Ғылыми-техникалық революцияның негізгі сипаттары және өндіргіш күштердің орналасуы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ғылыми-техникалық революция және өндіргіш күштердің орналасуы

Адамзат өркениетінің дамуына ілесетін ғылыми-техникалық прогрестен өзгеше ғылыми- техникалық революция дегеніміз - ғылым мен техниканың дамуында қоғамның өндіргіш күштерін түбірімен өзгертетін сапалық күрт ілгерілеу болатын уақыт кезеңі .

ҒТР басталуы шамамен ХХ ғасырдың орта тұсы . Оны сипаттайтын нышандар өте-мөте сан алуан және ҒТР- дің барлық құрамдастарына: ғылымға, техника мен технологияға, өндіріске, басқаруға қатысты .

ҒТР- дің ең басты әрі айқындаушы нышаны ғылымның ерекше қауырт дамуы, оның тікелей өндіргіш күшке айналуы болып табылады . Қазіргі заманғы ғылыми ашылыстар индустриясына, техниканы дамытудың қуатты көтермелеушісіне айналды .

Жапонияның ҒТР жетістіктен өнеркәсіпке енгізудегі жалпы әлем таныған табыстары білім беру жүйесінің тамаша ұйымдастырылуымен, бұл жүйеге көп қаржы жұмсалуымен тікелей байланысты . Бұл елде ірі-ірі ғылыми - зерттеу және тәжірбиелік- констукторлық талдамалар жүргізетін 450 университет бар .

ҒЗТКТ-ге жұмсалатын қаражат ҒТР дәуірінде өте маңызды экономикалық көрсеткішке айналып келеді . Мұндай қаражаттың 85 пайызы өнеркәсібі дамыған басты елдерге келеді : АҚШ, Жапония, ГФР, Франция және Ұлыбритания . Бұл орайда АҚШ-та ҒЗТКТ-ге жұмсалатын қаражат Батыс Еуропа елдері мен Жапонияның жұмсайтын қаражаттарының бәрін қосқандағы шамалас және Ресейдің мұнай қаражатынан бірнеше есе асып түседі . Өндірістің техникалық деңгейінің бірқатар көрсеткіштерінің Батыстың дамыған елдерінде анағұрлым жоғары болуының себебі осы . Қазақстан экономикасын ҒТР талаптарының деңгейіне көтеру үшін ғылым мен техниканың дамуын жеделдету тұрғысында шешуші шаралар қолдану қажет болатыны сондықтан .

Қазіргі ғылыми- техникалық революцияның аса маңызды екінші нышанына өндірістің техникалық базасындағы түбірлі өзгерістер болып табылады . Бұл орайда электронды- есептеу техникасы мен роботтардың кеңінен қолданылуы, мүлдем жаңа химиялық материалдардың шығуы, энергияның жаңа түрлері мен негіздерінің ашылып, пайдалануы туралы айтылып отыр .

Өткен ғасырдағы өнеркәсіптік революцияның бастама «буыны» бу машинасы болса, қазіргі ҒТР-дің бастама «буыны» ЭЕМ болып отыр .

«Микроэлектрондық революция» қазіргі заманғы дүниеде еңбек ең көп жұмсалатын әрі қауіпті өндірістерде пайданылатын роботтарды көптеп қолдануда айқын көрініп отыр .

Техниканың революциялық жаңаруымен қатарласа технология өзгеріп отыр . Қасиеттері күн ілгері белгілі заттар, химиялық синтездің энергиясы, аса жоғары температуралар мен жоғары қысымда жүзеге асатын процестер, лазерлік техника кеңінен пайдалануда .

ҒТР дәуірінде қазіргі заманға өндірісті басқару проблемасы ерекше маңызды болып отыр . Ол адам айтқысыз күрделіленіп, арнаулы даярлықты керек ететін болды . «Аполлон» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде үйлесімді ретпен жұмыс м істеуге тиіс болған 26000 әр түрлі фирма қатысты .

Белгілі бір елдегі ҒТР-дің жайы қандай екенін әдетте өнімді өнеркәсіптік өндіруде ғылым көп пайдаланылатын өнімнің үлесі қандай екеніне қарап ажыратады . Мұндай өнімдерді прибор жасау, электротехникалық машина жасау, авиағарыштық өнеркәсіп және т. б. салалар шығарады .

Ғылым көп пайдаланылған өнім дамыған елдердің сыртқы саудасында барған сайын үлкен роль атқарып келеді . Бұл орайда осы өнім экспортының 90 пайызынан астамы АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, Италия, Ұлыбритания елдерінің үлесінде . Еліміздің алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі экспортымызда нақ осы ғылым көп пайдаланылатын өнімнің үлес салмағын арттыру .

ҒТР - дің ықпалымен дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымында елеулі өзгерістер болып жатыр . Әлемнің жетекші елдерінің ғасырлар бойғы күш-қуатының тірегі болып келген кейбір салалардың рольдері төмендеп барады, ал ғылым көп пайдаланылатын өнімдер шығаратын жоғары технологиялық енді бір салалар өрлей дамуда .

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ҚҚЖУ жанындағы ТЭК

РЕФЕРАТ

Тақырыбы : « ҒТР-дің негізгі сипаттары . »

Тексерген: Абдыкаримова Ж. Х.

Орындаған : Нургалиева С .

Алматы 2005

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми-техникалық революцияның шаруашылық құрылымдары мен Қазақстанға ықпалы
Ғылыми-техникалық революцияның дамыған елдер экономикасындағы құрылымдық өзгерістері
Ғылыми-техникалық революцияның Қазақстан Республикасындағы қолданылуы
Қоғамдық прогресс: теориясы, тарихи типтері және өндіргіш күштердің рөлі
Ғылым социологиясы: мәні, рөлі және ғылыми-техникалық революцияның әлеуметтік салдары
Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы мен халықаралық еңбек бөлінісі: ғылыми-техникалық революцияның ықпалы
XIX-XX ғасырдағы батыс философиясының негізгі бағыттары және ғылыми-техникалық революцияның ықпалы
Ғылым социологиясы: қоғамдағы қызметі, басқару механизмдері және ғылыми-техникалық революцияның әлеуметтік салдары
Қазақ әдебиетіндегі өндіріс тақырыбы және ғылыми-техникалық революцияның көркем бейнеленуі
Батыс Еуропада өндіргіш күштердің дамуы және капиталистік қатынастардың тууы (ХҮІ-ХҮІІ ғ. І жартысы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz