Мемлекеттік борыш және оны басқару туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттік борыш және оны басқару

Мемлекеттік кредит қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі.
Мемлекеттік борыш — бұл алынған және белгілі бір күнге өтелмеген
мемлекеттік қарыздардың сомасы (олар бойынша есептелген пайыздарды қоса).
Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде
мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет
мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру рыногына,
қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш
мемлекеттік ішкі және сыртқы борыш болып бөлінеді. Сондай-ақ күрделі және
ағымдағы мемлекеттік борыш болып бөлінеді. Күрделі мемлекеттік борыш деп
мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелерінің бүкіл
сомасын (бұл міндеттемелер бойынша есептелген пайыздарды қоса) айтады.
Ағымдағы борыш — бұл мемлекеттің барлық борышқорлық міндеттемелері бойынша
несиегерлерге табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу
жөніндегі шығыстар.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік борыш өз кезегінде тікелей
Үкіметтің, Ұлттық банктің және Үкіметтің кепілдігі уәдесін алған
кәсіпорындардың борышы болып бөлінеді. Егер, борышты несиегерлердің түрлері
(типтері) бойынша өзара бөліске салсақ көбінесе Дүниежүзілік банкке,
Халықаралық валюта қорына және Қазақстандық экспортты қаржыландыратын
ұйымдарға қарыз. Қарыз алудың едәуір көлемі жеке несиелерге де тиеді. Бұлар
көбінесе Қазақстанның бағалы қағаздарын — қазынашылық міндеттемелерді,
Ұлттық банктің ноттары мен еурооблигацияларын сатып алатын шетелдік жеке
және заңи ұйымдар. Орналастырылған еурооблигацияларды өтеу мемлекеттік
борышқа қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстардың негізгі баптарының бірі
болып отыр.
Мемлекеттік борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік
бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады.
Экономкалық жағынан дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы
болады. Алайда борыштың бұл түрінің түзілу себептеріңдегі, әдістеріндегі
және жұмыс істеу ерекшеліктеріндегі айырмашылық елеулі болады. Дамыған
елдерде мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары
экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың
біріктірілген факторлары болып табылады. Халықтан, корпорациялардан,
банкгерден, басқа қаржы және кредит мекемелерінен қарызға алынған ақша
қаражаттары өнімді пайдаланылады және аталған қарызгерлердің активтері
ретінде қаралады. Мемлекеттік борыш "ұлттың өзіне өзінің қарызы" ретінде
қаралады және ұлттың жиынтық байлығының жалпы мөлшеріне әсер етпейді. Ішкі
борышты басқару жөніндегі пайызарды төлеу қажеттігі түріндегі оның белгілі
бір теріс зардаптары инвестицияларға немесе елдің экономикасын дамытуға
қосымша қаржы ресурстарын жұмылдырудан болатын оңтайлы нәтижелермен
жабылады. Ішкі борыштың өсуі кезінде ұлттық табыс пен байлық кемімейді,
мұның өзі, әрине, табыстардың қайта бөлінісімен байланысты болатын бірқатар
келеңсіз салдарларды жоққа шығармайды, олар мынаған саяды:
1. Берешекті өтеу мен пайыздарды төлеу бюджет қаражаттарының есебінен,
яғни салық төлеушілердің есебінен жүргізіледі, сөйтіп, табыстар
мемлекеттік бағалы қағаздар иелеріне, әдеттегідей, қоғамның
дәулетті жіктеріне ағылады.
2. Салықтарды көбейту жолымен мемлекетгік борышты азайту жөніндегі
мемлекеттің іс-қимылы кезінде макроэкономикалық тәуекелдіктер
қосылады; жиынтық сұранымның қысқаруы тепе-теңді таза ұлттық
өнімнің азаюына ұрындырады, кәсіпкерлер тарапынан қаражаттардың
жұмсалымына деген ынталандырмалары төмендейді, экономикаға
қаражаттарды инвестициялау қысқарады.
3. Жеке меншік кәсіпкерлердің "инвестицияларын ығыстыду" нәтижесі іс-
әрекет етеді. Бұл құбылыс мынадан туып отыр. Мемлекет бюджет
тапшылығын немесе борышты жабу мақсатымен несие рыногына шыға
отырып, ақша рыногында бәсекені күшейтеді, мұның нәтижесінде ақша
капиталының пайыздық мөлшерлемелері артады. Бұл жеке меншік
секторды инвестициялардың бір бөлігінен айырады, ал инвестициялық
шығыстардың төмендеуі тепе-тенді таза ұлттық өнімді азайтады.
