Ұзақ мерзімді міндеттемелер түсінігі, мәні мен мазмұны


ЖОСПАР
Кіріспе2
1. Ұзақ мерзімді міндеттемелер түсінігі, мәні мен мазмұны2
2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі4
2. 1 “Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер есебі”4
2. 2 ”Ұзақмерзімді міндеттемелерді басқару”10
Қорытынды12
Қолданылған әдебиеттер тізімі13
Кіріспе
Қазіргі нарықтық экономикадағы шаруашылық субъектілерін және олардың қандай салада қызмет атқаратындығында қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері, оның ішінде ұзақ мерзімді міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шарушылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзінің қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлерге олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі. Сондықтан да олардың мақсаты мен міндеттерін қарастыру қажет. Осыған байланысты ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелердің өзекті міндеттері мен мақсаттарын қарастырайық.
1. Ұзақ мерзімді міндеттемелер түсінігі, мәні мен мазмұны
Міндеттеме - бұл анықталған іс бойынша орындаудың міндеттері немесе қарызы. Міндеттеме-бұл алдыңғы мерзімде пайда болған субъектілердің берешек. Оны өтеу кезінде экономикалық табыстарды алып келетін ресурстардың мекемеден кетуне алып келеді. Жалпы міндеттемелер ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінеді. Соның ішінде ұзақ мерзімді міндеттелерді қарастырайық.
Ұзақ мерзімді міндеттеме-бұл зайым алушының балансының нақты датасынан бір жылдан астам төлем мерзімі бар міндеттеме. Ұзақ мерзімді міндеттемелер арасына ұзақ мерзімді несиелерді, мерзімі ұзартылған салықтарды, ұзақ мерзімді кредиторлық берешекті қатыстырады. Жалпы ұзақ мерзімді міндеттемелердің көбеюі пайыздың көбеюіне алып келеді. Бірақ ұзақ мерзімді міндетемелердің көбеюі кәсіпорын үшін қауіпті, себебі міндеттемелер бойынша пайыздарды төлеу шығындарының үлес салмағы өседі. Қарыздық келісімдер іс-әрекеттерді және ұйымдардың қаржылық құрамын шектейді. Міндеттемелердің орындалмау тәуекелін азайту мақсатында шектеулер дивидендтердің максималдық мөлшерін табыстардың белгіленген деңгейін сақтау талабында және өтімділікті кіргізеді. Инвестордың позициясы бойынша несиелендіру - бұл инвестицияларды орналастырудың ең үмітті тәсілі, себебі несие берушілер қарыздық төлемдердің заңды орындалуының ең жоғарғы қауіпсіздігі қолданылады және активтер құқықтарын алады, егерде қарыз алушының ұйымы жойылса.
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің пайда болу себептеріне келесілерді кіргіземіз:
- Тартылған капиталды алу кейбір компаниялар үшін оңай;
- Тартылған қаражатардың толық құны жаңа акциялардың қаржыландыруынан төмен;
- Кейбір субъектілер тартылған қаражаттардың үлкен үлес салмағына қарамастан, осы қаражаттарға пайда түсіреді және пайданың мөлшері пайыздық төлемдерден артық болады.
Ұзақ мерзімді міндетемелерді бағалау және өлшеу кезінде келесі принциптерді есепке алу қажет:
- Ұзақ мерзімді міндеттемелерді қарызға алынған тауарлар мен қызметтердің әділетті нарықтық құн бойынша тіркейді;
- Пайыздардың өз мерзімінде төленуі міндеттемелерді шығару датасындағы нарықтық пайыздық қойылымына негізделген;
- Ұзақ мерзімді міндеттемелердің баланс датасындағы қалдық құны - бұл эмиссия негізіндегі нарықтық пайыздық қойылымына дейін дисконтталған қолма-қол қалған төлемдердің нақты құны. Пайыздық қойылым міндеттемелердің негізінде өзгермейді.
Жалпы міндеттемелер міндеттемеледі өтеу мерзіміне байланысты ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінеді
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің келесідей түрлері бар:
- Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер. Міндеттеменің бұл түрі келесілерді кіріктіреді:ұзақ мерзімді банктік қарыздарұзақ мерзімді алынған қарыздарөзге де ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер
- Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек. Міндеттеменің бұл түрі келесілерді қарастырады:жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін ұзақ мерзімді берешекеншілес ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық және бірлескен ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешекфилиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешекжалдау бойынша ұзақ мерзімді берешектөлеуге арналған ұзақ мерзімді сыйақыларөзге де ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
- Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері. Ол келесілерді кіріктіреді:ұзақ мерзімді кепілгерлік міндеттемелерзаңды наразылықтар бойынша ұзақ мерзімді бағалау сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелеріөзге де ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері
- Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер. Міндеттеменің бұл түрі келесілерді қарастырады:корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер, мұнда салық салынатын уақытша айырмаға байланысты болашақ кезеңдерде төлеуге жататын пайдаға салынатын салық сомасы есепке алынады
- Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер. Міндеттеменің бұл түрі келесілерден тұрады:алынған ұзақ мерзімді аванстаралдағы кезеңдердің кірістеріөзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер
2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі
2. 1 “Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер есебі”
“Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер” ұзақ мерзімді кредиторлық берешекті алып тастағанда, ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерді есепке алуға арналған және шоттардың келесі топтарын қамтиды:
4010 “Ұзақ мерзімді банктік қарыздар”, бір жылдан асатын мерзіммен банктік ұйымдардан алынған қарыздар көрсетіледі; Қарыз ресми мәртебесі бар банктерге, мерзім, төлеу және қайтару шарттарын қарастыратын коммерциялық келісім шарт негізінде кредитті төлеу қабілеті бар ұйымдарға беріледі.
Банк қарызы - бұл банктің клиентке соманы белгілі бір мерзімге сыйақы төлеумен ұсынуы және бөлісуі
Банктің қарыз түрлері:
- Қысқа мерзімді - бір жылға дейін, бірақ екі жылдан көп болмауы керек;
- Орташа мерзімді - бір жылдан үш жылға дейін;
- Ұзақ мерзімді - үш жылдан жоғары.
Орташа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар өндірістік және кәсіпорынның әлеуметтік даму мақсаттарына пайдаланылады.
Кредиттеудің негізгі түрлері:
- Аванстық - дайындаушы ұйымдарға беріледі;
- Бланктік - қаржысы тұрақты субъектіге, сенімді төлеушіге толық сеніп беріледі;
- Консорциумдық-бірлестірілген кредит - бір қарыз алушының екі немесе одан да көп банкілеріне аса ірі мақсатты бағдарламаны кредиттеу үшін беріледі;
- Ипотекалық - мүлік кепілдігімен берілетін ұзақ мерзімді несие;
- Овердрафт - нәтижесінде дебеттік сальдо пайда болатын банктегі клиент шотынан қаражатты есептеп шығарып тастау арқылы жүзеге асырылатын қысқа мерзімді кредиттеу түрі;
- Кредиттік желі - міндеттемесі заңмен рәсімделген банктің “қарыз алушыға” өзінің алғашқы талап етуі бойынша немесе ең аз деңгейдегі нақты төлем шегінде кредиттік кезең ішінде беру;
- Тұтыну мақсаттарына арналған кредит, яғни кредитке алынатын тауарлармен, басқа да жеке қажеттіліктерге (шаруашылық құруға, мал-құс өсіруге және т. б. ) ;
- Стенд-бай - Халықаралық валюта қорының елдерге ұсынатын кредиті.
Бұл шотта қарастырылатын кейбір корреспонденциялар келесі кестеде келтірілген:
Кесте 1
4020 “Ұзақ мерзімді алынған қарыздар”, бір жылдан асатын мерзіммен банктік емес ұйымдардан алынған қарыздар есепке алынады; Банктен тыс мекемелерден қарыз алу- “қарыз беруші” жақ “қарыз алушы” жаққа белгілі бір кезеңде қайтару шартымен ақша немесе материалдық қорды келісімшарт бойынша қарызға береді.
Банктен тыс мекемелерден берілетін қарыз мыналар бойынша айрықшаланады:
- өтемақылық- шетелдік валюта қарызына айырбастау;
- тіркелген- тіркелген уақыт кезеңіне тіркелген пайыз;
Берілген ұзақ мерзімді несиені есепке алу үшін 4020 “Ұзақ мерзімді алынған қарыздар” деген шотын пайдаланады. Бұл пассивті шотта еліміздің ішіндегі және шетелдегі қарыз берушілердің мәліметтері жинақталады.
Сонымен қатар, бухгалтерлік есептің Бас шоттар тізбегінде төлемдер мен міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін, берілген және алынған кепілдемелердің қозғалысы мен қолда барын, есепке алу үшін баланстан тыс екі шотын: 008 “Алынған міндеттемелерді қамту мен төлемдер” және 009 “Берілген міндеттемелерді қамту мен төлемдер” деген шоттарын пайдаланады.
Міндеттемені қамтамасыз етудің кепілді ретінде үшінші тұлғаның кепілдігі, кепілге салудың шарты, сақтандыру полисі және тағы басқалар болады. Кепілдеменің және кепілге салудың мәнін қарастырайық. Кепілдеме кепілгер-кәсіпорыннан несие берушіге борышкерден алынуға тиісті соманың уақтында төленуін қамтамасыз ету үшін беріледі. Кепілдемені банктер, кәсіпорындар және мекемелер бере алады. Кепілдеменің мәні: борышкер кәсіпорын несие бойынша өзінен алынуға тиісті төлемдерді мерзімінде төлей алмаған жағдайда банктер, кәсіпорындар және ұйымдар несиені төлеуді өз мойындарына алады. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін тәсіл ретінде кепілдеме кәсіпорындардың қазіргі өндірістік және коммерциялық қызметтерінде аталған жағдай кеңінен қолданылып жүр.
Кредиторлардың талабын қанағатандыру үшін кепілдік келісім-шарттың рәсімдеуін реттеуші ретінде Қазақстаг Республикасының №254-30 маусым 1998 жылы шыққан “Кепілдік мүліктің қозғалысын тіркеу туралы” заңы негізгі құжат болып табылады.
4030“Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер”, мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге қаржылық міндеттемелер есепке алынады.
4031”Облигациялар”. Облигация - бұл ұзақ мерзім негізінде капиталдың көптеген сомаларын қорғау үшін ұйымдар және мемлекеттік мекемелер шығаратын қарыздық куәлік Облигация - бұл облигацияны инвестициялық ұстаушысының формальдық уәдесін білідретін заңды құжат. Оларды бірнеше тәсілмен іске асырады. Көптеген жағдайларда облигацияның эмиссиясын банк-инвесторларға сатылады. Инвестициялық банктер жеке инвесторларға белгіленген баға бойынша облигацияның эмиссиясына кепілдік береді. Сату кезінде жәрдем беру және тәуекелділікті тұтас немесе оның бөлігін банк өзі мойындайды. Қаржылық мекемелердің қатыстық тікелей орналасуы және бөлек инвесторлар үшін кепілдіктерді беруі- облигацияларды іске енгізудегі немесе енгізілуі үшін ең пайдалы факторлардың бірі. Облигацияның көптеген эмиссиялары жазбаша түрінде ұсынылады . Жазбаша құжат- бұл элементтің қаржылық есептіліктерін кіргізетін және ұсынылған бағаны белгілейтін ұсынылатын мәліметтерді көрсететін эмитент компаниясының қызметін белгілейтін және мәліметтердің сатылу шарттарын анықтайтын құжат.
Номиналдық құны бойынша шығарылған облигацияларды есепке алған кезде келесідей жұмыстар жасалынады:
- Облигацияны номиналдық құнымен тіркеу
Дт Ақшалай қаражаттар
Кт Төленуге тиісті облигациялар
- Пайыздарды есептеу. Ол формула бойынша жүргізіледі:
(1)
Пайыздарды есептеу үшін формула арқылы анықталан сомаға келесідеій өткізбе беріледі:
Дт Пайыздар бойынша шығындар
Кт Төленуге тиісті есептелген пайыздар
- Егер облигацияның нарықтық және бекітілген пайыздық қойылымы тең болса, онда оларды номиналдық құны бойынша сатады
- Егер нарықтық пайыздық қойылым бекітілген қойылымнан артық болса, онда облигацияны жеке құны бойынша осы жеңілдіктерді есептен шығарудың екі әдісі бар:
а) Тікелей әдіс бойынша келесі көрсеткіштер анықталады:
- төлемдердің жалпы саны = төлемнің жалпы саны
- пайыздың әр төлеміндегі облигациялық жеңілдікті алу сомасы = облигациялық жеңілдік / төлемнің жалпы мөлшері
- төлеген пайыздың сомасы = номиналдық құн* номиналдық пайыздық қойылым * уақыт
- төлеу күніндегі пайызды өтеу бойынша шығындардың жиынтық сомасы = төлеген пайыздың сомасы + облигацяның жеңілдікті өтеу
Өтеу күні пайызды төлеу кезінде келесідей өткізбі беріліеді:
Дт Облигацияның пайыздары бойынша шығындар
Кт Облигациялар бойынша өтелмеген жеңілдік
Кт Ақша қаражаттары
б) Тиімді пайыздық қойылым әдісі облигацияның мерзімінде ноның баланстық құнының тұрақты деңгейде болуын қарастырады. Және арнайы кесте арқылы жеңілдіктердің амортизациясы есептелініп, баланстық құны анықталады. Төлеу күнінде пайыздың өтелуі бойынша өткізбе тікелей әдістегідей сақталынады.
Егер бекітілген пайыздық қойылым нарықтық қойылымнан артық болса, онда облигация премиямен сатылады. Осындай кезде облигациялардың бекітілген құнын нарықтық құнынан артық ұсынады, себебі облигацияны тиімді көрсеткісі келеді. Облигацияның бағасы табыс нарықтық қойылымына қатысты азаюы басталған соң төмендейді.
Премия облигациялық зайымның мерзімінде пайыздар бойынша шығындар шоты арқылы есептен шығарылады және мөлшері азайтылады. Бұл жерде премия немесе жеңілдік терминдері облигация эмиссиясының теріс және оң сапасын білдірмейді. Олар өткізу өзгерістерінің нәтижесі болып табылады. Сондықтан пайыздық табыстардың қойылымын нарықтық қөйылымымен сәкестіру қажет.
Мысалы: “Никамода” корпорациясы 1 қаңтарда 1 жылы 9% облигацияларды 2тг шығарды . Мерзімі -5 жыл пайыздар екі рет жылына төленуі қажет. 1 қаңтарда және 1 шілдеде облигациялар номиналдық құны бойынша шығарылады. Шығару туралы өткізбесі келесідей болады:
Дт Ақшалай қаражаттар-2
Кт төленуге тиісті облигациялар-2
Пайыздарды есептеген кезде
Дт Пайыздар бойынша шығындар-9000
Кт Төленуге тиісті есептелген пайыздар-9000
2*9%*1/2=9000
Егер нарықтық пайыздық қойылым бекітілген қойылымнан артық болса, онда облигациялар жеңілдіктен өткізіледі және жеңілдік шотын дебеттеу қажет.
Мысалы: Корпорация облигацияларды 50жыл мерзімінде шығарды. Жылдық пайыздық қойылым-9%, нарықтық пайыздық қойылым-10%. Пайыздар екі рет жылына төленеді. Онда пайызды есептеу кестесіне сәйкес болашақ және келтірілген құндар бойынша облигациялардың шығару құны:
9000*7, 722+2*0, 614=187749
Жеңілдіктерді бухгалтерлік есепте көрсеткен кезде келесідей анықтаулар жасалады:
- Төлемдердің алпы саны- 2*5=10
- Облигациялық жеңілдікті өтеу сомасы-385, 1
- Төленген пайыздық сомасы- 2*9%*1/2=9000
- Жиынтық сома- 9000++385=9385
1 шілдеде пайызды төлегн кезде бухгалтерлік жазу келесідей болады:
Дт Облигациялық пайыздар бойынша шығындар-9385
Кт Облигациялар бойынша өтелмген жәңілдік- 385
Кт Ақшалай қаражаттар- 9000
Егер осы мысалды қойылымның тиімді әдіспен қарастыратын болсақ, онда баланстық құнын анықтау үшін кестені қолданамыз жне ол келесідей болады:
Кесте2
Пайыздарды төлеу кезінде бірінші жылдың 1 шілдесінде бухгалтерлік жазу тиімді пайыздық қойылым әдісі бойынша келесідей болады:
Дт Облигациялардың пайыздары бойынша шығындар- 9307, 45
Кт Облигациялардың өтелмегенжеңілдігі- 307, 45
Кт Ақшалай қаражатар- 9000
Егер бектілген пайыздық қойылым нарықтық қойылымнан артық болса, онда облигацияларды премиямен сатады
Мысалы: Корпорация 9%-қ облигацияны 5 жылға шығарады. Номиналдық құны-2; шығаруы-208200; нарықтық қойылым-8% болса, онда жазу келесідей болады:
Дт Ақшалай қаражаттар-208200
Кт Төленуге тиісті облигациялар-2
Кт Облигациялар бойынша өтелмеген премия-8200
Балансты құратырғаннан кейін осы операцияны ұзақ мерзімді міндеттемелер арасына баланстық бап ретінде кіреді:
Төленуге тиісті облигациялар-2
Өтелмеген премия-8200
Барлығы-1208200
Пайыздарды төлеу арасындағы мерзімде облигацияларды сату мүмкін, онда инвестор сатып алған облигацияны ағымдағы құнын төлейді:
(2) (2)
Содан кейін пайыздарды келесі төлеу датасында инвестор барлық мерзім үшін пайыздық сомасын алады. Осылай инвесторға сатып алу кезінде төленген пайыздар қайтарылады. Облигацияларды өзге де бағалы қағаздарға ауыстыруға болады. Осындай облигацияларды конвертациялық облигациялар деп атайды. Ауыстыруды облигация ұстаушысының қалауы бойынша жүргізеді. Ауыстырудың шаттарын облигациялық конрактіге кіргізеді.
Мысалы: Компания бір жылдың ішінде 1 шілдеде акционерлердің шешімі бойынша облигацияларды сатып алған жоқ. Олардың бәрін кәдімгі акцияларға ауыстырады. Әрқайсысының құны 8 тг және ауыстырудың шарты бойыншыа 1000 облигацияны 40 кәдімгі акцияға ауыстырады. Бүхгалтерлік жазу келесідей болады:
1 шілде
Дт Төленуге тиісті облигациялар-1
Дт Есептелген шығарылымнан облигациялық премия-1447
Кт Кәдімгі акциялар-32000
Кт Номиналдан артық кіргізілген капитал- 69447
Осындай ауыстыру бойынша 40 акцияны 1000 облигацияға айналдыру нәтижесінде 4000 акцияны шығарады. Олардың номиналдық құны 32000 тг болады.
4032 ”Ұзақ мерзімді вексельдер”. Ұзақ мерзімді вексельдер - бұл қарыздық мерзімі белгілейтін құжат. Вексельді анықталған мақсаттар үшін арналған зайымдар және сатып алуларды жасаумен байланысты қолданылады. Облигациялар керісінше, капиталдың сомасын көбейту үшін пайдалынылады. Вексельдер жалпы өтеу мерзімдері бойынша облигацияға қарағанда қысқарырақ болып саналады. Вексель облигация сияқты ресурстардың сату құны есептілігінде көрсетіледі. Вексельді шығарған кезден бастап пайыздар бойынша шығындарды ағымдағы пайыздық ставка негізінде анықтайды: Халықаралық тәжірибе бойынша вексельдерді 2 жылдан 10 жылға дейін береді. Қаржылық есептілікті құру датасында вексельдің баланстық құны вексельдік зайым бойынша қалған жеке құралдар төлемдердің барлығына тең. Егерде вексельді дисконттау мақсатында қоданса, онда мерзім бойы пайыздық қойылым өзгермейді.
Закладной - бұл нақты активтермен қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді қарыздың түрі. Оны өтеу ай сайынғы төлемдер арқылы жүргізіледі. Бұл жерде төлемдердің арасына негізгі сомаларын өтеу кіргізіледі.
2. 2 ”Ұзақмерзімді міндеттемелерді басқару”
«Ұзақмерзімді міндеттемелерді басқару», мұнда ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелерін анықталмаған уақытпен және сомамен міндеттемелер ретінде есепке алуға арналған және баптардың мынадай топтарын қамтиды:
4210“ Ұзақ мерзімді кепіргерлік міндеттемелер”, мұнда бір жылдан жоғары кепілдік мерзімімен іске асырылған өнім жөніндегі кепілгерлік міндеттемелер бойынша резерв құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар көрініс табады;
4220 “Заңды наразылықтар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері”, мұнда қарау мерзімі бір жылдан сот талап етулері және өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері бойынша резерв құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар көрініс табады; Шартты міндеттемелер және шартты активтер, олар туралы ақпараттардың ашылу талаптары туралы біз 37 ҚЕХС “Резервтер, шартты міндеттемелер және шарты активтер” деген стандарттан қарауымызға болады. 37 ҚЕХС тек қана міндетеме болып табылатын резервтерді қарастырады.
Резерв компанияның анықталмаған сомасын және анықталмаған өтеу датасын қарастырады.
Міндеттемелер ағымды болып саналады, егер ол өткен (міндетті) жағдайладан пайда болса;
Міндетті ететін жағдайлар - бұл альтернативасы жоқ заңды және жеке тұлғалардың міндеттемелерін тудыратын жағдай
Заңды міндеттемелер- келісім-шарттан пайда болатын міндеттемелерді қарастыратын міндеттеме
Жеке міндеттемелер- компанияның іс-әрекетінен пайда болатын міндеттеме
37 ҚЕХС келесілерді қарастырады:
- ағымды міндетемелерді кіріктіретін резервтер
- келесі сипаттарды кіріктірмейтін болса, онда ол шартты міндеттеме
- тек мүмкін болатын міндеттеме болса
- жетерлікті сенімділік дәрежесін бағалауға бағынбайтын ағымдағы міндеттемелер
Егер келесі айтылған шарттар орындалса, онда ол резерв міндетті түрде танылады:
- Экономикалық пайданы аудару бойынша міндеттемелер компанияда қарастырылу керек
- Міндеттемелерді өтеу кезінде экономикалық пайдасы бар ресурстар ағылуы мүмкін
- Міндеттеме сомасы сенімді бағалануы керек
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz