Мемлекет қаржысы туралы мағлұматтар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы

Мемлекеттің экономикалық қызметі

Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының таңдап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы факторларға қарай экономикалық қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің қоғамдағы экономикалық қызметі оның мына функцияларында білінеді:

  1. экономикалық дамудың қалыпты дамуына құқықтық базаны анықтау;
  2. монополиялық қызметті шектеу және бәсекелестікті қорғау;
  3. табыстар мен байлықты қайта бөлу;
  4. экономиканы тұрақтандыру;
  5. ресурстарды қайта бөлу.

Аталған функциялардың іс-әрекеті тікелей немесе жанама түрде “қаржы” категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлықтай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің үшінщі, төртінші және бесінші функцияларында көрінеді.

Нарықтық жүйе табыстар мен байлықты алғашқы бөлуде айтарлықтай теңсіздікті тудыратындықтан мемлекет оларды қайта бөледі. Мемлекет азаматтардың (үй шаруашылықтарының) табыстарын теңестіру үшін салық салудың, трансферттердің, жалақыны реттеудің, бағалардың жүйелерін пайдаланады.

Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс-қимылы экономикалық жағдаяттың ауытқулары туғызатын жұмыспен қамтұлуы және инфлияция деңгейін бақылауды сондай-ақ экономикалық өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды қамтиды.

Экономикалық ресурстарды қайта бөлу екі жағдаятта нарықтық жүйенің жетілмегендігінен баоып туады:

  1. бірқатар товарларды өндірудің тепе-теңдік көлемінің олардың оңтайлы көлемінен ауытқуы;
  2. ресурстарды рыноктың бас тартуы немесе қоғамдық товарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді ұлғайту мен өндіру үшін олар жеткілікті бөлмеу.

Бірінші жағдаятта товарлар мен қызметтер көрсетудің бірқатарың өндіру немесе тұтыну бұл товарларды тікелей өндіруші немесе тұтынушылар болып табылмайтын субиектілерде шығын тудырады немесе пайда келтіреді. Бұл құбылыс “жанама нәтижелер” немесе “құйлымдар” деп аталады және бұл шаруашылық процестердің қатысушылары емес адамдардың немесе топтардың пайдалары немесе шығындылары болып табылады.

Құйылым шығындарынв айналадағы ортаның ластануымен, шудың, тербелістерді, түрлі қолайсыздықтардың болмалуы мен байланысты шығындар жатады. Бұл жағдайда өндірушілер өздерінің шығындарының бір бөлігін халыққа аударып салады және өндірушілердің шығындары азаяды. Нәтижесінде өндірушілердің өндірістік үлкен көлемі болуы мүмкін, демек, бұл товарларды өндіру үшін ресурстар көбейтілген көлемде түсетін болады.

Құйылым шығындардың теңестіру үшін мемлекет ұсынымды шалатын мынадай реттеуші шараларды жүргізеді:

  1. қызметті заңнамалық шектеу немесе оны зиянды әсері болмайтын жағдайларға жеткізу талабы; мұндай қызметтің нормалары мен стандарттарын сақтау шығындарды арттыруға және тепе-тең және оңтайлы көлемінің сәйкестігіне жеткізеді.
  2. құйылым шығындарына тең немесе жақын арнаулы салықтарды еңгізу, бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы шығындарын арттырады және тепе-теңдік жай-күйін қамтамассыз етеді.

Екі жағдайда да өнімге немесе көрсетуге ресурстарды тым көп бөлу жойылатын болады.

Құйылымпайдаларын:білімберу, санитарлық профилактикалық шаралар, медициналық көмек, ауа райын болжау, өрттен қорғау ж/е басқа бірқатар қызметтер көрсету жасайды, бұлардан пайданы бұл игіліктерді нақты пайдаланушылар ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғам да алады. Бұл қызметтер көрсетуді нақты пайдаланушылар тек нарықтық сұранымды қалыптастырады, ал құйылым пайдалары ақиқаттық мөлшерге дейін сұранымды толықтырады ж/е қызмет көрсетудің қажетті көлемін белгілейді. Бұл жағдаят мұндай қызметтер көрсетуге ресурстарды бөлудің жеткіліксіздігін сипаттайды.

Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы

Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады ж/е олар экономика мен социумдағы өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік ж/е әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылмен байланысты.

Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекетпен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу ж/е қайта бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді.

Мемлекет (өзінің билік пен басқару органдары арқылы), бір жағынан, жеке кәсіпорындар, ұйымдар, екемелер, азаматтар, басқа жағынан, бұл сферадағы ақша қатынастарының субъектілері болып табылады.

Ішкі ұлттық өнімнің өсуімен салыстырғанда мемлекеттің шығыстары көлемінің озыңқы қарқынмен өсуі мемлекеттің қаржыларына тән сипат болып табылады. Бұл құбылыс ХІХ ғасырдағы неміс экономисі Вагнердің заңы - “Өспелі мемлекеттік белснеділік заңы”ретінде белгілі. Бұл заңға сәйкес өнеркәсіп саласы дамыған елдерде мемлкеттің шығындары өндіріс көлеміне қарағанда жылдамырақ өсуі тиіс. А. Вагнер мемлекеттік белсенділіктің өсуін үш факторымен байланыстырады:

1) Экономика дамуының нәтижесінде экономикалық тірліктің күрделенуімен ж/е еңбек бөлінісінің тереңдеуімен; бұл мемлекет тарапынан тиімді ж/е ұтымды экономиканың, құқық тәртібін заң қызметтерін кеңейтуді қолдаудың қажеттігіне жеткізеді;

2) Техника мен технология дамуы капиталдың үлкен мөлшеріне қажеттілікті қажет етеді, бұл капиталды майда фирмалардың алдында артықшылықтарды бар акционерлік компаниялар немесе мемлекеттік корпорациялар қамтамасыз ете алады; мемлекет монополиялардың қызметін ретту үшін техникалық шарттар б/ша олар құрылатын өндіріске қатысуы тиіс;

3) Көрсетілетін қызметтерден болатын пайда экономикалық бағалауға төзбейтін білім беру ж/е денсаулық сақтау сфераларында мемлекет белсенділікті күшейтеді.

Сөйтіп, Вагнердің заңы нарықтық шаруашылықтың белгілі бір шектеулілігін ж/е экономикалық процестерді мемлекеттік реттеудің қажеттігін дәлелдейді.

Мемлекет қаржысының функциялары экономикалық категория болып келеді:Бұл - бөлу мен бақылау функциялары.

Алайда бөлгіштік функциядағы мемлекеттің қаржысына неғұрлым толық сипаттау үшін мемлекеттің реттеуші іс-қимылдарының қажеттігінен туындайтын құрамдас қосалқы функциялары бөліп көрсеткен жөн; бұл:

1) Орналастыру;

2) Қайта бөлгіштік;

3) Тұрақтандыру қосалқы функциялары.

Орналстыру қосалқы функциясы қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер көрсету нарықтық жүйе арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін еместігінде, мемлекеттің оларды өндіру және халықты қамтамасыз ету үшін ресурстарды бөлуі және орналастыруы қажет екендігінде көрінеді. Мәселе шектеулі экономикалық ресурстарды «жекеше» және «қоғамдық» тауарлар арасында оңтайлы бөлуде және олардың құрылымы мен мөлшерін таңдауда болып отыр. Қоғамдық тауарлардың ресурстары көбінесе салықтардың есебінен қалыптасатындықтан, жекеше, рыноктық тауарларды өндірудің мүмкіндіктері шектелінеді, оңтайландыру проблемалары фискалдық саясат үшін қиын болып көрінуі мүмкін.

Түрлі фискалдық құралдар арасында бөлініс көбінесе тікелей мыналар арқылы орындалады:

  1. табысы төмен үй шаруашылығын қаражаттандыруды жоғары табыстарға үдемелі скалық салумен ұштастыратын салықтық - трансфеттік тәсімі арқылы;
  2. баламалы түрдегі бөлініс жалдаушылардан төмен табыс болатын тұғын үй сықылды қоғамдық шаруашылықты қаржыландыру үшін пайдаланылатын прогрессивті салықтар арқылы орындалуы мүмкін;
  3. ақырында, қайта бөлуге табысы төмен тұтынушылыр пайдаланатын басқа тауарларды қаражаттандыруды көбінесе жоғары табысты тұтынушылар сатып алатын тауарларға салынатын салықтармен ұштастыру арқылы жету мүмкін.

Саясаттың баламалы құралдарын тандауда тұтынушылардың немесе өндірушілердің тандауға араласуы болғанда көтерілетін толық нәтижеленетін ысыраптар немесе тиімділік шығындары есепке алынуы тиіс. Салықтық - трансферттік механизм арқылы қайта бөлудің жеке тұтыну немесе өндірістік таңдауға кедергі жасамайтын артықшылығы болады. Алайда тіпті бұл механизмде «тиім -

ділік шығындарысыз» емес, срндықтан жан-жалды теңдік пен тиімді мақсаттарлы теңгеруді табу қажет. Жүргізілетін оңтайлы саясат мүдделердің екеуіне қолданылуы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық менеджменттің эволюциясы
Корпоративтік қаржы ұғымы
Мемлекеттің қаржысы
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік практика
Кәсіпорынның өндірістік қуаты
Кәсіпорынның қаржылық жұмысын ұйымдастыру
Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыруға қатысушы лауазымды тұлғалар
Жедел іздестіру қызметінің түсінігі
ОҚО қаржы департаменті
Моральдық шығынды өндіру ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді сот арқылы қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz