АЙНАЛЫМДАҒЫ ҚАРАЖАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
АЙНАЛЫМДАҒЫ ҚАРАЖАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ4
АЙНАЛЫМДАҒЫ ҚАРАЖАТҚА ҚАЖЕТТІЛІКТІ АНЫҚТАУ6
АЙНАЛЫМДАҒЫ ҚАРАЖАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН КӨЗДЕР8
АЙНАЛЫМДАҒЫ ҚАРАЖАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ10
ҚОРЫТЫНДЫ13
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР14
КІРІСПЕ
Кәсіпорын қаржысы деген пәнді оқып білу үшін мына төмендегі пәндерді оқып білген жөн:
- Математика;
- Экономика есептерін шығару әдістері;
- Экономикалық теория;
- Макроэкономика;
- Бухгалтерлік есеп және аудит.
Менің бұл жұмысымның тақырыбы «Айналымдағы қаражатты қаржыландыру». Жалпы рефераттың негізгі бөлімі төрт бөлімшеден тұрады. Осы жұмысымды жазу барысында мен жалпы қаржы ұғымы туралы, оны басқарудың негіздері жайында және айналым қаражаты туралы көптеген мағлұматтар алдым.
«Кәсіпорын қаржысы» пәнінің негізгі мақсаты сыртқы және ішкі қаражат көздерін мекемеге тарту және оларды тиімді пайдалану жолдарын іздестіру. Сонымен қатар өндірістік қызметтерде оңтайлы пайда табу арқылы кәсіпорынның қаржылық экономикалық жағдайын әрі қарай дамытып отыру біздің негізгі көкейтесті мәселелеріміздің біріне айналып бара жатқандығында ешқандай күмән жоқ. Ал ақша қатынастарының қаржы қатынастарымен салыстырғандағы айырмашылығы өте зор. Қаржы тек табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқаша айтқанда ақша қатынастарының айналымы қаржы қатынастарының айналымына қарағанда өте жоғары.
АЙНАЛЫМДАҒЫ ҚАРАЖАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Капитал деп тауар өндіру мен қызметтер көрсетуге, инвестициялық жұмсалым ретінде пайдаланылатын ақшалай соманы айтады. Капитал мына түрлерде болуы мүмкін - өндіріс құрал-жабдығы (өндірістік капитал), ақша (ақшалай капитал) және тауарлар (тауар капиталы) . Өндірістік капитал екіге бөлінеді: негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдан айналмалы капиталдың айырмасы - өзінің құнын жаңадан өндірілген пайдалы қазбаларға толық көшіріп, өндірушіге капиталдың әрбір ауыспалы айналымының соңында ақшалай нысанында қайтарылады.
Ақшалай нысанда көрсетілген айналмалы қорлар мен айналыс қорлардың сомасын - кәсіпорынның айналым қаражаттары дейді. Айналым қаражаты, кәсіпорынның ақшалай қаражат жиынтығы.
Кәсіпорынның өндіріс процесі мен оның өндірілген өнімі айналыс процесінде үздіксіз болуы тиіс. Айналым қаражаттарының бір бөлігі - өндіріс , ал екінші бөлігі - айналыс саласында болады.
Капиталдың өндіріс саласынан айналыс саласына көшуін - капиталдың айналымы дейді. Капиталдың айналымы - капиталдың ауыспалы айналымы, ол дүркін-дүркін жаңарып отырған процесс ретінде қаралады, оның дәйекті түрде авансылануын (өндіріс құрал-жабдығын сатып алуға, жалақы төлеуге аванс берілуін), өндірілген пайдалы кенбайлықтың сатылуын, бастапқы нысанға қайтып оралуын қамтиды. Сөйтіп, бұл процесте ақша капиталы өндіргіш капиталына, өндіргіш капитал - тауар капиталына және тауар капиталы - ақша капиталына айналады. Сөйтіп, капитал (айналым қаражаттар) үш сатыдан өтеді.
Бірінші сатыда - ақшалай қаражаттар оларсыз өндірістік процестің орындалуы мүмкін болмайтын әр түрлі материалдық құндылықтардың өндірістік қорларына ауысады. Яғни, ақшалай нысаннан - өндіріс құрал-жабдығы мен жұмыс күші нысанына ауысады.
Екінші сатыда - өндірістік қорлары дайын өнім шығаруға жұмсалады, өндіріс процесі жүзеге асырылып, пайдалы қазбалар өндіріледі.
Үшінші сатыда - кәсіпорын өзінің өндірген өнімін сатып, өткізіп, өнімге жұмсалған қаражатын қайтарып, пайда алуға күш салады. Осы процесс аяқталған бойда, капитал қайта ақша нысанына ие болады.
Кәсіпорынның айналым қаражаттары өндірістегі және айналыстағы капиталға бөлінеді, оның құрамы 1 - кестеде көрсетілген.
Өндірістік қорлар - аяқталмаған өндіріс пен болашақ кезең шығындары, кәсіпорынның айналмалы қорын құрайды, ал оның дайын өнім - ақшалай қаражаттары айналыс қоры болады. Өндірістік қосалқы қорлар мен кәсіпорынның қоймадағы дайын өнімі, оның тауар-материалдық құндылықтарын құрады.
Айналым қаражаттардың құрылымы, олардың жекелеген түрлерінің арақатысымен сипатталады. Айналым қаражаттарының бір маңызды бөлігі - қажетті мөлшерде өндірістік қорлар түрінде кәсіпорынның тоқтаусыз жұмыс істеуін қаматамасыз етеді.
1 - кесте
Айналым қаражаттарының құрамы
Шикізат пен негізгі материалдар
Қосалқы материалдар
Отын
Ыдыс
Қосалқы бөлшектер
Құнсыздану және тез тозатын заттар
Аяқталмаған өндіріс
Болашақ кезең шығындары
Қоймадағы дайын өнімдер
Сатып алушыға жөнелтілген тауарлар
Ақша қаражаттары мен есеп айырысу қаражаттары
АЙНАЛЫМДАҒЫ ҚАРАЖАТҚА ҚАЖЕТТІЛІКТІ АНЫҚТАУ
Кәсіпорындарға жоспарланатын жылы, өздерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін айналым қаражаттарының керекті ақшалай қаражат жөніндегі ең аз қажеттігінің ғылыми тұрғыда негізделген есеп-қисабы анықталады. Айналым қаражаттарын мақсатты түрде үнемдеп пайдалану үшін жағдай жасайды, өндіріс пен айналыста тауар-материалдық құндылықтардың қосалқы қорын қысқартуға, өнімді өткізуге, ақшаның қорлануына, кәсіпорындардың қаржы жағдайының тұрақтылығына септігін тигізеді.
Алдында айтылғандай, кәсіпорындардың өндірістік қосалқы қорлары, аяқталмаған өндірісі, болашақ кезеңдер шығындары мен дайын өнімі нормаланады:
Н ақ =Н өқ +Н а +Н б +Н д
Өндірістік қосалқы қорды, өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз етуге арналған материалдық ресурстары деуге болады. Олардың салыстырмалы немесе абсолюттік шамадағы мөлшері кәсіпорындардың ырғақты, тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және артылып қалмауға тиіс, ресурстардың түсуіне, олардың тұтынылу көлемі мен сипатына, жеткізілімнің транзиттік нормаларының шарттары мен мөлшеріне, жеткізушілердің шарттық міндеттемелерді орындауына, өндірістің маусымдылығына, т. б. факторларға байланысты.
Кәсіпорындарда өндірістік қорлардың материалдық ресурстарын, барлық түрлері бойынша олардың мөлшері барынша аз анықтайды. Өнідірістік қосалқы қорлардың шамасы заттай көрсеткіштермен және ақшалай тұлғада белгіленеді. Нормалау кезінде қосалқы қорлардың күндерге шаққандағы нормалары алдын-ала айқындалады.
Айналым қаражаттарының нормативі арқылы қаржы жоспарында оның ең аз мөлшері белгіленеді. Норматив кәсіпорындарға толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тауар-материалдық құндылықтардың ауыспалы қосалқы қорларын құруы қажет.
Өндірістік қорлары мақсаты мен дайындау қажеттілігіне қарай: ағымдағы (күнделікті пайдаланылатын), сақтандыру, дайындалма және маусымдық қосалқы қорларына бөлінеді.
Ағымдағы қосалқы қорлар - ресурстардың екі жеткізілімі арасындағы кезеңде жасалады, оның мөлшері (материалдың, отынның, қосалқы бөлшектердің) күн сайынғы шығынына, жеткізілім жиілігіне және тұтыну мөлшеріне байланысты формуламен есептеледі:
Қ к =M*t/2
мұндағы Қ к - өндірістік қор элементтерінің ағымдағы орташа қосалқы қоры;
M - өндірістік қор элементтерінің әр тәуліктік заттай тұтынылуы;
t - кезектегі жеткізілімдер арасындағы уақыт.
АЙНАЛЫМДАҒЫ ҚАРАЖАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН КӨЗДЕР
Кәсіпорынның ақша түрінде көрсетілген өндірістік айналмалы қорлары мен айналыс қорларының жиынтығын - айналым қаражаттары деп атайды. Айналым қаражаттардың әр түрлі элементтер арасындағы немесе олардың құрамдық бөліктер арасындағы қатынастары - айналым қаражаттардың құрылымы. Айналым қаражаттары: өндіріс саласындағы және айналыс саласындағы болып жіктеледі. Өндіріс саласындағы айналым қаражаттарының үлесі - 80-85%, ал айналыс саласындағы айналым қаражаттарының арасалмағы 15-20%.
Бұлардан басқа айналым қаражаттары бөліну жағынан нормаланатын және нормаланбайтындарға жіктеледі.
Нормаланатын айналым қаражаттарына - кәсіпорындардың жоспарланатын меншікті қаражаттары, ол - тауар материалдық құндылықтардың ең аз қосалқы қорларын жасау мен өндірістің үздіксіз жұмыс істеуін және өнімнің өткізілуін қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Нормаланатын айналым қаражаттарына - өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, болашақ кезеңдер шығындары мен дайын өнім жатады.
Дайын өнімнен басқа айналыс саласында жұмыс істейтін қаражаттар - нормаланбайтындарға жатады, олар: төлем мерзімі басталмаған жөнелтілген тауарларға, сатып алушылар мерзімінде төлемеген, жөнелтілген тауарларға, сатып алушылардан жауапкершілікпен сақтауға арналған тауарларға жұмсалған қаражат; банкідегі есеп айырысу шотындағы, кассадағы, аккредитивтердегі, жүк айналымы бойынша ерекше есеп-шоттарындағы ақшалай қаражат; есеп айырысудағы қаражат.
Айналым қаражаттарын нормалау үшін, ғылыми тұрғыда негізделген нормативтер мен материалдар шығындарының меншікті нормалары пайдаланылады.
Құралу көздері бойынша айналым қаражаттары - меншікті, қарыз және сырттан тартылған болып жіктеледі.
Меншікті капитал - кәсіпорынның міндеттемелері шегеріліп тасталғаннан кейінгі активтер. Әдетте, меншік қаражаттар шамасына: жарғылық, сақтық қорлары мен бөлінбеген капитал жатады.
Қарыз қаражаты - кәсіпорын банктен қысқа мерзімді несие тәртібімен алған айналым қаражаттарының бөлігі. Қарыз қаражатының болу-болмауы, меншікті айналым қаражаттарының кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуіне қажетті ең аз мұқтажды ғана өтеуіне байланысты. Өндіріс жоспарының асыра орындалуына, дайын өнімді сатудың кідіртілуіне, өндіріс барысының бірқалыпты болмауына байланысты, қосымша мұқтаждық уақытша сипатта болады да, оны қысқа мерзімді банк несиесімен өтеуге болады.
Тартылған қаражатқа кәсіпорынға тиесілі емес, бірақ оның уақытша иелігіндегі ақшалай қаражат жатады. Оған кредиторлық берешектің барлық түрлері кіреді.
Кәсіпорындардың айналым қаражаттарды тиімді пайдалануын ұйымдастыруындағы маңызды рөлді, меншікті және қарыз қаражаттар арасындағы дұрыс қатысы атқарады.
АЙНАЛЫМДАҒЫ ҚАРАЖАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
Өндіріс тиімділігіне, айналым қаражаттарының айналымдылығы үлкен әсер етеді. Ол бір жылдағы, бір тоқсандағы айналым қаражат айналымының санын және бір айналымның ұзақтығын сипаттайды. Сонымен, айналым қаражаттарының айналымдылығы оны тиімді пайдалануды сипаттайтын экономикалық көрсеткіш. Алдында айтқанымыздай, кәсіпорынның айналым қаражаттары ұдайы өндіріс процесінің бір сатысынан, екінші сатысына үнемі ауысып отырады. Оның бұл үздіксіз қозғалысы, айналым қаражаттарының ауыспалы айнымалы болып табылады.
Айналым қаражаттарының айналымының жылдамдығын айналымдылық коэфициент сипаттайды. Ол өткізілген өнім құны мен айналым қаражаттарының орташа қалдығы қатынастарымен есептеледі:
К а =ӨӨ / АҚ,
мұндағы К а - айналымдылық коэфициенті;
ӨӨ - белгілі бір кезеңде нарық белгілеген бағамен өткізілген өнім көлемі, теңге;
АҚ - айналым қаражаттардың үздіксіз айналыста болаиын орташа қадығы, теңге.
Айналымдылық коэфициенті - сандық шамамен айналым қаражаттарының бір теңгеге шаққандағы сатылған өнім мөлшерін көрсетеді. Айналым қаражаттарының мөлшері бухгалтерлік баланс мәліметтері бойынша анықталады.
Айналымдылық коэфициенттеріне кері көрсеткішті - жүктеме немесе орналастыру коэфициенті дейді, ол маны формуламен есептеледі:
К ж =АҚ / ӨӨ
Бұл көрсеткіштің экономикалық маңызы мынада - бір теңгеге өнім шығару үшін, қанша айналым қаражаттары керек екендігін білдіреді.
Басқа маңызды көрсеткіш - бір айналымның уақыты. Ол кезеңдегі күндер санын айналымдылық коэфициентіне бөлу арқылы табылады:
t= T/ K a немесе T*АҚ / ӨӨ,
мұндағы t - бір айналым ұзақтығы, күндер;
Т - кезеңдегі күндер саны (жылда 360 күн, тоқсанда 90 күн) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz