Францияның қаржы және бюджет жүйесі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

1 Францияның қаржы және бюджет жүйесі3

2 Мемлекеттік бюджет3

3 Бюджеттік процесс6

4 Францияның макроэкономикалық жағдайы7

Қолданылған әдебиеттер тізімі12

1 Францияның қаржы және бюджет жүйесі

Франция, США және Германияға қарағанда унитарлы мемлекет және бюджет жүйесі екі буыннан тұрады;

  • Мемлекеттік бюджет;
  • Жергілікті бюджет;

Елде бюджеттік жүйенің бірлігі жоқ. Барлық бюджеттер формалды оқшауланған. Әрбір административтік бірліктің бюджеті атқарушы билік органмен бекітіледі. Францияның қаржы жүйесінде мемлекеттік (орталық) және жергілікті бюджеттерден басқа бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік кәсіпорын қаржысы кіреді.

Францияда бюджет түсінігінің өзі 1862 жылы Декрет «қаржы туралы заң» және «бюджет туралы заң» түсініктерін нақты шектеді. Біріншісі экономикалық және қаржылық тепе-теңдікті есепке ала отырып, мемлекеттік шығындар және ресурстардың көлемін белгілеу анықталады. Екінші мәселе - қаржы туралы заңның жалпы жағдайын бөлшектеу және мәнін ашу болып табылады.

2 Мемлекеттік бюджет

Франция бюджеті - мемлекеттік қаражаттарды басқарудың маңызды инструменті. Мемлекет бюджеттік жүйе арқылы ЖІӨ-нің 20% дейін және ұлттық табыстың 50%-ын қайта бөліп, қалыптастырады. Француздық қаржылық жүйесінің барлық табыстар мен шығындардың шамамен 80%-ы мемлекеттік бюджет бөлігіне тиесілі.

Орталық бюджет екі бөлімнен тұрады:

I. 90% - соңғы сипаттағы операциялар (қайтарымсыз қаржыландыру), яғни ағымдағы, азаматтық, капиталдық және әскери шығындар болып бөлінеді;

II. 10% - уақыт сипатындағы операциялар (несиелер) .

Орталық бюджет шығындары тағы екі бөлікке бөлінеді:

* ағымдағы, бұл өз кезегінде әскери әлеуметтік және т. б. болып бөлінеді;

*капиталдық, бұл әскери (әскери объекттердің құрылысы, әскери техникаларды сатып алулар), шетелдік істерге байланысты шығындар (емшілікті құру, шекарадан тыс консульствалар сонымен қатар халықаралық қаржы - немесе мекемелеріне салымдар) және т. б. кіреді.

1998 жылы Францияның мемлекеттік бюджет шығындардың негізгі баптары келесідей пайыздық (%) прапорцияларда болды:

* орта және жоғарғы білім - 27, 8;

* қорғаныс - 19, 8;

* әлеуметтік министерстволар (жұмысбастылық, соғыс ардагерлері) - 17, 6;

* құрал - жабдық, транспорт, үй - 10, 4;

* қаржылық қызметтер - 3, 9;

* ғылыми зерттеулер және технологиялар - 3, 3;

* ауыл шаруашылығы, балық кәсіпшілігі - 3;

* әділеттілік - 2, 1;

* шетел істері және қызметтестік - 1, 7;

* өнеркәсіп -1, 4;

* мәдениет пен байланыс -1, 3;

* басқа да министрліктер -1, 4;

Мемлекеттік бюджетте ерекше орынды ірі ғылыми-зерттеулер және экономикалық бағдарламаларды қаржылындыру жатады және озық техникалар мен технологиялардың дамуына аса көңіл бөлінеді. Басты осындай бағдарламаларға «ЭСПРИТ» (ESPRIT), «РЭЙС» (RACE), «БРАЙТ» (BRITE), «ЕВРОМАТ» (EVROMAT), «ЭВРИКА» (EVRIKA) жатады.

Соңғы он жылдықта мемлекет экономика өміріне араласуды күшейте түсті. Егер ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басында ЖІӨ-дегі мемлекеттік шығындар бөлігін 10-15% (1870 жылы - 12, 6%, ал 1913 жылы - 17%) құрса, ал 1960 жылда бұл көрсеткіш 34, 6%-ға өсті, 1998 жылы 54. 3%-ды құрады.

Мемлекеттік бюджет кірісі 90% салық есебінен құрылады, яғни қару - жарақты сатудан түскен түсімнен, мемлекеттік кәсіпорын қаражаттарынан, заемдар және басқа да көздерден түскен түсімдер есебінен құрылады.

1975 жылдан бастап Францияның орталық бюджеті теңестірілмеген болды және осы күнге дейін созылмалы дефицитпен жабылып келеді. Егер 1991 жылы шығындардың кірістерден асып түсуі ЖІӨ -нің - 19% құрса, ал 1993 жылы 4, 9% көрсетті. 1997 жылы Маастрихстік келісім талаптарына сәйкес бюджет тапшылығы - 3% құрды. Басқа европа елдерінің үкіметі сияқты Франция үкіметі мемлекеттік бюджет дефицитімен байланысты конвергенция бағдарламасын жүзеге асырды. Осы бағдарлама негізінде мемлекеттік қарызды төмендету және жұмыссыздықты қысқарту мақсатымен байланысты жеке іс-шараларды өткізуден бас тартпай, шығындарды қатаң түрде реттеуге көшті.

Мемлекеттік шығынның айрықша бөлігі міндетті аударымдар - салықтар және әлеуметтік жарнадан көбейеді, сонымен қатар, ЖІӨ-нің 58% жеткен мемлекеттік қарыздың көбеюіне әкеледі. Көптеген европа елдеріне қарағанда бұл көрсеткіш сөзсіз төмен, бірақ мемлекеттік қарыз бойынша пайыздық төлем қазіргі уақытта 14%-дан жоғары көрсеткішті құрды.

3 Бюджеттік процесс

Францияның бюджеттік процесі 1959 жылғы декреттер, регламенттер, нұсқаулар, бюджеттік операциялардың ұлттық шот жүйесінде көрініс табуы, бюджеттік процесс пен бақылауға қатысты орталық және аймақтық билік органдардың ролі мен функциясы және көптеген заңдар констетуция баптар қатарымен реттелінеді. Францияда бюджеттік дайындау, қабылдау, атқару және атқарылғаны туралы есеп құру 3 жылға созылады.

Француздық бюджеттік процестің бірінші сатысы бюджет жобасын жасау - елдің басты қаржы органы экономика және қаржы Министрлігімен бақыланады. Бюджеттік дайындық «бюджеттік шешімдерді ұтымды таңдау» атауына ие мақсатты - бағдарламалық әдісті қолданумен жүреді. 9 ай ішінде әрбір министрліктер мен ведомстволар нұсқаулар мен бақұылау сандарды жетекшілікке ала отырып өзіндік смета құрастырады. Содан кейін барлық сметалар ұштастырғаннан кейіналдын ала үкіметпен қабылданып, бюджеттік жоба жасалынады, ол өз кезегінде парламентке беріледі.

Бюджеттік процестің екінші сатысы - бюджеттік қабылдау өз кезегінде 3 айға созылады. Бюджеттік жоба парламент қаржы камиссиясының әрбір палатасымен иқарастырылады. Бастапқы кезде төменгі палата - ұлттық жиналыста жоба талқылаудан өтеді. Сонан кейін жоба жоғарғы палата - сенатқа беріледі.

Егер бюджеттік жоба парламент екі палатасының біріккен талқылауынан кейін қабылданбаған жағдайда президент бюджетті заң ретінде жарлық беруге құқылы.

Үшінші саты - бюджеттік атқарылу. Кассалық атқарылу Франция банкінде шоты бар және бюджеттік. Кассалық - есеп-айырысу операциялары жүргізіліп, қазынашылық кассалар жүйесі арқылы жүзеге асады.

Бюджеттік атқарылуын бақылау үш түрге бөлінеді: әкімшілік, соттық және парламенттік.

Әкімшілік бақылау. Есеп жүйесі иерархиялық құрылымы бойынша жүргізіледі, яғни жоғарғы деңгейдегі бухгалтер өзінен төменгі деңгейдегі бухгалтерлерді бақылап, ал өздері басты қазынашылыққа бағынады. Францияда қаржы министрлігінің кабинетімен байланысты, бірақ басқаруда бұл министрліктің бірде - біреуіне кірмейтін қаржылық бақылаушы - инспекторлар корпорациясын білдіретін басты қаржылық инспекция әрекет етеді. Қаржылық бақылаушылар мемлекеттік қаржылардың барлық буындарын, оның ішінде мекеме және қызметі қазынашылық мүддені қозғайтын жеке ұйымдар мен кәсіпорындардың есеп жағдайын тексеруге құқылы. Мысалы ретінде транспорттық және құрылыс компаниялар т. б. жатады.

Соттық бақылау - ұйымның есеп және есеп беру жағдайын тексеруі шот поштасымен жүзеге асырылады. Шот палатасының юрисдикциясы несиелермен иеленетін басты бухгалтерияларға таралған. Мәліметтің толық немесе нақты еместігіне атқарушы органның жетекшілері жауапты өз мойнына алады.

Парламенттік бақылау - бюджеттік атқарылуды қамтамасыз ететін шот палатасының доклады мен есеп органның орталық шоттары туралы жалпы деклорация және жеке министрліктің есеп беруі жоғарыда көтерілген құжатта негізінде бюджеттің атқарылғаны туралы заңды қабылдау мен талқылау барысында жүзеге асырылады.

Францияда бюджеттік (қаржылық) жыл колендарлық жылмен сәйкес келеді, яғни 1 қаңтардан басталады.

4 Францияның макроэкономикалық жағдайы

Француздық экономика әлемдік шаруашылықта жетекші орын алады. ЖІӨ көлемі бойынша Франция әлемдік 4 орынға ие. Франция территориясы мен тұрғындар саны бойынша Еуропада ірі мемлекеттердің бірі. Елдің территориясы - 551 мың кв. км., халық саны - 58млн. адам. Оның ішінде 95% - француздар, қалғаны британдықтар, баекілер, каталондықтар, немістер, алжирліктер, итальяндық, португалдықтар, түркілер.

Елдің экономикалық дамуын сипаттаушы басты көрсеткіш - нақты ЖІӨ өсімі. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш оң динамиканы көрсетеді. Егер 1993 жылғы экономикалық рессецияны ескермеген жағдайда. Осы себепке байланысты 2002 және 2003 жылдары нақты ЖІӨ өсімі оң қарқыны қысқарғаны байқалады. (11. кесте) .

Францияның нақты ЖІӨ өсімі (%) түрінде

1991 1992 1993 1994 1995 1996 1997 1998 1999 2000 2001 2002 2003

0, 8 1, 3 -1, 5 2, 9 2, 7 2, 2 2, 3 3, 2 3, 2 3, 2 2, 6 1, 0 2, 0

Басқа жылдары, әсіресе 1990 жылдың соңына қарай ішкі сұраныстың өсу себебінен тұрақты экономикалық өсу болды. 1998 жылы бұл параметрдің есебінен ЖІӨ өсімі ¾-ке жетті. Ішкі сұраныстың өсуі дайын өнім секторына тұрақты оң әсерін тигізді. 1997 жылдың ортасынан бастап жеке тұтынудың кеңейуі тұтыну негіздегі тауар секторының конъюктурасын ұстап тұрды. Сонымен қатар жинақ нормасы (нақты ақша табысының жинаққа қатынасы) 14% дейін қысқаруы, ішкі сұраныстың өсуіне әкелді. Саясат біртіндеп пайыз қойылымын тұрақты төмендеуіне себепкер болды. Осындай жинақ депозиттердің номиналды қойылымы 1998 жылы соңына қарай 3, 2% дейін төмендеді. Нәтижесінде (1986 жылы қарағанда рекордтық көрсеткіш) тұтыну өсімі 4 рет көбейді.

Ішкі сұраныстың екінші құрамдас бөлігі - инвестиция. Өз кезегінде динамикалық түрде дамыды. 1997 жылмен салыстырғанда олардың қарқыны 1998 жылы 6% дейін көтерілді. 2000 жылы болжамдалған экономикалық өсу қарқыны 3% дейін төмендеуіне қарамастан бұл көрсеткіш өзгермеді және евро аймақтағы жетекші үш елдер арасында жоғарғы көрсеткіш болып қала береді. 2001 жылы нақты ЖІӨ өсімінің төмендеуі әлемдік ынтымақтастыққа экономикалық өсудің болулығымен түсіндіріледі.

2005 жылға дейінгі Францияның дамуы батыс еуропа аймағының жалпы тенденциясына сәйкес келетіні ықтимал. Атап айтқанда орташа жылдық өсу қарқыны 2, 4-2, 6% болжамдалады.

Соңғы он жылдықта француз экономикасында маңызды фактор-инфляция деңгейінің төмен болуы. 1994 жылы Франция экономикалық саясаттың бағыты информацияны 2% төмен деңгейде баға тұрақтылы болған. Монетарлық саясаттың нәтижесінде 1996 жылы инфляция 2, 1% құрды, ал 1997 жылы 1, 1% болды. Бұл көрсеткіштер соңғы 40 жыл ішінде ең төмен болып есептелінеді. 2% жылдың инфляцияны және ЖІӨ өсімі 3% болатын болжамға жету үшін Франция банкі жиынтық ақша массасының жалпы жылдық өсімін 5% дейін шектеді. Сөйтіп 1997 жылы жиынтық акция масса өнімі 1, 5%-дан аспады, инфляция деңгейі -1, 1%, ал нақты ЖІӨ өсімі -2, 3% құрды. 1998 жылы азиялық қаржылық кризис арқасында инфляция деңгейі 0, 7%, ал 1999 жылы 0, 6% дейін төленеді. 2000 жылы инфляция 1, 8% өсті. 2001 жылы инфляция деңгейі 1, 0-1, 6% деп болжамдады.

Қолайлы экономикалық конъюктура Франциядағы жұмыссыздық деңгейін төмендеуіне себепкер болды. (1. 2 кесте) .

Жұмыс күші саны % бойынша жұмыссыздық деңгейі.

1991 1992 1993 1994 1995 1996 1997 1998 1999 2000 2001 2002 2003

9. 4 10. 4 11. 7 12. 5 12. 5 12. 3 12. 5 11. 8 11. 2 9. 7 8. 8 8. 6 8. 5

Жұмысссыздар санының қысқаруы үкіметтің жаңа жұмыс орнын құрумен байланысты болды. 1997 жылы 190 мың жұмыс орны құрылды, сонымен қатар мемлекет арнайы жастар үшін 40 мың жұмыс орнын құру үшін қаражаттар бөлді. 1998 жылы жұмыс орындары 300 мың орынға жетті, оның ішінде 100 мың жұмыс орны арнайы жастар үшін құрылған. Нәтижесінде жастар жұмыссыздығы 1998 жылдың 10 ай ішінде 8, 5% дейін қысқарылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджет шығындарының ішіндегі үлесі
Францияның мемлекеттік бюджеті
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қажыларын басқару
Францияның салық жүйесіне сипаттама
Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің субъектілері
Францияның 80-90 шы жылдардағы экономикасы
Қазақстандағы қаржы жүйесі
Қаржының мәні, функциялары
Қаржылық жоспарлау жайлы
Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz