ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕР



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 3
1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 4
1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны 4
1.2 Кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің сыныптамасы 8
1.3. Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші
субъектілері қаржысының ерекшеліктері 13
Қорытынды 16
Қолданылған әдебиеттер 17

Кіріспе

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызмет сферасындағы
өндірістік қатынастардың айырықшалықты ерекшеліктері, таза қаржы
қатынастарының басқа ақша қатынастармен өте тығыз байланысты, бірқатар
ғалымдардың пікірі бойынша кәсіпорындар мен салалар қаржысы қаржы жүйесінің
жалпымемлекеттік қаржылардан ортақ белгілерінен гөрі көбірек айырмашылығы
бар буыны болып табылады дегенге жеткізеді. Олардың пікірінше, егер бұл
буынға кәсіпорындардың ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қосса, онда
дербес экономикалық категорияның – кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша
шаруашылығының бар екендігі жөніндегі мәселені қоюға болады.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардын, қаржысы қаржы жүйесінің маңызды
сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ЖІӨ жасау, болу және пайдалану
процестерін қамтиды. Олар негізінен ЖІӨ мен ҰТ жасалатьш материалдық
өндіріс сферасында іс-әрекет етеді. Сондықтан коммерциялық кәсіпорындар мен
ұйымдардың қаржысы материалдық өндіріс кәсіпорындары (ұйымдары) қаржысының
мазмұнымен және оларды ұйымдастырудың қағидаттарымен бірдей болып келеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы тәжірибесінде кәсіпорындардың, жеке
саланың немесе бүкіл ұлтгық шаруашылыктың өндірістік, шаруашылық және
әлеуметтік қызметіндегі мақсат-міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар
пайдаланылды. Өздерінің кызметтерінің орындалуына немесе экономикалық
жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса, кейбірі өзгсртіліп, қайсы
біреулері жеке бөлініп шықты

1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы – бірыңғай қаржы жүйесінің
құрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның
орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес
игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі
қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің айтарлықтай бөлігі қоғамның
тіршілігін қамтамасыз ететін көзі – қоғамдық өнім жасалатын материалдық
өндіріс сферасында жұмыс істейтіндіктен бұл буынның қаржысы қаржылардың
негізі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, жалпы мемлекеттің
қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық
заңдардың іс-әрекетімен байланысты.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы
ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және эхкономикалық
заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол
ұлттық шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен
қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Мұндай даму ұлттық
шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті,
экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық
жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін
емес. өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік
қатынастардың жиынты қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты
басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне әсер етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық-пайдалы
қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл үшаруашылығы, құрылыс,
көлік, жабдықтау-өткізу, сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау
қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-
коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім,
медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын
кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың,
салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық,
салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын қамтиды.
Меншік нысандарының дамуы кәсіпорындардың жаңа тұрпаттарының: жекеше,
кооперативтік, акционерлік, аралас, шетелдердің кәсіпорындарымен және
фирмаларымен бірлескен кәсіпорындардың пайда болуына жеткізді. Шетелдік
және отандық инвесторлардың басқаруына мемлекеттік кәсіпорындарды беру
жолымен мемлекеттік меншікті пайдаланудың тәртібі өзгерді: меншікті басқару
мен пайдаланудың аз жетілдірілген нысандарынан жаңа меншіктенушілердің
уақытша иелігіне көшірілді. Келесі саты мемлекеттік кәсіпорындарды сатып
алу, оның жаңа иелікке көшуі және жекешеге немесе бірлескенге айналуы болып
табылады.
Экономикалық реформалар барысында пайда болған мемлекеттік меншіктің
республикалық, коммуналдық меншікке бөлінуі де мемлекеттік кәсіпорындардың,
олардың бірлестіктерінің, коммерциялық негіздегі бірлесіп басқару
органдарының – қоғамдардың, ассоциациялардың, концерндердің,
консорциумдардың және т.с.с. көптеген нысандарына мүмкіндік туғызады. Бұл
процеске коммерциялық есептің дамуы, аймақтардың өзін өзі басқару мен өзін
өзі қаржыландыруға көшіруге мүмкіндік береді.
Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бұл саланың техникалық-
экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ
сонымен бірге барлық салалардың шаруашылық жүргізуші субъектілері
қаржысының мәні мен оны ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бірдей, бұл
шаруашылық жүргізудің ортақ қағидаттарына және бірыңғай экономикалық
заңдарға байланысты.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу
және бақылау функцияларын орындайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлгіштік функциясының
ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесінде
өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер негізінде
бөлінетіндігінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс процесінде
құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар мен
қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негіздеп бөлу қаржының ұдайы өндірістік
қосалқы функциясын да іске асырудың басты шарты болып табылады. Бөлу -
өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процесс
кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім-ақша алуы және оны өндірістің
жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты жасвауға пайдалану арқылы
болып жатады. Табыстың бір бөлігі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған
қорларға – мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға түседі, ал қалған
бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және
дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында
қалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сонымен бірге бөлгіштік
функция шеңберінде ұдайы өндірістік функцияны орындайды. Оның мазмұны жәй
және ұдайы өндіріс кезінде материалдық және ақша қаражаттарының ауыспалы
айналымы процесінде олардың қозғалысы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз
етуде болып табылады. Бұл үшін кәсіпорындар өнім өндіру мен оны өткізудің
жоспарлары, болжамдары мен ниеттері негізінде, белгіленген экономикалық
нормативтер негізінде уақыттың белгілі бір мерзіміне кірістер мен
шығыстардың көлемін жасайды; шығыстардың шамаланған меншікті қаржы
ресурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерінің уақытша тартылған
қаражаттары, банк несиелері есебінен, ал айрықша жағдайда бюджеттен
бөлінетін қаражаттар есебінен жабылатынын анықтайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы
кәсіпорын экономикасында маңызды рөль атқарады: есепсіз және бақылаусыз
шаруашылық жүргізуге болмайды. Қаржы басқа экономикалық тұтқалармен бірге
экономиканы басқару, өндірістің өсуін ынталандыру және еңбек, материал,
табиғи және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануға қажетті бақылауды
қамтамасыз ету процесінде маңызды рөл атқарады. Ақшамен бақылау тек
шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның
басқа субъектілерімен, жоғары ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен
өзара қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады. Шаруашылық жүргізуші
субъектілер арасындағы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға,
көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде
болады. Қаржы-кредит органдарымен өзара іс-әрекет кезінде бақылау бюджет
алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк н,есиелерін алған және
қайтарған кезде жүзеге асырылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сферасындағы сан алуан
қатынастар олардың шаруашылық қызметі процесінде басқа шруашылық жүргізуші
субъектілермен болатын мынадай топтарға ірілендірілген ақша қатынастарына
саяды:
Басқа әр түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен (олар: өнім өткізуден
түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, материалдық шығындарды
төлеу, шарт міндеттерін бұзған кезде айыппұл төлеу және алу, бағалы
қағаздарды өткізу, басқа кәсіпорындардың акциялары мен облигацияларына
қаражаттарды инвестициялау, олар блойынша дивидендтер мен пайыздар төлеу
және алу процесінде, коммерциялық несиелеу кезінде қалыптасады);
өзінің еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, сыйлық
қорын жасауды, табысты бөлу және тұтыну қорынан қызметкерлерге жәрдемақылар
төлеуді, сонымен бірге қызметкерлердің қаражаттарын тартуды (бағалы
қағаздар сату, кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін үлестік
жарналарды) ортақтастырады;
өз ішіндегі бөлімдермен (олардың арасында қаржы ресурстарын бөлу
кезінде);
мемлекетпен – бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру кезінде,
мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар бойынша
төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарды қалыптастырғанда;
банктермен (қаржы қатынастарының бұл тобы банк кредиттерін алу, оларды
қайтару, кредиттер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға
белгілі бір төлеммен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы қағаздармен
жасалатын операциялар нысаны түрінде іске асады);
сақтық органдармен – мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық және
коммерциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;
жоғары ұйымдармен – ішкісалалық қайта бөлу шегінде (пайданы,
табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалгарлік төлемдер бойынша және
басқалары);
құрылтайшылармен (бұл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық капиталды
қалыптастыру үшін қаржы жарналарын төлеу кезінде, сондай-ақ кәсіпорынның
пайдасын бөлгенде және оның бір бөлігін шартқа сәйкес құрылтайшыға аударған
кезде қалыптасады) және т.с.с.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, бір жағынан, жалпы
қаржылардың экономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан,
қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызметр етуіне
байланысты ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі
белгілерді атауға болады:
1) қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен
мақсатты арналымының сан алуандығы;
2) өндірістік құралдардың міндетті болуы және оларды
қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты
қатынастардың пайда болуы. Өндірістік капиталдар – бұл
өндірістің серпінді элементі, олар өндірістің өзі сияқты
үздіксіз қозғалыста болады; сонымен қатар құн нысандарының
тұрақты ауысымы болып отырады. Кәспорын қызметінің кез келген
мезетінде өндірістік құралдар материалдық-заттық және ақша
нысанында болуы мүмкін;
3) жоғары белсенділік, кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің
барлық жағына әсер ету мүмкіндігі;
4) шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл қаржы
жүйесінің айқындаушы болып табылады.

1.2 Кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің сыныптамасы

Шаруашылық жүргізуші субъектілер – кәсіпорындар мен ұйымдар (фирмалар,
компаниялар, фермер шаруашылығы, шаруашылық серіктестіктері, ассоцияциялар,
ұлттық компаниялар және басқалары), мекемелер әр түрлі белгілері бойынша
айырудың негіздемелері қаржыны ұйымдастьрудың сипатына елеулі әсер етуі
мүмкін (1.1 сызбаны қараңыз).
Айырудың ең жалпы белгісі кәсіпорындар мен ұйымдарды қызмет
сфераларының біріне – материалдық немесе материалдық емес сфераға жатқызу
болып табылады. Қызметтің материалдық сферасының кәсіпорындары бүкіл
қоғамның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатын материалдық өнімдер мен
игіліктерді жасайды.

1. сызба. Шаруашылық жүргізуші субъектілер сыныптамасы

Материалдық Материалдық емес
(өндірістік емес)
Тауарлар, жұмыстар Қызметтер
Коммерциялық
Коммерциялық емес
Мемлекеттік меншік
Жеке меншік
Қоғамдық ұйымдардың меншігі
Шетелдік субъектілердің меншігі
Аралас
Шаруашылық Мемлекеттік Кооперативтік Қоғамдық Өндірістік
серіктестіктер ұйымдар емес
сфераның
ұйымдары
мен
мекемелері
Шаруашылық Жедел басқару
жүргізу құқығындағы
құқығындағы
Толық ЖауапкершілігіАкционерлік Қосымша Сенім
серіктестік бар қоғам жауапкершілігісеріктесті
серіктестіктер бар гі
серіктестігі

Бұл сферада жасалған өнімнің бір бөлігі оның салалары ішінде (өндірістік
тұтынудың енімдсрі) тұтынылады, басқа бөлігі түпкілікті тұтынуға, соның
ішінде өндірістік емес сферада бағытталады. Өндірістік емес сфера
қызметінің нәтижелері қызметтердің нысанын қабылдайды, к,ызметтерді
жасаудың процссі, әдеттсгідей, оларды тұтыну процссімсн тоқайласады, яғни
олар қордалауға, сақтауға жатпайды.
Қоғамдық өндірістің екі сферасының аталған қағидалы айырмашылықтары бұл
сфералардың қаржысын ұйымдастыруға — каржыландыру, өнімдер мен қызметтер
құнының жасалу процестеріндегі қаржы қорларының қозғалысы ксзінде де,
сондай-ақ қызметтің қаржы нәтижелерін қалыптастыру — қорланымдарды,
табыстарды немесе пайданы бөлу және пайдалану кезінде де әсерін тигізеді.
Мысалы, материалдық сфера қорларынын қозғалысында өндірістік босалқы
қорларды, аяқталмаған өндірісті жасаумен, дайын өнім және өндірістік емес
сфераға сипатты емес бірқатар басқа процестердің қозғалысымен
байланыстылары елеулі орын алады.
Қаржы қатынастарының мазмұны мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржылық жұмысын ұйымдастыруға олардың салалық тиістілігі, ұлттық
шаруашшықтың техникалық-экономикалық ерекшеліктері айтарлықтай ықпал
жасайды.
Материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындардың қаржысының өзгешелігі едәуір
дәрежеде кәсіпорынның іс-әрскет ететін саласына да байланысты болып келеді.
Қаржының салалық ерекшеліктері өндірістің сипатымен, түрлі салалардың
технологиясымен, өндірістік циклдың ұзақтығымен (созыңқылығымен),
маусымдылықпен, өндірістің табиғат және климат факторларына тәуслділігімен,
шаруашылықты жүргізудің экономикалық жағдайларының айырмашылығымен
анықталады. Саланың өзгешелігі қаржы ресурстарының жылдамдығына,
қалыптастырылатын ақша қорларының құрамына, қаржы ресурстары мен
кәсіпорыңдардың шығындары құрылымына, бюджетпен және басқа қорлармен
болатын өзара катынастарға әсер етеді. Маусымдылық факторы ауыл
шаруашылығы, құрылыс өндірісі үшін сипатты болып келеді. Мұндай факторлар
өндіріс шығындарының мөлшеріне әсерін тигізеді: мысалы, ұзақ кезеңді немесе
маусымдық сипаттағы өндірістер аяқталмаған өндіріске қаражаттарды едәуір
оқшауландыруды туғызады; қүрылыста маусымдылық қыс уақытында жүмыстардың
қымбаттауына әкеп соғады. Табиғи-климат факторлары жалақыға, сақтандыруға,
аудандық коэффициенттерді төлеуге байланысты шығындарға соқтырады. Ақырғы
қорытындысында шығындардың артуы қызметтің қаржылык, нәтижелеріне әсер
етеді: нарықтық бәсеке жағдайында мұндай кәсіпорындар өнімді өткізу кезінде
аз табыс алатын болады немесе рынокте өзінің ұстанымдарын сақтап калу үшін
оны барынша көбейтудің қаржылық әдістерін табуы тиіс.
Сыныптаманың келесі ірі белгісі кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің
қаржылық қызметінің сипаты — коммерциялық және коммерциялық емес қызметі
болып табылады.
Коммерциялық қызметтің мақсаты табыс алу болып табылады. Коммерциялық
негізде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және
материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жүмыс
істейді.
Өндірістік емес сфера мекемелерінің едәуір бөлігі: мемлекеттік басқару,
қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жәнс қамсыздандыру, құқық
тәртібін қорғау, айналадағы ортаны қорғау, денсаулық сақтау мен білім
берудің, мәдениеттің және шығармашылықтың үлкен тобы, іргелі ғылым
коммерциялық емес секторда қалып отыр. Коммерциялық емес қызмет табыс
(пайда) алуға емес, бүкіл қоғам үшін, соның ішінде халықты әлеуметтік
қорғауды қамтамасыз етуге қажет функциялар мен іс-қимылдарды орындауға
бағытталған.
Коммерциялық және коммерциялық емес қызмет болып межелену Қазақстан
Республикасының Азаматгық Кодексінде бекітіліп берілген, онда заңды тұлға
ұғымы анықталады. Заңды тұлға деп меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел
басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері
бойынша жауап беретін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық жүргізуші субъектісінің кірісі мен шығысының теориясы
Шаруашылық жүргізуші субъектілер сыныптамасы
Қазақстанда қалыптасқан қаржылық қатынастардың ерекшеліктерін ашып көрсету
Қаржы жүйесі туралы жалпы түсінік
Қаржы жүйесінің мәні
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің теориялық негіздері
Мемлекеттік қаржылар. Қаржы жүйесінің құрамы
Қаржы жүйесінің құрамы
Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының мазмұны
Шаруашылық жүрпзуші субъектілердің қаржысы
Пәндер