Нарықтың сұраныс пен ұсыныс


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Нарықтың сұраныс пен ұсынысқа сәйкес оңтайлы түрде пайдалануы үшін оларды бөлу арқылы экономикалық тиімділікке қол жеткізді. Қаржы нарықтарымен жақсы жолға қойылған мекемелер жүйесі қаражаттарды бұл процестің бір бөлігі ретінде табыстылығы жоғары инвестицияларға аударады. Қаржы жүйесі бұл жүйенің әлсіз дамыған мемлекеттермен салыстырғанда, жоғары дәрежеде дамыған елдерге тезірек өсетінін және экономикалық жағдайлардың аяқ асты өзгерісіне де тез үйренетіні әлемдік тәжірбие көрсетеді. Сондықтан да экономикасы дамушы барлық елдерүшін қаржы жүйесінің ажырамас бөлігі - банктік емес қаржы институттарын жедел ьүрде дамыту маңызды.

Бюджеттен тыс қорлар - мемлекет оларды белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тарта отырып, оперативтік дербес негізінде жұмсайтын қаржылай қаражаттарды қайта бөлу және пайдалану нысандардың бірін білдіреді. Бұл қорлар қаржы нарығының инвесторлары және қатысушылары ретінде бола алады, себебі, біріншіден ақшалай қаражаттарды пайдалану, оларды жинақтау уақытымен дәл келмейді, ал екіншіден, инвестициядан түсетін табыстар сол немесе басқа қордың шығынын қаржыландыратын қосымша табыс болып табылады.

Қазақстандағы мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға жататындар:

  • Зейнетақы қоры;
  • Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қоры;
  • Әлеуметтік сақтандыру қоры;
  • Міндетті медициналық сақтандыру қоры.

Зейнетақы қоры , оның басты міндеттері:

- Зейнетақы мен балаларға жәрдемақы төлеу үшін мақсатты алым және қаражат жинақтау, оларды қаржыландыруды ұйымдастыру;

- Халықты әлеуметтік қолдауға байланысты республикалық және аймақтық бағдарламаларды қаржыландыруға келісім-шарт негізінде қатысуы;

- Өзін-өзі қаржыландыру қағидаларының негізінде қор қаражаттарының ұдайы өндірісін ұлғайту.

Бұл қор 1993 жылдан бастап Әлеуметтік қорғау министрлігіне бағынады. 1994 жылдан Зейнетақы қоры бюджетінің құрамына біріктіріліп, төрт айдан соң қайта бөлінген. 1995 жылдан бастап Зейнетақы қоры бюджеттен тыс болып саналады. Зейнетақы қорының қаражаттары меншік формаларына және қызметіне байланыссыз жұмыс беретін кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдарды, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдардың сақтандыру жарналарының аударымды есебінен құралады. Зейнетақы қорлары мен Әлеуметтік сақтандыру қорларына аударылатын жарналар еңбекақы төлеу қорының 30%-ын құрайды. Жинақталатын жарналардың 85% қаражаты - Зейнетақы қорына, ал 15% - Әлеуметтік сақтандыру қоры мен Міндетті медициналық сақтандыру қорына тиесілі.

Қор бюджетінің жобасын Әлеуметтік сақтандыру министрлігі жасайды және оны қордың басшыларына береді, оның құрамына Қаржы министрлігінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінен, Үкімет және Президент әкімшілігінен өкілдер кіреді.

Әлеуметтік сақтандыру қоры - аумақтық және салалық деңгейде бөлінетін, мемлекеттік маңыздылығы бар ресурстардың орталық қоры болып табылады, Әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорындарыдың, ұйымдардың және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың қаражаттарының міндетті түрде қатысуымен сақтандыру әдісі арқылы құрылады. Әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты еңбекақы төлеу қорынан - мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға аударымдар жасау есебінен қалыптасады. 1993-1995жж. бұл қорға барлық аударымдардың 15%-зы түскен. 1996 жылы 1қаңтарынан бастап бұл көрсеткіш 5%-ға азайған. Әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаттары әр түрлі жәрдемақылар төлеуге, емдеу-демалыс орындарын қаржыландыруға жұмсалынады. Бұл қордың шығындарының басым бөлігін жәрдемақы төлегу жұмсалынатын қаражаттар алады.

Еңбекпен қамту мемлекеттік қоры 1991 жылы мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің төңірегінде дербес жүйе ретінде құрылған және мемлекеттің жұмыспен қамтуға байланысты саясатын іске асыру боынша шараларды қаржыландыруға байланысты бағытталады. Қаулымен анықталғандай, оның қаражаты мемлекеттік бюджетке жатпайды, ендеше ол да бюджеттен тыс қорлар болып табылады. Соған қарамастан 1993 жылы оның қаржылық жағдайының жақсаруы және артық қаражаттарын бюджеттің қажетіне жұмсау мүмкіндігіне байланысты ол бюджетке біріктіріледі. 1995 жылдың мамыр айынан бастап Еңбекпен қамту қоры қайтадан бюджеттен тыс қор болып шығады.

Оның қаражат көздеріне:

- меншік және шаруашылық жүргізу түріне байланыссыз кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және басқа да жұмыс берушілердің еңбекақы төлеу қорынан белгілі бір мөлшерде міндетті аударымдар жасау;

- мемлекеттік бюджеттен бөлінетін дотация;

- отандық және шетелдік кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың және азаматтардың ерікті жарналарынан, комерциялық қызметтен түсетін табыстардан және басқа да түсімдерден.

Міндетті медициналық сақтандыру қоры 1995 жылы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы үкіметінің №1295 қаулысымен Қазақстан Республикасы үкіметі қарамағында Міндетті медициналық сақтандыру қоры құрылды. Бұл Қор Қазақстан Республикасы заңдарында көзделгендей, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандырылған азаматтардың сол облстағы мемлекеттік қаржы саясатын қарастырып, сондай-ақ ол жүйенің қаржылай тұрақтылығын қамтамассыз етуге байланысты шараларды дайындап жүзеге асыруға, Қазақстанның барлық аумағында сақтандырылған азаматтарға медициналық көмек ретінде жағдай жасауға бағытталады.

ҚР үкіметі қарамағындағы Міндетті медициналық сақтандыру қорының қаржылай қаражаттары мемлекеттік медициналық сақтандыру меншігінде бола отырып, бюджеттік құрамына және басқа да қорларға кірмейді.

Олар келесі көздердің есебінен құралады:

- ҚР үкіметінің белгіленген мөлшерде жұмыс берушілерді міндетті медициналық сақтандыруға төленшген төлемдердің бір бөлігінен;

- қордың қаржылай қаражаттарының нормаланған сақтандыру запасынан;

қордың уақытша бос қаржылай қаражаттарын пайдаланудан түскен табыстардан;

- заңды және жеке тұлғалардың өз еркімен жарна қосуы және сый тартуынан;

- ҚР заңдарымен тыйым салынбаған басқа түсімдерден.

Мемлекеттік емес зейнетақы қоры - бұл қоғамдағы әлеуметтік ауыртпалықыты азайтуға, мемлекеттің өз міндеттерін орындайдағы шығындарын қысқартуға, қаржы нарығының тұрақтылығын арттыруға, ұзақ мерзімді инвестийиялауға арналған "арзан ақшаларды" тартуға мүмкіндік беретін әлеуметтік-экономикалық институт болып табылады.

Ол келісім-шартқа сәйкес жарнамаларды жинақтап, зейнетақы төлейтін коммерциялық емес ұйымдар ретінде құрылды. Қор жиналған қаражаттарды көбейту мақсатында оларды зейнетақы қорының активтерін басқаруға байланысты арнайы компанияға береді. Бұл қор банктік шотын кастодиандық қызметпен айеалысуға лицензия алған кастодиан банкте ғана ашады.

Кастодиан - бұл бағалы қағаздар мен ақшалай қаражаттар мәмілесін жүргізетін және өзіне сеніп тапсырылған бағалы қағаздарды сақтандыру және есепке алуға байланысты кәсіби қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға. Қор қызмет ететін кастодиан банк пен зейнетақы активтерін басқаратын компаниямен бірге ақпараттарды үнемі салыстырып отыруы қажет.

Кастодиан - банк; зейнетақы және корпоративтік активтердің жалпы сомасын, қаржы инвестициясы құнының өзгеруін, бағалы қағаздарды сатудан түскен түсімдер сомасын, комиссиондық сыйақы сомасын тексереді. Зейнетақы активтерін басқару компаниясымен: зейнетақы жарналарының түскен сомасы, зейнетақылық жиналымдарға төленген төлемдер сома, инвестиция түрлері бойынша инвестицияланған қаражаттар сомасы, алынған инвестициялық табыс сомасы, басқа қорларға ауысқан салым иелерінің саны және олардың сомалары салыстырылады.

Инвестициялық қор - тартылған қаражаттарды бағалы қағаздарға инвестициялау мақсатында, өзінің акцияларын шығару және ашық түрде орналастыру арқылы ақшалай қаражаттарды татуға байланысты қызметін жүзеге асыратын акционерлік қоғам формасында құрылатын заңды тұлға. Акционерлермен өзара қатынасына байланысты инвестициялық қорлар келесідей түрге бөлінеді: өзара біріккен қорлар - ашық инвестициялық қор және инвестициялық компания - жабық инвестициялық қор.

Инвестициялық қорлардың келесідей құқықтары болады:

- сол инвестициялық қордың бағалы қағаздар портфеліне тиісті акциялары бойынша акционерлік қоғамның басқаруына

қатысуға;

- басқарушылар мен бағалы қағаздар портфелін басқару туралы келісім-шарт жасауға;

- басқа тұлғалардың барлығымен, соның ішінде тіркеуші және костадиондық келісім-шарт жасауға, өзгертуге және

қарым-қатынасты тоқтатуға;

- инвестициялық қордың бағалы қағаздар портфелін басқаруға байланысты қызметті жүзеге асыруға кез келген

сұрақтарды инвесторлвқ басшысынан талап етуге және алуға.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық тепе-теңдiгi туралы түсiнiк
Сұраныс пен ұсыныс жайлы
Нарықтық экономика жағдайы
Тепе-теңдiк туралы түсiнiк. Теңдіктің орнау механизмі
Нарықтық экономика: қажеттілігі, мәні, өту жолдары
Нарықта ұсыныс
Нарықтық тепе-теңдiкке мемлекеттiң әсерi
Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары мен түсініктері
Нарық және иерархия туралы
Нарық және нарықтық экономика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz