Бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналысқа шығарылуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналысқа шығарылуы.
Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары

Бағалы қағаздардың эмиссиясы — бұл жарғылық капиталды қалыптастыру
немесе қарыз қаражатын тарту мақсатымен бағалы қағаздар шығару және
орналастыру. Бағалы қағаздарды (акцияларды, облигацияларды және басқа
міндеттемелерді) жекешелердің (акционерлік қоғамның акциялары мен
облигацияларын шығару) және мемлекеттің (мемлекеттік қарыздар
облигацияларын шығару) шығаруы мүмкін.
Бағалы қағаздарды айналысқа шығару — эмиссия —бұл бағалы қағаздарды
олардың бастапқы иелеріне — инвесторларға, яғни заңи тұлғаларға және
азаматтарға сату.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы:
1) акционерлік қоғам кұрған кезде және акцияларды оның
құрылтайшылары арасында орналастырған кезде;
2) акциялар шығару жолымен акционерлік қоғамның бастап-қы жарғылық
капиталының мөлшерін көбейткен кезде;
3) облигациялар және басқа борыштық міндеттемелер шығару жолымен
мемлекет, заңи тұлғалар, жергілікті билік органдары қарыз
қаражаттарын тартқан кезде жүзеге асырылады.
Эмиссиялық бағалы қағаздар — бұл бір эмиссия шегінде біртекті
белгілері мен реквизиттері болатын, осы эмиссия үшін бірыңғай жағдайлар
негізінде орналастырылатын және айналысқа түсетін бағалы қағаздар. Олар
мемлекеттік және мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар болып
бөлінеді. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз қарыз алушы Қазақстан
Республикасының Үкіметі жергілікті атқарушы орган немесе Ұлттық банк
болатын қарыз алуға қатысы жөнінен ұстаушының құқықтарын куәландыратын
эмиссиялық бағалы қағаз болып табылады. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы
қағаз — Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмиссиялық деп танылған,
мемлекеттік емес ұйымдар шығаратын акциялар, облигациялар және өзге де
бағалы қағаздар.
Эмиссиялык, бағалы қағаздар шығару — эмитенттің эмиссиялық бағалы
қағаздардың азаматтық объектісі ретінде пайда болуына бағытталған іс -
әрекеті, немесе орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуі осы эмиссиялық
бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес жүзеге асырылатын белгілі бір
бағалы қағаздардың жиынтығы.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды (акцияларды, облигацияларды) шығаруды
жарияланған жарғылық капиталды құру мен өзінің қызметін жүзеге асыру үшін
қаражат тарту мақсатында эмитент жүргізеді.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы бағалы қағаздардың бастапқы рыногында
жүзеге асырылады. Онда бағалы қағаздарды шығару және бастапқы орналастыру
процестерінде, бір жағынан, эмитенттердің немесе олардың тапсыруы бойынша
бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысының және, екінші жағынан,
инвесторлар арасындағы қатынастар қалыптасады.
Бағалы қағаздардың бастапқы рыногы көбінесе Мемлекеттік бағалы
қағаздардың (МБҚ) шығарылымымен сипатталады. Ішкі мемлекеттік борыштың
шегінде мемлекеттік бюджетті инфляциясыз қаржыландыруды қамтамасыз ету
мақсатында Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер мен
ұлттық жинақ ақша облигацияларын шығарады. 1994 жылдың бірінші жартысында
Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарының шығарылымы басталды.
Алғашқы мемлекеттік бағалы қағаздар үш айлық қазынашылық міндеттемелер
— МЕККАМ болды. Алғашқы алты айда олар бойынша аукциондар өткізудің
мерзімдері тұрақсыз, шамамен айына 1 рет болды, жыл соныңа қарай олар апта
сайын жүргізіле бастады. Қазіргі кезде Қаржы министрлігінің МБҚ -ларын
орналастыру жөнінде аукциондар аптасына 2-3 рет өткізіледі.
1998 жылы қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша бюджет тапшылығын
жабуға Үкіметке Ұлттық банк беретін кредиттер доғарылған болатын және
Ұлттық банк алдындағы бүкіл үкіметтік борыш арнаулы он жылдық
облигацияларға — МЕАКАМ- ға қайта ресімделді.
1999 жылы сәуірде теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамының режіміне
көшуі инвесторлардың МБҚ-ға деген ынтасын төмендетті. 1999 жылы МЕККАМ-ның
эмиссиясы 38,5 миллион теңгені құрады, бұл 1998 жылға қарағанда 1,8 есе
төмен болды.
МБҚ рыногын қолдау үшін Қаржы министрлігі қысқа мерзімді валюталық
бағалы қағаздарды шығара бастады, сондай-ақ арнаулы валюталық
облигацияларды - АВМЕКАМ-ды шығаруды жүзеге асырды.
МБҚ рыногының дамуы сандық өсуімен ғана емес, сонымен бірге терең
сапалы өзгерістерге де ұшырады. Мемлекеттік бағалы қағаздар спектрінің
кеңеюі қағаздардың жаңа түрлерімен де, сонымен бірге бағалы қағаздардың
айналыс мерзімдерінің артуымен де қосарланып отырды. 1994 - 1995 жылдары
тек қысқа мерзімді дисконтталған 3, 6, 12 айлық бағалы қағаздар шығарылды,
1997 жылдан бастап орта мерзімді, купондық және инфляция бойынша немесе
айырбастау бағамы бойынша индекстелген бағалы қағаздар шығарылды (1 кесте).
Соның ішінде 1997 жылдан бастап Қаржы министрлігінің екіжылдық
дисконтталған бағалы қағаздары – МЕОКАМ-24, 2000 жылдан 18- айлық
индекстелген МЕИКАМ-18 және үшжылдық дисконтталған МЕОКАМ-36 бағалы
қағаздары шығарылды. 2001 жылы Қаржы министрлігі айналыс мерзімі 36,48 және
84 айлық бірқатар жаңа мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелер
(МЕИКАМ), айналыс мерзімі 48 және 60 айлық мемлекеттік орта мерзімді
қазынашылық міндеттемелерді шығарды.
2002 жылы еврооблигацияларды және жергілікті атқарушы органдардың
бағалы қағаздарын есепке алғанда мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының
көлемі номиналдық қүны бойын-ша 266 миллиард теңгені құрады, бұл 2001 жылға
қарағанда 81,8 % көп (146,3 миллиард. теңге).
2002 жылы теңге бағамының тұрақтануы, қайта қаржыландыру
мөлшерлемелерінің бір жылда 9 %-дан 7,5%-ға дейін төмендеуі теңгеге
номиналған мемлекеттік қазынашьшық бағалы қағаздар шығарылымының өсуіне
жағдай жасады. Орта мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздардың спектрі едәуір
кеңіді: МЕОКАМ шығарылымының жиынтық көлемі бір жылда 2001 жылмен
салыстырғанда 2,1 есе өсті. Бір жылда сомасы 5,1 миллиард теңге мемлекеттік
индекстелген қазынашылық міндеттемелер айналысқа шығарылды, оның 49,1%
айналыс мерзімі 24 айды құрайтын МЕИКАМ алады.
Сыртқы борышқа қызмет көрсету үшін Қаржы министрлігі
еврооблигацияларды айналысқа шығарады, олардың айналысы 2003 жылдың 1
қаңтарына 101,1 миллиард. теңгені құрады.
Ақша базасын реттеу үшін Ұлттық банк 1995 жылдан қысқа мерзімді бағалы
қағаздарға жататын ноталарды шығаруға кірісті.
1 кесте. Қазақстанда 1994-2002 жж мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясы*
млн.тенге
Багалы қағаздардыц тұрі 1994 1995 1996 1997 1998 1999 2000 2001
2002 МЕККАМ, барлығы** 234 10507 30297 52598 69655 38490 36290
3069 3926 Ұлттык банктің қысқа мерзімді ноталары - 14769 36561
77581 60979 61613 132551 116433 210841 Ұлттық жинақ ақша
облигациялары - - 550 1500 1050 170 320 - - МЕОКАМ - - -
870 673 - 10510 20136 42813 МЕАКАМ-120 - - - - 36850 - - -
- МЕИКАМ, барлығы - - - - - 2709 722 2724 5139 МЕКАВМ,
барлығы, млн. $ - - 290 96 - - АВМЕКАМ-60, млн. $ - - - -
- 244 - - - Ұлттык, банктің валюта ноталары, млн. $ - - - -
63 - - - Еврооблигациялар, млн. $ - - - 200 350 - 300 350 -

2002 жылы Ұлттық банк ноталары шығарылымының көлемі номиналдық құны
бойынша 210,8 миллиард теңгені құрады, бүл 2001 жылдың көрсеткішінен 82,4%
көп. 1999 жылдың сәуірінде теңгенің құнсыздануы кезеңінде қысқа мерзімді
валюта ноталары шығарылды. 2001 жылы сомасы 4671 миллиард теңгенің
жергілікті атқарушы органдарының облигацияларын шығару жүзеге асырылды.
Мемлекеттік бағалы қағаздардан басқа бастапқы рынокта мемлекеттік емес
(корпорациялық және басқа) бағалы қағаздар айналысқа шығарылады.
Корпорациялық бағалы қағаздар нағыз пайдалы, бірақ сонымен бірге
қауіпті болып табылады, оларға кәсіпорындар мен компаниялардың акциялары
жатады. Корпорациялық бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы белгілі бір
дәрежеде 1996 жылы жарияланған "Көгілдір фишкалар" бағдарламасымен
байланысты.
2003 жылдың 1 қаңтарына Қазақстан Республикасының есеп берген
шаруашылық субъектілері бойынша айналысқа шығарылған мемлекеттік емес
(корпорациялық) бағалы қағаздардың жалпы көлемі 1257,8 миллиард теңгені,
сандық тұлғауда 8007 миллиард дананы құрады. Акциялар айналысқа шығарылған
корпорациялық бағалы қағаздардың жалпы көлемінің 89,6% (1127,3 миллиард
теңге) құрады. Сонымен қатар жай акцияларға 97,9% (1103,4 миллиард теңге),
артықшылықты акцияларға 2,1% (23,9 миллиард теңге) келеді. Облигациялар
айналысқа шығарылған корпорациялық бағалы қағаздардың жалпы көлемінің 5,7%-
ын (71,6 миллиард теңге) құрады, оның 48,5% (34,7 миллиард теңге) екінші
деңгей банктері айналысқа шығарған. Корпорациялық бағалы қағаздардың
шығарылған жалпы көлемінен еврооблигацияларға 4,7% келеді.
2003 жылдың 1 қаңтарына есеп берген шаруашылық субъектілері бойынша
сомасы 87,2 миллион. теңге болатын басқа мемлекеттік емес бағалы қағаздар
орналастырылды, оның 83 миллион теңгесі - қойма куәліктері.
Мемлекеттік емес (корпорациялық) бағалы қағаздар жыл аяғында барлығы
жалпы сомасы (рыноктық қүны бойыншы) 1156,8 миллиард теңгеге, соның ішінде
акциялар 1045 миллиард теңгеге, облигациялар 53,3 миллиард теңгеге,
еврооблигациялар 58,4 миллиард теңгеге орналастырылды.
2002 жылы төленген сыйақылардың сомасы 7,2 миллиард теңгеге тең болды,
бұл 2003 жылдың 1 қаңтарына орналастырылған облигациялардың,
еврооблигациялардың жалпы сомасының 6,4%-ын құрады. Сыйақылардың негізгі
үлесі (59,2%) қаржы мекемелеріне, облыстар қимасында Алматы қаласының
(53,6%), Астана қаласының (42,6%) ұйымдарына келіп отыр.
Жалпы республика бойынша 2003 жыдың 1 қаңтарына сомасы 69,3 миллиард
теңгенің акциялары орналастырылмаған, бұл айналысқа шығарылған акциялардың
барлық көлемінің 6,1% құрады.
Қайталама рыноктың жұмыс істеуі ұзақ мерзімді қазынашылық
міндеттемелерімен және Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарымен жасалынған
мәмілелер көлемінің өсуімен сипатталады. Қайталама рыноктың жандануы
нақтылы уақыт режімінде өздерінің офистерінде бастапқы дилердің жұмыс
мүмкіндігін қамтамасыз ететін биржадан тыс жұмыс істейтін бағдарламаны іске
енгізумен байланысты болғанын атап өткен жөн.
Бағалы қағаздардың қайталама рыногында 2002 жылы "Бағалы қағаздардың
орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның мәліметтері бойынша МБҚ жөніндегі мәмілелер
көлемінің “депо” шоттары бойынша жасалған операциялар бойынша еткен жылмен
салыстырғанда 2,8 есе артқандығы байқалынды. Мемлекетттік бағалы қағаздар
бойынша мәмілелердің көлемі бір жылда 3428,5 мил-лиард теңгені құрады.
Қазақстан қор биржасында 2002 жылы барлық бағалы қағаздар бойынша
мәмілелердің көлемі 3324,2 миллиард теңгені, соның ішінде корпорациялық
бағалы қағаздар бойынша 113,5 миллиард теңгені, оның ішінде акциялар
бойынша 59,2 миллиард теңгені құрады, бұл керсеткіштер 2001 жылдың
деректерімен салыстырғанда тиісінше 2,9 есе, 1,7 есе және 1,3 есе өсті.
Қайталама рынокта сомасы 72 миллион теңгенің корпорациялық бағалы
қағаздары сатылды, оның ішінде сомасы 38,2 миллиард теңгеге акциялар сатып
алынды, негізінен оларды қаржы мекемелері сатып алды (44,5%).
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағазды шығарудың, оларды тіркеудің,
орналастырудың, айналысқа жіберудің және өтеудің талаптары мен тәртібі және
эмиссия көлемі арнаулы зандармен реттелініп, белгіленеді. Мемлекеттік
бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін беру тәртібі уәкілетті
органның нормативтік құқықтар актісімен белгіленеді.
Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағадар эмиссиясы бағалы қағаздар
шығару туралы эмитенттің шешім қабылдануын; уәкілетті органда бағалы
қағаздар эмиссиясын тіркеуді; инвесторлар үшін эмиссия проспектісінде
болатын ақпараттарды ашуды; бағалы қағаздарды шығаруды жөне орналастыруды;
бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті табыс етуді
қамтиды.
Ашық орналастыруды жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың акциялары
эмиссияланатын мемлекеттік тіркеудің, сондай - ақ акцияларды шығару және
орналастыру қорытындысы туралы есеп беру рәсімі мен тәртібін уәкілетті
орган белгілейді.
Акционерлік қоғамдардың — банктердің және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздар рыногының
әуесқой қатысушыларының, бағалы қағаздар саудасын ұйымдастырушылардың,
инвестициялық қорлардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы
активтерін басқару жөніндегі ұйымдардың және Орталық депозитарийдің
акцияларының барлық эмиссиялары міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.
Эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттандырылған (документарлық) және
құжатсыздандырылған нысандарда шығарылуы мүмкін. Бағалы қағаздар шығарудың
құжаттандырылған нысаны — бағалы қағаздарда мүліктік құқықтар бағалы
қағаздар ұстаушылардың тізімінде тіркелетін шығару нысаны. Эмиссиялық
бағалы қағаздарды шығару нысанын мемлекеттік тіркеуге табыс етілген
құжаттарға тиісті өзгерістер енгізе отырып, эмитенттің жоғарғы басқару
органының шешімі бойынша эмитент өзгертуі мүмкін.
Құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздар иелерінің
құқықтары осы бағалы қағаздарды көрсетуі арқылы расталады.
Құжатсыздандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздар меншік иелерінің
құқықтарын тіркеушілер немесе нақты ұстаушылар растайды. Иелерінің талап
етуі бойынша бағалы қағаздарды тіркеуші немесе нақтылы ұстаушы оларға
бағалы қағаздарға өздерінің құқықтарын растайтын құжаттар беруге міндетті.
Бағалы қағаздармен мәмілелер ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған
бағалы қағаздар рыногында — қайталама рынокта жасалады. Бағалы қағаздарды
сатып алу-сату шарты тараптардың бірінің талап етуі бойынша нотариалдық
куәландыруға тиіс.
Кәсіби қатысушылар ұйымдастырылған бағалы қағаздар ры-ногында
мәмілелерді өз атынан немесе клиенттің атынан, өз есебінен немесе клиенттің
есебінен бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату арқылы жасайды. Бағалы
қағаздардың үұйымдастырылмаған рыногында жасалатын мәмілелерді
инвесторлардың өздері де, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының
қызметін пайдалана отырып та жүзеге асыруы мүмкін.
Кәсіби қатысушының бағалы қағаздармен мәміле жасауға өкілеттігі оның
клиентпен жасасқан мәмілерді жасау және орындау үшін қажетті талаптарды
айқындайтын шартымен расталады.
Қазақстан Республикасы резиденттерінің-ұйымдарының, бейрезиденттерінің-
ұйымдарының, шығаруын уәкілетті орган тіркеген, резиденттерінің -
ұйымдарының шығаруы шет мемлекеттің зандарына сәйкес тіркелген немесе
уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен
ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногына айналысқа жіберілген мемлекеттік
емес эмиссиялық бағалы қағаздары, халықаралық қаржы ұйымдарының шығаруын
уәкілетті орган тіркеген немесе уәкілетті органның нормативтік-құқықтық
актісінде белгіленген тәртіппен ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында
айналысқа жіберілген эмиссиялық бағалы қағаздары, туынды бағалы қағаздар
және өзге де қаржы құралдары Қазақстанда бағалы қағаздар рыногының
объектілері болып табылады.
Бағалы қағаздар рыногының субъектілері (қатысушылары) жеке және
институционалдық инвесторлар, эмитенттер, бағалы қағаздар рыногының кәсіби
қатысушылары, сауда-саттықты ұйымдастырушылар және өзін - өзі реттейтін
ұйымдар болып табылады.
Инвесторлар — өз қаражаттарын бағалы қағаздарға салуды -инвестицияны
жүзеге асыратын жеке немесе заңи тұлғалар; инвесторлар құрамында бағалы
қағаздар портфелін қалыптастыру үшін өздері тартқан қаржыны пайдаланушы
субъектілер болып табылатын институттық инвесторларға — инвестициялық
қорларға, инвестициялық банктерге, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына,
сақтандыру компанияларына және қызметінің сипатына қарай айтарлықтай ақша
қаражаттары жинақталатын басқа арнаулы арналым қорларына маңызды орын
беріледі.
Мемлекет Ұлттық банк немесе Қаржы министрлігі арқылы бағалы қағаздар
рыногында инвестор ретінде іс - қимыл жасайды.
Эмитенттер - қолданылып жүрген зандарға сәйкес эмиссиялық бағалы
қағаздар шығаруды жүзеге асыратын заңи тұлғалар.
Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары — өз қызметін
акционерлік қоғамның ұйымдық - құқықтық нысанында жүзеге асыратын және
бағалы қағаздар рыногында лицензиясы бар заңи тұлғалар.
Бағалы қағаздар рыногының кәсіби өкілдеріне брокерлер, дилерлер,
кастодиан, депозитарийлер, андеррайтерлер және басқалар жатады.
Брокер — бағалы қағаздар рыногының клиенттің тапсырмасы бойынша, соның
есебінен және мүдделерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары
Бағалы қағаздар, мәні мен функциясы
Қаржы нарығы туралы түсінік
Қаржы нарығы және қор биржасы
Бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналысқа шығарылуы. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары
Қаржы рыногы және қор биржасы туралы
Мемлекеттік бағалы қағаздар
Қазақстандағы бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу және оның нәтижелілігін арттыру міндеттері
Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері
Қаржы рыногы
Пәндер