Егер мемлекет ақша рыногының оқшауландырылған қаражаттарын тұтыну
мақсаттарына емес инвестициялық тауарларға бағыттаса, егер экономика
жұмыспен толық емес қамтылған жағдайда жұмыс істесе мұндай іс-әрекеттің
келеңсіз нәтижесі шектелуі мүмкін.
Қазақстан практикасында бюджеттердің тапшылықтары мен мемлекеттік
борыш қаржыландыру нысандары және туындайтын зардаптары бойынша айтарлықтай
ажыратылады. Мемлекеттік борыштың едәуір бөлігі үкімет тұрғызатын өзгеше
"қаржы пирамидасы" болып табылатын мемлекеттік қазынашыл міндеттемелер
бойынша берешек нысанында көрсетіледі. Мемлекеттің қолданыстағы жоғары
дисконтқа қарыз алған со-масы ішкі берешекті үнемі арттырады.
Мемлекеттік ішкі борыштың басқа нысандарына мыналар жатады:
- бюджет тапшылығын жабу үшін бұрын алынған кредиттер бойынша Ұлттық
банкке берешек;
- облигациялар және басқа бағалы қағаздар шығарумен ресімделген
халықтан, шаруашылық жургізуші субъектілерден алынған қарыздар бойынша
борыш.
Мемлекеттік ішкі борыштың пайда болуы мен үдей түсуі мемлекеттік
бюджеттің тұрақты тапшылығынан туындайды.
Мемлекеттік сыртқы борыш - шетелдік несиегерлер турасында белгілі бір
күнге, белгіленген мерзімде өтеуге жататын елдің қаржылық міндеттемелерінің
сомасы.
Елдің сыртқы борышының болуы орынды дүниежүзілік практика болып
саналады. Алайда, оның шегі болады, ол шектен мемлекеттік борыштың артуы
қауіпті бола бастайды. Мемлекеттік сыртқы қарыз алу бойынша тартылатын
қаражаттардың көлемі елдің Ұлттық банкісінің таза алтын-валюта
резервтерінің 50 пайызынан аспауы тиіс. Сыртқы қарыздарды көптен-көп
ауқымда тарту несиегер елдерді экономикалық және саяси тәуелділікке
ұрындыруы мүмкін.
Дүниежүзілік практикада мемлекеттік борыштың мөлшерін салыстырмалы
сипаттау үшін арнайы көрсеткіш — борышқа қызмет көрсетудің коэффициенті
пайдаланылады. Ол борыштық төлемдердің елдің валюталық түсімдеріне қатысы
ретінде есептеп шығарылады. Мұндай қатыстың қауіпсіз деңгейі 25 пайыз болып
саналады.
Елдің экономикасының көлемімен салыстырғандағы оның сыртқы борышының
мөлшері туралы түсінікті Дүниежүзілік банктің сыныптамасы негізінде жасауға
болады. Осы халықаралық қаржы ұйымының анықтауы бойынша мемлекеттің
берешегі төмен деп есептелінеді, егер:
а) жалпы сыртқы борыштың жалпы ішкі өнімге қатысы 48 пайыздан аспаса
(Қазақстанда —33.8%);
ә) жалпы сыртқы борыштың экспортқа қатысы 132 пайыз (Қазақстанда
—113%);
б) берешекке қызмет көрсету сомасының экспортқа қатысы 18 пайыз
(Қазақстанда —22.8%);
в) сыйақы төлемдерінің экспортқа қатысы 12 пайыз (Қазақстанда —5.1%).
Сөйтіп, егер мезгілі өткен төлемдердің кептігін есепке алмасақ,
Қазақстанның берешегін әзірше төмен деп санауға болады. Бірақ, республика
борышының жоспарлы өсіп отырғанын, ал оның экспортының керісінше төмендеп
отырғанын ескерсек ахуалдың нашарлауы мүмкін.

1 сызба. Мемлекеттік кредиттегі себеп-салдарлық өзара байланыстар

Алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік және мемлекеттік емес
сыртқы қарыздардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің
Қазақстан Республикасы бейрезиденттерімен келісім-шарттары бойынша
берешектік міндеттемелерінің белгілі бір күнгі сомасы жалпы сыртқы борышты
құрайды. Ол сыртқы мемлекеттік борышты және ішкі мемлекеттік борышты
кіріктіреді. Сыртқы мемлекеттік борыш -Қазақстан Республикасы өкіметінің,
жергілікті атқарушы органдарының және Ұлттық банкінің Қазақстан
Республикасының бейрезидент несиегерлері алдындағы сыртқы мемлекеттік
борышының құрамдас бөлігі. Ішкі мемлекеттік борыш - Қазақстан Республикасы
өкіметінің, жергілікті атқарушы органдарының және Ұлттық банкінің Қазақстан
Республикасының қарызгер-резиденттері алдындағы ішкі мемлекеттік қарыздар
мен басқа да борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борыштың құрамдас
бөлігі.
1992 жьшы бұрынғы КСРО-дан мұра болып қалған Қазақстанның сыртқы
борышы 3.2 миллиард долларды құрады. 1993 жылдың соңында Россия
Федерациясымен бүрынғы КСРО-ның сыртқы борышындағы Қазақстанның үлестік
борышы мәселесін реттеген "нөлдік вариантты" келісімге қол қойылғаннан
кейін және берешектің бір белігі қайта ресімдегеннен кейін Қазақстанның
сыртқы борышы 1.9 миллиард. долларды құрады. Бұл борыш экспорттық
мүмкіншілігі бар Қазақстан Республикасы үшін көп емес еді. 1995 жылдың
соңында Халықаралық валюта қорынан сатымды ресурстарды қоса жалпы сыртқы
борыш 3.09 миллиард долларды құрады (шамамен ЖІӨ-нің 19%). 1999 жылдың
басында жалпы сыртқы борыш ең жоғарғы мөлшерге — 8229.4 миллион долларға
жетті. 2001 жылдың басында Үкіметтің сыртқы борышы 3272 миллион долларға,
Үкімет кепілдендірген сыртқы борыш — 694.6 миллион долларға, жиыны — 3966.6
миллион долларға бағаланды. Бұл ішкі борышты қамтыған Үкіметтің барлық
борышының 86.8 пайызын құрады. 2003 жылдың басында Үкіметтің сыртқы борышы
мен Үкімет кепілдендірген сыртқы борыштың жиыны 3481.0 миллион долларға
жетті. Алайда, жекеменшік сектордың борышымен бірге - 14561 миллион доллар
(соның ішінде фирмааралық берешекті — 10547 миллион доллар) жалпы сыртқы
борыш 18024 миллонн долларға жетті. 2001 жылы Үкімет борышының ЖІӨ-ге
қатысты мөлшері 17.5 пайызды құрады, ал 2002 жылы ол 16 пайызға дейін
төмендеді.
Мемлекеттік борыштың болуы мезгілі келген пайыздарды және борыштық
міндеттемелерді өтеуді төлеу жөніндегі жыл сайынғы шығындарды қажет етеді,
олар мемлекеттік борышты басқару жөніндегі шығындар деп аталады.
Қазақстан Республикасының үкіметтік борышын өтеуді және оған қызмет
көрсетуді Қаржы министрлігі тиісті жылға арналған республикалық бюджет
туралы Қазақстан Республикасы Заңында көзделген қаражат есебінен Ұлттық
банк арқылы, Ұлттық банктің борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді
Ұлттық банк өзінің билігіндегі активтер есебінен, жергілікті атқарушы
органдардың мемлекеттік борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді ол тиісті
жылға арналған мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат есебінен Ұлттық
банктің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органның қарыздарына қызмет
көрсету үшін тартылатын екінші деңгейдің банктері арқылы жүзеге асырылады.
Барлық мемлекеттік қарыздар Үкімет белгілеген тәртіппен Қаржы
министрлігінде тіркеліп, есепке алынуға тиіс.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышын есепке алу үшін Ұлттық
банк пен жергілікті атқарушы органдар келісілген тәртіппен Қаржы
министрлігіне өз қарыздарының талаптары, алынуы, оларға қызмет көрсетілуі
және өтелуі туралы ақпарат тапсырып отырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің қаражатымен
қамтамасыз етілетін үкіметтік борышты өтеу және оған қызмет көрсету, Ұлттық
банк өзінің билігіндегі барлық активтермен қамтамасыз етілетін Ұлттық
банктің борышын өтеу және оған қызмет көрсету, жергілікті атқарушы орган
билігінде тұрған меншік құқығындағы мүлікпен, қаржы ресурстарымен және
басқа да активтермен қамтамасыз етілетін өз борышын өтеу және оған қызмет
көрсету жөніндегі міндеттемелерді атқарады.
Борыштың негізгі сомасы қайтарылған және борышқа қызмет көрсету
жөніндегі төлемдер толық көлемінде төленген жағдайда мемлекеттік борыш
өтелген болып саналады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық банкінің және жергілікті
атқарушы органдарының осындай шарттың (келісімнің) талаптарында, осындай
қағаздарды шығару талаптарында көзделген жағдайда, қарыз туралы шарт
(келісім) бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге, мемлекеттік
эмиссиялық бағалы қағаздарды мерзімінен бұрын сатып алуға құқығы бар.
Сыртқы борыштың болуы жасалынған өнімнің бір бөлігін елден тыс жерге
берудің қажеттігін білдіреді. Мемлекеттік борыш бойынша пайыздық
төлемдердің тез өсу тенденциясы бар. Мұндай төлемақылар болашақ
экономикалық дамуды тежейді және реципиент-ел бюджетінің тапшылығын
ұлғайтады.
Сыртқы борыштың өсуі сонымен қатар, реципиент-елдің халықаралық
абыройын төмендетеді және ел үкіметінің саясатына халықтың сенімін
кетіреді.
Ірі және созылмалы тапшылықтардың және мемлекеттік борыштың болуының
келеңсіз зардаптары микроэкономикалық тұрақтылықтың бұзылуымен бірігеді.
Инвестициялардың "ығыстыру әсерінен" басқа, мемлекеттік бағалы
қағаздар бойынша пайыздың жоғары деңгейі шетел капиталын тартады, бірақ
қаражаттардың мұндай ағыны сыртқы борыштың өсуін білдіреді. Шетел
инвестицияларын отандық бағалы қағаздарға жұмсаудың артықшылығы ұлттық
валютаға сұранымды арттырады және халықаралық валюта рыногында оның
бағамының өсуін тудырады. Валюта бағамының артуы экспорттың қымбаттауына
және импорттың арзандауына жеткізеді, мұның нәтижесінде экспорт қысқарады,
ал импорт артады. Сауда балансы теріс сальдоға саяды. Таза экспорт жиынтық
сұранымның компоненті болатындықтан, оның қысқаруы немесе теріс сальдосы
ұлттық өндіріске тежеушілік ықпал жасайды.
Осыған байланысты мемлекеттің өзінің өкілдікті органы арқьшы қаралған
процестерге бюджет тапшылығы мен мемлекеттік борыштың шегін белгілеу
жолымен заңнамалық араласуы бюджет шығыстарының жеке баптары бойынша тиым
салу құқығын белгілеуі мүмкін.
"Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш
туралы" Қазақстан Республикасының заңымен тиісті мемлекеттік құрылымдар
үшін қарыз алудың лимиттері белгіленген:
1) үкіметтік борыштың лимиті.
2) Ұлттық банктің сыртқы борышының лимиті.
3) жергілікті атқарушы орган борышының лимиті.
Бұл лимиттер тиісінше республикалық бюджетте, Ұлттық банкте,
жергілікті бюджетте жоспарланатын, алынған және өтелмеген қарыздардың
тіркелген сомалары болып табылады, бұл сомалар берілген күнге (қаржылық
жылдың соңына) тиісті құрылымының нақты борышынан аспауы тиіс. Мәселен,
Ұлттық банктің сыртқы борышының лимиті оның таза алтын-валюта активтерінің
50 пайыз деңгейінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу лимиті, бұдан бұрын
айтылғандай, Республикалық бюджет туралы заңмен белігеленді, онда үкіметтік
борыштың лимиті де, оған қызмет көрсетуге бағытталатын қаражаттардың ауқымы
да бекітіледі.
Жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына арналған лимиті сол
жылға арналған жергілікті бюджет кірісінің 10 пайызынан аспауға тиіс.
Жергілікті атқарушы орган борышының лимиті тиісті қаржы жылына арналған
жергілікті бюджет кірісінің 25 пайызынан аспуға тиіс. Жергілікті атқарушы
органның борышын етеуге, оған қызмет көрсетуге арналған шығыс көлемі тиісті
жылға арналған жергілікті бюджет кірісінің 10 пайызынан аспауға тиіс.
Заңмен мемлекеттік кепілдіктерді берудің лимиті - тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджеттің құрамында бекітілетін тіркелген сомасы
белгіленеді, бұл соманың шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік
кепілдігі — үкіметтің несиегер алдында Қазақстан Республикасының қарызгер-
резиденттерінің одан тиісті соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда
берешекті толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі.
2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы занда Үкіметтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік кредиттің теориялық аспектілері
Мемлекеттік қарыз және оның зардаптары
Мемлекеттің сыртқы борышы
Мемлекеттік борыш және оны басқару
Мемлекеттік кредит пен мемлекеттік борыш туралы
Халықаралық мемлекеттік несие
Мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қарызды тиімді басқаруды жетілдіру жолдары
Мемлекеттік борышқа қызмет көрсету - мемлекеттік бюджет шығыстары нысандарының бірітөлеу
Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз туралы
Талап етілетін қарыз алулар
Пәндер