Қазақстанда корпоративтік бағалы қағаздардың дамуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе - 3 -
Негізгі бөлім - 4 -
Корпоративтік бағалы қағаздар түсінігі - 4 -
Қазақстанда корпоративтік бағалы қағаздардың дамуы - 14 -
Қазақстан Республикасындағы корпоративтік және муниципалды бағалы
қағаздардың дамуы - 14 -
Қорытынды - 16 -
Пайдаланылған әдебиеттер - 17 -

Кіріспе

Бағалы қағаздар айналысын қамтамасыз ету және қор нарығын реттеу,
дамыған мемлекеттердің нарықтық жүйесіндегі күрделі әлеуметтік-экономикалық
проблемалардың бірі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының даму дәрежесі
қоғамның тұрақтылығы мен макроэкономикалық даму индикаторының басты
көрсеткіші болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы қағаздар нарығының қалыптасуы, қаржы
жүйесінің сауығуы мен өндірістің құлауын жеңу шешуші нәтиже болып
табылатын, жалпы мемлекеттік инвестициялық саясатпен тығыз байланысты деп
қарастырылады. Ол жай батыс нарықтарының көшірмесі және бір моменттік
процесс болуы мүмкін емес.
Бұл қалыптасқан жағдайды зерттеуде, адекваттық нарықтық экономикаға
бағалы қағаздар нарығының моделінің қалыптасуы және даму қажеттілігі
шығады. Оның жалпы заңдылықтары және де өтпелі экономикадағы спецификалық
ерекшеліктері болуы керек. Бірақ, берілген проблемаларды зерттеуде
теориялық, тәжірибелік және реттеуші аспектілердің өзара байланыс және
шарттастық сияқты тәжірибелік және теориялық жаңа әдістемелері, бағалы
қағаздар нарығының толық функционалдануының басты шарты болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығының қалыптасу және даму проблемаларын, алыс және
жақын шетел экономистері де зерттеген.
Қазақстанда қор нарығы, акционерлік қоғамдар құру нәтижесінде пайда
болды. Қор нарығының пайда болуы корпоративтік бағалы қағаздар айналысымен
шартталған. Акционерлік меншікті таратуда, бағалы қағаздардың ролі артады,
себебі, олар бос ақша қаражатын инвестициялық қорға рационалды түрде
айналуын қамтамасыз етеді. Сол себепті, мемлекет экономикасының даму
перспективалары, корпоративті бағалы қағаздар нарығын ұйымдастыру
ерекшеліктерімен анықталады.
Көптеген мекемелер қаржы ресурстарының назар аударарлық негізгі
құралдарын банкілік және коммерциялық несиелерінен өздерінің акциясының
шығару мен айналу жолымен айналысатын жарғылық капиталдарынан көреді.
Мекемелердің облигация шығаруы, талап етілмей қалған инвестициялық ресурс
формасы. Облигацияның акциялардан айырмашылығы, айналыс мерзімі шектеулі.
Акционерлік қоғам сферасындағы инвестициялық дағдарыс және өндірістің
құлауын жеңу үшін, Қазақстанның корпоративті бағалы қағаздар нарығын
теориялық және тәжірибелік аспектілерін функционалдауға жаңа методологиялық
тәсілдеме қажет. Корпоративтік бағалы қағаздар нарығын оқытудың әлеуметтік
және макроэкономикалық аспектілері, нарықтың даму ерекшелікткрі мен мәніне
байланысты зерттеушілердің назарында қалып отыр.

Негізгі бөлім

Корпоративтік бағалы қағаздар түсінігі

Корпоративті бағалы қағаздар дегеніміз – акционерлік қоғамдардың соның
ішінде компаниялардың, фирмалардың, банктердің, жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің айналысқа шығарған бағалы қағаздарды білдіреді.
Корпоративті бағалы қағаздар мынадай түрлерге бөлінеді: қарыздық, үлестік
және туынды бағалы қағаздар.
Қарыздық бағалы қағаздар – несиелік қатынастарды негіздейді. Егер ақша
құралдары белгілі мерзімге қолданылуға берілсе, оны басында белгіленген
процентпен қайтарады. Корпоративті бағалы қағаздардың бұл түріне
облигациялар, вексельдер, депозиттер, банктік қор сертификаттары жатады.
Үлестік бағалы қағазды иемденгеннен кейін оның иесі үлестік жеке меншік
иесі болады. Бұл бағалы қағаз акция ұстаушының Акциядағы жеке меншік
үлесін құқықтық түрде негіздейді.
Акциялар мен облигациялардан тұратын инвестиция портфелін толықтыратын
туынды бағалы қағаздар: окциондар, варранттар, фьюгерлік келісімдер. Туынды
бағалы қағаздар мемлекеттің бғалы қағаздар нарығына қызмет етеді.

Корпоративтік бағалы қағаздар мына жағдайда шығарылады:

• АҚ мекемелері және акцияларды құрылтайшылар арасында орналастыру;
• Қоғамның жарғылық капитал мөлшерінен көтерілуі;
• Қарыздық капиталды облигация шығыару жолымен тарту;
Дұрыс жұмыс істеп тұрған қор нарығы, екі негізгі нарықтан тұрады:
корпоративтік бағалы қағаздар нарығы (мекемелер мен банктердің акциялары)
және мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы.

а) Вексельдер

Өндірістегі жұмыстың айналымдылы, яғни өнімді өндіру, оны сату және
басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде көбіне қаржы қорының жетіспеуі
сияқты жағдайларға душар болады. Сол кезде өнімді сатып алушы
жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек өнім несиеге
сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі – вексель
пайда болады.
Вексель – қарызды өтеуге заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол
бағалы қағаз. Вексельді борышкер яғни вексель беруші тауарды несиеге
алғанда тауар сатушыға, яғни вексельді иемденишіге береді. Вексельдің мәні
– несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде
өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель
иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі.
Вексель шығарып және оны пайдалануды дамыту ертеден несие – қаржы
қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып табылады. Себебі,
вексельдің мәні – тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен қатар,
саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем
міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы – ресурстардың айналымын жеделдету.
Сондықтан вексель иемденуші төлемнің түсімін күтпей-ақ вексель сатып
алушыны немесе оны тауар сатып алу үшін төлем қаржысы ретінде қолданушыны
іздестіреді. Әлбетте, вексельді банк сатып алады.
Вексель – тауар-ақша қатынастарын және комерциялық несиені дамытуда
ертеден келе жатқан ең бір басты қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған
елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады. Қазіргі кезде
электронды несие жүйесінің кез-келген операцияны бар болғаны 1 сағаттың
ішінде орындайтын мүмкіндігі бар (мысалы: Германияда вексель ақша
айналымының 20-25 %).
Егер кәсіпорын өз иесін парасаттылықпен жүргізіп отырса, оған айналым
қаржысының уақытша жетіспестігін вексельмен толтыру онша қиын емес. Ол үшін
саудадағы сенімді серігіне тауарды вексельге айырбастап берсе тауар-ақша
айналымын жеделдетеді. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың
қалыптасу кезінде төлем құралдарының жетіспеушілігі, өндірістің құлдырауы,
шаруашылық байланыстарының үзіліп және үлкен мөлшерде өтелмеген төлемдер
жиналу жағдайында қолма-қол ақшасыз есеп ретінде вексельге деген ынта аса
түсуде. Сондықтан вексель шаруашылық өмірге кең көлемде енуде. Қазірдің
өзінде вексель айналымын реттейтін бірсыпыра ереже-құжаттар пайда болды.
Вексель төлем дағдарысын реттеп, заттық қорлардың айналысқа түсуін
жеделдетіп, кәсіпорындардағы тауар-зат құндылықтарының қорын азайтып және
халық шаруашылығындағы есептерді тездетеді. Вексель айналымы экономикалық
қатынастардың сан-алуан жүйесін қамти алады.
Вексель нарығының қызметі – қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша
қаражатын бөлу. Вексель айналымының негізі – серіктердің бірін-бірі еркін
таңдаумен және бірін-бірі бақылауымен жасалатын несиелік келісім. Вексельді
шығару және оны айналымға түсіруге келісімнің мәні және оның маңызы зор.
Вексель несиені өтемеу қаупімен байланысты болғандықтан ол вексель
берушіге шамалы болса да, сенім болғасын төлем құралы ретінде қабылданады.
Егер вексель беруші тауардың сапасын,құнын, уақытында жіберілуін және
басқа да жағдайларын бақыласа, ол вексель иемденуші серіктестің тек вексель
алған уақытындағы төлем қабілеттілігін ғана емес, сонымен қатар, ол өте
маңызды, оның төлем уақыты жеткенге дейінгі болашақтағы қаржы мүмкіншілігін
де бақылайды. Вексель келісіміне қатысушылардың бірін-бірі бақылауы және
сонымен бірге біріне-бірі сенуі, олардың қабылданған міндеттемені нақты
орындауға ұмтылу, нарықтық қарым-қатынастарды дамытуға жол ашады.
Басқа қарыз міндеттемелерін вексель үш түрлі айырмашылығы бар:

➢ Біріншіден, вексельдің дерексіздігі, яғни қарызды қандай жағдайда, не
мақсатқа алғандығы көрсетіліді;
➢ Екіншіден, оның даусыздығы, яғни қарызды қандай жағдайда алғандығына
қарамыстан міндетті түрде өтеу керек;
➢ Үшіншіден, вексельдің айырмашылығы, яғни вексель иемденуші оны басқа
адамдарға беруіне болады. Бұл ерекшелігі вексельді айналыс қаржысы
ретінде қолма-қол ақшаның орнына пайдалануға мүмкіндік береді. Сол
себепті вексельді сауда ақшасы деп те атайды.
Қолдану өрісіне қарай вексель жай және аудармалы вексель, немесе тратта
болып екіге бөлінеді. Жай вексельді төлеуші, яғни вексель беруші жазады.
Онда вексельді жазған жер, берген уақыт, қандай сомаға толтырылды, қай
уақытта және қай жерде өтеу керектігі көрсетіліп, вексель иемденушіге
береді. Сонымен бірге, вексель берушінің аты жөні жазылып, қолы қойылады.
Жай вексельдің айналысы

1. Вексельді сатып алушы сатушыға береді (вексель беруші – вексель
иеленушіге);
2. Сатушы тауарды тиеп кояды, немесе тапсырыс бойынша қызмет көрсетеді
(вексель берушіге);
3. Сатушы белгіленген уақытта вексель бойынша төлем өтеуді ұсынады;
4. Сатып алушы көрсетілген қызметке алынған тауарға ақы төлейді.
Жай вексельді пайдаланғанда тек екі жақ өзара әрекет жасайды, яғни
вексель беруші өзі делдалды қатыстырмай-ақ белгіленген уақытта вексель
иемденушіге қарызын өтейді. Егер аудармалы вексель пайдаланылса, онда
вексель айналысында бірнеше заңды немесе жеке тұлғалар қатысады - әдетте
үш, төрт және одан да көп контрагенттер қатысуы мүмкін.
Аудармалы вексель деп несие берушінің қарыз алушыға вексельді
көрсетілген соманы үшінші кісіге (реминетке) төлеу жөніндегі берген жазбаша
үкімін айтады. Трассат тратты бойынша акцепт берген жағдайда ғана қарыздар
болып есептеледі.
Акцепт дегеніміз – есеп айырбастауда төлеушінің (акцептанттың) өз
қарызын төлеуге жазбаша берген келісімі. Демек, акцепт есеп айырысудың бір
түрі.

Аудармалы вексельдің айналысы

1. Вексель беруші (трассант) төлеушіге (трассатқа), яғни қағаздарға
тауарды және траттаны (аудармалы вексельді) береді;
2. Төлеуші (трассат) вексель бойынша акцепт беріп, оны вексель берушіге
(трассатқа) қайтарады;
3. Вексель беруші (трассант) акцептелген вексельді ремитентке –
аудармалы вексель бойынша ақша алушыға жіберіледі;
4. Ремитент аудармалы вексельді трассатқа төлемді өтеуге жібереді;
5. Трассат банкке вексельді төлеуге үкім беріп және сонымен бірге
вексельдің сырт жағына оның төленгені жөнінде белгі қояды;
6. Ремитент вексельді несие берушіге жібереді;
7. Несие беруші вексельді ақшаны өз шотына аудару үшін трассаттың
банкісіне жібереді;
8. Ақша трассаттан несие берушіге несиені өтеу ретінде түседі.

ә). АКЦИЯЛАР

Акция акционерлік қоғамның капиталына қаражат қосқандығын
куәландыратын жазбаша куәлікті, меншік нысанын білдіретін бағалы қағаз.
Акция өз кезегінде оның иесіне тиісті акция сомасына сәйкес салынған
капиталына белгілі бір дивиденд алуға құқық береді. Акцияны иеленуші –
акционер деп аталады. Оның тұрақты табыс әкелетін бағалы қағаз иесінен
айырмашылығы, ол акцияны сатып алу барысында қоғам капиталына қатынасады,
ал өнеркәсіптік облигацияны сатып алушысы болса, онда белгілі бір тұрақты
пайыз төлеуге келісім шарт жасайтын кредитор болып табылады. Акционер
ақшаның несие берушісі болып саналмайды және сондықтанда ол қоғамнан өз
акциясына тұрақты дивидент төлеуді және акция бағасы түскен жағдайда оны
сатып алуды талап етуге құқысы болмайды. Акционерлердің жылдық табысының
шамасы баланста көрсетілетін бағаға тәуелді. Акционерлердің жалпы
жиналысында бұл пайданы пайдалану, сондай-ақ дивиденд нысанында пайданың
үлесін анықтау және төлеу сұрақтары шешіледі.
Егер акционерлік қоғам тиімді жұмыс істеп отырса онда акционерлік
капиталды ұлғайту үшін мүмкіндік жасалады. Бірақ акция иелері акционерлер
санын ұлғайтуға ұмтылмайды, себебі әр акционердің жаңадан шығарылатын
акцияларды сатып алуға құқықтары бар. Кез келген акционер өзінде бар ескі
акциялар шамасына тең мөлшерде жаңа акциялар сатып ала алады.
Бағалы қағаздар нарығында, бірінші кезекте қор биржасында бір
кәсіпорынның акциялары бір уақыт ішінде компанияның нақты қорларында
ешқандайда өзгеріссіз қалуына қарамайақ әртүрлі бағаға ие болуы мүмкін.
Акционерлік қоғамның пайдасы келесідей түрге бөлінеді: оның бір бөлігі
акционерлер арасында бөлінеді; екіншісі – акционерлік компанияның резервіне
бағытталып және оның капиталын ұлғайту үшін немесе өндіріс құлдырауға не
дағдарысқа ұшыраған кезде девидент төлеуге қызмет етеді.
Әдетте АҚ-ның резервтері немесе заемдық резервтер деп аталатын
қорды құру саясатын жүргізеді. Сөйтіп, жинақталған қор таусылғанда ғана
акционерлік компания дивидендтерді қысқартады. Бұл АҚ-ның жақын арадағы
құлдырауы туралы белгісін білдіреді. Акцияны иеленушілер болса, аз дивиденд
әкелетін акциялардан құтылуға тырысады. Сөйтіп, барлығының сол қоғамның
акцияларына құтылуға тырысуы, акция бағамының төмендеуіне жол береді. Егер
АҚ қызметін толық тоқтатса, акция иелері АҚ-ға қосқан қаражаттарын
толығымен жоғалтып, акция ешкімге қажетсіз жай қағазға айналады.
АҚ-ның бір қалыпты жұмыс жасау барысында акцияның иелері өздерінің
акцияларына тиісті дивидендтер алады. Акцияның номиналдық бағасы бойынша АҚ-
ның қалыптасуы негізінде сатылып, кейіннен олар біршама жоғары бағамен
сатылады. Бұл жағдайда табыстың нақты деңгейі рендит мына формула бойынша
есептеледі:
Егер де 50 теңгелік номиналдық құны бар акция 250 теңге бағасы бойынша
сатып алынса және ол бойынша 10 теңге дивиденд төленетін болса, онда жылдық
табыс көрсеткіші келесідей болады:

Бірақ бұл көрсетілген акция табысын салым иесі үшін тартымды деп айту
қиын. Ол үшін акция бағасының өсуін тосу бұл маңызды, себебі ондай акцияны
сату, ол акция бойынша біршама табысты (пайданы) қамтамасыз етуі мүмкін.
Демек, екінші бір сәт – бұл акция бағасының өсуін тосу, салымшыға ең күшті
ықпал етеді.
Қор биржасындағы және банктердегі акцияның бағымы деп аталады. Ол
негізінен екі факторға: дивиденд мөлшеріне және қарыздық пайыз деңгейіне
байланысты. Акция бойынша төленетін дивиденд қаншалықты жоғары болса,
соғұрлым акция қымбат немесе оның бағасы жоғары келеді.
Акцияны сатып ала отырып, қаражат иесі одан алатын дивиденд бойынша
табысты, өз капиталын банк немесе өнеркәсіп компаниясының тұрақты табысы
кепілдендірілген облигацияны сатып алу барысымен салыстырады. Банктегі
пайыз деңгейі – акция бағасының жоғарлауы немесе төменденуіне ықпал ететін
фактор болып табылады. Банктік пайыз жоғары болса, қор биржасындағы
акцияның бағасы төмен болады немесе керісінше. Айталық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы
ҚОР БИРЖАСЫ МЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Корпоративтік бағалы қағаздар
Бағалы қағаздар жайлы
Несие капиталының нарығы
Бағалы қағаздар нарығы туралы ақпарат
Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері
Корпоративті бағалы қағаздар мен қор нарығы
Қаржы рыногы және қор биржасы
Пәндер