Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының мәні мен маңызы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе3

Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының мәні мен маңызы3

1. 1. Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының мәні және мағынасы3

1. 2. Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысын ұйымдастырудың негіздері6

1. 3 Кәсіпорынның қаржы ресурстары13

Қорытынды16

Қолданған әдебиеттер тізімі17

Кіріспе

Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс (пайда) алу мақсатында құрылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер, сақтық ұйымдары, қаржы секторының басқа мекемелері (жинақ ақша-депозит мекемелері, инвестициялық қорлар, қор биржалары, бағалы қағаздар рыногі мен ақша-кредит рыноктеріне қызмет көрсететін әр түрлі мекемелер), сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық компаниялар және басқалары.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы қаржы жүйесінің маңызды сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ЖІӨ-н жасау, бөлу және пайдалану процестерін қамтиды. Олар негізінен ЖІӨ мен ҰТ жасалатын материалдық өндіріс сферасында іс-әрекет етеді.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.

Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының мәні мен маңызы

1. 1. Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының мәні және мағынасы

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысының өзіндік мәні және көрінісінің сыртқы формалары бар және олар сан алуан. Олардың беріктілігі біркелкі емес. Қаржының сыртқы формалары жиі өзгертілуде. Мысалы, кәсіпорындардың мемлекеттік бюджетпен қарым-қатынас формасы жиі өзгертіліп, жетілдірілуде. Көп арналы төлемдерден пайда салығына көшіріледі: қаржының бюджеттен шаруашылық мұқтаждарын қаржыландырудың кері қозғалысы өзін-өзі қаржыландырумен ауыстырылды: кәсіпорындардың ішкі қаржы қозғалысының формалары өзгереді: бұл қатынастар нормативтік сипат алып, шаруашылық коммерциялық негіз алуда. Қаржы ресурстарының құрылымы, әдістері, жұмсалу бағыттары да өзгеруде. Қаржының мәні де өзгеруде, ол өндірістік қатынастары, олардың даму барысы, мемлекеттің шаруашылық, мәдени, әлеуметтік өмірдегі рөліне байланысты. Қаржы қатынастары, ең алдымен, бөлістік қатынастар. Олардың бөліс жүйесінің өзгерістерге ұшырап, өндірістің тиімділігін ынталандырудағы рөлі артуда. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлу әдістері мен формаларының өзгеруі кәсіпорындардың мемлекеттік бюджетпен және несие жүйесімен нарыққа алу процесінде қаржы қатынастарын өзгертіп, олардың ғылыми-техникалық прогресті жеделдету өндірістің өнімділігін арттыруда ынталандырушы рөлін баса көрсетуде.

Кәсіпорындар қаржысының мәні жөнінде әзірге ортақ пікір жоқ. Кәсіпорындардың қаржысын айқындайтын экономикалық қатынастар жүйесіне не кіреді? Бірқатар ғалымдар тауарларды сатып алу, сату кезінде және еңбекақы кезінде пайда болатын ақша қатынастарын қаржы қатынастары деп қарауға болмайды: өйткені олар бұл қатынастардың элементтері емес деседі. Алайда өндірістік қағиданы жақтаушылар керісінше пікірде. Өйткені өндірістегі қаржы қатынастары ұдайы өндірістік кезеңдерін көрсететін экономикалық категория. Мысалы, айырбас кезінде өнімді өткізуден түскен түсімнен өнім беруші кәсіпорын тұтыну және қорлану қорларын құрайды. Оның барысында өнім беру шартының талаптары орындалмаса, екі жақ бір-біріне қарыз болса, тиісті қаржы айыптары қолданылады. Еңбекақы, сыйлықтар төлеу барысында туындаған ақша қатынастары арнайы қорлар құрып, жұмсау арқылы жүргізіледі. Өндіріс қағидасын жақтаушылар қаржы қатынастары өндіріс процесінің барлық кезеңін қамтиды деп санайды.

Осыған байланысты кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын бөлу, бақылау және ұдайы өндіріс қызметін орындауды деп тұжырымдауға болады. Ұдайы өндіріс қызметінің мазмұны жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс кезінде материалдық және қаржы қозғалыстары айналымын қамтамасыз ету. Бұл үшін кәсіпорын өндіріс жоспарлары, болжамдары негізінде өнімдерді өткізу, нақты мерзімдерге сай белгіленген экономикалық нормативтерді, кірістер мен шығыстар көлемдерін белгілейді, шығындардың меншікті қаржы есебінен, уақытша алынған басқа кәсіпорындар мен өз қызметкерлерінің қаржысы банк несиелері, айрықша жағдайда бюджет есебінен ақталуын анықтайды.

Кәсіпорындар қаржысының бөлу қызметінің ерекшелігі - жиынтық қоғамдық өнімнің құны айналым қаржысы процесінде белгіленген экономикалық нормативтер негізде бөлінуі. Мұның өзі ұдайы өндіріс процесінде құнның бөліске және қайта бөліске түсіуіне қаржының қатысуын анықтайды. Ақшалай бюджеттермен қорлардың экономикалық негізінде бөлінуі қаржының ұдайы өндірістегі қызметінің басты шарты.

Бөліс - өндіріс пен тұтынуды байланыстыратын буын. Бұл процесс кәсіпорындармен бірлестіктердің жұмсалған өндіріс құрал-жабдықтарды толықтыруға және пайданы құрауға пайдаланған өнімдерді өткізуден түскен ақшалай табыстар алу жолымен жүреді. Пайданың бір бөлігі қайта бөлу барысында орталықтандырылған қорларға - мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорларға түсіп енді бір бөлігі шаруашылықтың қарамағында еңбекақы, әлеуметтік мұқтаждар, өндірісті ұлғайту және дамыту жөнінде шығындарды қаржыландыруға түседі.

Қаржы және несие органдармен іс-қимыл барысында бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы, банк несиелерінен алынуы, қайтарылуы кезінде бақылау жүзеге асырылады.

Кейбір экономистер кәсіпорындар қаржысына үш қызмет жүктейді:

  1. ақшалай ресурстары мен айналым қаражаттарына қызмет көрсету;
  2. ақшалай табыстарды бөлу;
  3. кәсіпорындардың өндірістік-шаруашылық қызметіне бақылау жасау.

Халық шаруашылығы салалары, бірлестіктері, . Кәсіпорындарының экономикалық қызметі саласында өндірістік қатынастардың өзіндік ерекшеліктері, қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастарымен астасуы, олардың өндірістік қорлар айналымымен тығыз байланысы, кейбір ғалымдардың пікірінше, халық шаруашылығы салалары, бірлестіктері, кәсіпорындары қаржысының жалпы мемлекеттік қаржыдан ерекшеленуіне әкеп соғады.

Олардың пікірінше, егер буынға кәсіпорындардың ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қосса, халық шаруашылығы кәсіпорындары мен ұйымдарының ақша шаруашылығын - дербес экономикалық категория ретінде өмір сүруі туралы мәселе қоюға болады.

Қаржы саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың сан қилы қатынастары ірілендірілген топтарда жинақталады: бұл қатынастар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінде мыналардың арасында пайда болады:

Мемлекет пен өндірістік кәсіпорындар арасында мемлекеттік бюджеттен қаржыландырғанда, сондай-ақ бюджетке төлемдер төлегенде, валюта қорларын қалыптастырғанда;

өндірістік кәсіпорындар және олардың жоғарғы ұйымдары пайданы табыстарды, қорларды қайта бөлгенде, жылдық төлемдер жөнінде;

шикізат, материалдар, отын, т. с. с. төлеу үшін өзара қатынастарға түскен әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдар арасында;

кәсіпорындар мен ұйымдар арасында акциялар мен құнды қағаздар шығару және өткізу кезінде бірлескен кәсіпорындар құру барысында несиелеу мен үлестік қатыста;

кәсіпорындар мен несие жүйесі және қысқа мерзімді несиелер берілгені үшін проценттер төлегенде және т. б.

Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының негізгі белгілері:

  1. қаржы қатынастарының көп қырлылығы, олардың формалары мен мақсатты арналымының сан алуандылығы;
  2. өндірістік қорлардың міндетті болуы, олардың құралуы, тұрақты толықтыруы, көбеюі, бөлінуіне байланысты қатынастар туындауы. Өндірістік қорлар - өндірістің серпінді элементтері. Олар, өндірістің өзі сияқты, ұдайы қозғалыста болады: оның үстіне құн формалары үнемі өзгереді. Кәсіпорынның өндірістік қорлары оның қызметі кезінде маптериалдық-заттық және ақша формасы қалады;
  3. жоғары белсенділік, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық қырларында ықпал жасау мүмкіндігі.

Сөйтіп, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы - халық шаруашылығындағы ақшалай табыстарды, жинақтарды және қорларды жасауға, ғ бөлуге және пайдалануға байланысты туындайтын экономикалық қатынастар.

1. 2. Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысын ұйымдастырудың негіздері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы қаржы және валюта қоры
Фирмалар мен фирма қаржысы
Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәні
Мемлекет қаржысын басқару
Мемлекет қаржысының мәні мен қызметтері
Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының мазмұны
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының негіздері
Құйылым пайдаларын түзету
«Қаржы жүйесі,құрылымы және оның бағыттарының өзара байланысы»
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz