Германия парламенттік республика


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Германия.

Елдің жалпы аумағы - 356. 954 шаршы км. Халқы - 81 337 541 адам (1995) . Германияның қолайлы экономикалық-географиялық жағдайы әлеуметтік өріс пен инфрақұрылымның экономикалық жағынан жоғары деңгейде дамуына байланысты заттанады. Сонымен қатар, елдің экономикалық дамуына жәрмеңкелік қызметтің ұйымдастырылуы (20-дан астам халықаралық жәрмеңкелік орталық) үлкен ықпал етті. Олардың ішінде - Лейпциг, Кельн, Франкфурт-на Майне, Мюнхен, Ганновер, Дюссельдорф бар.

Германия парламенттік республика. Федерацияға «жердің» - 16 мүшесі кіреді. Әрбір «жердің» өз конституциясы, ландтаг (парламенттік және қалалық құрылым) және үкіметі бар. Заң шығарушы билігі қос палаталы парламент яғни бундестанг (депутаттар палатасы) және бундеспрат (жер палатасынан) тұрады. Мемлекеттің басшысы - президент. Атқарушы билігі - федералдық республика, оны бундестагтар сайлайтын федералдардың канцлері басқарды.

Астанасы - Берлин. Германия тәуелсіздігін 1871 жылы 18 қаңтарда жариялады. ГФР-дің негізгі заңы - Федералдық Конституция. ¦лттық мейрамы - 3 қазан - неміс бірлігінің Күні (ГДР мен ГФР бірігуі) . Мемлекеттік биліктегі органдарының аумақтық орталықтан басқарылмауы федерацияға тән арнаулы сипат. Әкімшілік-аумақтық бөлінісі төмендегідей: үкіметтік округ («регирунгсбецирки») әкімшілік ауданы («краизалар») және ауданнан тыс басқарылымдағы қалалар. Бөліністің ең төменгі бірлігі қауымдастық («гемайнде») болды. Аймақтық жоспарлауда басты рөлді федералдық жерлер атқарады.

Германия пайдалы қазындыларға бай. Тау жыныстарында тас көмір (230 млрд. т. қоры бар), сұр көмірдің қоры көп. Үш ерекше тас көмір бассейні (Саар, Рур және Ахен) ; Орта Германия және Лаузиц, Төменгі Рейнде сұр көмірдің кен орны бар. Табиғи газдың қоры (Солтүстік-Германия ойпаты) 340 млрд. м3 . Темір рудаларының кен орындарында (Зальцгиттер т. б. ) айтарлықтай қоры сақталған. Елдің әр түрлі аудандарында тас тұзының қоры кездеседі.

XX ғасырдың соңғы жылдары елде өлімпаздықтың туылымпаздықтан артылу сипаты тән болды. Халықтың саны қоныс аударушылар есебінен артуда. XIX-XX ғасырларда Германия көші-қон елі болды. Дүниежүзілік соғыстан кейін сыртқы көші-қон жөнінен әлемде бірінші орынға ие болды. 60-жылдардың басында Түркия және ОңтүстікЕуропа елдерінен жұмысшы күшін тарту кеңінен тарады. XX ғасырдың 90-жылдарында Германиядағы шет елдіктердің саны 7, 3 млн. адамға жетті, қоныс аударушы - немістердің, саяси қуғынға ұшырағандардың саны өсті.

Көптеген жылдар бойы ірі урбанистік құрылымдар және агломерациялар жүргізілді. Ең ірісі - Рейн-Рур (11 млн. адам) . Кейбір қалалар Римдік отарлау кезеңінен дамып келеді (Трир, Аугсбург т. б. ) . Кейбір қалалық елді мекендер резиденция-қалалар секілді дамыды (Дрезден, Потсдам т. б. ) . Діни сенімі бойынша аумақтық ерекшеліктер бар (халықтың 41%-ы протестант-евангелистер, 35%-католиктер) . Мемлекеттік тілі - неміс. Негізгі 3 диалекті бар - төменгі, орта, және жоғары.

Шаруашылықтың жалпы сипаттамасы. Ел экономикасының дамуы және әкімшілік-аумақтық бөліну, әкімшілік және саяси бөліну, қоныстану жүйесінің орталықтанбауы, көптеген пайдалы қазындылардың түрлерінің тапшылығына қарамастан дүниежүзілік соғыстың енуі әсер етті. 1949 жылы Германия аумағында екі ірі елдің құрылуы шаруашылықтың дамуына да, экономикаға да зор әсерін тигізді. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін шаруашылықтың дамуы өте күрделенді. Ауыл шаруашылық және өнеркәсіптік өндіріс бірден қысқарды. Әлеуметтік мәселелер күшейіп, жұмыссыздық өсті. Қазіргі кезде Германия шаруашылықтың негізгі салаларын дамыту деңгейі бойынша аумақтық үйлесімсіздік бар ел. Германия өнеркәсібінде тігінен интеграцияланған концерндері бар. Барлық ірі өнеркәсіптік компаниялар трансұлттық корпорациялар болып есептеледі.

Мемлекеттің өнеркәсіптік дамуының айрықша сипаты энергиялық және материалдық сиымсыздарды дамыту, бірақ еңбекті көп қажет етуші сала машина жасау мен металл өңдеу. Сонымен қатар, соңғы жылдары мемлекеттің батыс бөлігіндегі Притейн өнеркәсіп өндірісіне көп көңіл бөлінуде. Германияның шаруашылық өнеркәсібі шикізатты өндіруде де және оөнімді сатуда да сыртқы базарға тәуелді. ¤неркәсіп өнімдерінің 32%-дан артығы экспортталады (химия өнеркәсібі, көлік машина жасау, есептегіш техника және т. б. ) . Германия энергияға сұранысын мұнай мен газды әкелуге байланысты қанағаттандырады.

Энергетиканың 75%-дан артығы Ресей, Солтүстік және Жерорта теңіз порттарынан жеткізілген мұнайдың есебінен жұмыс істейді. Жұмыс істейтін шахталардың саны 18-ге дейін қысқарып, Ахен бассейнінде көмір өндіру тоқтатылды. Соңғы жылдары тас көмір Польша, ОАР, Австралиядан әкелінеді. Сұр көмірді өндіру жөнінен Германия дүние жүзінде бірінші орын алды. Желдік жөнінен ел дүние жүзінде екінші орын алады, ал, атом электр станцияларының қуаттылығы 20 млн. кВт.

Қара металлургияның салалары бүгінге дейін бәсекелестікке төтеп бере алады. Оны өндіруден ел әлемде төртінші орынға ие (Дортмунд, Дуйсбург, Бремен, Зальцигиттер және Оснабрюк т. б. ) .

Түсті металлургияның бір бөлігі шет елдерден жеткізілетін шикізатты екінші рет өңдеумен айналысады. Алюминий өнеркәсібінің орталығы Рейн-Вестфалия (Эссен, Норф, т. б. ), Тегинг, Штаде, Гамбург, т. б. Алюминий балқытудан Еуропада Норвегиядан кейін екінші орынға ие. Мыс балқыту комбинаттары Люнен, Оснабрюк, Хеттштеб, Гамбургте және т. б. жұмыс істейді.

Елдің тауарлық экспортының жартысынан көбі машина жасау саласын қамтамасыз етеді. Бұл саланың орталығы бұрыннан Мюнхен, Берлин, Лейпциг, Мангейм, Эрланен, Нюнберг болып есептеледі. Машина жасау мен металл өңдеудің әр түрлі өнімдерін Баден-Вюртемберг жері шығарады. Электр техникалық концерндері (“Сименс” т. б. ) Штутгарт, Кельн, Гамбург т. б. шоғырланған.

Елдегі маңызды сала болып есептелетін автокөлік жасау бойынша ел Жапония менАҚШ-тан кейінгі орынды иеленеді. Халықаралық маңызы бар негізгі компаниялары «Фольксфаген», Вольфсбург, Ганновер т. б және олардың еншілес компаниялары «Ауди» - Ингольштадт және Неккарзульмеде; «Мерседес-Бенс» - Штугар, Бремен, Байершие-Моторенверке (БМВ) - Мюнхен, Ландсхут, Регенсбургте; «Форд» - Кельнде; «Опеля» - Рюссельхаймде шығарылады. Теңіздік кеме жасау мен әскери қайық шығарудың негізгі орталығы - Бремен, Эмден, Киль, Гамбург, Росток, Штральзунд. Құрылысы жағынан дүние жүзінде үшінші орынды иеленеді.

Әуе ғарыштық өнеркәсіп Баварияда шоғырланған, негізгі орталықтары Мюнхен және Аугсбергте.

Органикалық және органикалық емес синтездер өнеркәсіптік өнімдерін өндіруде химия өнеркәсібі жетекші рөл атқарады. Орталығы Кельн, Вессеминг, Дормаген, Крефельд, Леверкузен («Байер») .

Мұнайды қайта өңдеуші ірі орталықтардың (Кельн, Карлсруэ, Гамбург, Шведт т. б. ) ел бойынша бірнеше ұсақ фирмалары бар.

Ауыл шаруашылығы. Орман алқапты жерлер үлесінің артуы ауыл шаруашылығы үлесінің азаю сипаты тән. Аумақтың үштен бір бөлігін ауыл шаруашылығына пайдаланады. Ауылшаруашылығының тауарлық өнімінің 70%-ын мал шаруашылығы береді. Азықтыққа қарағанда жемдік дақылдардың егіс көлемі көп. Баварияда дүние жүзіндегі құлмақ шығарудың ірі зауыты - Халлертау жұмыс істейді. Баварияда күзде бірнеше күндер бойы өтетін сыра жасаушылар мен сыраны ұнататушылардың «Октоберфест» мейрамы көпшілікке кеңінен танымал. Германия азықтық дақылдармен елді толықтай қаматамасыз етеді. Картоп, жүзім, жеміс-жидек өсіру кеңінен дамығын. Күзде болатын «жүзім шарабы» мерекесі жаңадан жасалған шараптардың толық дайын болған кезінде өтеді және олар көптеген туристерді өзіне тарту себебінен «шараптық туризм» деген түсінікті қалыптастырды.

Мал шаруашылығында жетекші сала сүтті-етті мал өсіру. Сүт өнімдері мен сиыр етін ел сыртқы базарға шығарды. Жаппай шошқа өсіру дамыған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық парламент
Үкіметтің саяси жауапкершілігі тек парламент алдында
Унитарлы мемлекеттердегі бақылау функциялары: шетел тәжірибесі және жаңа конституциялық аядағы қазақстандық ерекшелігі
Мемлекеттің құрылымдық нысаны
Қазақстан Республикасында унитарлық құрылым нысанындағы мемлекетті басқару ерекшеліктері
Мемлекеттегі унитарлық құрылым нысанындағы мемлекетті басқару ерекшеліктерін талдау
Мемлекет нысаны және құрылым
Мемлекет нысаны туралы
МЕМЛЕКЕТТЕГІ ПРЕЗИДЕНТІК БИЛІК НЫСАНДАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мемлекет нысаны жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz