АРАЛ ТЕҢІЗІ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР


АРАЛ ТЕҢІЗІ
Арал теңізі - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе обл. ) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейі (1960-1970) дүние жүзі теңіз деңгейінен 53, 0 м биіктікте жатқан. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 жылы теңіз деңгейі 18 метрге төмендеді. Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға - Үлкен Арал және Кіші аралға бөлініп қалды. Арал теңізі көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің «сақ шығанағы» деп атаған. Арал теңізі туралы деректер Әбу Әли Ахмеб ибн Русте (10 ғасыр), Әбу Исхақ әл-Истахри (10 ғ. ), Әбу Абдаллаһ Мұхаммед әл-Идриси (12 ғ. ) сондай-ақ Әбілғазы деректерінде де кездеседі. Теңіз табиғатын жан-жақты зерттеу Ресей империясының шығысты отарлау саясатын жүргізу кезінде іске асырыла бастады. 1848-1849 жылдары әскери теңізші әрі зерттеуші А. И. Бутаковтың экспедициясы Арал теңізінің су айдынын алғаш рет толық зерттеді, нәтижесінде 1850 жылы АРалдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфологиялық сипаттамаларын алғаш рет И. А. Стрелбьицкий анықтады. 1874 жылы геодезист А. А. Тилло теңіз деңгейін өлшеп, солтүстік-батыс жағасына қала орнатты. Теңіз суының химиялық құраму туралы зерттеулердің нәтижесі 1870-1873 жылы жарық көрді. 1900-1903 жылы теңіздегі және оның маңайындағы кешенді географиялық және гидролиздік зерттеулер Л. С. Бергтің басшылығымен жүргізілді. Одан кейінгі жылдары теңізді зерттеумен көптеген ғылыми-зерттеу және жобалау институттары шұғылданды. Арал ойысы жоғары плиоценде жер қыртысының төменге майысуы нәтижесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейін тереңдеп 20-25 м, Арал теңізінде жалпы ауданы шамамен 2235 шақырым квадрат (айдының 3, 5 пайызы) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылған. Кезіндегі ең ірі аралдары: Көкарал, Барсакелмес, Возрождение (бұл аралда КСРО-ның бактериол. қаруын сынау алаңы болған) . Солтүстігінде биік және жайпақ жағалаулар кезектесіп отырады. Олар терең шығанақтармен тілімделген, шығыс жағасы жазық және құмды, шағын шығанақтар мен жаңа маңы аралдары көптеп кездеседі, оңтүстік жағасы Әмударияның атырауынан тұрады; батыс жағасының тілімденуі шамалы, бұл тұстағы биіктігі 250-ге жететін Үстірттік жарлауыт қабақтарынан тұрады. Арал теңізіне Орта Азияның 2 аса ірі өзені (Әмудария мен Сырдария) құяды. Климаты континенттік, құрғақ, ауаның орташа температурасы жазда +24+26 градус, қыста -7, 0-13, 5.
1970 жылдан бастап көлген құятын өзен ағындысы жоққа тән болғандықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға шамасы жетпейді, сондықтан теңіз суы жылдан жылға тартылып келеді. Су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа мәні 25 см, көп жылдық ауытқуы 3 м-ге дейін жеткен. Соңғы кезде маусымдық құбылмалылық болмаса су деңгейінің көпжылдық ауытқу көрсеткіші тек төменге бағытталған. Қыс бойы су айдынын толығымен мұз басады.
Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім - Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың ұсынысымен Орталық Азия Елбасыларының 1993 эылдың қаңтарында Ташкентте қабылдаған шешімі бойынша 1993 жылғы 26 наурызда Қызылорда қаласында өткен Арал теңізі мәселелері жөніндегі 1-конференцияда жасалған келісім. Ол «Арал теңізі және Арал аймағы мәселелерін, экологиялық сауықтыруды, аймақтың экономикалық-әлеуметтік дамуын қамтамасыз етуді бірлесіп шешетін ортақ шаралар туралы Келісім» деп аталды. Келісімге Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев, Қырғызстан Президенті А. Ақаев, Тәжікстан Жоғары Кеңесінің Төрағасы Э. Ш. Рахмонов, Өзбекстан Президенті И. А. Каримов, Түрікменстан Президенті С. А. Ниязов қол қойды.
Арал теңізі сақтау жөніндегі халықаралық мәселелер - Арал ойпатынан зардап шеккен елдер басшыларының іс-қимылдарына көмектесуге бағытталған алғашқы халықаралық келісім, 1990 жылдың 24-26 қаңтарында БҰҰ-ның қоршаған орта бағдарламасының (ЮНЕП) ұсынысымен жасалды. Бұл халықаралық құжат «Арал теңізін сақтауға арналған нақтылы іске дайындыққа қатысу» деп аталды. 1990 жылы 11-12 қарашада Хаттамаға қол қойылып, келісім заңды түрді бекітілді. Келісім бойынша оқымыстылар мен мамандардың қатысуымен «Диагностикалық құжат» жасалды.
Б. МОМЫШҰЛЫ АТЫНДАҒЫ №131 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ
РЕФЕРАТ
тақырыбы:
Арал теңізі
Орындаған:
Тексерген:
АЛМАТЫ 2005
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz