Жапония - ежелгі мемлекет



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ. ТАБИҒИ РЕСУРСТАРЫ.
ХАЛҚЫ.
ШАРУАШЫЛЫҒЫ.
ТАБИҒАТЫ.
ТАРИХЫ.
ЭКОНОМИКАСЫ.
ӘДЕБИЕТІ.
ӨНЕРІ.
ІШКІ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР.

ЖАПОНИЯ Ниппон, Нихон ("Таң шапағы елі") — Шығыс Азия жағалауларына
жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4. мыңға жуық
аралдарлан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку. Кюсю. т.б. Жер
аум. 372,2 мың км:. Халқы 126,2 млн (1997) Астанасы — Токио қ. (11,9 млн.).
Әкімш. жағынан 47 префектураға белінеді. Жапония — бір ұлтты ел. Халқының
99,4%-і — жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады.
Ресми тілі — жапон тілі. Негізгі діндері — синто және будда діндері.
Жапония — конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 ж. 3 мамырда
қабылданған конституция бойынша император — "мемлекет пен халық бірлігінің
көрінісі". Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды
және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғары соттың төрағасы
мен мүшелерін тағайындайды немссе орнынан алады. Конституция бойынша,
мемлекеттік істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет жауап
береді. Жоғары заң шығарушы орган парламент — екі палатадан (өкілдер
палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан
(император Акихитоның туған күні). Ақша белгісі — иен.

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ. ТАБИҒИ РЕСУРСТАРЫ.
Жапондардың өздері Күншығыс елі деп атайтын Жапония қазіргі дүние
жүзінің экономикалық көшбасшыларының бірі. Көптеген өнеркәсіп тауарларын
өндіру жөнінен (автомобильдер, кемелер, видеомагнитофондар, өнеркәсіп
роботтары, металл өңдейтін станоктар жөне т.б.) бұл ел дүние жүзінде
жетекші орындарда.
Жапония - ежелгі мемлекет. Алайда оның сыртқы дүниеден өзін оқшау
ұстауы себепті ол тіпті XX ғасырға дейін еуропалықтардан "көзтаса" болып
келді.
Елдің құрылымы - конституциялық монархия. Заң шығарушы жоғары органы -
парламент.
Төрт ірі аралда (Хоккайдо, Хонсю, Сикоку және Кюсю) және Еуразияның
шығыс жағалауына жақын көптеген ұсақ аралдарда орналасқан ел батысында
Жапон теңізімен, шығысында Тынық мұхитпен шектеседі. Аралда орналасқан
жағдайының теңіз шаруашылығының дамуына, ішкі және сыртқы экономикалық
байланыстарының сипатына жөне т.б. әсері көп.
Жапония - таулы ел. Халықтың қоныстанып, шаруашылық жүргізуіне неғұрлым
жайлы ойпаттар теңіз жағалауларының бойларында және аралдардың ауданының
жартысына шамалас. Ең үлкен Канто жазығы Токио шығанағын бойлай жалғасқан.
Елде пайдалы қазбалар мардымсыз. Сондықтан өзге табиғи ресурстардың
маңызы ерекше. Оңтүстік Жапонияның субтропиктік және тропиктік өңірлерінде
ылғал мен жылу мол болғандықтан жылына екі рет өнім алуға болады (күріш пен
көкөніс). Аумағының үштен екісін алып жатқан ормандар ерекше бағалы.
Өзендер көп. Кайраңды және қысқа болып келетіндіктен кеме қатынасына
қолайсыз, әйтсе де су энергиясын алуға және алқаптарды суаруға
пайдаланылады. Жапонияның айналасындағы теңіздердің фаунасы алуан түрлі әрі
мол.
Жапондардың кажырлы еңбегі арқасында елдің табиғаты көп
өзгертілген. Ғажайып көркем табиғат, индустрия мен ауыл шаруашылығы
еңірлері, заманға лайық қатынас жолдары - осының бәрі үйлесімді
тоғыстырылған.
Жапон аралдары тайфундардың, муссондардың күзгі ауысуы кезінде болатын
дауылдардың жолында жатыр. Бұлар кейде елге елеулі экономикалық нұқсан
келтіреді.
ХАЛҚЫ. Жапония - іс жүзінде бір ұлтты ел, халықтың 99 пайызы –
жапондар. Қалған пайызына солтүстіктегі Хоккайдо аралында тұратын корейлер
мен қытайлар жатады, бұлар көбіне үлкен қалаларда тұрады.
Елде халықтың көбеюі біршама баяу. Туудың едәуір азаюы халықтың өзінің
тұрмыс дәрежесін көтергісі келетінімен және тууға бақылау қойған
мемлекеттік саясатпен байланысты.
Атап айтатын бір жәйт, нақ осы Жапония өмірдің орташа ұзақтығы жөнінен
(шамамен 80 жас) дүние жүзінде бірінші орында.
Жапония - халық тығыз қоныстанған ел: 1 км2-ге 300-ден астам адамнан
келеді. Халықтың дені -76 пайызы - қалаларда тұрады. Қала халқының
көпшілігі Тынық мұхит жағалауында Токио шығанағынан Осака шығанағына дейін
600 км болып тұтасып кеткен орасан зор Токайдо мегалополисінде тұрады.
Жапонияда экономикалық тұрғыда белсенді халық 50 пайызға дейін жетеді,
бұл - өте жоғары көрсеткіш. Халықтың жұмыспен қамтылу құрылымы шапшаң
өзгеруде: өндірістік емес саланың үлесі артып, ауыл шаруашылығы, балық
аулау салаларының үлесі азайып келеді. Елдің жұмыс күшінің біліктілігі
жоғары.
Жапонияның соғыстан кейінгі экономикалық дамуындағы секіріс, 1948 жылы
капиталистік өнеркәсіп өндірісінде Жапонияның үлесі 1 % болатын, ал 90-шы
жылдардың басында ол 10 пайыздан асты. Жапония дүние жүзінің екінші
өнеркәсіпті державасы болды, өнім экспорты үшінші орында, оның сауда
балансы бертінгі жылдардың бәрінде экспортының импорттан орасан
басымдығымен ерекшеленеді. АҚШ-пен және Батыс Еуропамен катар Жапония
экономикалық бәсекенің үшінші ор-талығы болып отыр.
Жапония - дүние жүзіндегі ең ірі кредитор-ел (бұл орайда елге пайызымен
кайтарылуға тиісті шетелдердегі "таза" активтердің көлемі айтылады) және
капитал экспорттаушы 1 миллионға жуық американдык АҚШ-тағы таза жапондық
немесе аралас кәсіпорындарда жұмыс істейді. Әлемнің аса ірі он банкінің
бәрі жапон банктері. Жапония мен АҚШ, Жапония мен Батыс Еуропа арасында
катаң "сауда соғысы" жүріп жатады.
Жапонияның "экономикалық ғажайыбы" - феодализм қалдықта-ры бар, соғыста
жеңілген елдің дүние жүзі экономикасында жетекші орынға шығуы немен
байланысты? Мұның себептері көп және олар өмірдің экономикалық, саяси,
әлеуметтік, тарих салаларының барлығын қамтиды.
Бастамада жергілікті жағдайларды ескере отырып, экономикалық дамудың
мұқият ойластырылған ұлттық стратегиясының талдап-белгіленуі орасан зор рөл
аткарды. Белсенді шаруашылық кызмет аясына ересек адамдардың барлығы түгел
қамтылды. Елде ірі жаппай өндірісті өнім жеткізіп беруші көптеген ұсақ
кәсіпорындармен ұштастырудың бағалы тәжірибесі жинақталды. Жапония
Батыстағы ғылыми-техникалық өнертабыстардың көбін шапшаң алып, оларды өте
тез өндіріске енгізіп отырды. Жұмысшыларға жалақының аз төленуі жапон
монополистеріне дүниежүзілік нарықта ойдағыдай бәсекелесуге мүмкіндік
берді.
Қазір өркендеудің аса маңызды факторлары ғылыми зерттеулер мен
талдамаларға көп қаражат жұмсалуы болып отыр. Жапония университеттері,
ғылыми-зерттеу институттары бар 19 технополис, жаңа ғылым қалаларын
құрып, өнеркәсіптің ғылым неғұрлым көп қолданылатын салаларын дамытуда.
Дүние жүзіндегі ең таңдаулы жапон білім беру жүйесі де ерекше рөл
атқарып отыр, сондай-ақ әскери шығындардың шектелуінің де мәні зор
(конституция бойынша мұндай шығындар елдің ұлттық табысының 1 пайызынан
аспауға тиіс).
Ақырында елдің экономикалық өркендеуіе дәстүрлі жапон еңбекқорлығы да
себептесті.
Жан басына шаққандағы ұлттық табыс және өмірдің ұзақтығы жөнінен АҚШ-ты
басып озған Жапония өмір деңгейі жөнінен батыс елдерінен қалыңқы: жыл
ішіндегі жұмыс уақытының ұзақтығы мұнда дамыған елдердің бәріндегіден
анағұрлым артық. Орташа және ұсақ кәсіпорындардың жұмысшыларының көпшілігі
аптасына алты күн жұмыс істейді. Токио – дүние жүзінде тұрмыс нарқы ең
қымбат қала.
ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Кемел дамыған өнеркәсіптің өз минерал шикізат базасы жоққа
тән. Жапония мұнай мен табиғи газды түгелдей дерлік, көмірдің, қара және
түсті металдар рудаларының, бокситтердің денін сырттан алады.
Отынды сырттан әкелуге негізделген отын-энергетика шаруашылығы үнемдеу
режімімен, энергияны тұтыну көлемін шектеумен сипатталады. Мұнай импорты 80-
90-шы жылдары шектелсе де, оның абсолют шамасы шамамен 200 млн.т. Отын
тұтынуда оның үлесі азайып келеді (шамамен 50%), көмір мен атом
энергиясының үлесі артуда. Елде 30-дан аса АЭС жұмыс істейді.
Жапонияның өнеркәсібін шартты түрде екі топтағы салаларға бөлуге
болады. Біріншісіне материал көп кететін, металды және баска шикізатты көп
тұтынатын өндірістер: болат қорыту мен мұнай химиясы, автомобиль және кеме
жасау салалары кіреді. Жапония бұл өндірістер бойынша 70-ші жылдарда-ақ
жетекші рөлге жеткен болатын, бірақ олардың өсуі тоқтады, ал кеме жасау
тіпті күрт азайды. Екінші топқа ғылым ең көп қолданылатын роботтар, ЭЕМ,
жартылай өткізгіштер, тұрмыстық радиоэлек-троника жасайтын салалар жатады.
Бұл салаларда Жапония озық техникалық бәсекелестері үшін АҚШ-пен және Батыс
Еуропамен қатаң күрес жүргізуде.
Қара металлургия импорттық руда мен көмірді (көбіне Авст-ралиядан)
пайдаланады. 100 млн. тоннаға жуық болат қорытып, ел дүние жүзінде алдыңғы
орындардың бірін алады. Металлургия ком-бинаттарының техникалық деңгейі өте
биік (ірі домналар, болат қорытудың ең прогресті оттегі-конверторлық
әдісінің толық басымдығы); олар жағалауда орналасқан, осы арқылы отын мен
шикізат қайта тиеп-түсірілмей бірден домна пештеріне жеткізіліп, едәуір
арзанға түседі. Бұл комбинаттар екінің бірінде мұнай-химия зауыттарымен
ұштастырылып, біртұтас кешендер түзеді. Әр алуан түсті металлургия, соның
ішінде аллюминий қорытып шығару дамыған.
Автомобиль өнеркәсібі дүние жүзінде бірінші орын алады -жылына 12 млн.
автомашина, соның ішінде 8 миллиондай жеңіл автомобиль жасалады. "Тойота",
"Ниссан", "Хондо" автомобиль концерндері американ және батысеуропалык
концерндерімен бәсекелесіп, шетел нарықтарын қаратып алуда. Жапон кеме
жасау саласы дүние жүзіндегі кемелердің жартысына жуығын жасайды.
Ғылым көп қолданылатын екінші топтағы салалардың арасын-да да Жапония
дүние жүзінде алдыңғы орынды иеленген салалар көп. Бұл ең алдымен тұрмыстық
радиоэлектроника. Видеомаг-нитофондар (дүниежүзілік көлемнің 80 пайызына
жуығы), түрлі-түсті телевизорлар, радиотехника жасау жөнінен Жапонияға
теңесер ел жоқ. Ол роботтар жасау (жылына 100 мыңнан астам) және
шаруашылықтың олармен жарақталуы жөнінен де әлемде алда келеді. Жапонияда
ішінде "адам жоқ", өндірістің бәрін дерлік роботтар қамтамасыз ететін
бірнеше зауыт бар. Электронды-есептеуіш т е х н и к а жасаудың көлемі
жөнінен Жапония АҚШ-тан ғана кейін болғанымен, қазірдің өзінде 5-ші лек ЭЕМ-
дер шығаруда.
Жапон ғылымы мен индустриясы биотехнология, жартылай өткізгіштер жасау,
энергияның жаңа негіздерін табу және пайдала-ну ("Күн сәулесі"
бағдарламасы) жөнінде жетекші орындарда келеді.
Ауыл шаруашылығы халықтың азық-түлікке деген қажетінің төрттен үшіне
дерлік қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылығының негізі ұсақ шаруашылықтар
(олардың орташа мөлшері 1,2 га, батыс-еуропалық шамадан 15 есе кіші) және
дәстүрлі егіншілік, әсіресе негізгі дәнді дақыл - күріш өсіру болған
күйінде калып отыр. Ауыл шаруашылығының кемел химиялануы және жапон
шаруасының еңбекқорлығы біршама мол өнім алуға мүмкіндік береді. Түсімі
жөнінен басымы - күріш (10-12 млн т.), бұдан соң бидай, соя, көкөністер
келеді.
Бұрын халық ет жемейтін десе де болғандай еді, соғыстан кейінгі жылдары
жағдай тез өзгерді, мал шаруашылығының рөлі едәуір артты, әсіресе шошқа
өсіру мен бройлерлік құс шаруашылығы жылдам дамып отыр.
Жапондардың ішім-жемінде дәстүр бойынша балық пен басқа да теңіз
өнімдері көп орын алады. Жапония балық аулау жөнінде дүние жүзінде алда,
сонымен қатар ішкі су көздерінде балык өсіру және "теңіз плантацияларында"
моллюскілер өсіру шаруашылығын дамытып отыр.
Осының өзінде ел ауыл шаруашылығы өнімдерін, әсіресе астық пен мал
жемін көп импорттайтын ел болган күйінде қалып келеді.
Жапония - техникалық тұрғыдан озық көлік елі. Ішкі тасымал-дардың
бәрінде автомобиль көлігі (барлық жүктің 90 пайызы) мен темір жол көлігі
басты рөл атқарады. Темір жолдардың 60 пайызы электрлендірілген,
пойыздардың орташа жылдамдығы сағатына 120 км-ден асады. Соғыстан кейінгі
жылдарда әуелі Хонсю жөне Кюсю аралдары суасты туннельдерімен
жалғастырылды, ал 1988 жылы Хонсю Хоккайдо аралдары арасында Сангар бұғазы
арқылы дүние жүзіндегі ең үлкен "Сейкан" су асты туннелі қатарға қосылды
(туннельдің су астындағы белігінің өзінің ұзындығы 23 км). Барлық сыртқы
сауда байланыстары мен ішкі байланыстың бір бөлігі жүк көтергіштігі жөнінен
дүние жүзінде бірінші орындағы т е ң і з көлігімен ("арзан тулы" флоттарды
есептемейтін болсак) тасылды. Жапонияда жүзден астам порт, соның ішінде
дүние жүзіндегі ең ірі порттар қатарындағы Кобе, Нагоя, Иокогама порттары
бар. Халықаралық байланыстарда әуе көлігінің маңызы зор.

ТАБИҒАТЫ. Жапония аралдарының жан-жағын Тынық мұхит пен оған кіретін
Жапония, Охот, Шығыс Қытай т-дері қоршаған. Жерінің көп бөлігі таулы-
қыратты болып келеді. Неғұрлым ірі таулары: Хидака мен Китами (Хоккайдо
аралында), Оу, Этиго, Хида, Кисо. Аканси (Хонсю аралында). Бұл тауларда
сөнбеген жанартаулар әлі де көп.
Ең белгілісі — Хонсю аралындағы 3776 м биіктікте орналасқан Фудзияма
жанартауы. Елде жиі-жиі жер сілкіністері болады және мұхит жағалауларында
цунами желі үнемі соғады. Жазық жерлер аз, ірі жазықтары Канто немесе Токио
жазығы (Хонсю аралында), Исикару (Хоккайдо аралында). Климаты муссонды.
Территориясының басым бөлігі — субтропикалық белдеуде, орналасқан. Қаңтар
айындағы орташа температура Хоккайдо аралында — 50 С, оңтүстікте 6°С, Рюкю
топ аралында 16°С. ал шілде айында 22, 27, 280 С. Жылдық жауын-шашын
мөлшері ел аумағының көпшілік бөлігінде 1700 - 2000 мм, оңт-те 4000 мм-ге
дейін. Көбінесе жаздың аяғы мен күз айларында болатын тайфундар нөсер жауын
алып келеді. Өзендері шағын, бірақ суы мол сондықтан электр қуатын өндіру
мен жер суғаруға пайдаланылады. Территориясының 68%-ін қолдан өсірген
орманд мен бүтл тогайлары алып жатыр. Ұлттық саябақтар (Бандай — Асахи,
Никко, Сето-Найкаи, т.б.) мен корықтар көп.
ТАРИХЫ. Қазіргі Жапония аумағына адамдар неолит дәуірінде қоныстана
бастаған. Алғашқы тұрғындар Азия құрлығынан топ-топ болып қоныс аударған
деген жорамал бар. Олар жер өңдеумен, мал шаруашылығымен айналысқан (Дзёмон
және Яеи мәдениеттері). Б.з.б. 2 ғ-дан бастап тайпалар одан қалыптасып,
ямато тайпалық одағы негізінде ежелгі Жапон мемлекеті пайда болды. Орталық
мемлекеттің билігі күшейіп, ямато білеушілері Қытай императорына бірнеше
елшілік аттандырды (6 ғ.) және осы кезден бастап ел ішінде будда діні тарай
бастады. Ямато патшалары өздерін "тэнно" деп атады және бұл атау күні
бүгінге дейін император деген ұғымын білдіреді. 645 ж. болған Тайк
төңкерісінен кейін құл иелену жойылып, жалдамалы шаруалар мен ірі жер
иелері пайда болды. 710 ж. алғашкы тұрақты астана Нара салынып, 784 ж. орт.
Нагаоку, 794 ж. Хэйан қ-ларына көшірілді. 11 ғ-да ірі-ірі әскери топтар
арасында билік үшін күрес басталып, 1192 жылдан бастап үкімет билігі тек
сөз жүзінде ғана сақталды. Сегундер елді әскербасыларының (буси) көмегімен
басқарды. Бусилардың том. бөлігі ұсақ жер иелерінен тұрып, самурай деп
аталды. Қытай мен Кореяны басып алған Шыңғыс хан империясы 1274 және 1288
ж. екі рет Жапонияға сәтсіз жорық жасады. Елде 13 ғ-дан бастап сауда және
қолөнер бірлестіктері (дза) көптеп құрыла бастады. Қалалардың сані өсті.
15—16 ғ-ларда Қытай және Кореямен арадағы сауда дамыды. Кен орындары
(алтын, күміс, мыс) пайда болды. Жапония жеріне алғаш рет еуропалықтар
(1542 ж. португалдар, 1584 ж. испандар), христиан миссионерлері келе
бастады. Иэясу Токуганз (1542 — 1616) елдің бірігуін аяқтап. 1603 ж. сегун
болып жарияланды. Токугава әулетінің билігі 1867 жылға дейін созылды. Аймақ
билеушілері (даймё) үлкен жасақ ұстады. Оларға самурайлар қызмет етіп,
еңбектері үшін күріш түрінде жалақы алды. Даймелердің үстінен қатаң бақылау
орнатылды. Халық 4 әлеуметтік жікке (самурайлар, шаруалар, қолөнершілер,
саудагерлер) бөлінді. Үкімет еуропалықтарға қарсы арнайы заңдар шығарып,
олардың елге келуіне және христиан дінін насихаттауына тыйым салды. 1641
жылдан Қытай мен Голландия көпестері үшін Нагасаки (Дэсима) порты ашылды.
18 ғ-дың аяқ кезінен бастап мануфактуралар (жібек өндеу, қағаз, т.б.) пайда
болып, нарықтық қатынастар дами бастады. 1850 - 60 ж. Жапония АҚШ және
еуропа мемлекеттердің қысымымен шетелдіктер үшін жаңа порттар ашуға мәжбүр
болды.
1867 — 68 жылғы революциядан кейін сегундердің бірлігі аяқталып,
жоғары билік императордың қолына өтті. Басқару жүйесі еуропалық үлгіге
көшіріле бастады. 1871 ж. князьдіктер жойылып орнына префектуралар құрылды.
1872 — 73 ж. үкіметке төлейтін бірыңғай салық енгізілді. Нәтижесінде 1868 —
85 ж. 1300 жаңа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жапониямен танысу. Табиғаты, тарихы, экономикасы, әдебиеті және өнері
Азия елдеріне жалпы шолу
Жапонияның астанасы
Ұлы Морав мемлекеті
Жапония шаруашылығының екінші өрісі
ШЫҒЫС АЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Жапония Ниппон, Нихон (“Таң шапағы елі”)
Үндістан, Қытай, Жапонияның саяси феодалдық құқықтық институтарының негізгі және қайнар көздері
Шетелдік Азияның халқы
Шетелдік Азия халықтарының өсу динамикасы
Пәндер