Кәсіпорынның қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Кәсіпорынның қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты 3
Қаржылық жағдайды талдау әдістері 9
Қорытынды 12
Қолданылған әдебиеттер 13
Кіріспе
Ғылымның көптеген салалары, жалпы Қазақстан Республикасының
экономикасы сияқты шаруашылықты жүргізуді талдау да көп өзгерістерге
ұшырады. Нәтижесінде, соңғы жылдары шаруашылық қызметін талдау қаржылық
және басқарушылық болып бөлінді. Оның негізі бухгалтерлік есептің қаржылық
және басқарушылық бөлімдері болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мақсаттарының бірі
кәсіпорынның қаржылық жай-күйін бағалау болып табылады. Өйткені
кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қаржы қаражаттарын қалыптастыру және
қолдану процесін сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығымен сипатталады. Ал бұл
нарықтық экономикада кәсіпорынның қызметінің соңғы нәтижесін көрсетеді.
Қаржылық талдау кәсіпорындағы қаржы менеджерлерінің серіктестермен,
қаржылық–несиелік жүйемен, салық органдарымен және т.б. құрылған
экономикалық қатынастардың маңызды элементі болып табылады. Бұл
кәсіпорынның қаржылық жай-күйін бағалаудың маңызын көрсетеді және де бұл
мәселе дамыған нарықтық экономикаға көшу барысында біздің елдің көкейкесті
проблемасы болып табылады.

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және
де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің
нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас
бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не,
соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл
ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы
(активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру
көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер)
сипатталады" деп жазған.
Профессор Н.А. Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен
сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік,
коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен
қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және
пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-
қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының
жақсылығын көрсетеді.
В.М. Родионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы
ресурстарының қалыптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп
жазады.
М. Н. Крейнина, А.И. Ковалев және В.П. Привалов қаржылық жағдай ұғымын
былайша түсіндіреді: "Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда
барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер
жиынтығы".
Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы -
бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем
қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды
пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің
алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық
жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен
рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды
пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу" - деп жазады.
С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен
баяндайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен
сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде
бағалау".
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін
жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек
анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі
әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек
өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік)
қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы
бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта
келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ
кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы
кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын
куәландыруы тиіс.
Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының
үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай
анықтауды ұсынамыз:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Енді біреулер "өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар,
материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды
жабатын, сон-дай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол
бермейтін және де өз міндеттемелерін уақытысында қайтаратын шаруашылық
субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады" деп жазады.
Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды.
Олардың ойынша "Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін
кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы.
В.М. Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді:
"Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән
айнасы - қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін
пайдаланып, оларды икімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу
процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды кеңейтуге
және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы
ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы
тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар
одан әрі мына анықтаманы келтіреді.
"Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін
болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай
отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы
кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".
В.Г. Артеменко мен М.В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді:
"Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол
ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді
пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай
жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі
процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі
бөлігі болып табылады". Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең
алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының
қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет)
өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері
мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы
басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар
кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық
міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға,
оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты
жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.
Айта кету керек, біз қаржылық тұрақтылық ұғымын қарастырғанда соңғы
айтылған авторлардың көзқарастарын бөлек қарастырдық, әйткенмен біз олардың
кейінгі шешімдерімен келісе алмаймыз. "Қаржылық тұрақтылықтың мәні - қаржы
ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады" - деп
жазады В.Т. Артеменко мен М.В. Беллендир.
Біздің ойымызша бұл ұғымды А.Д. Шеремет мен B.C. Сайфуллин дәлірек
және анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні - бұл қорлар
мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі - деп түсіндіреді.
Э.А. Маркарьян мен Г.П. Герасименко да дәл осындай көзқараста 10.
"Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі" немесе "Сауда,
несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда
болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы және толық орындау
мүмкіндігін көрсететін төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы
көрінісі болып табылады" 9. Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен
бірге онын қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі
сұрақтар да шиелінісе түсті.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер
етеді, оларды В.М. Радионова және М.А. Федотова келесідей түрлерге
жіктейді:
1) пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;
2) нәтижесінің маңыздылығьша байланысты - негізгі және негізгі емес;
3) құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;
4) әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты
болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең
бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен
көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты
және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның ендірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз
байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі -
активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару
стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару
өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын
қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы
ресурстарының құрамы мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен
тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның
ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне
алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны
тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте
маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы
қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді.
Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық
мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық
тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында
есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады.
Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық
кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
• кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
• шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы
төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
• төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
• шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы
динамикасы;
• қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы
мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
• кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының
әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар
сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие
саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы
экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз
контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып
алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер
етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу -
жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине,
акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді
ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық
тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да
кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен
алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта - облигация құнын толық
өтеуді талап ететін облигация иелерше де қатысты. Кез келген коммерциялық
кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несне
алушының өз қарызын уақытында және толық өтетін қалайды, сондықтан оны беру
туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық
жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда,
кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма,
жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда - қандай пайызбен және қанша
мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады.
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары
кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы
органдары, эсіресе салық инспекциясы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz