Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен

әдістері

2. Халықаралық экономикалық қарым- қатынастардағы

нарықтық механизм

Қорытынды

Кіріспе

Нарыққа көшу өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге дүние жүзінің көптеген елдерімен халықаралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет етеді.

Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңи тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылармен және халықаралық қаржы -кредит институттарымен сауда, кредит, инвестициялық, борыш, есеп - қисап, трансферт және өзге де операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды . Басқаша айтқанда, бұл - валюталық есеп-қисап жүйесі ортақтастыратын резидеттердің бейрезиденттермен, елдің экономикалық агенттерінің «басқа дүниемен»(Ұлттық шоттар жүйесінің түсіндірмесі бойынша) қатынастары . Бұл қатынастарда және сыртқы экономикалық байланыстар жүйесінде қаржы үлкен рөл атқарады. Ол шаруашылық жүргізудің экономикалық құралы ретінде Қазақстанды дүниежүзілік экономикаға ықпалдасуды жүзеге асыру үшін пайдалынады. Халықаралық экономикалық байланыстар сферасында қалыптасып отырған қаржы механизмі Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы саласында мемлекеттік қаржы саясатын іске асырудың құралы болып табылады .

Іс- әрекет етудің айрықша нысаны ретіндегі сыртқы экономикалық қызметтің қаржысы өзгеше белгілерге ие. Ол тек ұлттық валютада ғана емес, сондай-ақ шетелдік валютада да қалыптасатын ресурстарда нақты түрде көрінеді. Бөлгіштік қатынастардың міндетті субьектілері шетел мемлекеті, халықаралық ұйым, фмрма және басқалары арқылы шетелдік әріптестер болып табылады . Қаржы қатынастары ұлттық экономикалардың шекарасынан шығып кетеді және халықаралық ықпалдастық процестің дамуы мен тереңдей түсуіне жәрдемдесе отырып, оны жүзеге асырады.

Халықаралық байланыстарды дамытудағы қаржының рөлі үш бағыт бойынша көрінеді:

Қаржы көздерін іздестіру және халықаралық ынтымақтастықтың әр түрлі бағыттарын қаржыландыру үшін қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыру;

Халықаралық ықпалдастық процестерді реттеу;

Халықаралық қатынастардың әрбір түрін және бұл қатынастардың тікелей қатысушыларын ынталандыру.

Дамудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар жатады:

1) сыртқы сауда

2) шетелдік инвестициялау: бірлескен кәсіпкерлік, соның ішінде заңи тұлғалардың мүлкіне акциялар және басқа бағалы қағаздар арқылы үлестік қатысу;

3) концессиялар - елдің аумағында шаруашылық және өзге қызметті жүзеге асыру үшін мемлекет меншігіндегі табиғи ресурстарды, әр түрлі обьектілерді пайдалануға мүлік құқықтарын алу, меншікті жалдау.

4) Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы-кредит ұйымдарына қатысуы; сыртқы экономикалық қызметтің бұл нысанымен шетелдік кредиттер мен қарыздарды беру байланысты және халықаралық қаржы және басқа ұйымдарға жарналар төленеді;

5) ғылым, техника, мәдениет, туризм салаларындағы ынтымақтастық;

6) шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа қызметкерлерді ұстау жөніндегі есеп-қисаптарды жүргізу.

Сыртқы экономикалық қызметке сонымен бірге шетелдік активтерге; бағалы қағаздарға, шетелде өнеркәсіп және басқа обьектілер салуға капитал жұмсау нысанындағы сыртқы инвестициялау жатады; алайда, қызметтің бұл түрі Қазақстанда қаржылық және материялдық- техникалық ресурстардың жетіспеушілігінен нашар дамыған. Мұндай активтер айтарлықтай дәрежеде шетке «капиталдың кемуі» болып табылады.

Арнаулы(еркін) экономикалық аймақтарды - айрықша құқықтық және экономикалық режімі бар арнайы бөлінген аумақтарды қалыптастыру қызметтің ерекше түрі болып табылады, олар аймақты жеделдетілген әлеуметтік- экономикалық дамыту үшін шетелдік капиталды, прогресивті шетелдік технологиялар мен басқару тәжірибесін тарту мақсатымен құрылады.

Аталған сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту республиканың шетелдермен валюта-қаржы, есеп-қисап және кредит қатынастарының негізіне қойылған.

Сыртқы сауда экспорт пен импортты қамтиды. Өндірістің қазіргі қалыптасып отырған құрылымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі әзірше шикізатқа, түсті металдарға, материалдарға, отынға, астыққа және шала фабрикаттарға тиіп отыр.

Сонымен бірге қазіргі кезде өндірістің қалыптасқан құрылымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі минералдық өнімдерге - 50% тиеді, оның үстіне мұнай мен газ конденсатының үлес салмағы 50% құрайды. Металлургия өнеркәсібінің өнімі 22, 4%, химия өнеркәсібінің өнімі 5%, азық-түлік тауарлары мен оларды өндіруге арналған шикізат 7% алады. Агроөнеркәсіп кешенінің негізгі баптары мақта талшығы, астық және былғары шикізаты болып қалуда.

Қаржы практикасында экспорттың бюджеттік тиімділігі - валюталық түсім-ақша мен шығындардың өнім өндіруге жұмсалынған шығындардың, ішкі бағалардағы оның құны және қосымша шығыстар- көлік, жүкті ауыстырып тиеу, порттарда, стансаларда сақтау шығындарының ара салмағы ұғымы қолданылады.

Валюталық түсім-ақша Ұлттық банктің бағамымен теңгеге қайта саналады. Экспорттың тиімділігі оның құрылымын жетілдіруді арттыру, яғни машина жасау өнімін, қызметтің еңбекті және ғылымды көп қажетсінетін түрлерін көбейту жолымен мүмкін болады.

Импортта негізгі баптар машиналар, құрал-жабдық, көлік құралдары, приборлар- 41% химия өнімдері, пластмассалар, каучук, минералдық өнімдер, асыл емес металдар мен оларды өндіруге арналған шикізат, басқадай баптар болып табылады.

Макроэкономикалық терияға сәйкес экспорттың импорттан асып түсуі таза экспорт таза ұлттық өнім көлеміне оның мультипликациялануы әсеріне байланысты ұлттыұ экономиканы дамытудың қолайлы факторы деп есептеледі. Сонымен бірге бұл асып түсу елдің төлем балансының едәуір ара салмағы жағдайында оң айырмасын тудыруы мүмкін. Жалпы валюталық- қаражаттардың эккспорттық түсімдері есебінен елдің импорты қаржыланады. Қысқа мерзімді жоспарда импорттың экспорттан асып түсуі қолайсыз фактор болып табылмайды, өйткені отандық тұтынушылар қажетті тауарламрды, әсіресе олардың меншікті рыноктағы тапшылығы кезінде көп алады. Алайда ұзақ мерзімде бұл құбылыс төлем балансының пассивін теңестіру үшін пайдалынатын ресми валюталық резервтердің сарқылуына ұрындыруы мүмкін. Төлем баланстарының орнықты және ұзақ тапшылықтары экономиканы күрделі қайта құруды, сауда тосқауылдары мен басқа шектеулерді қажет етеді, ұлттық валютаның құнсыздануына, елдің сыртқы берешегінің көбеюіне соқтырады.

Экспорт-импорт операцияларын жүргізуде республиканың негізгі әріптестері жақын шетелдер, дамыған капиталистік елдер болып отыр.

Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі- шетел инвесторларының қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің басым міндеттерін шешу, рынокты тұтыну тауарларымен молайту және экспорттық әлуетті кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Сыртқы кредиттерді қамтамасыз ету үшін алтын-валюта резервтері жасалған, олар сонымен бірге ұлттық валютаны да қамтамасыз етеді. и Кредиттерді қамтамасыз етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың қорлары болып табылады.

Шетел капиталы елге кредит, дамуға ресми көмек, инвестициялар сияқты үш әр түрлі нысанда түседі.

Инвестициялардың екі түрі болады: тура және портфелдік.

Тура инвестициялар дегеніміз шетелдік капиталды оның егесінің өз тәуекелдігімен пайда алу үшін басқа елдің экономикасына жұмсауы. Портфелдік инвестициялар- қаражаттарды жалған капиталға- басқа елдің заңи және жеке тұлғалары шығаратын бағалы қағаздарға жұмсау.

Шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс:

  1. шетелдік инвесторлардың қызметімен байланысты әкімшілік рәсімдерді ықшамдау: жұмыс істеу құқығына, ел ішінде жүріп- тұруға, кедендік және шекаралық бақылаудан өтуге рұқсаттар беру, рұқсатнама беру және т. б;
  2. елдің ұлттық мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі басымды салық жеңілдіктерін және басқа жеңілдіктерді беру.
  3. жерді, жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану құқығын қамтамасыз ету, қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;
  4. пайда әкетіліміне үкімет кепілдіктерін немесе оны қайта капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын беру.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандырудың әлеуметтік - экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары туралы
Қаржылық реттеу түсінігі
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу
Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні мен функциялары және ролі
Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибелері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ МЕН ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ
Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржылар
Қаржы саясаты
Қаржы саясаты және экономикалық реттеудегі рөлі
Сырқы экономикалық сауда
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz