкі
–шаруашылық

Парламентік (депутаттық)
бақылау

А у д и т о р л ы қ б а қ ы л а у

Мемлекеттік қаржылық бақылау жалпымемлекеттік және ведомстволық
бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Жалпымемлекеттік қаржылық бақылау ведомстволық бағыныштылығы мен
меншік нысанына қарамастан бақылаудың кез келген объектісіне қолданылады.
Бақылаудың бұл түрін мемлекеттік билік пен басқару органдары жүргізеді.
Мемлекеттік қаржылар жүйесінде бақылау салықтық, бюджеттік бақылау,
сақтық және банктік қадағалау, кедендік бақылау және т.т. болып
ажыратылады.
Салықтық бақылау салық заңнамасының атқарылуы, бюджетке салық және
басқа төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы
жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз етеді. Салықтық
бақылаумен меншік нысандарына қарамастан, барлық шаруашылық жүргізуші
субъектілер, сондай-ақ табыс табатын азаматтар қамтылған.
Бюджеттік бақылау тексерістік және таңдамалық аналитикалық қызметтің
мынандай түрлерін қамтиды: елдің негізгі қаржы жоспарының - мемлекеттік
бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын бақылау; қаржылық
ақпаратты, соның ішінде салықтық бақылаудың нәтижесін жинау, бұл ақпаратты
талдау және бюджетке қаржы ресурстарын қосымша тарту жөнінде ұсыныстар
жасау; шығындардың белгіленген нормалары мен нормативтерін бақылау арқылы
мемлекеттік бюджет қаражаттарының тиімді, ұтымды жұмсалуын қамтамасыз ету;
өндірістік емес, мақсаттсыз шығындарды, иесіздікті, ысыраптар мен
ұрлықтарды жою және одан сақтандыру. Бюджеттік бақылау бюджеттен
қаржыланатын мемлекеттік кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда, сондай-
ақ мемлекеттік емес сектордың жұмыс жасайтын, қызмет көрсететін, шаралар
жүргізетін кәсіпорындарында жүзеге асырылады.
Банктік қадағалау кредит ресурстарын қалыптастыру және олардың
қозғалысы барысында, күрделі құрылыс процесінде, кәсіпорындардың кассалық
тәртіпті сақтауын тексеру кезінде, нақты ақшасыз есеп айырысқанда және
басқа жағдайларда жүргізіледі. Банктік қадағалаумен бақылаумен кредит-
есеп-қисап қатынастарына қатысты барлық шаруашылық субъектілер қамтылаған.
Сақтандыру сферасындағы қаржылық бақылау қадағалау сақтық қорлар
қаражаттарының дер кезінде, толық қалыптасуын, мақсатты жұмсалуын, сақтық
операцияларының дұрыс жүргізілуін, сақтандыру туралы заңнаманың талаптарын
сақтық қатынастарға қатынасушылардың барлығының орындалуын жүзеге асырады.
Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын, оларды есепке алуды
кедендік ресімдеу кезінде де, сондай-ақ кедендік тексермеде де құжаттар мен
мәліметтерді тексеру нысанында кедендік бақылауды жүргізеді; олардың
тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы орналастыратын
субъектілердің қаржы және сыртқы экономикалық қызметін тексеруді белгілеуге
немесе жүргізуге құқы бар.
Барлық өкілетті органдар қаржылық бақылауды тиісті бюджеттің жобасын
және оның атқарылуы туралы есепті жыл сайын сессияларда қараған кезде
жүзеге асырады. Өкілетті органдардың жоспар- бюджет және салалық тұрақты
комиссиялары маңызды бақылау функцияларын орындайды, олар алдын ала,
сессияғса дейін бюджеттің жобасы мен оның атқарылуы туралы есепті қарайды.
Үкімет, жергілікті әкімшіліктің аппараты оларға қарасты органдардың
бақылаушылық, соның ішінде қаржы-кредиттік қызметті ғана бағалап қоймайды,
сонымен бірге өздері де тікелей қаржылық бақылауды жүзеге асырады.
Республика үкіметі мемлекеттік бюджеттің жасалуы мен атқарылуын бақылап
отырады, мемлекеттің қаржылық саясатын жүзеге асырады. Өздерінің
өкілеттіктеріне қарай бақылау функцияларын жергілікті жердегі атқарушы
органдар орындайды.
Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведомствоның
өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізіледі. Оның негізгі
міндеттеріне мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, материал
және қаржы ресурстарын үнемді пайдалануын, меншіктің сақталымдығын,
бухгалтерлік есептің дұрыс қойылулығын, бақылау - тексеріс жұмысының мән-
жайын бақылау, қырсыздық, ысырапқорлық және нысапсыздық фактілерін
бұлтартпау.

Ведомстволық бақылау шеңберінде ішкішаруашылық бақылау яғни нақтылы
шаруашылық жүргізуші субъектілерде (фирмаларда, компанияларда, ұйымдар мен
мекемелерде) жүзеге асырылатын бақылау жүргізіледі. Бақылау функциялары
бұл жағдайда қаржы-шаруашылық қызметінің қажетті шарты ретіндегі оның күн
сайынғы процесімен байланысты. Бақылаудың бұл түрі өндірістің бастапқы
буындарының өндірістік капиталды, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға
жауаптылығын арттыруға жәрдемдеседі, ысыраптарды, қаржы тәртібінің әр түрлі
бұзылуларын азайтуға бағытталған.

Ішкішаруышылық бақылаудың мақсаты есеп саясатын да қоса алғанда,
субъектінің экономикалық саясатының сақталуына сарапшылық баға беру, оның
барлық құрылымдары жүзеге асырып келген ішкі бақылаудың жұмысна баға беру
болып табылады. Таза бақылау сипатындағы міндеттерден өзге ішкі шаруашылық
бақылау қаржы стратегиясын талдап жасау, экономикалық диагностика,
маркетингтік зерттеулер, басқарушылық кеңестер міндеттерін және басқаларын
шешеді.
Нарықтық қатынастар жағдайында ішкі шаруашылық бақылау оның бұрынғы
ұғынысындағы өзінің мағынасын жоғалтып барады: оның орнын мемлекеттік
кәсіпорындарда шаруашылық есеп ынталандырмалары және меншіктің басқа
нысандарының кәсіпорындарында коммерциялық ынталандырмалар басуы тиіс.
Шаруашылық есеп, коммерциялық есеп әр түрлі бұзулардан сақтануға көбірек
кепілдік береді, өйткені жетістіктердегі қызметкердің, кәсіпкердің жеке
ынталылығы өзін өзі бақылаудың қажеттігін керек қылмайды.
Қоғамдық қаржылық бақылау – бұл түрлі қоғамдық ұйымдардың бақылауы.
Бақылаудың объектісі тексерушілер алдына қойылған нақтылы міндеттерге
байланысты болады.
Жүргізу нысандары мен уақытына қарай қаржылық бақылау: алдын ала
бақылау, ағымдағы және кейінгі бақылау болып бөлінеді. Бақылаудың мұндай
нысандары бақылаушы органдардың көбісінің қызметіне тән.
Қаржылық алдын ала бақылау ақшалай қорларды жасау, бөлу және пайдалану
жөнінідегі операциялар істелінгенге дейін жүргізіледі, сондықтан оның қаржы
тәртібін бұзуды алдын-ала ескертуде зор маңызы бар. Бұл жағдайда бекітуге
және орындауға жататын қаржы қызметін жүзеге асырудың негізі болып
табылатын құжаттар – бюджеттердің, қаржы жоспарлары мен сметалардың
жобалары, кредит және касса өтінімдері және т.т. тексеріледі.
Ағымдағы қаржылық бақылау қаржы жоспарларының атқарылу процесінде,
шаруашылық- қаржы операцияларын жүзеге асыру барысында тауар-материал
құндылықтары мен ақшалай қаражаттарды жұмсаудың нормалары мен
нормативтерінің сақталуын қадағалайды, қаражаттарды жіберу шығындарының
орындалуына, бұрын берілген ресурстардың пайдаланылуына сай келуін
тексереді. Сөйтіп, бұл бақылау шаруашылық-қаржы операцияларының жасалу
процесінде жүзеге асырылады.
Кейінгі (келесі) қаржылық бақылау - қаржы операцияларын жасағаннан
кейін (бюджеттің кірісі және шығыс бөліктерінің орындалуынан кейін,
шаруашылық органдардың ақшалай қаражаттарды пайдаланғаннан кейін және т.т.)
жүргізілетін бақылау және алдын ала бақылау мен ағымдағы бақылау кезінде
анықталмаған бұзушылықтарды ашуға жетелейді.

6.3. Аудиторлық бақылау (аудит)

Қаржылық бақылауды жетілдірудің аса маңызды бағыттарының бірі қаржылық
бақылаудың тәуелсіз нысаны – аудиторлық бақылауды дамыту болып табылады,
бұл мемлекеттік емес шаруашылық органдар санының көбеюімен және тиісінше
қаржы, бақылау, есеп санында қызметтің сан алуан түрлерінің өсуімен
байланысты болып отыр. Аудиторлық бақылау – тәуелсіз аудиторлық фирма мен
шаруашылық жүргізуші субъектілер иелерінің жасасқан келісімшарты негізінде
қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйін тексеру.
Нарықтық реформалардың тереңдей түсуі жағдайындағы қаржылық бақылау
жүйесінің ажырамас бөлігі аудиторлық бақылаудың негізгі мақсаты
кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың бухгалтерлік қаржылық есебінің
дұрыстығын белгілеу, олардың ақпараттық жүйелерінің сенімділігін бағалау.
Аудиторлық жұмыста талдамалық және экспорттық болжам қызметіне үлкен мән
беріледі, ол тапсырыс берушілерге өздерінің іскерлік саясатының тиімді
стратегиясы мен тактикасын жасауға мүмкіндік береді.
Аудиторлық бақылау – ведомстводан тыс тәуелсіз қаржылық бақылау. Оны
біліктік комиссиясы аттестаттаған “аудитор біліктілігінің берілуі” туралы
куәлік алған жеке тұлға да, сондай-ақ ашық үлгідегі акционерлік қоғамды,
өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда, аудиторлық
қызметті жүзеге асыру үшін кез келген ұйымдық- құқықтық нысанда құрылған
коммерциялық аудиторлық ұйым да жүргізе алады.
Шетелдік аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті
тиісті аудиторлық ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденттерін
құрған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.
Аудиторлық палата коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсиби, өзін-өзі
басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.
Қаржы аудиты деп оған үәкілеттігі бар ұйымдар мен мамандардың қаржы
есептемесіне сараптама және талдау жүргізу, қаржы-шаруашылық қызметтін
бақылау, шаруашылық жүргізуші субъектілерге олардың тапсыруы бойынша
қызметтің басқа түрлерін көрсету жөніндегі және солардың есебінен
жүргізетін тәуелсіз қызметін айтады.
Аудит дамуының тарихы өзінің бастауын Ұлыбританиядан алады, мұнда ХІХ
ғасырдың ортасында алғашқы бухгалтерлер-аудиторлар пайда болды. Ал 1862
жылы Англияда “Міндетті аудит туралы заң” шықты. Францияда мұндай заң 1867
жылы, АҚШ-та 1937 жылы жарияланды.
Бүгінде тәуелсіз қаржылық бақылау аудиторлық институт нысанында дамып,
нарықтық экономиканың ажырағысыз бөлігі болып отыр.
Қазақстан Республикасында 1998 жылдың 20-сыншы қарашасынан бастап
“Аудиторлық қызмет туралы заң” жұмыс істейді. Ол аудиторлық қызметті жүзеге
асыру процесінде мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар, аудиторлар
мен аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді.
Аудиторлық қызмет – бұл аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қаржылық
есептеме аудитін жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі. Аудиторлар мен
аудиторлық ұйымдар, өз қызметінің бағыты бойынша қаржылық есептеме
аудитінен басқа да қызметтер көрсете алады.
Аудиторлық қызметтің негізгі қағидаттарына мыналар жатады:
тәуелсіздік;
объективтілік;
кәсіби біліктілік;
құпиялық.
Аудит Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарына
сәйкес қаржылық есептеменің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз
пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың аудиттелетін субъектілердің
қаржылық есептемесін тексеру аудит болып табылады.
Аудиттің түрлері – міндетті аудит және бастамашылық аудит.
Міндетті жыл сайынғы аудитке мыналар жатады: банктер, кредиттік
серіктестіктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдар және бағалы қағаздар рыногінде қызмет істейтін ұйымдар, сақтық
ұйымдар, жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін басқару
жөніндегі компаниялар, шетел қатысатын кәсіпорындар, ашық халықтық қоғамдар
жатады.
Аудит жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілерінде көзделген өзге жағдайларда да міндетті болып табылады.
Бастамашылық аудит аудиттелетін субъектінің бастамасы бойынша
аудиттелетін субъектінің және аудитордың, аудиторлық ұйымының арасында
аудит жүргізуге жасалған шартта көзделген нақты міндеттер, аудит мерзімі
мен көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.
Аудит сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Сыртқы аудит – аудиттің тәуелсіз
нысаны, ішкі аудит – шаруашылық жүргізуші субъектіні бақылаудың
ведомстволық немесе ішкі нысаны. Ішкі аудит шаруашылық жүргізуші
субъектінің тілегі бойынша және шартымен жасалады.
Аудит мынадай дәйекті стадиялар бойынша жүгізіледі:
жоспарлау тараптардың іс-қимылын іштей жүйелеумен;
аудитор объектісі туралы ақпарат алу және оны бағалау;
аудитор рәсімін жасау және бағдарламаны әзірлеу;
бақылау жүйелерін тексеру және оның тесттері;
аудит рәсімін жүргізу;
аудиторлық қорытындыны қалыптастыру.
Аудитор - бұл кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы- шаруашылық және
коммерциялық қызметіне жасалатын қаржылық бақылаудың біздің елдегі жаңа
ұйымдық нысаны. Ол бақылау мен коммерциялық аудиторлық қызметті жеке
кәсіпкер ретінде не аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде жүзеге асыруға
құқылы.
Аудитордың міндеттері мемлекеттік бақылаудың міндеттерімен ұқсас:
тексерілетін ақпараттың, жасалынған шаруашылық операцияларының қолданыстағы
заңға сәйкестігін анықтау. Сонымен бірге аудиторлық қызметтің қаржы-
шаруашылық қызметін тексеріс нысанында жүзеге асыратын мемлекеттік
бақылаудан айтарлықтай айырмашылығы бар:
аудиторлық қызмет кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің
тиімділігін арттыруға, оның төлем қабілетін қамтамасыз етуге, клиенттердің
мүлдесін қорғауға бағытталған. Тексеріс қызметі бірінші кезекте мемлекеттің
мүлдесін қорғайды, бұзушылықтарға ықпал етудің сан алуан түрлерін қолдана
отырып, шаруашылық жүргізуші субъектілердің заңдарды, нормативтік актілерді
сақтауын қамтамасыз етеді;
аудит кезінде тексеруші ұйым мен бақылаудың объекті арасындағы
байланыстар көлденең, ерікті келісімшарт негізінде болса, тексеру
жүргізгенде тік, әкімшілік белгілеу ретінде болады;
аудиторлық қызметті клиент немесе оның келісімен аудиторлық қорытындыны
алуға мұқтаж болып отырған орган төлейді. Тексерістерді жоғары орган немесе
мемлекет төлейді;
аудиторлық тексерудің тиімділігін клиент аудитке жұмсалған шығындар мен
аудиторлық тексеру нәтижелерінің ара салмағы ретінде айқындайды.
Тексерістің тиімділігін тиісті бақылаушы орган анықтайды;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық есептің аудиті
Қаржылық бақылау түсінігі
ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУ
Қаржылық бақылауға жалпы сипаттама
Қаржылық бақылау туралы
Қаржы құқығының ұғымы мен түрлері және мемлекеттің қаржылық қызметі
Қаржылық бақылаудың әдістері
Қаржының бақылау функциясы және қаржылық бақылау
Қаржылық бақылаудың сыныптамасы мен әдістері
Салықтық бақылаудың классификациясы
Пәндер