Тұрақты токтың электр тізбегі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ
Орыс және қазақ тілдері кафедрасы

Техникалық аударма пәнінен
№2 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС
Тақырыбы : Тұрақты ток электр тізбегі

Тексерген: доцент

Төлеуп М.М.

“___”_______2006

Орындаған: БРЭ-04-11

тобының студенті

Бутабаева А.
1
нұсқа

Алматы 2006
Тапсырмалар:
1 Мәтін сөйлемдеріндегі сөздердің (30 сөздің) негізін тауып, аударыңыз.
2 Сол сөздерді сөз таптарына (зат есім, сын есім, етістік, есімдік, үстеу)
бөліп жазыңыз
3 Өткен шақ формасындағы сөздерді жазып алып, олардың сөйлемде қандай
қызмет атқарып тұрғанын анықтаңыз.
4 Мәтінді аударыңыз.
Тұрақты ток электр тізбегі
Қарапайым электр тізбегі (1-cурет) электр энергиясының көзінен Е,
энергия тұтынушыдан Т және энергия көзімен тұтынушыны байланыстыратын 2
өткізгіш жалғастырушы сымдардан С1 және С2 тұрады. Жалғастырушы өткізгіш
сымдар электр энергиясының көзіне оң (+) және теріс (-) полюстер деп
аталатын екі қысқыштар арқылы қосылады.
Электр энергиясының көзі механикалық, химиялық, жылулық тағы басқа
энергия түрлерін электр энергиясына түрлендіреді. Тұтынушыда электр
энергиясы басқа энергия түрлеріне – механикалық, жылулық, химиялық, жарық
т.б. айналады. Электр энергиясының көзіне генераторлар қандай да болмасын
механикалық қозғалтқыштармен қозғалысқа келетін электр машиналары,
аккумуляторлар және гальваникалық элементтер (бұлардың шартты белгілері 2 -
суретте көрсетілген) жатады. Электр тұтынушылары ретінде жарықтандырғыш
шамдар, электр қозғалтқыштары, электрқыздырғыш аспаптар т.б. пайдаланылады.

Гальваникалық элементтерде, аккумуляторларда бірінші жағдайда
гальваникалық элементтер батареяларын, екінші жағдайда аккумулятор
батареяларын құру үшін бір-бірімен жалғастырылады. Электр энергиясының көзі
оған өткізгіш сымдар арқылы қосылған энергия тұтынушымен бірге тұйықталған
электр тізбегін құрады. Тұйықталған электр тізбегінде үздіксіз зарядтар
қозғалысы пайда болады, оны электр тогы деп атайды.
Металл өткізгіштеріндегі тұрақты ток еркін электрондардың тұйық тізбек
арқылы қалыптасып бағытталған қозғалысы болып табылады. Схемаларда ток пен
кернеудің оң бағыттарын плюстен минуске қарай бағдарланған нұсқамалар
арқылы шартты түрде белгілеу қабылданған.
Бір-бірінен белгілі қашықтықта орналасқан екі өткізгіштердегі ток осы
өткізгіштерге әсер ететін механикалық күш туғызады. Ток өлшемінің бірлігі
ампер (А) болады. Халықаралық бірліктер жүйесінде (СИ) ампер - өзгермейтін
ток, ол ұзындығы шексіз, өте болмашы дөңгелек қималы қатар түзу сызық
бойымен вакуумде бір-бірінен 1м қашықтықта орналасқан екі өткізгіштерден
өткен кезде, осы өткізгіштер арасында әрбір метр ұзындығына шаққанда 2*10-6
Н (Ньютон) күш тудырады.
Халықаралық бірліктер жүйесінде күш бірлігі – ньютон (Н) болады.
Электр тогы өткізгіштің кесе-көлденең қимасы арқылы белгілі уақыт
бірлігінде өткен (кулонмен өлшенетін) электр мөлшерін анықтайды.
Егер өткізгіштен 1 А ток өтсе, онда осы өткізгіштің көлденең қимасы
арқылы 1 с ішінде 1 Кл электр мөлшері өтеді.
Жалғастырғыш өткізгіш сымдар мен энергия тұтынушы сыртқы электр
тізбегін құрайды. Бұл тізбекте ток энергия көзінің қысқыштары арасындағы
потенциалдар айырымының әсерінен пайда болады және ол потенциалы жо-ғарырақ
нүктеден (оң қысқыш) потенциалы төмендеу нүктеге (теріс қысқыш) қарай
бағытталған. Потенциалдар айырымы сияқты потенциал да вольтпен
(В) көрсетіледі.
1. Мәтін сөйлемдеріндегі сөздердің (30 сөздің) негізін тауып, аударыңыз.
2 Сол сөздерді сөз таптарына (зат есім, сын есім, етістік, есімдік,
үстеу) бөліп жазыңыз.
Сөз – негізі – аудармасы
Зат есім
Энергиясының – энергия - энергии
Тұтынушыдан – тұтыну – от потребителя
Жалғастырушы – жалға – соединитель
Қозғалысқа – қозға - в движение
Қозғалтқыштары – қозға – двигатели
Қысқыштары – қыс – зажимы
Жарықтандырғыш – жарық – осветительный
Өткізгіштерден - өткіз – из проводников
Сын есім
Механикалық – механика – механический
Жылулық – жылу – тепловой
Химиялық – химия - химический
Шартты – шарт – условный
Сан есім
Бірінші – бір - первый
Есімше
Байланыстыратын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электр тізбегі. Электр тізбегінің компоненттері
Квазистационар айнымалы ток тізбектері
Гармоникалық тоқ және кернеу көздері бар сызықты тізбектерге жүргізілетін анализ
Айнымалы ток, кең мағынасында - бағыты мен шамасы периодты түрде өзгеріп отыратын электр тогы
Электр тізбегі және оның схемасы
Электротехниканың теориялық негіздері
Айнымалы ток тізбегіндегі индуктивтілік
Тұрақты ток. Тұрақты ток тізбектері. Магнетизм және электромагнетизм
Электр тізбегі және оның құрылысы
Айнымалы токтың таралуы, түрленуі
Пәндер