МЫСЫР ТАРИХЫ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

МЫСЫР

Дамушы мемлекеттер қатарына жататын Мысыр елі тұрғындарының орташа есеппен санағанда бір айлық жалақасы 1000 $-ды құрайды. Елде жұмыс істейтіндердің 33%-ы ауыл шаруашылығында қызмет істейді.

Халық саны - 64 млн адамнан астам.

Астанасы - Каир (20 млн) . Халықтың 80%-ы қарапайым жұмысшылар. Сонымен қатар, тұрғылықты халықтың 50%-ы, әсіресе әйел адамдар, сауатсыз келеді. Олар не оқи алмайды, не жаза алмайды.

Діні - ислам діні (93%-ы), христиан (6%-ы) .

Тілі - қарым-қатынас тілі болып араб диалектілерінің бірі, дәлірек айтқанда «жоғары» араб тілі болып табылады.

Мұсылман діні - елдің өмір ықпалын анықтап, шешуде елеулі рөл атқаруда. Мәселен, елде 5 уақыт намаз оқу уақытында жұмыс тоқтатылып, барлық көшелерде микрофонмен намаз оқылады. Ал рамазан айларында, жұрттар күні бойы қызмет істемейді. Елде ислам мәдениеті мысырлықтардың мәдениетін ығыстырып, берікті орын алуда.

ЭКОНОМИКАСЫ.

Шаруашылықтың басты салалары текстиль фабрикалары мен азық-түлік фабрикалары.

Асуан гидроэлектр станциясы елді толығымен электр қуатымен қамтамасыз етеді. Мысырды табиғи газдың көптеген орындары табылған. Жылдан-жылға күн энергиясын пайдалану ісі дамып келуде. 1994 жылдың ақпан айында Мысырда алғаш рет дүние жүзінде жел электр станциясы тұрғызылды. Бұл станция жылына 600 000 кВт қуат өндіреді.

Мысыр экспортқа: мақта, жеміс-жидек, бидай, тары шығарады. Алайда, импорттың үлесі басымырақ. Мәселен, 1996-1997-жылы сыртқы қарыз 6 млрд доллар құраса, 1997 жылы ол 30 млрд АҚШ долларын құрады.

Жұмыссыздық елдегі халықтың 20%-ын алады.

Инфляция - 10%-ы.

Мемлекетті басқаратын, оның қарулы күштерінің бас қолбасшысы президент («раис») болып табылады.

МЫСЫР ТАРИХЫ.

Ежелгі Египет - Африканың солтүстік-шығысында, Ніл өзені бойында құрылған ертедегі мемлекет. Мысыр жерін адам баласы палеолит дәуірінен мекендей бастаған. Неолит кезеңінен климат өзгеріп, бұрынғы саванналарды құм басып, адамдар Ніл өзені бойына жинала бастады. Б. з. б. 4-мыңжылдық шамасында Ніл өзені бойына жиналған тайпалар (протосемит, бербер, кушит, т. б. ) өзара араласып, Мысыр халқы қалыптасты. Халық санының күрт өсуіне, аңшылық пен балық аулау кәсіптері арқылы тамақ табудың қиындауына байланысты мал шаруашылығы мен егіншілік дами бастады. Қоғамның әрі қарай дамуы нәтижесінде алғашқы мемлекеттік бірлестіктер пайда болды. Олардың арасынан екі мемлекет іріктеліп шығып, елдің оңтүстігінде жоғарғы Мысыр, ал солтүстігінде төменгі Мысыр патшалықтары құрылды. Б. з. б. 3-мыңжылдық шамасында жоғарғы Мысыр билеушісі Менес (Мена) төменгі Мысырды басып алып, елді біріктірді.

1. Ең ежелгі патшалық (б. з. б. 3000-2800) кезеңінде елді екі билеуші әулет кезек-кезек басқарды. Жерді суғару қолға алынып, мыстан қару-жарақтар, құрал-саймандар соғылды, айырбас сауда дүниеге келді. Нурбияға, Ливияға, Синай түбегіне жорықтар жасалды.

2. Ежелгі патшалық (б. з. б. 2800-2250) үшінші әулеттің билікке келуімен басталды. Ауыл шаруашылығы қолөнер, айырбас сауда мен құрылыс жұмыстары жетілдіріліп, жерге жеке меншік пайда болды. Перғауын мен мемлекеттік аппараттың билігі күшейтілді, тұрақты әскер құрылды. Құл еңбегін кеңінен қолдана отырып, перғауындар арналған пирамидалар салынды. Мысырдың бірінші бөлінуі б. з. б. 2250-2050 жыл болды. Жер көлемінің тым ұлғайуына байланысты жергілікті тайпа көсемдерінің билігі күшейіп, нәтижесінде б. з. б. 23-22 ғасырларда Мысыр бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Ұсақ мемлекеттер өзара қырқыса бастады. Дегенмен сауда мен қолөнердің дамуы елдің бір орталыққа бағынуын қажетсінді. Сөйтіп, б. з. б. 21 ғасырдың ортасына таман ел қайтадан бірікті.

3. Орта патшалық (б. з. б. 2050-1700 12-ші әулеттің билік басына келуімен тікелей байланысты. Ұсақ иеліктер қайтадан бір орталыққа біріктірілді. Суландыру жұмыстары, қолөнер, сауда бұрынғысынан да өркендеді. Сириямен, Крит аралдарымен сауда байланыстары жақсарды. Бұл кезеңнің соңына таман орталықтың билігі әлсіреп, перғауындар арасында билік үшін күрес басталды. Мысырдың екінші рет бөлінуі кезінде (б. з. б. 1700-1580) елге солтүстік-шығыстан гиксос тайпалары шабуыл жасап, мемлекеттің көпшілік бөлігін басып алды да 110 жылдай билік құрды. Мысыр перғауындары тек елдің оңтүстік жағында үстемдік етті. 15-17-әулеттен шыққан перғауындар елден басқыншыларды қуып шығу үшін үздіксіз соғыс жүргізгенімен, тек 18-әулеттің тұсында ғана Мысыр толық азат етілді.

4. Жаңа патшалық (б. з. б. 1580-1070) кезеңінде қола мен темірден әр түрлі бұйымдар (соқа, жіп иіретін құралдар, дөңгелек, шына-пиала, т. б. ) шығарылды. Сирияға, Палестинаға жасалған жорықтар нәтижесінде оң мыңдаған тұтқындар құлға айналды. Арбакештер әскері пайда болды. Перғауындар - Тутмос I, Тутмос III, Аменхотеп II-лердің заманында Мысырға Сирия, Палестина, оңтүстікте Ніл өзенінің бастауына дейінгі жерлер қосылды. Вавилон, Хетт патшалықтарымен дипломатиялық қарым-қатынас орнады. Елдің күшейген тұсы Аменхотеп ІІІ (б. з. б. 15 ғасырдың 1-жартысы) заманы. Б. з. б. 15-ғасырдың 2-жартысынан бастап Сирия үшін хеттермен, кейін «теңіз халықтарымен» және ливиялықтармен үздіксіз соғыс жүргізілді. Нәтижесінде б. з. б. 11 ғасырда елдің саяси-экономикалық жағдайы қатты нашарлап кетті.

5. Кейінгі патшалық (ливия-парсы) кезеңінде (б. з. б. 1070-332) ел қайтадан бір орталыққа біріктіріліп, экономика әрі қарай дамыды, металл ақшалар пайда болды. Бірақ кейін Мысыр қайтадан ыдырай бастап, б. з. б. 671 жылы Ассирияның қол астына қарады. Дегенмен Сайс Псамметих І (б. з. б. 663-610) тұсында ел азат етілді. Оның мұрагері Нехо II Грекиямен және Жерорта теңізінің шығыс жағалауын мекендеген мемлекеттермен тығыз сауда байланысын орнатты. Бірақ б. з. б. 525 жылы елді парсы патшасы Камбис жаулап алды. Парсы билеушілері елдегі биліктерін сақтап қалу үшін Мысыр абыздарына көп жеңілдіктер жасады.

6. Грек-рим кезеңі (б. з. б. 332-б. з. 395) Мысырды А. Македонскийдің жаулап алуымен басталды. Аса ірі сауда және мәдени орталық - Александрия қаласының негізі қаланып, бұдан басқа да көптеген сауда және қолөнер орталықтары құрылды. Орта Азия, Үндістанға дейінгі елдермен байланыс орнатылып, Моңғолия жерінде Батыс және Шығыс мәдениеттері біріктірілді.

Алғашқы патшалықтар тұсында сарайларында арнайы мектептер ашылып, болашақ шенеуніктер даярланды. Мектептерде 5-16 жас аралығындағы ер балалар оқып, 12 жастан бастап әр түрлі мекемелерде көшірмеші, хатшылық жұмыстарды атқарды. Мектептерде сауатты жазу мен есепке баса назар аударылып, қосымша гимнастикалық жаттығулар, суда жүзу, өзін-өзі дұрыс ұстау үйретілді. Діни мектептерде астрономия мен медицина оқытылды. Ақсүйектердің балаларына әскери білім берілді. Математика ғылымы алгебра мен геометрияға бөлінді. Қарапайым алгебра есептері шешіліп, пирамидалар геометриялық жолмен салынды. Мысыр абыздары жұлдыздарды зерттеу арқылы жылды 3 маусымға (сулы-жаңбырлы, егінді, құрғақ) 12 айға бөлді. Әр айда 30 күннен болды. Ал қалған 5 күнді жылға қосты. Уақытты есептеу үшін құм және су сағаттары қолданылды. Елді мекендердің алғашқы карталары мен қалалардың жоспары жасалынды. Анатомия мен хирургия да жақсы дамып, өлген адамдардың денесі бальзамдалды, хирургиялық аспаптар пайда болды. Бұған қоса адам емдеуде магия, сиқыршылық, кері дуалап оқу әдістері кеңінен қолданылды. Денені мумиялау, дәрі-дәрмек, түрлі-түсті бояулар жасау арқылы химия ғылымы да дами бастады. Мысыр теңізшілері перғауындардың бұйрығы бойынша алыс елдерге саяхат жасады. Грек-рим мәдениеті келгенге дейін Мысырда нақты оқиғалар тек жартастағы жазулар мен аңыз-әңгімелер арқылы ғана сақталып отырған. Мысыр мәдениеті ежелгі дәуірде антикалық мәдениеттің, кейіннен Еуропа дәне мұсылмен мәдениеттерінің бастауы болды. Гректер Мысырды ежелгі данышпандар елі деп атап, оларды өздерінің ұстаздары санады.

МЫСЫР ЖАЗУЫ.

Египет жазуы, б. з. б. 4-мыңжылдықтың орта тұсында пайда болған. Алғаш сурет-кескіндермен, иероглифтік (идеографиялық) таңбалармен бейнеленді. Жазудың шапшаң жазылатын иератика (б. з. б. 3-мыңжылдық), демотика (б. з. б. 8 ғасыр) түрлері пайда болды. Мысыр жазуында әрбір суреттің, таңбаның өзіндік мағыналары болды. Таңбалар саны 5 мыңға жуықтағанмен, қолданыстағысы 700-800-ден аспады. А. Македонскийдің Мысыр жеріне жасаған жорығынан соң (б. з. б. 332 ж. ) Мысыр жазуы мен грек жазуы қатар қолданылып, екі жазу аралығындағы жаңа копт жазуы дүниеге келді. Египетте 640 жылдан (ислам дінінің таралуынан бастап) қазіргі уақытқа дейін араб әліпбиі қолданылды. Мысыр жазуының құпиясын алғаш француз ғалымы Франсуа Шампольон ашты. Ол Розетта тасын зерттеу кезінде «Птолемей» және «Клеопатра» сөздерін оқыды. Шампольон иероглифтерді жеке сөздерді білдіреді дегенге қарсы болып, тек буынды, дыбысты таңбалауы мүмкін деген жорамал жасады. Осылайша ғалым құпиясы мен жұмбағы мол, мыңдаған жылдар бойы ұмыт қалған Мысыр жазуы арқылы ежелгі Мысыр мәдениетін әлемгі әйгіледі.

Мысыр тілі - б. з. 5 ғасырда қолданыстан шыққан өлі тіл. Мысыр тілі ежелгі (б. з. б. 30-22 ғасырлар), орта (б. з. б. 22-16 ғасырлар), жаңа (б. з. б. 16-8 ғасырлар) және демотика тілі (б. з. б. 8 ғасыр - б. з. 5 ғасыр) деп бөлінеді. Семит-хамит тіл шоғырының египет бұтағына жататын Мысыр тілі копт тілімен қатар 5 ғасырға дейін өмір сүрді. 5 ғасырдан бастап копт тілінің үстемдік алуына байланысты қолданыстан шығып қалды. Шампольон жасаған ежелгі Мысыр тілінің грамматикасы бойынша сөйлем баяндауышының қай сөз табынан жасалғанына байланысты етістікті немесе емісді сөйлем болып бөлінеді.

«МЫСЫР ЕЛІНДЕГІ ҚАЗАҚ БАТЫРЫ».

Жат жұрттардағы қыпшақ әдебиетінің бүкіл Шығыс елдеріне кең тараған туындысы-қазақ сахарасының перзенті қыпшақ Сұлтан аз - Захир Бейбарыс жайлы қиссалар. Сұлтан аз-Захир Бейбарыс деген кім?

Арабтың, «мамлюк» деген сөзінің көп мағынасының бірі - ақ құлдар. Ал осы мамлюктердің бір тобы қазіргі қазақ сахарасы мен Еділ, Жайық, Қара теңіз бойында МОҢҒОЛ шапқыншыларымен болған қырғын соғыс кезінде тұтқынға алынған қыпшақтар болған. И. М. Фильштинский зерттеулеріне қарағанда, моңғолдар өзгелермен бірге қыпшақтарды да шетелдік көпестерге, әсіресе италиялық саудагерлерге сатып отырған. Ал олар мұндай өтімді «тауарды» Жерорта теңізінің арғы жағалауындағы Мысыр еліне апарып, артық бағамен қайта сататын болған. Тұтқындар ішінен қыпшақтардың батырлығына, ер жүректілігіне, төзімділігіне, шыдамдылығына қызыққан Мысыр сұлтандары оларды әскери қызметке тартқан, сарай жасақтары еткен. Біртіндеп жоғары әскери қолбасшы мәртебесіне қолы жеткен қыпщақтар жұрты қолдамаған сұлтандарды тақтан оп-оңай-ақ тайдырып отырған. Мысырлық қыпшақтардың салтанат құруы, әсіресе, XIII ғасырдың екінші жартысынан басталады. Мысалы, 1250-57 жылдары Египетті түркінің бахрлықтар деп аталған Айбек бастаған қауымы билеген. Олардың бахралықтар деп аталуына себеп болған жайт қыпшақтардың әскери казармаларының Ніл өзені ортасындағы аралда болғандығынан еді. Сондықтан да олар «бахрлықтар», яғни «аралдықтар» деп аталып кеткен.

Мемлекет билігі қолдарына тигеннең кейін қыпшақтар күрдтер әулетін аластаған. Сөйтіп, олар Египетті ұзақ уақыт билеген. Олардың басын біріктіріп, жеңістерге жетелеген, күні бүгінге дейін аты халық аузында аңыз боп қалған қыпшақ текті сұлтан аз-Захир Рукн ад-Дин Бейбарыс болған.

Жазба деректерге қарасақ, Бейбарыс 1223 жылы монғолдар ойрандаған Дешті Қыпшақ даласында дүниеге келген. Жетім қалған жас бала өзге де тұтқындармен бірге Мысырдық сол кездегі курд текті сұлтаны Салих Наджм ад-Динге сатылған.

И. М. Фильштинский еңбектеріне карағанда жас батыр әуелі Сириядағы әскери мектепте оқығаннан кейін, мамлюк жасақтарына жазылады. Әл-Мансур деген жерде болған алғашқы шайқаста-ақ ол ерлігімен көзге түскен.

Крест тағушыларды талқандағаннан кейін Бейбарыс өзінің, негізгі қарсыласы Туран шаһ пен бақталасы Кутузды да тақтан тайдырған. Бейбарыс үкімет басына келген тұс монғолдардың 1258 жылы Бағдадты қиратып, Аббастан тараған халифалар әулетінің бірқатарын дарға асып үлгірген кезі болатын. Солардың тірі қалған біреуі соңынан Шамға қашып кеткен. Оны сол жерден Бейбарыс Мысырға алдырып, 1261 жылы әл-Мустансир деген атпен халифа етіп жариялаған. Сол жаңа халифаның қолынан өзі де сұлтан лауазымын алған.

Бейбарыс енді Машриқ елдерін жаулап алып, Мысырға ұмтылған монғолдардың тас-талқанын шығарғаң. Әскер ішінде темірдей тәртіп орнатқан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Мысыр математикасының тәсілдері
Дешті қыпшақтың мысыр мамлүк мемлекетімен XIII-XV ғғ. байланыстары
Мысыр өнерінің классикалық кезеңі
СҰЛТАН БЕЙБАРЫСТЫҢ ТАРИХИ ТҰЛҒАСЫ
Ежелгі Мысыр өміріне шолу
Сұлтан Бейбарыс және оның Қыпшақ тарихындағы рөлі
Мысыр пирамидалары
Каир қаласы
Египет. Ежелгі египеттің өркениеті
Египет Араб Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым қатынастың даму тарихы (1992-2003 жылдар)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz