Жергілікті бюджеттің кірісі мен шығысын экономикалық талдау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
2-тарау. Жергілікті бюджеттің кірісі мен шығысын экономикалық талдау. 1
2.1. Жергілікті бюджеттің кірістерін талдау . 1
ІІ.2. Жергілікті бюджеттің шығыстарын талдау 7

2-тарау. Жергілікті бюджеттің кірісі мен шығысын экономикалық талдау.

2.1. Жергілікті бюджеттің кірістерін талдау .

Жергілікті бюджеттің кірісін талдауда кірістерді сенімді және
тұрақты нормативтік негізде қалыптастырылуы қажет. Индустриалды немесе
аграрлы бағыттардағы аумақтардан табыстарды жаңа меңгеріліп жатқан
аумақтарға аудару кезінде әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі әртүрлі
облыстар, қалалар, аудандар топтар арасында да салықтық бөлулердің
диференциясы болуы керек. Бұл республика экономикасының қаржылық
экономикалық баланстың болуынан жергілікті орган және мемлекеттік
бюджет қатынастарын ғылыми негізде нормативтік базаға ауыстыруға
негізделген.
Жергілікті экономикалық-әлеуметтік және саяси жағынан одан әрі
демократияландыруда жергілікті шаруашылықты басқаруда әкімшілік
экономикалық механизімдердің алатын орыны бөлек. Жергілікті шаруашылықты
басқару аясына жегілікті бюджетті бекіту, жергілікті салықтарды белгілеу,
сол белгіленген салықтардан жергілікті бюджетке кіріс кіргізу, жергілікті
тұрғындарды әлеуметтік көмекпен қамсыздандыру жергілікті органның басты
міндеті. Жергілікті бюджеттің дербестік орын алуы мен және қаржы
ресурстарын шешу құқығының берілуімен байланысты болуы керек .
Бюджеттің кірісі салық саясатын қоса бірыңғай әлеуметтік-экономикалық
саясат арқылы іске асырылады. Алайда жергілікті бюджет бірлігі бюджет
жүйесін құрудың маңызды қағидаты болып отырған, оның жеке буындарының
дербестігін жоққа шығармайды және әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің
арасындағы кірістері болудың, тұрақты нормативтерін орнынықтыру және
бюджет жүйесін белгілеу арқылы құқығы қамтамасыз етіледі. Салықтың
әрбір орыны өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады.
Бюджеттің толықтығы бюджетке өкіметтердің барлық қаржы
операцияларынының оны жинайтын салық алымдарын шоғырландыруды әрбір бап
бойынша, түсімдері мен ескерілетін бюджет кірістерн жинауды
білдіреді.
Бюджеттің кассалық атқарылуы жөніндегі күнделікті жұмыс барысында
қаржыға билік етушілердің бюджет – қаражатын мақсатсыз пайдалану сияқты
заңсыз іс- қимыл әрекеттері толық түзетілді деуге де болады.
Жергілікті бюджет кірістерінің қалыптасуы ең алдымен бюджет ресурстарының
шаруашылық субъектілерін және қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін
қорғайды. Сондықтан олар бюджеттің мазмұнын оны қалыптастырудың көздері
салықтық төлемдердің алу тәртібі. Сондай – ақ бюджет қаражатының
бағыттары туралы хабардар болуы тиіс.
Жергілікті бюджеттерден – түсетін түсімдер мен бюджет тапшылығын,
профицитті пайдалану қаржыландыру есебіне қалыптасатын конститутция мен
заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің актілері мен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру
үшін, жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жергілікті бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыруға арналған тиісті мәслихаттың шешімімен
бекітеді.
Әкімшілік аймақтық бөліністердің ақша қорлары болып табылады.
Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік аймақтар бөліністерін
бюджеттің бірыңғай әзірлеп дербес атқарады – жергілікті атқарушы органдар
тиісті қаржы жылына арналған бюджетті және өткен қаржы жылына тиісті
бюджеттердің атқарылуы туралы қарап есепті бекітеді. Облыстық өкілді
органдар, облыстық бюджетпен аудандық қалалардың бюджеттері арасында
кірістерді бөлудің тұрақты нормативтерін және облыстық аудандық , аудандық
қалалардың бюджеттеріне берілетін сувенцияларынан берілетін бюджетаралық
алымдардың мерзімді мөлшерлерін бекітеді. Жергілікті бюджеттік
бағдарламалар әкімшілердің тізбесін жергілікті өкілді органдар
бекітетін әкімшілік аумақтық көріністі басқару схемасына сәйкес
жергілікті атқарушы органдар айқындайды.
Жергілікті басқару органдарының аймақтарда экономикалық және
әлеуметтік саясатты жүргізуге ынталарын көтеру үшін жалпымемлекеттік
салықтардан жергілікті бюджеттерге аударылады солардың тұрақты
нормативтерін тағайындау көзделуде. Нақтырақ айтқанда, жеке тұлғалардан
табыс салығы және әлеумттік салық толық облыстарда қалса, заңды
тұлғалардан табыс салығы барлық облыстар үшін 50 пайыздық көлемде
бөлінеді.
Сонымен қатар жергілікті басқару органдарына лимиті республикалық
бюджет туралы заңда белгіленіп, алу құқығы беріледі. Бұған қоса
республикалық бюджетте жергілікті басқару органдарын несиелеу
үшін қаржы қарастырылады. Бұндай кешенді шаралардың арқасында
жергілікті жерлердегі билік органдарының халықты жұмыспен қамту
саясаты арқылы жеке тұлғалардан салық салуға болатын базаның
көбеюіне және салықты басқарудың тиімділігін арттыруға мүдделі
болады. Жергілікті ортақ қазынаны молайтуда қаражат қазынаның әркез
олқы түсірмей толықтырып отыруда салық жинау жүйесі ұланғайыр
істер атқарады. Мұның маңыздылығы табыс – кіріс жөніндегі сала өз
алдына дербестеніп, жеке министірлік болғандығынан да айқын
көрінеді. Осы орайда салық жинаудағы ең төменгі – аудандық
буындар баға жеткісіз рөл атқарады, үлкен еңбек сіңіреді десем,
ешбір артық айтқандық болмас еді. Олардың еңбек нәтижелерін
толымдылығына көбіне – көп қоғамдағы ахуалдың тұрақтылығы,
адамдардың күнделікті қалыпты тұрмысы, жалақыны уақтылы алып
отыруы, бюджджеттен күн көріп отырған денсаулық сақтау, білім беру
мекемелерінің, тұтас әлеуметтік – экономикалық саланың тыныс –
тіршілігі байланысты болады. Міне, аудандық буындағы алым – салық
жинау қызметкерлері өздеріне жүктелген осындай зор
жауапкершілікті жақсы түсіне отырып, жұмыс істеп келеді. Бюджет –
табыс пен шығыстың тепе – теңдігі ( смета, баланс. ) Бюджеттің табысы,
жалпы салық, кәсіпорын табысына салық, сатудан түскен табыс салығы,
жергілікті салыққа; әлеуметтік салық, жер салығы, көлік салығы, сыртқы
экономикалық қызметтен табыс, рента төлемдері, ссуда қорының құралы
және тағы басқа. Жергілікті бюджеттің табыс көзі болып – ол салық.
Салық құрылған және анықталған заңмен белгіленген тәртіп бойынша
салық салынады. Салық салу – табыстың және қайнар көздері, жергілікті
бюджетті жетілдіру және толықтыру үшін реттеуші құрал. Мемлекет
пайда болсымен тарихи салықта пайда болды. Салық неше ғасыр бойы
өмір сүреді, соншама экономикалық теория оптималды салық салу
қағидасын іздеуді алғаш рет Адам Смит қалыптастырған. Негізінен
салық бюджеттің кіріс көзі. Қазіргі заманға сай салық жүйесі
бірнеше қағиданы қолданады; жалпылай, табыс табатын барлық
экономикалық тұлғаларды қамту. Тұрақтылық, яғни уақытында салық
мөлшері мен салық түрінің тұрақтылығы. Тең күшейту, яғни салықты
салу барлық салық төлеуші үшін бірдей болуы керек.
