Шетелдік Еуропа туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Шетелдік Еуропа

Шетелдік Еуропа елдерінің экономикалық-географиялық жағдайын екі басты белгі айқындайды.

Біріншіден, бұл елдердің бір-біріне көршілік жағдайы. Территориясы шағын, шалғай аудандары аз және көлік тез арада өте шығатын бұл елдер бір-бірімен тікелей шектесіп жатады, немесе олардың арасын болмашы қашықтық бөліп тұрады. Бұған қоса, олардың шекаралары негізінен алғанда, көлік қатынасы үшін айтарлықтай кедергі келтірмейтін табиғи шептер арқылы өтеді.

Екіншіден, елдердің басым көпшілігінің теніз маңайына жайғасуы, олардың кебі қатынас қызған теңіз жолдарына жақын орналасқан. Аймақтың батыс бөлігінде теңізден 480 км-ден, шығысында - 600 км-ден шалғай орналасқан мекен жоқ. Ұлыбританияның, Нидерландының, Данияның, Норвегияның, Исландияның, Португалияның, Испанияның, Италияның, Грецияның бүкіл тіршілігі ежелден теңізбен тығыз байланысқан, олардың әрқайсысы жөнінде "теңіз қызы" деп айтуға болады.

Аймақтың саяси картасы XX ғасырдың өн бойында үш үлкен өзгерісті басынан өткізді: бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстан кейін және соңғы жылдары (Германияның бірігуі, Литва, Латвия, және Эстонияның тәуелсіздік алуы, Шығыс Еуропа елдеріндегі қоғамдық құрылыстың өзгеруі) .

Шетелдік Еуропада республикалар да, монархиялар да, унитарлы мемлекеттер де, федерациялы мемлекеттер де бар.

2. Табиғат жағдайлары мен байлықтары: ішкі үлкен айырмашылықтары.

Шетелдік Еуропаның өнеркәсібіне қажетті табиғи алғышарттар пайдалы қазбалардың орналасуының зор ықпалымен қалыптасты. Алайда олардың аймақтың солтүстік (платформалық) және оңтүстік (қатпарлы) бөліктеріндегі құрамының бір-бірінен айтарлықтай айырмашылықтары бар.

Солтүстік бөлікте Балтық қалқанымен және герцин қатпарлылығымен байланысқан кенді пайдалы қазбалар, сондай-ақ бәрінен бұрын платформаның шөгінді тысы мен оның шеткі ойыстарына "жиналған" отын пайдалы қазбалары таралған.

Мысал. Тас көмір алабының ішінен ГФР-дегі Рур және Польшадағы Жоғарғы Силезия алабы, мұнай-газ алаптарынан - Солтүстік теңіз алабы, темір кені алаптарынан - Францияның Лотарингия және Швециядағы Кируна алаптары ерекше көзге түседі.

Оңтүстік бөлікте магмалық, сондай-ақ шөгінді (бокситтер) кен орындары басым, бірақ мұнда отын қоры әлдеқайда аз. Жеке елдердегі пайдалы қазбалар жиынтығының "толық болмауы" едәуір дәрежеде территорияның осындай тектоникалык, құрылысына байланысты.

Шетелдік Еуропаның су энергетика байлықтары айтарлықтай мол, бірақ олар негізінен алғанда Альпы, Скандинавия және Динар таулары ауданына келеді.

Аймақтың ауыл шару ашылығына қажетті табиғи алғышарттары айтарлықтай қолайлы және көптеген ғасырлар бойы кеңінен пайдаланылуда. Осының нәтижесінде өңделетін жерлерді ұлғайтуға қажетті резервтер іс жүзінде таусылған, ал оларға түсетін "күш" артып барады. Сондықтан теңіз маңындағы шағын елдер, бәрінен бұрын Нидерланды теңіздің жағалық бөліктеріне шабуылды үдете түсуде.

Мысал. Нидерландыда көптеген ғасырлар бойы бүкіл ел территориясының 1/3-і дерлік бөгеттердің жәрдемімен теңізден "тартып" алынған. Мұнда "Құдай жерді жаратса, голландықтар - Голландияны жаратты" деген мәтелдің айтылуы тегін емес. Бұрын теңіз шығанағы болған Эйсселмер көлін құрғату жұмысы аяқталып келеді және жағалауды толығымен қорғауды көздейтін "Атырау-жоспар" жүзеге асырылуда.

Аймақтың агроклиматтық факторлары оның қоңыржай, оңтүстігінде - субтропиктік белдеуге орналасуына байланысты айқындалады. Жерорта теңізі маңайындағы тұрақты егіншілік қолдан суаруды керек етеді. Суарылатын жерлер бәрінен де Италия мен Испанияда көп.

Кәдімгі орман ландшафтылары басым Швеция мен Финляндияда орман шаруашылығын жүргізуге қажетті табиғи алғышарттар жеткілікті.

Мұнда ормандар ойпаттар мен қыраттарды, өзендер мен көлдердің жағасын басып, елді мекендерге тиіп тұрады. Халықта "Финляндияда орман болмаса, аюда жүн де болмас" деп айтылатыны бекер емес. Шетелдік Еуропада табиғи-тынығу қорлары да мол әрі алуан түрлі.

Шаруашылығы: дүние жүзінде алатын орны, елдер арасындағы айырмашылықтар. Тұтас аймақ ретінде шетелдік Еуропа өнеркәсіп және ауылшаруашылық өндірісінің көлемі, тауарлар және қызмет көрсету экспорты, алтын және валюта қоры, халықаралық туризмді дамыту жөнінен дүниежүзілік шаруашылықта бірінші орын алады.

Аймақтық экономикалық қуаты ең алдымен Батыс елдерінің "үлкен жетілігіне" кіретін төрт ел - ГФР-ге, Францияеа, Ұлыбританияға және Италияга байланысты болатыны түсінікті. Әр түрлі салалар мен өндірістердің ауқымды кешені де осы елдерде орналасқан. Бірақ соңғы онжылдықтарда олардың арасындағы күштердің арасалмағы өзгерді. Қайта индустрияландыру жолывда экономикасы неғұрлым серпінді дамыған ГФР жетекші орынға шықты. Бір кезде "әлем шеберханасы" атанған Ұлыбритания өзінің бұрынғы көптеген позицияларынан айрылды.

Шетелдік Еуропаның қалған елдерінің ішінде Испанияның, Нидерландының, Швейцарияның, Бельгия мен Швецияның әкономикалық салмағы басым. Басты төрт елден өзгеше, олардың экономикасы, ең алдымен, әдетте, Еуропада немесе дүние жүзінде кең танылған жекелеген салаларға мамандануда. Шағын және орташа елдер бүкіл дүниежүзілік экономикалық қатынастарға ерекше кең тартылған. Бельгия мен Нидерландыда экономиканың ашықтығы барынша жоғары деңгейге жеткен.

Шығыс Еуропа елдері аймақтың экономикалық картасында айрықша орын алады. Бұл елдер 80-жылдардың соңынан бастап қоғамдық меншік пен орталықтандырылған жоспарлаудың бұрынғы жүйесінен рыноктық принциптерге негізделген жүйеге көшуде.

Өнеркәсіп: басты салалары . Шетелдік Еуропаның халықаралық географиялық еңбек бөлінісіндегі "келбеті" 200 жылдан астам уақыт бойы, тіпті қазіргі кезде де көбінесе өнеркәсіптің дамуына байланысты болып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қауіпсіздік туралы жалпы түсінік
Жак Ширак билігінің Франция саясатын айқындауы
Францияның Еуропалық Одаққа қатысты саясаты
Қазақстан және еуропа елдері арасындағы туристік қатынастарды дамыту келешегі
Франция туралы жалпы мағлұмат
Әлем халықтарының этнологиясы
Франция мемлекеті жайлы
Ертеде осы жерлерде
Халықаралық туризм: анықтамасы, негізгі түсініктері және атау сөздері
Сыртқы экономикалық қызмет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz