Батыс Еуропа


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Батыс Еуропа

Батыс Еуропаның құрамына (аумағы 242, 5 мың шаршы км. Халқы - 59, 3 млн. адам) (2000ж. ) географиялық жағдайы мен салт-дәстүрі бір, климаты ұқсас дүние жүзінің ондаған жоғары дамыған елдері кіреді. Төменде солардың бірнешеуіне сипаттама беріледі.

Ұлы Британия

немесе Ұлы Британияның Солтүстік Патшалығы және Солтүстік Ирландия - аралдық мемлекет. Оның құрамына төрт тарихи провинциялар (Англия, Уэльс, Шотландия және Солтүстік Ирландия) және бірнеше жақын маңдағы аралдар кіреді.

XIX ғасырдағы ықпал етуші индустриалдық және теңіздік держава, парламенттік демократия, әдебиет пен ғылымның дамуында ерекше рөлге ие болды. Өзінің өркендеу кезеңінде Британ империясы жер шарының төрттен бірін қамтыды. Қазір гүлденген еуропалық ел. Ұлы Британия ның маңызды мәселесі конституциялық реформаны жүргізу болды. 1999 жылы аймақтық ассамблеясы Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландияда өз жұмыстарын бастады. Мемлекет құрылымы - конституциялық жеке дара билеу. Астанасы - Лондон. Атқарушы билігі: мемлекет басшысы - Елизавета II ханшайымы (1952 жылғы 6 ақпаннан бері) ; үкімет басшысы - премьер-министр Энтони Блэр (1997ж. 2 мамырдан) . Тұжырымдалған билігі - қос палаталы Парламент, ол лордтар палатасы (500 мүше, олардың 1/5 бөлігі сайланады, қалғандары тағайындалады) және қауымдастықтар палатасы (659 орын, мүшелері 5 жылға дауыс беру арқылы сайланады) . Сот билігі; монархтар өмірлікке сайлайтын Лордтар Палатасындағы бірнеше лорд-соттар. Елдің мемлекеттік жалауы: Св. Георгийдің (Англияның қорғаушысы) шеті ақ қызыл крестіне диагоналды Св. Патриктің (Ирландияның қорғаушысы) қызыл кресті жүргізілген көгілдір түсті мата. Бұл жалау Британия аумағындағы теңіз жағалауы елдерді қосқандағы әлемнің басқа да елдерінің жалауында негіз болды.

Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ тепе-теңдігі бойынша сатып алу құны - 21. 800 доллар. Кедейшіліктің шегіне жеткен халықтың үлесі - 17%. Жұмыссыздық деңгейі - 6%. Мемлекеттің табысы 541 млрд. доллар, шығысы 507, 5 доллар. Сыртқы қарыздары жөнінде мәліметтер жоқ.

XVI-XIX ғасырларда Ұлы Британия дүниежүзілік саудаға белсене қатысты, өзінің әлемдегі ең ірі флоты болды, ең үлкен отарлық империясынқұрды. Отарлар шикізат көздері болды. XIX ғасырдың ортасында дүниежүзілік банкирге айналып, оның әлемдік өнеркәсіп өнімдеріндегі үлесін 1/2 бөлікке көбейтті. XIX ғасырдың соңында өнеркәсіптің даму қарқыны бойынша оны АҚШ пен Германия басып озды. XX ғасырдың 50-жылдарында өнеркәсіптің ескі салалары мен Англия банкі ұлттандырылды. Мемлекет өнеркәсіптің жаңа салаларын қалыптастырды.

XX ғасырдың 60-жылдары Ұлы Британияның дүние жүзілік экономикадағы бағыты әлсіреді, бұл отарлық империяның ыдырауымен тығыз байланысты еді. XX ғасырдың 70-жылдары капиталды шоғырландыру және өндірісті монополиялау үрдісі күшейді. ХХ ғасырдың соңғы жылдарында экономикалық жағдай жақсарып, дамыған елдерден даму қарқыны жөнінен артта қалуы жойылды.

Табиғи қорлар мен жағдайларды шаруашылық бағалау. Ұлы Британияда пайдалы қазындылардың әр түрі болмағанымен, олардың кейбіреулері өнеркәсіптік аудандарды құруда ерекше рөл атқарды. Тас көмір кен орнының маңызы зор (жалпы қоры - 189 млрд. т. ) . Тас көмір шығарушы негізгі бассейндер - Йоркишер, Нортумберленд - Дарем және Оңтүстік-Уэльс. Осы базада ірі металлургиялық орталықтар шоғырланған. XX ғасырдың 70-жылдарында Солтүстік теңіз қайраңында мұнай мен газдың(қоры - 2 млрд. т., табиғи газ - 2 трлн. м. 3) қоры табылды. Темір рудасының қоры (4, 6 млрд. т. ) табылды. Негізгі кен орындары шығыста Норт-Имптонширада орналасқан. Тас тұзының (Чешир және Дарем), каолиннің (Корнуэлл), калий тұзының (Йоркшир) кен орындары бар.

Халқы. Қазіргі кезде елге табиғи өсудің төменгі сипаты тән (туылымпаздық пен өлімпаздықтың көрсеткіштері бір-біріне жуықтау келеді) . Халықтың 80%-дан астамы ағылшындар, 15% - шотландықтар, уэльстер және ирландықтар. Кельт тайпаларының төл мәдениеті сақталған. Шалғай аудандарда гэль, валий, ирлан тілдері бар. Ағылшындар ағылшын сенімін, ирландықтар - католикті, шотландықтар - пресвитериандықты уағыздайды.

Көшіп-қонушылардың (Үндістан, Пәкістан және Кариб бассейні елдері) қоныс ауыстыруларының шегі XX ғасырдың 50-60 жылдары болды. Халықтың тығыздығы 1 шаршы км. -ге 240 адам. Халықтың 90%-ы қалада тұрады. Елде 1 млн. -нан асатын халқы бар 8 қалалық агломерация жұмыс істейді.

Шаруашылықтың жалпы сипаттамасы. 1973 жылы Ұлы Британия ЕЭО кірді. Елде шаруашылықты түбегейлі құрылымдық қайта құру жүргізілді. Кертартпалардың низамы ұлттық кәсіпорындарды жекешелендіруде(ЖӨӨ мемлекеттік сектордың үлесі 10-нан 5%-ға қысқарды) . Дүниежүзілік нарықта Ұлы Британияның ғылыми сиымдылықты өнімдерінің үлесі артты. Салалық құрылымдарда ЖІӨ мен халықты жұмыспен қамту қызмет көрсету саласын кеңейтіп, материалдық өндірісте ерекше маңызға ие болды, 1998 жылы ЖӨӨ олардың үлесі 67%-ға жетті.

Ел шаруашылығының алғашқы өрісі. Жерлерін жалға беретін ірі жер иеленушілер (лендлордтар) сипаты тән.

Ауыл шаруашылығының жерлерінен (18 млн. га. ) егістіктің үлесі 62% (соның ішінде 35%-шабындық), табиғи жайылым 32%. Ауыл шаруашылығында мал шаруашылығының негізгі салалары яғни мүйізді ірі қара мал (11 млн. бас), шошқа (8 млн. бас), құс (140 млн. бас), қой (45 млн. бас) өсіру дұрыс жолға қойылған.

Өсімдік шаруашылығында егістіктің шамамен 1/3 бөлігін көп жылдық шөптер, 30%-астық дақылдары, 12% - техникалық дақылдар алып жатыр. Оңтүстік-Шығыс және шығыс Англия, Уош шығанағының аумағы және т. б. жер игеруші аудандар қатарына кіреді.

Шаруашылықтың екінші өрісі. Өнеркәсіптің дәстүрлі саласы тоқыма, ол ел өнеркәсібін дамытуда, өндірістің машиналық әдісін таратудаерекше рөл атқарады. Соңғы жылдары мақта-мата саласының өндірісі нашарлады.

Қазіргі кезде тоқыма өнеркәсібі Ланкширде, жүн - Иоркширде, мата тоқушы - Шығыс Мидлинде, зығыр шығарушы - Солтүстік Ирландияға шоғырланған.

Тас көмірдің қоры бойынша Ұлы Британия Еуропада бірінші орынға ие (Германия мен Польшадан кейін) . Елде ірі алты көмір бассейндері: Йоркшир, Нортумберленд-Дарем, Оңтүстік-Уэльс т. б. құрылған.

Соңғы жылдары импорттың үлесі артуда. Соңғы кездері машина жасау құрылымында өнімнің құны бойынша электроникалық электротехника бірінші орынға шықты. Қазіргі кезде мұнай өндіру Солтүстік теңіз секторының 48 кен орнында жүргізіледі. Олардың ішіндегі ең ірілері - Брент, Фортис. 1998 жылы өндіріс көлемі 133 млн. т. жетті, олардың 2/3 бөлігі Германияға АҚШ, Нидерландыға экспортталды. Елде мұнайды қайта өңдеуші 14 зауыт жұмыс істейді. Олардың барлығы өзен сағалары немесе мұхит жағалауларында орналасқан. Шет елдерден әкелінген мұнайдың жартысынан көбі қайта өңделеді. Сонымен қатар, 80 газ кен орны өңделуде, оның қоры 2 трлн. м3, ал шығарылатындары - 0, 6 трлн. м3. Бүгінгі таңда 37 кен орны пайдаланылуда, олардың арасында еңірілері Леман-Бенк, Брент, Моркэм. Газ Норвегиядан (Экофиск кен орыннан) және Алжир мен Катардан сығымдалған күйінде су құбыр жүйесі арқылы импортталады.

Ірі электр энергетикалық аудандары Йоркшир тас көмір бассейнінен Трент өзені, Үлкен Лондон, Оңтүстік Уэльске дейін созылып жатыр. “Супергрид” деп аталатын бірыңғай энергия жүйесі құрылып, Ла-Манште Ұлы Британия мен Франция энергия жүйесін жалғастыратын кабель тартылған. 1956 жылдан бері Колдер-Холлде ең алғашқы атомдық электр станцияларының бірі жұмыс істейді.

Ұлы Британия шойын мен болаттан ірі өндіруші емес. XX ғасырдың 80-жылдарының соңында техникалық жаңғарту жүргізілді. Қазіргі кезде ірі металлургиялық төрт аудан сақталған, олардың көбі порттар жағасында (Порт-Толбот, Ланверн, Хамбарсайде-Сканторп, Тиссайде-Редкар) орналасқан.

Түсті металлургия қосымша металл өндіруімен де ерекшеленеді. Түсті металдардан алюминий мен қалайы шығарылады. Түсті металлургияның орталығы Суонси, Мерсейсайд, Үлкен Лондон. Алюминий зауыттары Холихед пен Линмутте салынған.

Химия өнеркәсібі жоғары экспорттылығымен ерекшеленеді. Бұл саладағы жетекшікомпаниялар “Куртолдз”, “Бичем груп”, “Империал Кемикл Индастриз”. Химия өнеркәсібі мұнай өңдеу зауыттары мен оларды пайдаланушы аудандарға (Оңтүстік-шығыс, Йоркшир) жақын орналасқан. Органикалық және органикалық емес химияның ірі зауыттары Стенло-Каррингтон, Биллингем-Уимтон-Норт-Тиседе орналасқан. Мұнай химиялық зауыттары қала маңына яғни Иммингем, Бристоль, Грейнджмут, Моссморан шоғырланған.

Машина жасау саласында тұрмыстық электроника, есептеу техникасы, радиоэлектроника (“Бритш Телеком”, “Ракал Электроникс”, “Симменс-Плесси”) салалары дамып келеді. Станок жасау бойынша дүние жүзінде алтыншы орын, экспорттаудан төртінші орынды алады. Халықаралық мамандандырылған сала трактор жасау (дөңгелекті трактор жасаудан дүние жүзінде Бірінші орынды иеленеді) болды. Экспортта маңызды орынды тоқыма машиналарын жасау мен прибор жасау алады.

Көліктік машина жасауда негізгі сала - автокөлік және авиаұшақ жасау (“Ровер тобы”, “Роллс-Ройс” т. б. ) .

Авиаұшақтарын жасау саласы халықаралық мамандандырылған сала, Ұлы Британия осы сала бойынша дүние жүзінде төртінші орынға ие(АҚШ, Германия, Франциядан кейін) . “Бритш Аэроспейс” компаниясы ұшақ, тікұшақ, ғарыштық аппараттар, ұшақ жасауға мамандандырылған. Ролс - Ройс - Авиа двигательдерін шығаруда дүние жүзі бойынша көшбасшы. Кеме жасайтын негізгі орталық Клайдсайд, Солтүстік-Шығыс, Англия, Барроу-ин-Фернесс, Белфаст. Соңғы жылдары тамақ өнеркәсібі корпорациялары (“Юнилевер”, “Грэнд Метрополитен” т. б. ) зор маңызға ие болды.

Өндірістік емес өріс. Ұлы Британия да жүк айналымының 9/10 бөлігін теңіз флоты құрайды. Британ флотының жалпы тоннажы үлкен және дүние жүзінде Панама мен Либериядан кейін үшінші орынды алады. Ең ірі порттары - Лондон, Ливерпуль, Саутгемптон, Милфорд-Хейвен, Иммингем, Порт-Толбот, Редкар. Автокөліктердің үлесі ішкі жүк және жолаушы тасымалдау айналымында тиісінше 66% және 94%. Басты автомагистралы - Лондон - Бирмингем, Манчестер - Глазго. Лондон қаласында - халықаралық маңыздағы ірі аэропорт бар. “Бритши Эйруэйз” дүние жүзінде тасымалдаған жолаушысының санына қарай екінші орынға ие.

Сыртқы экономикалық байланыстар. Капиталдың экспорты - Ұлы Британия үшін сыртқы экономикалық байланыстың маңызды түрі. Шет ел инвестициясының көлемі бойыншамемлекет әлемде АҚШ пен Жапониядан кейін үшінші орынды алады. Шығынның негізгі бөлігі қызмет көрсету саласына жұмсалады. Шет ел капиталы (АҚШ, Жапония т. б. ) өнеркәсіптің едәуір дамыған мұнай өндіруге жұмсалады. Елдің әлемдік саудадағы үлесі 2 есеге төмендеген (соғыстан кейінгі жылдармен салыстырғанда) . Импорттың құрылымында азық-түлік пен шикізаттың үлесі қысқарды.

Машина жасау өнімдері, химиялық тауарлар экспортта басымдылық танытады. Мемлекет дүниежүзілік ішімдік сусындарының (негізінен - шотландық виски) 1/5 бөлігін экспорттайды. Негізгі серіктес елдері: Германия, АҚШ және Жапония. Дамушы елдерге қарағанда Ұлы Британия шағын мемлекеттер аймағымен шектеледі (едәуір дамыған - Сингапур, Сянган, Корея), ғылыми сиымдылықты өнімдердің көлемі бойынша Ұлы Британия олардың базарына орта деңгейлік тауарларды жеткізуші ел болды. Қазақстан және де басқа да уақытша экономикалық елдермен байланысы айтарлықтай емес.

Ішкі ерекшеліктері. Қазіргі экономикалық аудандарға тән сипат олардың XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап ұйымдастырылуы болды. Елдің қазіргі экономикалық аудандарға бөлінісі 1974 жылы қабылданған аудандарды экономикалық-жоспарлауға негізделген. Экономикалық аудандардың төмендегідей топтары бар:

I. Оңтүстік Англия аудандары: Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік-Батыс;

II. Орталық Англия аудандары: Батыс Мидленд және Шығыс Мидленд;

III. Солтүстік Анлия аудандары: Солтүстік-Батыс (Камбриеймен бірге Ланкашир) . Хемберсайдтпен бірге Йоркшир және Солтүстік-Шығыс;

IV. Ұлттық шеттері: Уэльс, Шотландия және Солтүстік Ирландия.

Швейцария

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс еуропа аймағына экономикалық – географиялық сипаттама
Халықаралық көлік жолының дамуы үшін жасалатын мемлекеттік шаралардың тиімділігін бағалау
ЕУРОПА АЙМАҒЫНА ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
Қазақстанның транзиттік жүйесі
Батыс өркениеті жалпы сипаттама
Европаның жер бедері мен пайдалы қазбалары
Батыс Қытай Батыс Еуропа жол дәлізі Қазақстан үшін маңызы
Жобаның артықшылықтары
АҚШ ПЕН БАТЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ ИСЛАМ ДІНІНІҢ ТАРАЛУ ТАРИХЫ
Дүниежүзінің металлургия және машина жасау кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz