Қаржылық бақылауды ұйымдастырудың қағидалары
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Қаржылық бақылауды ұйымдастырудың қағидалары 3
Әрбір позиция бойынша қаржылық бақылауды жіктеу. 5
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердің атқарылуын бақылау жүйесiн
дамытудың негiзгi мiндеттерi 6
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын сыртқы бақылаудың
мемлекеттік органдарының өкілеттіктері мен құқықтары 7
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ішкі бақылаудың
мемлекеттік органдарының өкілеттіктері мен құқықтары 11
Мемлекеттік бақылау органдарының өзара іс-әрекеті 14
Бақылау объектісі лауазымды адамдарының міндеттері мен құқықтары 14
Қаржылық бақылау жұмысы жаңа деңгейге көтерілуде 15
Қорытынды 19
Кіріспе
Нарықтық теория бойынша қазіргі барлық экономикалық даму
деңгейінің аясына үкімет әсерін тигізеді. Әлемдік тәжірибеде, сондай-ақ
отандық экономиканы реформалаудың бірінші жылдарындағы тәжірибе ,,Өзіндік
ұйымдастыру” нарықтық механизм моделінің мемлекеттің ықпалымен бақыланумен
үйлестіру қажет екендігін көрсетеді. Орталықтандырылған бақылаудың әр түрін
қолдану шаруашылық нарықта өзінің құзырындағы құралдар шегінде экономикалық
қызмет ететін ерекше шаруашылық субъект – мемлекеттік қызмет ететіндігін
білдіреді. Нарықтық қарым-қатынасқа көшу жағдайларында бақылау қоғамдық
өнімді өндіруді, орналастыруды және тұтынуды бақылаудағы мемлекеттік және
нарықтық әрекеттесу нысанында көрініс табады. Сонымен бірге мемлекеттік
орталықтандырылған бақылау үстем болып қалуы қажет.
Сонымен бақылау мемлекеттік басқарудың маңызды қызметі болып
табылады. Қазіргі Қазақстанның экономикалық даму деңгейінде бақылаудың
маңызы жылдан жылға өсуде, өйткені саясатты қайта құру курсы кезінде біздің
мемлекетіміздің қаржылық бақылауы әлсіз болып табылған. Бюджеттік қаржыны
мақсатсыз, бақылаусыз жұмсауға алып келген, өзінің тексеру басқармасын
жоғалтқан, ведомствалық бақылаудың мәні төмендеді. Сондықтан қазіргі
уақытта оны дамытуға және құқықтық базамен қамтамасыз етуге үлкен жұмыстар
жасалуда, яғни ведомствалық бақылау туралы заңнамаларды толық жетілдіру.
Тәжірибеде көрсеткендей, мемлекеттік бақылаудың әлсіздігі барлық
басқару жүйесіне қайшы келеді. Бұл Қазақстанның қазіргі таңдағы
экономикалық жағдайының бір факторы болып табылады. Оның шаруашылықтарына
мемлекеттік және басқа да меншік нысанында қолданылатын бюджеттік процесс
кезінде мемлекеттік қаржыларды жұмсаудағы бақылаудың жетіспеушілігі үлкен
зиян келтіреді. Елдегі пайда болған сыртқы міндеттеме көлемі бюджеттің
қаржыларын тиімді пайдалануды және бюджетті толықтыратын жаңа көздерді
іздеуді қажет етеді. Бақылау іс-шаралары бюджеттік қаржылардың мақсатсыз
жұмсалғанын, заңнаманы бұзудың нәтижесінде бюджет табысының жоғалғандығын
табуға мүмкіндік береді.Бақылау іс-шаралары нәтижесінде бюджетке әжептеуір
ақша қаражаттарының сомасы қайтарылады және одан арғы жоғалтуды тоқтатады.
Қаржылық бақылауды ұйымдастырудың қағидалары
Қазіргі уақытта қаржылық бақылаудың стандартизациясының бірыңғай
халықаралық жүйесі құрылуда. Олардың қағидалары Еуропалық мемлекеттерде
құрастырылған бақылау жүйесінің ұйымдарында көрініс тапты. Қаржылық
бақылаудың халықралық ережесі негізінде, жалпы бақылау қызметі үшін негізгі
ережесі болып табылатын 7 қағидалар жүйесі көрініс табады.
Тәуелсіздік қағидасы
Айқындылық қағидасы
Заңдылық қағидасы
Объективтілік қағидасы
Жауапкершілік қағидасы
Баланс жасау қағидасы
Жүйелік қағидасы
Жоғарыда аталған қағидалармен қатар, шетел тәжірибесінде қаржылық
бақылауды ұйымдастыру негізгі 8талаптар бойынша бөлінеді:
кез-келген ақпартқа қол жету
тұрақтылық
кешенділік
шынайылық
басымдылық
экономикалық тиімділік
оңтайлық
біліктілік
Аталған қағидаларға жеке тоқталатын болсақ, біріншіден, қаржылық
бақылауды ұйымдастырудың негізгі тиімді шарты осыған қажетті кез-келген
ақпаратқа қол жеткізу. Қаржылық бақылау органына, бақыланатын субъектінің
нақты жағдайы туралы сапалы ақпарат қжет. Оны жүзеге асыру үшін бақылауға
қажетті кез-келген ақпаратқа құқығы бар. Ал, бақыланатын субъектілердің
жауапты қызметкерлері өз кезегінде бақылаушылардың қалыпты жұмысы үшін
барлық жағдайды жасау керек.
Бұл талаптың ерекше маңыздылығына байланысты шетел тәжірибесінен
мысал келтіруге болады. Демократиялық дамыған барлық мемлекеттерде,
бақылаушылар кең өкілеттіктермен иемделген. Мысалы АҚШ-тың Бас бюджеттік
бақылау басқармасына әскери ведомстваның барлық қаржылық операциялары
бағынышты. Олар ЦРУ, ФБР және т.б. Францияның Шот палатасының
бақылаушыларының талаптары бойынша қаржылық операцияның кез-келген
құжаттары, оның қаншалықты құпиялы болғанына қарамастан ұсынулары керек.
Қаржылық бақылуды ұйымдастырудың келесі талабы тұрқтылық және
кешенділік талабы. Қаржылық бақылау органдарының тұрақты қызмет етуі, пайда
болуы мүкін ауытқуларды ескетеді және уақытында анықтайды. Сонымен қатар,
сол сияқты объектілерді тұрақты тексеру, олардың ағымдағы қызметін
төмендетіп, қазына үшін шығынды болады. Сондықтан, қаржылық бақылаудағы
тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін әртүрлә бюджеттік алушылар үшін ревизия
мен тексерулердің периодтылығын белгілеу керек.
Қаржылық бақылау органдарының қызметкерлері білікті, шыншыл болу
керек. Егер қызметкерлер ондай қасиеттерге ие болмаса, онда идеалды
ұйымдастырылған бақылу тиімді бола алмайды. Уақыт өте басқарудың
прогрессивті әдістері ескереді. Қаржылық бақылау қызметі мемлекет
қызметтерінің ішкі және сыртқы өзгерістеріне байланысты икемді болу керек.
Қаржылық бақылауды ұйымдастыруда маңыздысы болып артықшылықты талап ету
табылады. Ол бойынша бірінші кезекте көптеген маңызы бар объектілер
тексеріледі. Бақылау органына барлық қаржылық экономикалық аясын бақылау
мен жаулап алуға ұмтылу қажет емес, бірақ, ол мемлекеттік қаржыны үнемдеу
кезінде өз-өзін максималды түрде көрсете алатын, объектілерін тексеру
қажет.
Қаржылық бақылаудың тиімділігі, бақылау қызметі қаншалықты
регламентке бағынатындығына тікелей байланысты. Регламентсіз және ұқсас
мәселелерді қолданусыз бақылау ұйымы ұқсас жағдайда оның барлық
бөлімдерінде қалыпты жұмыс атқара алмайды. Қызмет қаншалықты нақты
регламентке бағынса, соншалықты одан табыс күтуге болады. Жоғарға
айтылғндардан келесідей тұжырымдама шығады: қаржылық бақылау мәселесін шешу
үшін барлық органдардың қарым-қатынасы мен нақты бағыты негізінде бақылауды
жүзеге асыру қажет.
Фактілердің қателігінен немесе жағымсыз жағдайлардан қашу
мақсатында қаржылық бақылау органдарының жоспары алдын-ала жарияланбауы
және тексерілетін объектіге белгісіз болуы керек. Бірақ өзіндік тексеру
процесі кезінде тексерілетін кәсіпорындардың жұмысшылармен тығыз қарым-
қатынас орналастыру және олардың көмегімен жүргізілетін мақсатты іс-шаралар
туралы қызметкерлерді ақпараттаныру керек.
Қаржылық бақылау жүйесі экономикалық тиімділік талабына сай келу
керек. Яғни, оған жұмсалатын шығындар, бақылау іс-шараларын өткізбей
күтілетін шығыстардан аспауы керек. Мысалы, АҚШ-тың Ұлттық ревизиялық
кеңестің тиімділігі бір жұмсалған доллар үшін бюджетке бес доллар, ал
Ұлыбританияда он үш фунт. Бұл міндеттеме қаржылық бақылаудың
ұйымдастырушылық құрылымының оңтайлығын қажет етеді. Яғни, керек емес
бөлімдерді анықтап жояды. Сонымен қатар, органдар құрылымында орталықтанған
және орталықтанбаған басқаруды қолдану.
Жоғарыда аталған қағидалар мен талаптар жиынтығы дамыған
мемлекеттердің қаржылық бақылау қызметін ұйымдастырудың негізі болып
табылады. Қазіргі кезде қаржылық бақылау биліктің барлық деңгейіндегі
заңнамалық және атқарушы органдармен, барлық экономикалық субъектілердің
қржылық қызметін бақылайтын рнайы құрылған мекемелермен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау – мемлекеттің қаржылық саясатын жүзеге
асыру үшін бағытталғандықтан, мемлекеттің жалпы қаржы тұрақтылығы
жағдайларды жасайтындықтан, ол мемлекеттік ұйымдар мен экономиканың
мемлекеттік емес аясында да – коммерциялық ұйымдар және азаматтарға әсер
етеді.
Әрбір позиция бойынша қаржылық бақылауды жіктеу.
Мемлекеттік ұйымдардың қаржылық бақылауы – бұл, өндірісті бақылау,
бюджеттің барлық деңгейін, бюджеттік емес қорларды атқару және бекіту.
Сонымен қатр, мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің, банктердің және
қаржылық корпорациялардың қаржылық қызметін бақылауды жүзеге асырады.
Азамат және экономиканың мемлекеттік емес қаржылық бақылау аясына –
экономиканың мемлекеттік емес аясын бақылау үшін мемлекет жағынан қаржылық
бақылау, яғни азаматтар мен ұйымдардың қаржылық пән аясын сақтау. Мемлекет
алдында ақшалай міндеттемелерді орындау. Ол міндеттемелер:
салық және басқа да төлемдер
бөлінген бюджеттік субсидия және несиелерді мақсатты және заңды түрде
пайдалану.
заңнамамен бекітілген ұйымдастырылу ережелерін сақтау.
Қаржылық бақылау ұйымдарының қызметі төмендегідей құжаттардағы күшіне
енген заңдағы бекітілген заңды нормалармен байланысты:
ҚР Конституциясы
ҚР Азаматтық кодексі
ҚР Салық кодексі
ҚР Бюджет кодексі
Қаржылық бақылауды іске асыратын ұйымдар мемлекеттік те, мемлекеттік
емес те болуы мүмкін.

дамытудың негiзгi мiндеттерi
Тұжырымдама мынандай негiзгi мiндеттердi жүзеге асыруға бағытталған.
1. Республикалық және жергіліктi бюджеттердiң атқарылуының бақылау жүйесiн
одан әрi дамыту олардың нормативтiк базасын, ең алдымен халықаралық
нормаларға бейiмделген бақылаудың негiзгi қағидаттары мен стандарттарын
жасақтауды мемлекеттік қалыптастыруды белгiлеу, сондай-ақ бақылаудың тұтас
алғандағы тиiстi мәселелер жөнiндегi әдiстемелiк жұмыстарын ұйымдастыру.
2. Экономика саласындағы құқық бұзушылықпен күрес және мемлекет
меншiгiндегi мүлiктi тиiмдi пайдалану үшiн республикалық және жергiлiктi
бюджеттердiң атқарылуының бақылау жүйесiн жетiлдiру жолымен алдын алу
шараларын қабылдау.
3. Бюджеттiк бағдарламалау әдiстерiнiң дамуы мен енгiзілуiн ескере отырып
республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылаудың бiрыңғай
әдiстемелiк базасын жасау және ақпараттық жүйелерiн жетiлдiру.
4. Есеп комитетiнiң, мәслихаттардың тексеру комиссияларының және
мемлекеттiк басқару органдарының республикалық және жергілiктi бюджеттердiң
атқарылуын бақылау саласындағы ақпараттық жүйелерiн бiрiктiру.
5. Мемлекеттiк органдардың республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң
атқарылуын бақылау жүйесiн жүзеге асырудағы өкiлеттiктерiн бiр-бiрiнiң
қайталауын болдырмау және нақты жiктеу.
6. Барлық мемлекеттiк органдардың республикалық және жергiлiктi бюджеттердi
атқару жөнiндегi қызметтерiнiң "ашықтығын", кең жариялылығын және жұртшылық
пен барлық салық төлеушiлер үшiн ашықтығын қамтамасыз ету.
7. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуының бақылау жүйесiн
сапалық және сандық тұрғыдан ресурстық қамтамасыз етудi жақсарту.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ішкі бақылау
жөніндегі мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі, әкім
уәкілдік берген мемлекеттік органдар және мемлекеттік органдардың ішкі
бақылау қызметтері болып табылады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын
мемлекеттік орган Есеп комитеті болып табылады. Жергілікті бюджеттердің
атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Қазақстан
Республикасының Үкіметі уәкілдік берген мемлекеттік органдар,
мәслихаттардың тексеру комиссиялары болып табылады.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын сыртқы
бақылаудың мемлекеттік органдарының өкілеттіктері мен құқықтары
1. Есеп комитеті Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынады
және есеп береді.
2. Есеп комитетінің құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының
Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының заңдарымен,
Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен белгіленеді.
Есеп комитеті туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
3. Есеп комитеті:
1) Қазақстан Республикасының Президентіне Есеп комитетінің жұмысы туралы
тоқсан сайынғы ақпаратты табыс етіп отырады;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің республикалық бюджеттің атқарылуын,
оның кірісіне салық және басқа да міндетті төлемдердің толық әрі уақтылы
түсуін, бюджет қаражатының нысаналы және тиімді пайдаланылуын талдауға,
бақылаудың қорытындылары мен нәтижелеріне байланысты мәселелер жөніндегі
тапсырмаларын, сондай-ақ басқа да жекелеген тапсырмаларын орындайды;
3) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті Қазақстан
Республикасының Парламентіне есепті жылдан кейінгі жылдың 1 маусымынан
кешіктірмей табыс етіп отырады, ол өзінің мазмұны жағынан Қазақстан
Республикасы Үкіметінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі
жөніндегі қорытынды болып табылады және Қазақстан Республикасының
Парламенті бекіткеннен кейін ол бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға
тиіс.
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілдік берген мемлекеттік органдар
табыс еткен бақылау жүргізу актілерін талдайды және республикалық бюджеттің
атқарылуын осы органдар жүзеге асыратын бақылаудың тиімділігін арттыру
жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар береді;
5) республикалық бюджеттің қаражатын пайдалануда бақылау объектілері
лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыс белгілері, Қазақстан
Республикасының заңдарын өзге де бұзу фактілері анықталған жағдайда,
бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына береді.
4. Есеп комитеті:
1) республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің
Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының талаптарын сақтауын; республикалық
бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) атқарылуын және
кредиттердің, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заемдардың нысаналы
пайдаланылуын; мемлекеттік органдардың республикалық бюджетке қаражаттың;
республикалық бюджеттен мемлекеттің міндеттемелерін жабуға берілген
қаражаттың толық және уақтылы түсуін олардың қамтамасыз ету бөлігіндегі
қызметін бақылауды жүзеге асыруға;
2) республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің
қаржылық есептілігін бақылауды жүзеге асыруға;
3) республикалық бюджет қаражатын, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша
алынған қаражатты пайдаланудың тиімділігін бақылауды жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметінен және бақылау объектілерінен
республикалық бюджет қаражатының толық түсуі мен пайдаланылуына қатысты
мәселелер бойынша қажетті құжаттама мен ақпаратты сұратуға және алуға;
5) бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламалардың (кіші
бағдарламалардың) экономикалық тиімділігі мен мақсатқа лайықтылығына баға
беруге;
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен бақылау объектілерінің банк
шоттары бойынша республикалық бюджет қаражатының түсуі, аударылуы, сондай-
ақ нысаналы пайдаланылуы бөлігінде банктерді және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды тексерудің қорытындылары
туралы мәліметтерді сұратуға және алуға;
7) республикалық бюджеттің атқарылуы мәселелері бойынша бақылау объектілері
лауазымды адамдарының есептерін тыңдауға;
8) Есеп комитеті анықтаған бақылау объектілері лауазымды адамдарының
республикалық бюджеттің атқарылуы туралы нормативтік құқықтық актілердің
талаптарын сақтамау фактілері бойынша Қазақстан Республикасының
Президентіне ұсыныстар енгізуге;
9) өзі белгілеген мерзімде бақылау объектілерінен бақылау жүргізуге
байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттар, анықтамалар, ауызша және
жазбаша түсініктемелер алуға;
10) республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жүргізуге мемлекеттік
органдардың тиісті мамандарын тартуға;
11) республикалық бюджеттің атқарылуына ықпал ететін нормативтік құқықтық
актілердің қолданылуы жөнінде ұсыныстар әзірлеуге және енгізуге;
12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді
жүзеге асыруға құқылы.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілдік берген мемлекеттік орган:
1) мәслихаттардың тексеру комиссияларына бақылау жүргізу актілерін, сондай-
ақ ақпарат беру үшін жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау жоспарларын
жібереді;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті бюджеттер
қаражатының нысаналы және тиімді пайдаланылмауын тыю мен оған жол бермеу
жөнінде шаралар қолданады;
3) жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалануда бақылау объектілері

Республикасының заңдарын өзге де бұзу фактілері анықталған жағдайда бақылау
материалдарын құқық қорғау органдарына береді;
4) жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау саласында кадрлардың
біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастырады.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілдік берген мемлекеттік орган:
1) жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің
Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының талаптарын сақтауын бақылауды
жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының жергілікті бюджеттердің
атқарылуы туралы талаптарының бұзылуы себептеріне баға беруге;
3) өзі белгілеген мерзімде бақылау объектілерінен жергілікті бюджеттердің
атқарылуына бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті
құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұратуға
және алуға;
4) жергілікті бюджеттердің атқарылуындағы анықталған бұзушылық фактілері
бойынша бақылау объектілерінің лауазымды адамдарын тыңдауға;
5) жергілікті бюджеттердің атқарылуына бақылау жүргізуге мемлекеттік
органдардың тиісті мамандарын тартуға;
6) құпиялылық режимінің, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де
құпияның сақталуын ескере отырып, жергілікті бюджеттердің атқарылу
мәселелеріне жататын құжаттармен кедергісіз танысуға;
7) жергілікті бюджеттердің атқарылуына бақылау жүргізудің нормативтік
құқықтық базасы мен әдістемесін жетілдіру мәселелері бойынша іс-шаралар
әзірлеуге;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге
асыруға құқылы.
7. Мәслихаттың тексеру комиссиясы:
1) мәслихат пен әкімге, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жергілікті
атқарушы органның тиісті есебі бойынша қорытынды беріп, оны кейіннен
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
2) мәслихат пен әкімге бақылау нәтижелері бойынша жергілікті бюджеттің
қаражатын нысаналы және тиімді пайдаланбау фактілері туралы, сондай-ақ
жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі жұмыстағы кемшіліктер туралы
хабарлап отырады;
3) жергілікті бюджеттің атқарылуын әкім уәкілдік берген мемлекеттік орган
жүзеге асыратын бақылаудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар береді;
4) Үкімет пен әкім уәкілдік берген мемлекеттік органдар табыс еткен бақылау
жүргізу актілеріне талдау жасайды;
5) жергілікті бюджеттің қаражатын пайдалануда бақылау объектілері лауазымды
адамдарының әрекеттерінде қылмыс белгілері, Қазақстан Республикасының
заңдарын өзге де бұзу фактілері анықталған жағдайда бақылау материалдарын
құқық қорғау органдарына береді.
8. Мәслихаттың тексеру комиссиясы:
1) жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің жергілікті
бюджеттің атқарылуы туралы мәслихаттар шешімдерінің атқарылуын; жергілікті
бюджеттен берілген қаражаттың, оның ішінде кредиттердің, нысаналы
пайдаланылуын; мемлекеттік органдардың жергілікті бюджетке қаражаттың толық
және уақытылы түсуін олардың қамтамасыз ету бөлігіндегі қызметін бақылауды
жүзеге асыруға;
2) жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қаржылық
есептілігін бақылауды жүзеге асыруға;
3) жергілікті бюджеттің қаражатын, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша

4) өзі белгілеген мерзімде бақылау объектілерінен бақылау жүргізуге

5) жергілікті бюджеттің атқарылуына бақылау жүргізуге жергілікті атқарушы
органдардың тиісті мамандарын тартуға;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге

мемлекеттік органдарының өкілеттіктері мен құқықтары
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілдік берген мемлекеттік орган:
1) республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау саласындағы орталық
мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтерінің жұмысын үйлестіріп
отырады;
2) орталық мемлекеттік органдар жүзеге асыратын бақылаудың тиімділігін
арттыру жөнінде ұсынымдар береді;
3) Есеп комитетіне бақылау жүргізу актілерін, сондай-ақ ақпарат беру үшін
республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жоспарларын жібереді;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық бюджет

6) республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау саласында кадрлардың
біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды ұйымдастырады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілдік берген мемлекеттік орган:

мемлекеттік кәсіпорындардың таза табыс үлесін республикалық бюджетке толық
және уақтылы аударуын, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктерінде табыстың
мемлекеттік үлеске және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz