Қаржылық жағдайды талдау әдістері туралы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 1
1.Қаржылық жағдайды талдау әдістері 3
2. Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының
динамикасын талдау 6
Қорытынды 14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 15

Кіріспе

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және
де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің
нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылык жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас
бұрын, "қаржылық жағдай дегеніміз немесе "қаржылык жай-күй" дегеніміз не
соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиетгерде бұл
ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы
(активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру
көздерімен (меншіктік капитал және мін-деттемелер, яғни пассивтер)
сипатталады" деп жазған.
Профессор Н.А Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен
сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорын-ның қалыпты
өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы
ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату
және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық
қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының
жақсылығын көрсетеді".
Жоғарыда берілген анықтамалар карастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті
дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек аныктауға
мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен
есептелетін бірынғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі,
қор кайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) каржылык жағдай
түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға
тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық.
Кәсіпорынның қаржылық тұракгылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды
атап көрсетуге болады:
• кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
• шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем
қабілегтілігі бар сұраныстағы үлесі;
• төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
• шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
• қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік
пен қаржы ресурстарының жағдайы;
• кәсіпорындарды басқару тиімділігі.

1.Қаржылық жағдайды талдау әдістері

Нарықгық катынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді
талдауды ішкі (баскару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді
кажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі
ақпараттык көздері бар.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі
ережелерін калыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп
қарастыруга болады:
1) көлденең талдау;
2) тікелей талдау;
3) трендтік талдау;
4) салыстырмалы талдау;
5) факторлық талдау;
6) қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясынан өткен
кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік
есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға
мүмкіндік береді.
Тікелей талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін
айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол
жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке
баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және
ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс
валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.
Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады.
Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке
көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл
деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын
есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп
позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке
кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған
көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің
көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал
одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған
әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.
Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде
шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы
ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициентерді есептеу баланстың жеке
баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар
кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база
болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын
құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара
математикалық қатынастарды көрсетеді.
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудын, пайдалылығы
оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл - қатынастарды талдаудың ең
қиьш аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы
факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық
жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар. Қатынастарды үлкен
байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да,
бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі,
теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау
болашаққа бейімделуі тиіс.
Салыстырмалы (кеңістік) талдау - бұл фирмалардын, еншілес фирмалардың,
бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің
құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген
фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық
мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы
шаруашылық аралық талдау болып тыбалады.
Факторльқ талдау - бұл жекелеген факторлардьш (себептердің) қорытынды
керсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе
реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау
қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде тура, ал
оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол кері
(синтез) болуы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, каржылык жағдайды талдауда
экономикалық (элиминирлеу, баланстық үйлесу және тағы басқа), сондай-ақ
экономикалык және математикалык статистиканың (топтау, орташа және
салыстырмалы шама, графиктік және индекстік әдістер, корреляция, регрессия
және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық
ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану
кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылык
субъектісінің қаржылық тұрақтьлығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға
байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.

2. Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының
динамикасын талдау

Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін
талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және
оның құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да
есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал
мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның каржылык
тұрақтылығын көрсетеді.
Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-
өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады.
Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын
болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын
алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудін
ағымдағы активтерінің кұрас-тырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі
өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде
ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол
банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелерімен
жабылады.
Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және
қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру
кезеңіндегі олардьң өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл
кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз
қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығьның барлығын көрсетеді.
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге
капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықгау маңызды. Бұл
керсеткіштер арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік
коэффициенті, автономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бірғана - бұл
коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты
тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық жағдайды басқару
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау туралы ақпарат
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын болжау әдістері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын талдау
Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайының теориялық негіздері
Экономикалық талдау жүйесіндегі кәсіпорын қызметін талдау
Қаржылық жағдайды талдау түсінігі
Ұйымның қаржылық жағдайын талдау. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың міндеттері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негізі
Пәндер