Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының механизмі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кiрiспе 2
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының механизмі 2
Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы 2
Қазақстан Республикасының заң актілерінде бағалы қағаздар нарығының орын
алуын реттейтін жүйелері 4
Бағалы қағаздардың туынды түрлері 5
Қорытынды 9
Қолданылған әдебиеттер 10

Кiрiспе

Бағалы қағаздар нарығы дегенiмiз қаржы қорларындағы сатушылар мен
алушылар арасындағы келiсiмдердi реттейтiн механизм. Жай ғана келiсiмдердi
реттейтiн механизм ғана емес, пайдалы келiсiмдердi жасауға мүмкiндiк
беретiн келiсiмдер болып табылады.
Республикада бағалы қағаздар нарығының қалыптаса бастағанына 10 жылдан
астам уақыт болды. Осы уақыт аралығында 8191 акционерлiк қоғамдар құрылып,
оның 4605-i өз бағалы қағаздарын нарыққа шығарды. Алайда бағалы қағаздар
нарығы қазіргі заманымыздың талаптарына сай дамып отыр деп айтуға болмайды.

Экономиканы тек өзінің қаражаты бар тұлғалар басқара алатындығын
ескерер болсақ, онда бағалы қағаздардың экономикалық және тарихи
маңыздылығына байыптап ұғынар едік.
Қандай нарық болмасын онда ұсыныс пен сұраныс болатыны белгілі.
Қазақстан бағалы қағаздарының нарығы осы нарықта сұраныс пен ұсыныс
таразысын теңдестіретін нарық болып табылады. Бизнес және Үкімет мұнда
заемшы ретінде көп көзге түсіп, ал халық көбінесе таза кредитор болып
табылады.
Республика тұрғындары өз қаржыларын бағалы қағаз сатып алу орнына
ортақ қаржыларын депозиттiк салымдарға салғанды дұрыс көредi. 2001 жылдың
аяғында барлық депозиттiк салымдар көлемi 147 млн. теңгеге жеткен, 115
млрд. теңге тұрақты валюталарға айналдырылған. Тұтас алғанда 142 млрд.
теңге бағалы қағаздар нарығына араласпайды десек қателесе қоймаймыз. Оның
басты себептерiнiң бiрi бағалы қағаздарға төленетiн дивиденд көлемiнiң өте
төмен дәрежеде болуы және халықтың акционерлiк қоғамдарға сенiмсiздiк
танытуынан туындап отыр. Акцияларға төленетiн дивидендтер көлемi акция
құнының 1,1%-ті құрайды. Бағалы қағаздар нарығы дамыған елдерде бұл
көрсеткiш 25%-ке дейiн жетедi.
Бағалы қағаздар нарығының негізгі міндеті кәсіпорындарға инвестициялар
тарту болып табылады және осы капитал көзі банктік кредитке қарағанда
анағұрлым арзанға түседі.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы ұлғайған сайын вексельдермен
жасалатын операциялар өсе түседі. Өйткені таза ақшаның жетіспеушілігін
әзірге осындай бағалы қағаздар шығарумен де біршама жеңіп отыр.

Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының механизмі

Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы

Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-жылдары КСРО-да жаңа
экономикалық саясат кезінде болған. Ал қазіргі егемен Қазақстанда бағалы
қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-
жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.
Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар-ақша қатынастары және меншік
қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарықтық
қатынастарға сай өзгерту тек оны жекеменшіктендіру арқылы ғана іске асады.
Соңғы 10 жылдықта дүниежүзінің көптеген елдерінде жекеменшіктендіру жүрді.
Әсіресе, Англияда ол шапшаң қарқынмен өтті. Бірақ Батыс Еуропа елдерінде
жекеменшіктендіру өркендеген нарық экономикасы жағдайында жүрді. Сондықтан
жекеменшіктендірілген кәсіпорындардың акция саны қанша көп болса да
өркендеген нарық жағдайында оларды орналастыру өте оңай болды. Ал тәуелсіз
мемлекеттер достастығындағы (ТМД) елдердің жайы мүлде өзгеше.
Бұл елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан
жағдайда мемлекеттік кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акцияландыру
арқылы жүргізіледі. Себебі, көптеген кәсіпорындар да, халық та осындай жаңа
құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алады.
Жекеменшіктендіру бағалы қағаздардың жаңа түрі - жекеменшіктендіру чектерін
(купондарын) өмірге келтірді. Бұл мемлекеттік бағалы қағаздардың бір түрі,
олар, өз иесіне мемлекеттің иелігінен алып, жекеменшіктендірілген меншіктің
бір бөлігін қайтарымсыз пайдалануына құқық береді.
Ірі және орта кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акционерлік
қоғам ретінде қайта құрудан басталды. Акционерлік қоғамның иесі -
акционерлер, олардың меншік құқы акция берумен куәландырылады.
Жекеменшіктендіру чектеріне кез келген жекеменшіктендірілген
кәсіпорынның акциясын сатып алуға болады. Ал жекеменшіктендірілген
кәсіпорын ұжымының мүшелері өздері қызмет істеп жүрген кәсіпорнының
акциясын жеңілдікпен сатып алуға құқы бар. Ондай сатып алуды да
жекеменшіктендіру чегімен төлеуге болады. Жекеменшіктендіру чегіне басқа
акционерлік қоғамға айналған кәсіпорындардың акциясын сатып алу
аукциондарда жүргізіледі. Аукцион өтетіні туралы алдын ала ақпарат
құралдарында жарияланады. Сонымен бірге жекеменшіктендіру чегіне арнаулы
инвестициялық қорлардың да акциясын сатып алуға болады. Ондай қорлар
чектерді өздерінде көптеп шоғырландырып, оған басқа акционерлік қоғамдардың
акцияларын сатып алады. Инвестициялық қорлардың акцияларын сатып алушы сол
қордың иемденушісінің біреуі болып есептеледі. Қор оған өз пайдасының бір
бөлігін төлейді. Инвестициялық қорлар - жеке ұйым. Мемлекет инвестициялық
қорларға салған чектерге кепілдік бермейді.
Осы айтылғандардан басқа, жекеменшіктендіру чегін мұра етіп қалдыруға,
сыйлық ретінде беруге және сенімхатпен басқа адамға беруге де болады.
Біздің елімізде мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру және
жекеменшіктендіру чегіне акция сату 1994 - 1995 жылдары өтті. Ол кездерде
көптеген инвестициялық қорлар ашылып, халық ол қорларға чектерін
тапсырғанымен олардың орнына акция алғандары аз.
Қорыта айтқанда, жекеменшіктендіру бір жағынан бағалы
қағаздардың жаңа түрі - жекеменшіктендіру чегін нарыққа әкелсе, екінші
жағынан кәсіпорынның жаңа ұйымдық-құқықтық формасы - акционерлік
қоғамдардың көптеп құрылуына және олардың қалыптасуына жол ашты. Бұл жағдай
жаңа акциялар мен облилацияларды эмиссиялаумен қатар, бағалы қағаздардың
басқа түрлерін шығаруға да себепші болады. Сонымен, кәсіпорындарды
жекеменшіктендіру - бағалы қағаздар нарығының қалыптасуындағы алғашқы
кезең.
Қазақстан Республикасының жоспарлы экономикадан түбегейлі жаңа,
нарықтық, мемлекет реттейтін экономикаға өтуі елімізде қаржы нарығын және
оның қызметін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етеді. Бұл
өте күрделі және ауқымды мақсат.

Қазақстан Республикасының заң актілерінде бағалы қағаздар нарығының орын
алуын реттейтін жүйелері

Кез келген заңның мазмұны қоғамда орын алып және одан әрі дамып келе
жатқан экономикалық құбылыстарға сай болуы шарт. Себебі құқықтық нормаларды
шығару белгілі экономикалық мүдделерге қызмет көрсетуге бағытталған. Бағалы
қағаздар нарығын құқықтық ережелерімен қамтамасыз ету мемлекеттік
органдардың бағалы қағаздар айналымы тиімді және мағыналы болуы үшін
белгілі бір жағдай жасайтын заңдар шығару. Және сол заңдардың мемлекет
мүддесімен халық керегін қанағаттандырып нарық қатынастарға бет алған
қоғамның объективті экономикалық заңдарына сай келді. Қазіргі кезде
Қазақстанның мемлекеттік заңдарына егемендік алғаннан бергі шыққан заңдар,
Президенттің жарлықтары және үкіметтің қаулылары, сонымен қатар бағалы
қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның құқықтық актілері жатады. Аталып
өткен бағалы қағаздар нарығындағы мүліктік құқық олар туралы шыққан
заңдарда көрсетілген ерекше құжатпен расталады. Ол құжат бағалы қағаздар
деп аталады. Экономиканы қайта құру идеясы өндірісті қосымша инвестициялау
көздерін табу, кәсіпшіліктің тиімділігі арттыру механизмінің құру жолдарын
табу керектігін меңзейді. Қазіргі заңдар Республикасы Конституциясына
негізделген. Олар мемлекеттік және жекеменшікті мойындап қорғауға кепіл
болады. Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес мемлекет басшысы заң күші
бар жарлықтар шығарды. Олар азаматтардың кодекспен бірге бағалы қағаздар
нарығын дамытудың заңды негіздерін құрайды:
1. 2003 жылдың 2003 жылы “Бағалы қағаздар рыногы туралы”.
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы" Заңы
3. "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының заңы 10.07.98ж.
4. Басқа заңдар және нормативтік құқықтық актілер.
Оған бағалы қағаздарды шығару және айналымға түсіру мәселелерін,
Қаржылық нарық, қаржылық ұйымдардың қызметін реттеу агентствосы (бұдан әрі
– Агентство) өкілдігін реттейтін Президенттің заңдық күші бар жарлықтары
жатады. Мысалы, валютаны реттеу туралы заң бойынша Агентство валюта
қатынастарын, соның ішінде, ішкі нарыққа шетел бағалы қағаздарын түсірудің
тәртібін реттейтін орган болып тағайындалады.
Басқа нормативті-құқықтық актілердің ішінде төмендегілерді атап айтуға
болады:
- бағалы қағаздар нарығының кейбір мәселелерін реттейтін ережелерді
бекіткен Қазақстан Республикасы қаулылары.
- бағалы қағаздар жөніндегі Агентствоның актілері - бағалы қағаздар
нарығын реттейтін ережелер.
- басқа орталық атқару органдарының бағалы қағаздар айналымына
байланысты актілері.
Жоғарыда айтылған құқықтық негіздерге сай қазіргі кезде Қазақстанда
бірсыпыра қор биржалары құрылды, брокерлік және дилерлік кеңселер ашылып,
олар акциялардың мемлекеттік бумалары және басқа мемлекеттік бағалы
қағаздар түрлерімен мәмілелерге қатысты. Сонымен қатар, Қазақстандағы
акционерлік қоғамдардың эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізу іске
асырылып, көптеген азаматтар бағалы қағаздар нарығында қызмет істеуге
мамандандыру куәлігін алды. Қазіргі уақытта бағалы қағаздар туралы шыққан
заңдар жетілген және бағалы қағаздар нарығының құқықтық негіздерін
қалыптастыру процесі аяқталды деуге болмайды. Дегенмен, бүгінгі күні
айтылған заңдарды пайдаланудың нәтижесінде республикадағы бағалы қағаздар
нарығын құқықтық қамтамасыз етудің жетістіктері мен кемшіліктері анықтауға
мүмкіншілік бар.
Бағалы қағаз нарығының реттеу мемлекеттің ең маңызды міндеті. Ондағы
мақсаты — бағалы қағаздармен келісімге қатысушылардың заңды мүдделері мен
құқығын сақтауды қамтамасыз ету. Бағалы қағаз нарығында қызмет атқаратын
қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға
жүктелген. Республикада ондай органдар болып Қаржылық нарық, қаржылық
ұйымдардың қызметін реттеу агентствосы, Қаржы Министрлігі, Ұлттық банк,
Мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет және жекешелендіру жөніндегі
мемлекеттік комитет саналады.

Бағалы қағаздардың туынды түрлері

Бағалы қағаздардың өте көп басқа түрлері болады. Дүниежүзілік
практикада туынды бағалы қағаздардың мынадай түрлері белгілі:
1. Опцион.
2. Фьючерс.
3. Варрант.
4. Депозиттік қолхаттар және т.б.
Оларды әртүрлі эмитенттер шығарады. Солардың екі-үш түрлерін қарап
өтейік. Корпорацияның жарғысына қарсы келмесе онда оның екінші қатардағы,
немесе айналымдағы бағалы қағаздарға қосымша тағы да бағалы қағаздар
шығаруға апитал табуға мүмкіндігі бар. Оларды құқықты бағалы қағаздар
деп те атайды. Оларға жазылу құқын опцион, варрант деген сөздер айқындайды.

Жазылу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздардың негізгі түрлері
Бағалы қағаздар рыногы және оның Қазақстан Республикасындағы дамуы
Бағалы қағаздар нарығының жалпы түсінігі
Құнды қағаздар нарығы. Құнды қағаздар - қарыз міндеттемесі
Бағалы қағаздар нарығы және оның экономикада қалыптасуы
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы жүйесіндегі мәселелерді шешу жолдары
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының талдауы
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының жағдайы
Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы
Пәндер