Қаржы менеджментінің мазмұны және міндеттері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
1. Кәсіпорындағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайдағы маңызы 1
1.1. Қаржы менеджментінің мазмұны және міндеттері 1
1.2. Бәсекелестік қабілетті қамтамасыз етудегі қаржы менеджментінің ролі
3
Қорытынды 6
Қолданылған әдебиеттер тізімі 8

1. Кәсіпорындағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайдағы маңызы

1.1. Қаржы менеджментінің мазмұны және міндеттері

Нарықтық экономика және бәсекелестіктің дамуы жағдайларында
кәсіпорындардың қаржылық менеджментінің ролі мен міндеттері ең маңызды
мәселердің бірі болып отыр. Кәсіпорынның табыстылығы, бәсекелестік
жағдайлардағы өміршеңдігі, қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігі
мәселелері қаржы менеджментінің негізгі басқару объектісі болып табылады.
Отандық экономикалық теорияда және тәжірибе жүзінде кәсіпорын қызметін
стратегиялық басқару мәселелері әлі де болса жеткіліксіз қарастырылып
келеді. Мұның басты себебі - еліміздегі экономикалық бетбұрыстардың
басталуына дейін стратегиялық басқару мемлекеттің өз қолында болып келді.
Мемлекет өзінің экономикалық саясаты шеңберінде елдің дамуы мен келешегінің
стратегиясын қалыптастырып, салалар мен кәсіпорындардың өзекті стратегиялық
мақсаттарын анықтап келді. Алайда, нарықтық қатынастардың қалыптасуы және
дамуы бәрін де өз орнына қойды. Қазіргі таңда кәсіпорындардың өміршеңдігі,
табыстылығы, бәсекелестікке жарамдылығы өз қолдарында, яғни олардың өз
қаржылық және шаруашылық жағдайын нығайту кәсіпорынның қаржы менеджментінің
стратегиялық міндеті балып табылады.
Жалпылай айтқанда қаржы менеджменті дегеніміз - бұл кәсіпорынның табыс
табудың және өндірісті дамытудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін
қажетті ақша ағындарын қамтамасыз етумен, қаражаттар мен ақша қорларын
қалыптастырумен және қолданумен байланысты кәсіпорындардың басқару қызметі
болып табылады.
Қаржы менеджментінің қызметтерінің түрлерін келесідей тәртіп бойынша
бір жүйеге келтіруге болады:
* жоспарлау — стратегиялық, оперативтік және ағымды қаржылық жоспарлауды,
түрлі шараларға сметалар мен бюджеттер құруды қамтиды;
* баға саясатын анықтауға және өнімді сату жоспарын құруға қатысу;
* өзге кәсіпорындармен қосылу немесе бөліну нәтижесінде мүмкін
болатын капитал құрылымының өзгеруін бағалау;
* қаржыландыру көздерімен қамтамасыз ету: қысқа және ұзақ мерзімді
қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздерін іздестіру; олардың оңтайлы
құрылымын қалыптастыру;
* қаржы ресурстарын басқару: есеп шоттардағы және кассадағы ақша
қаражаттарын басқару; құнды қағаздар қоржынын басқару; қарыз қаражаттарды
басқару;
* қаржылық есеп, бақылау және талдау: есеп саясатын қалыптастыру;
* қаржылық есеп беру түріндегі ақпараттарды өңдеу және пайдаланушыларға
ұсыну;
* қаржылық нәтижелерді талдау және сараптау;
* есептік көрсеткіштерді жоспарлық және стандарттық көрсеткіштермен
салыстыру; кәсіпорын ішіндегі аудит.
Аталған қызметтерді жүзеге асырудың нақты нысандары мен әдістері
кәсіпорынның қаржылық саясатымен анықталады. Қаржылық саясат кәсіпорынның
өз қызметін жүзеге асыру мақсатында қаржы ресурстарын басқару үшін
қолданатын шаралардың жиынтығы болып табылады және келесідей элементтерді
қамтиды:
* есеп саясаты;
* несие саясаты;
* инвестиқиялық саясат;
* ақша ағындарын басқару саясаты;
* шығындарды басқару саясаты;
* дивидендтік саясат.
Есеп саясатын мемлекеттік бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға және
бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес қалыптастыру қажет. Қазақстан
Республикасында бұл тұрғыда негізгі құжат ретінде Қазақстан Республикасы
Президентінің Заңдық күші бар Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру
туралы 1995-жылдық 25-желтоқсанында қабылданған Жарлығы және Бухгалтерлік
есеп стандарттары қарастырылады.
Несие саясаты шеңберінде кәсіпорынның айналым қаражаттарымен қамтамасыз
етілуі шаралары қарастырылады - меншікті айналым қаражаттарының көлемін
және қарыз қаражаттарға мұқтаждылықты анықтау. Ұзақ мерзімді несиелерді
тарту қажет болған жағдайларда кәсіпорынның капитал құрылымы және қаржылық
тұрақтылығы зерттеледі.
Инвестиқиялық саясат барысында меншікті және тартылған қаражаттарды
тиімді орналастыру шаралары қарастырылады.
Ақша қаражаттарын басқару саясаты кәсіпорынның есеп шоттарындағы
қаражаттардың қалдықтарын оңтайландырумен, қаражаттардың есеп шоттарға
келіп түсуі және олардың қолданылуы уақыттарының аралығын азайтумен, есеп
айырысудың түрлі нысандарын қолданумен, дебиторлық қарызды инкассақиялаумен
байланысты болады.
Шығындарды басқару саясаты шығындардың барлық элементтері бойынша
сметалар (жоспарлар) құру және олардың қолдануды тиімді бақылау арқылы
жүзеге асады.
Дивидендтік саясат кәсіпорын иелерінің және акционерлері мен
менеджерлерінің мүдделерін бірдей деңгейде қорғауға, сондай-ақ кәсіпорын
акцияларының, яғни бизнестің құнын арттыруға арналған. Дивидендтік
саясаттың келесідей нұсқалары мүмкін:
* дивидендтер табыстан бірқалыпты пайыз ретінде бөлініп отырады. Бұл
әдістің артықшылығы - қарапайымдылығы. Кәсіпорын табысы артқан сайын
акқионерлердің де дивидендтік табыстары арта түседі. Сәйкесінше, табыс
төмендеуімен дивидендтер де төмендей бастайды;
* тіркеулі дивидендтік төлемдер саясаты - дивидендтер әрбір акцияға
тіркеулі мөлшерде төленеді. Артықшылығы - нарықтық ауытқуларды реттеп
отыратын қарапайымдылығы; кемшілігі - кәсіпорын табысы төмендеген жағдайда
кәсіпорын табыссыз қалады;
* кепілді минимум және экстра дивидендттік төлемдер саясаты;
* дивидендерді капиталдандыру - дивидендтерді акциялар түрінде төлеу.
Мұндай саясат кәсіпорын қаржылық қиындықтарға душар болған жағдайда
қолданылады.
Қаржы менеджментінің негізгі міндеті - қаржыны басқарудың кәсіпорынның
стратегиялық және ағымды мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған тиімді
жүйесін қалыптастыру болып табылады. Нақты бір кәсіпорынның қаржыны басқару
жүйесі көптеген факторларға байланысты болады: меншіктік нысанына, ұйымдық-
құқықтық дәрежесіне, салалық және технологиялық ерекшеліктеріне, капитал
көлеміне.
Қаржыны басқару барысында көптеген әдістер қолданылады, солардың
ішіндегі негізгілері: болжамдау, жоспарлау, салық менеджменті, сақтандыру
және өзін-өзі сақтандыру, несиелеу, баға саясаты және қаржы құралдарын
қолдану (лизинг, факторинг).
Кез-келген қаржыны басқару жүйесінің қызмет етуі қолданыстағы
заңнамалық актілер мең нормативтік негіздер шеңберінде іске асады. Мұндай
құжаттар заңдар мен Президенттің жарлықтарынан бастау алып, әдістемелік
нұсқаулармен аяқталады. Сондай-ақ бухгалтерлік есеп берудің қаржылық
сипаттағы ақпараттары, тауар және қор биржаларының ақпараттары, несие
жүйесінің ақпараттары қолданылады.
Сонымен, кәсіпорынның қаржысын басқару осы саладағы маманнан
стратегиялық және ағымды мәселерді шешу үшін терең білімді және жоғары
біліктілікті қажет етеді.

1.2. Бәсекелестік қабілетті қамтамасыз етудегі қаржы менеджментінің ролі

Бүгінгі таңда әлемдік жетекші компаниялардың іскерлік стратегиясы
бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге бағытталған. Демек, стратегия
дегенімізді нарықтағы ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарды анықтау
және жүзеге асыру арқылы өз мақсаттарына жетуге бағытталған қорытынды
жоспар ретінде қарастыруға болады. Стратегиялық мақсаттардың саны мен
қалыптасуы әрбір компанияда алуан түрлі болуы мүмкін. Олар бір-бірімен
тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып отырады, сондықтан да кәсіпорын өз
қарамағында түрлі мақсаттардың толық кешені болуы тиіс. Қаржы
менеджментінің мақсаттарын келесідей тәртіп бойынша саралауға болады:
* қаржылық дағдарысты немесе қолайсыз жағдайларды болдырмау;
* өндіріс және өнімді өткізу көлемін арттыру;
* бәсекелестермен күресте жетекші орынға ие болу (қаржыгерлердің
көзқарастары бойынша бәсекелестік қабілет капиталдың рентабельділігімен,
яғни капитал бірлігіне келетін табыстың мөлшерімен, сипатталады);
- кәсіпорын құнын барынша арттыру.
Қаржы менеджменті бәсекелестік ортадағы ортадағы ролі өндіріс барысын
тиімді ұйымдастырумен және оны қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету,
осы процесстерді үнемі бақылап отырудан көрініс табады. Нарықтағы үлкен
сұраныстарға ие болып жүрген тауарларды немесе әлі нарыққа түспеген жаңа
тауарларды іздестіру, оларды өндіруге инвестициялар салу кәсіпорынның табыс
көздерін арттыруға септігін тигізеді.
Кәсіпорынның өндіретін тауары, көрсететін қызметі немесе атқаратын
жұмысының бағасы, сапасы және имиджі шаруашылық қызметтің табысына едәуір
ықпал етеді. Тауар имиджі жөнінде айтатын болсақ, оның ықпалы тенденция
түрінде және маңызды түрінде болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы менеджмент
Кәсіпорындағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайдағы маңызы
Қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайдағы маңызы
Капиталды басқару
Қаржы менеджментінің мәні
Қаржыны басқару және қаржы менеджменті
Компаниядағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайдағы маңызы
Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін талдау
Кәсіпорынның қаржылық менеджменті және тәуекелділігін басқарудың экономикалық негіздері
Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментті жетілдіру
Пәндер