Міндеттеме, яғни салықтың мәжбүрлігі, төлемнен құтқармау,
салықты төлеуде және есептеуде тұлғаның дербестігі. Әлеуметтік
әділеттік, яғни салық мөлшері және салық жеңілдігін құру, бұл аз
табысты кәсіпорынға, халыққа аяушылық ықпал жасау.
Салық жүйесі мемлекеттік заң актілерінде нгізделеді, мұнда
салық элементтері құрылады. Осыған кіретіндер:
Салық тұлғасы немесе салық төлеуші, яғни салық төлеу
міндеті арттырылған тұлға, ол заңды және жеке тұлға баға алады.
Салық нысанасы, яғни табыс және мүлік, осылардан салық
есептеледі ( жалақы, табыс, бағалы қағаз, қозғалмайтын мүлік).
Салық көзі – бұл қоғамның таза табысы, нысандарының
тәуелсіздігіне байланыссыз салық салу.
Салық мөлшері – салықтың маңызды элементі, бұл элемент салым
бірлігіне байланысты салық шамасын анықтайды. Салық мөлшері;
шектік, орташа, нольдік және жеңілдік деп бөлінеді.
Шектік салық мөлшері – төленетін салықтың өсімі бар, табыс
Орташа салық мөлшері – бұл жалпы салық, салық салынатын
табыстың шамасына бөлінген.
Салық жеңілдіктері – салық мөлшерін азайту немесе өндіріс
түріне қарай жеке тұлғаның салықтан толық босатылуы, сонымен бірге
өндірілген өнімнің сипатына да байланысты.
Жеңілдіктер әр түрлі сипатына қарай және салық төлеушілердің
көп бөлігін қамтығандықтан, салық салудың номиналды мөлшеріне
қарағанда, нақты мөлшері кемиді.
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді осы айтылған Райымбек
ауданы бюджетінің 3 – жылғы орындалуы жәйлі есебінде кестедегі
салықтық түсімдеріне талдау жасаймын. Қаржыландыру көзі: Райымбек
ауданы бюджеттері кірістерінің негізін аумақтағы шаруашылық
жүргізуші субъектілері мен халықтың салықтық түсімдері құрап отыр
(2. кестені қараңыз).
Райымбек ауданы бюджетінің 2002 – 2004 ші жылдардағы кірісі
анықталған кассалық атқарылуымен салыстырғанда 139,7% – ға
орындалды, 2003 ші жылды салыстырғанда 123,2% - ға орындалды немесе
842 140,0 мың теңге болды. Бюджетке түскен кіріс көзінің
топталуы төменгідей.
Кесте 2.
Райымбек ауданы бюджетіне түсетін кіріс көздерінің жалпылама
түрде топталуы.

Ауданның өз кірісі нақтыланған бюджетпен 2002 – 2004 жылмен
салыстырғанда 114,1% - ға орындалды немесе 27105,0 мың теңге артық
артық түсті, ал 2003 – 2004 жылмен салыстырғанда 106,3%- ға орындалды
немесе 12970,0 мың теңге артық түсті. 3 – жыл ішіндегі нақтыланған бюд
– жет жоспарына жыл басындағы бос қалдық қаржысы есебінен қосымша
2002 жылы 8325 мың теңге, 2003 жылы 3397 мың теңге, 2004 жылы 10633
мың теңге кірістері және шығыстары жағына қаржы қарастырылып бюд-
жеттің орындалуына өзгерістер жасалынады. Аудан бюджетінің
кірісі жағынан жекеленген салық түсімдері бойынша орындалуы төмендегі
кесте бойынша анықталады.
Кесте 3.
Райымбек ауданының 2002–2004 жылдардағы салыстырғандағы бюджетінің
орындалуы.

Кірістерге салынатын табыс салығы бойынша:
Жалпы сипаттағы жергілікті қызметкерлерден салынатын табыс салығы
қаралған салық 2002 – 2004 жылдардың түсімімен нақты орындалуымен
салыстырғанда 161,1%- ға орындалды. Бұл салық бойынша 2002 – ші жылы
нақты бюджет 35815 мың теңге болса, 2004 – ші жылы 4158 мың теңге болды
немесе 5771,0 мың теңгеге көбейген, ал 2003- 2004 жылмен салыстырғанда
111,5%- ға орындалды. 2003 – ші жылы нақты бюджет 37292 мың теңге болса,
2004 – ші жылы 41586 мың теңге болды немесе 4294,0 мың теңгеге көбейген.
2002 – 2004 жылдардағы Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан
алынатын жеке табыс салығы 2002 жылы 1767мың теңге, 2003 жылы 2421 мың
теңге, 2004 жылы 3168 мың теңге ; Қызметін біржолғы талон бойынша жүзеге
асыратын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы; 2002 жылы 1110 мың
теңге, 2003 жылы 1274 мың теңге, 2004 жылы 1376 мың теңге; Төлем көзінен
ұсталынатын жеке табыс салығы; 2002 жылы 32938 мың теңге, 2003 жылы 33598
мың теңге, 2004 жылы 37051 мың теңге.
Әлеуметтік салық.
Бұл салықтан түскен түсім 2002 жылы 111236 мың теңге түссе, 2004 жылы
135328 мың теңгеге орындалып 121,6% - ға артқан, 2003 жылы 125684 мың
теңге 2004 жылмен салыстырғанда 107,6%- ға көбейген.
Мүлікке салынатын салықтар.
Салықтан алынатын алым 2002 жылы 6089 мың теңге түссе, 2004 жылы 6796
мың теңгеге орындалып 111,6% - ға артқан, 2003 жылы 7014 мың теңге 2004
жылмен салыстырғанда 96,9% - ға көбейген. Заңды тұлғалардың және жеке
кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салықтар 2002 жылы 3819 мың теңге, 2003
жылы 4309 мың теңге, 2004 жылы 3965 мың теңге; Жеке тұлғалардың мүлкіне
салынатын салықтар 2002 жылы 2270 мың теңге, 2003 жылы 2705 мың теңге, 2004
жылы 2831 мың теңге.
Жер салығы.
Жерге салынған салықтардан алынған алым 2002 жылы 5824 мың теңге
түссе, 2004 жылы 5829 мың теңге орындалып 100% - ға артқан, 2003 жылы 5211
мың теңге түссе 2004 жылмен салыстырғанда 111,8%-ға көбейген. Ауыл
шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке тұлғалардан алынатын жер салығы
2002 жылы 1427 мың теңге, 2003 жылы 156 мың теңге, 2004 жылы 166 мың
теңге, Елді мекендер жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы 2002
жылы 4024 мың теңге, 2003 жылы 3943 мың теңге, 2004 жылы 3847 мың теңге,
Өнеркәсіп көлік байланыс қорғаныс жеріне және ауыл шаруашылығына
арналмаған өзге де жерге салынатын жер салығы 2002 жылы 320 мың теңге,
2003 жылы 82 мың теңге, 2004 жылы 321 мың теңге, Орман қорының жерлеріне
салынатын жер салығы 2002 жылы 53 мың теңге, 2003 жылы 13 мың теңге, 2004
жылы 6 мың теңге, Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге заңды тұлғалардан
жеке кәсіпкерлерден жеке натариустар мен адвокаттардан алынатын жер салығы
2003 жылы 699 мың теңге, 2004 жылы 1096 мың теңге, Елді мекендер
жерлеріне заңды тұлғалардан жеке кәсіпкерлерден жеке нотариустар мен
адвокаттардан алынатын жер салығы 2003 жылы 318 мың теңге, 2004 жылы 366
мың теңге.
Көлік құралдарына салынатын салықтар.
Көлік құралдарынан түскен түсім 2002 жылы 7790 мың теңге түссе, 2004
жылы 8851 мың теңгеге орындалып 113,6% - ға артқан, 2003 жылы 8042 мың
теңге түссе 2004 жылмен салыстырғанда 110% - ға көбейген. Заңды
тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық 2002 жылы 2152 мың теңге,
2003 жылы 1162 мың теңге, 2004 жылы 1011 мың теңге: Жеке тұлғалардың көлік
құралдарына салынатын салық 2002 жылы 5638 мың теңге, 2003 жылы 6880 мың
теңге, 2004 жылы 7840 мың тнңге.
Бірыңғай жер салығы.
Бірыңғай жер салығынан түскен түсім 2002 жылы 3886 мың теңге түссе,
2004 жылы 4142 мың теңгеге орындалып 106,6% - ға артқан, 2003 жылы 3875 мың
теңге түссе 2004 жылмен салыстырғанда 106,8% - ға көбейген.
Тауарларға, жұмыстарға және қызметтер көрсетуге салынатын
ішкі салықтар.
Бұл салықтан бюджетке түсетін түсімі 2002 жылы 14269 мың теңге
түссе, 2004 жылы 4375 мың теңгеге орындалып 30,6% - ға артқан, 2003 жылы
9576 мың теңге түссе, 2004 жылмен салыстырғанда 45,6% - ға көбейген.
Мемлекеттік баж.
Мемлекеттік баждан түскен түсім 2002 жылы 3403 мың теңге түссе, 2004
жылы 6097 мың теңгеге орындалып 179,1% - ға артқан, 2003 жылы 4504 мың
теңге түссе, 2004 жылмен салыстырғанда 135,3% - ға көбейген. Оның ішіне
кіретіндер; Сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше өндірістегі істер
бойынша арыздардан, жүгіну шағымдарынан, атқару парағының көшірмесін беру
туралы мәселе бойынша сот анықтамасына жеке шағымдардан сот бұйрығын
шығару туралы арыздан алатын алым 2002 жылы 333 мың теңге алынса, 2003
жылы 408 мың теңге алынса, 2004 жылы 1132 мың теңге алынған. Нотариаттық
іс – қймылдар жасағаны үшін, сондай – ақ нотариат куәландырған құжаттар
көшірмелерін бергені үшін алынатын мемлекеттік баж 2002 жылы 468 мың теңге
алынса, 2003 жылы 99 мың теңге алынса, 2004 жылы 98 мың теңге алынған.
Шетелге баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден
адамдарды шығаруға құқық беретін құжаттарды рәсімдегені үшін, сондай –
ақ осы құжаттарға өзгерістер енгізгені үшін алынатын мемлекеттік баж;
2002 жылы 1087 мың теңге алынса, 2003 жылы 910 мың теңге алынса, 2004 жылы
917 мың теңге алынған. Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жерін
тіркегені үшін, азаматтық қаруды тіркегені үшін, азаматтардың паспорттары
мен және куәліктерін бергені үшін алынатын мемлекеттік баж; 2002 жылы
1514 мың теңге алынса, 2003 жылы 1912 мың теңге алынса, 2004 жылы 2207мың
теңге алынды. Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергені үшін,
жүргізуші куәліктерін бергені үшін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу
туралы куәліктер бергені үшін, қаруды және оның оқтарын сатуға немесе
сақтаумен алып жүруге тасмалдауға, әкелуге және әкетуге рұқсат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті бюджеттің кірістерін талдау
Жергілікті бюджеттің кірістері мен шығыстары
Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
Қазынашылық басқармасының ашылуы
Бюджеттік құқықтың қаржылық құқықта алатын орны
Бюджеттік құқық: ұғымы, пәні, әдістері, жүйесі және қайнар көздері
Қазынашылық жүйе
Бюджетті құру принциптері
Жергілікті бюджетті қаржыландыру деңгейін бағалау және оны жетілдіру бағыттары
ҚР Салық жүйесі туралы ақпарат
Пәндер